Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ақырып теңдік сұраған



 Другие рефераты
Бағзыдан атажұрты бар қазақ көшпенді ме? Алтын Орданың соңғы өрлеуі және ыдырауы Моғолстандағы Дулат әмірліктері Бөкей ханның кесенесі

XIX ғасырдағы зұлым империяның отарлау саясатының елдегі залым істеріне қарсы күрестің әйгілі қолбасшылары Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліске екі ғасырға жуық уақыт өтсе де қайран ерлердің қадірлі есімдері жалғасқан жұртының жадында әспеттеп сақталумен келеді. Ол ерлік тек ерлік емес еді, ол – анығында, халық алдында тұтас болу, елдің ері болу, арқа сүйер азаматы болу парызын жанкештілікпен өтеудің ерліктері еді. Сөйткен батырларды есте сақтау мақсатында атқарылған игілікті істер, сірә, аз емес секілді. Соның өзінде орны олқы анық бір нәрсе бар, ол – Исатай батырдың қаза болып, жерленген жері белгілі бола тұрса да, қазақы ұғымда – лайығымен «басы қарайтылмауы», жалпы ұғымда көрнекті белгі қойылмауы. Соңғы кездері мәселенің осы жағы «Ана тілі» газетінде және басқа бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында әңгімелене бастады. Әдетте, әркім де білгенін, естігенін айтуға ерікті. Бірақ мәселе – кімнің не айтқанында емес, түптеп келгенде, шындығы солардың қайсысы екендігінде. «Осымен байланысты ақиқаты – осы» деп нүкте қояйын деуден емес, мүмкіндігімше зерттеу, талдау, сұрастыру арқылы, осыдан он жыл бұрын облыстық «Ақтөбе» газетінде жарияланған «Ақырып теңдік сұраған» деп аталған материалыма назар аудартқым келді. «Ана тілі» газеті – оқырманға Исатай Тайманұлының батырлығы, тағдыры туралы тұшымды дүниелер ұсынып келе жатқан басылым. Осыған орай аталған мақаламды осы газетке ықшамдап жарияланғанды құп көрдім. Материал, салыстырмалы түрде – ескі, бірақ ол – тарих, ал тарихта көне де, жаңа да жоқ. Тек өткен уақыт қана болады. Бұл тұрғыдан алғанда аталған материал деректері ескіруге жатпаса керек. Осында есімдері аталғандар осы облыста еңбек етіп, өмір сүруде.

Қазақ тарихындағы ұлт азаттығы жолындағы ең әйгілі көтерілістердің бірі – Исатай мен Махамбет бастаған қозғалыстың соңғы шайқасы 1838 жылы 12 шілде күні қазіргі Ақтөбе облысының Қобда ауданы өңірінде өткені ресми құжаттардан белгілі. Бірақ жылдар бойы әртүрлі езгілерден есеңгіреп қалған жұртымыздың көп уақыт бойы оның бүге-шігесін еске түсірумен көп шаруасы болмай, ол қасиетті күрес тек тарихи, онда да коммунистік көзқарас қырымен баяндалып, негізгі мәні мен мұраттары ашылмай келді.
Исатайдың қабірін іздеу алғаш Ойыл ауданынан бастау алған-ды. Сонда 1966 жылдың жаз айында осы ауданға Алматыдан қазақтың тұңғыш антрополог-ғалымы, әйгілі Михаил Герасимовтың шәкірті Ноэль Жұмабайұлы Шаяхметов келген. Жасы отыздың шамасына не жетіп, не жетпеген адам екен. Соншалықты сыпайы, биязы, жылы сөйлейді. Ол бізге, ғалымдығы өз алдына, қазақтың кеңес тұсындағы тарихында ел басқаруда елеулі із қалдырған ірі мемлекет қайраткері, 1942-1954 жылдар арасында республика Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болған Жұмабай Шаяхметовтың баласы екендігімен де қызықты көрінген. Сонау Алматыдан «мынау жер түбі» дейтіндей батыстағы Ойылға келу мақсаты – Исатайдың мүрдесін тауып, оның бас сүйегі бойынша герасимовтық әдіспен келбетін жасау екен.
Ғалым аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Байсалбай Жолмырзаевпен кездесіп, бюродан «Іске сәт» деген қолдауды естігеннен кейін нысаналы жерге жетуге асыққан.
Антропологтың жинаған мәліметі бойынша, Исатайдың мүрдесі ауданның Қобдамен шекаралас Батпақты өзенінің Қиылға құяр тұсы болуға керек еді.
Бірақ мүрде нысаналы жерден табылмай, ғалым содан Алматысына оралған. Жүзі жылы, мінезі биязы болғанымен жанары оқыс ұшқын шашып қалатын Ноэль кеткенде кейін қалай да таппай қоймайтын ынтамен оралуды ойлап кеткен екен. Содан араға он жылдай уақыт салып, Қиыл өзенінің тамағына таяу жерге қайта келген.
Бұл жерде мына бір мәселенің басын ашып алу керек. Исатай бастаған көтеріліс туралы әдебиеттер мен жазбаларда, сондай-ақ ауызекі әңгімелердің бәрінде де батырдың басы кесілгені туралы айтылады. Патша үкіметі болса, Исатайдың басы үшін 500 сом бәйге жариялағаны ресми құжаттардан белгілі. Меніңше, тарихшы А.Рязановтың 1926 жылы жарық көрген «Восстание Исатая Тайманова» деген кітабы нақты ресми құжаттарға негізделгендіктен зерттеулеріне сеніммен қарауға керек сияқты. Ол кітабында полковник Гекенің хабарлама қағаздарында Исатайдың соңғы шайқасы мен қазасы туралы мәліметтердің толық екендігін айта келіп, былай баяндайды: «Соңғы ұрыста Исатай ат үстінде жүріп жауларына садақ оғын жаудырып, өзіне ұмтылған урядник Богатыревтің атын екі жерден жаралады. Сол кезде казак Зеленин батырға винтовкадан екі рет оқ атқанымен, тимей кетті. Содан оның үшінші оғы батырдың атын құлатты. ….Батыр бұған қарамай, жауларымен жаяу қылыштаса жүріп, тағы бір казакты жаралады. Оның сауыты және екі пистолеті болатын. Алайда күш тең болмағандықтан жақын келген бір казак қапысын тауып, найза салды. Урядник Богатырев қылышымен сол арада басын кесті. Батыр қансырап құлап бара жатқанда қазақ жігіттері оның қолдарынан ұстай беріп еді, бірақ казактар олжаны өздерінен шығарғысы келмеді. Богатырев винтовкасын оның кеудесіне тақап тұрып тағы атты.
Осы бес адам орыс үкіметі батырдың басына тағайындалғын 500 сом сыйлықты бөліп алды…»
Осы сөйлемдердің қисыны мен үш нүктелерден байқалғандай, батырдың басын кесіп алғандығы шүбә келтірмейді.
Бұл – ресми құжаттардағы баяндаулар. Ал ел аузындағы бір әңгімеде, атап айтқанда, осыдан үш-төрт жыл бұрын өмірден өткен қария Сұлтанов Түркпен (мен де ол кісінің жазбасы сақтаулы – И.А.) былай дейді: «Ешкіқырған (шайқас өткен жерге жақын – И.А.) соғысында Исатайдың аты орға құлап, басын біреу кесіп алып қашқан да, екінші біреу сүйегін ала қашқан екен. Сонда Әбілен атайдың (Әбілен-Исатайдың батырларының бірі, Шернияз ақынның әкесі Жарылғаспен бірге туған адам-И.А.) әйелі айқай салып: «Қарасақал, Әбілен, Құдайберген (үшеуі де ағайынды адамдар-И.А.), қайдасыңдар» – деп, астындағы қаралааяқ айғырға қамшы басқанда(осы ержүрек әйелдің есімі табылар ма еді?!) Әбілен де солай қарай жүйткиді. Әбілен әлгілерге жақындағанда казактар сескеніп, сүйегін тастай қашқан..»
Мұндағы қисын батырдың денесі қалып, басы кеткендігін білдіреді. Бұларды Ноэль, әрине, білмейді емес, сонда тым болмаса мүрдесін көріп, анығына жетейін дегені шығар, қазуға тағы келді.
Мен бұл материалда көтерілістің сол соңғы шайқасы қазіргі Қобда ауданының Шейітсай деген жазығында қалай басталып, қалай аяқталғандығын баяндамаймын. Ол жоғарыда айтылған А.Ф.Рязановтың зерттеу еңбегінде, тарихшы Исатай Кенжалиевтің кітабында, сондай-ақ әр жылдары бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында біршама баяндалған. Зерттеушілерге бұларды жан-жақты сөз етуге көтерілістің мән-жайын баяндайтын деректердің Ресейдің Орынбор, Петербург қалаларындағы мұрағаттарындағы ресми құжаттарда сақтаулы екендігі де көмектессе керек. Бұл реттегі құжаттардың молдығы оқиғаның барысын әлде де аша түсу үшін іздестіру жұмыстарын аталған қалаларда одан әрі жалғастыра беруді қажет ететін де секілді.
Мен егер жаңылмасам, ғалымның 1966 жылы Ойылға келуінде де, кейін 1975 жылы Қобда ауданына келуінде де үкімет немесе республиканың ғылыми мекемесі тарапынан оған ешқандай материалдық, тіптен моральдық жәрдем болған жоқ. Сол себепті Ойылда да, Қобда да қабірді қазумен жоғарыда айтылғандай, ерікті аз ғана «архелогтар» айналысты. Сөйтіп, Исатайдың мүрдесі жатқан жер 1975 жылы қазіргі Қобда ауданындағы Шейітсай деген жерден табылған. Ғалым батырдың басын таппаса да, денесін анықтап, дегеніне жетті. Жоқтан бар жасаумен тең осы оқиға елде ерлікке тең бір жаңалық ретінде қабылдануы керек еді. Алайда билік оған назар аудармағандықтан бұл елеулі іс тек әлгіндей аздаған еріктілердің ғана мүдделері секілденіп, тез ұмытылды. Ел Ноэльді де ұмытқан сияқты. Ғалым қазір Мәскеу қаласында бір бөлмелі пәтерде тұратын көрінеді.
…Ойыл ауданымен шекаралас Исатай ауданы дербес әкімшілік ретінде 1976 жылы Қобда ауданы құрамынан бөлініп шықты. Ауданның бұлай аталуы осы жерден батыр мүрдесінің табылуы себепті сол кездегі облыстық партия комитетінің хатшысы, қазір зейнеткер, ел азаматы Кеңес Нокиннің ұсынысы бойынша бекітілген. Сол кезде аудандық партия комитетінің алғашқы бірінші хатшыларының бірі Мақсот Керейұлы Балғынов Исатай есімін есте қалдырудың мүмкін болған шараларын қолға алды. Қабірдің басына орнату үшін темір материалдан шағын қоршау жасатып, қайдан, қалай әкелдіргенін білмеймін, бір үлкен көлемді тасқа батырдың және сол шайқаста өзімен бірге қаза болған баласы Құспанның есімдерін қашап жаздырған. Бірақ ол да көп ұзамай басқа ауданға қызметке ауыстырылып, бұл реттегі оның басқа да көп ойлары жүзеге аспай қалды. Ол өзі елдің құрылымдық та, саяси да жүйелерінде, әсіресе кадрмен байланысты өзгерістер жиілеп, тұрақсыздық орын алған әрі-сәрі кезең еді.
Мен Шейітсайға осы оқиға өткеннен кейін 12 жылдан соң 1988 жылы барғанмын. Ол кезде сайдың ұрыс жасалған жоғары жазықтығында биіктігі құмырсқаның илеуіндей ғана сансыз ұсақ төмпешіктер – азаттық жолында шейіт болған бабалардың бейіттері көз ұшына дейін тізбектеліп жатты. Исатайдың сүйегі жатқан жер сол жалпақ тізбектің сай жақ шетінде екен. Маған «осы еді» деп көрсеткен мұның өзгелерден ерекшелігі – барлық басқа төмпешіктердің бәрі де жермен деңгейлес тегістелуге қараған да, ал мынау кейін қазылғанын аңғартып, жас топырақ түрінде үйінді болып жатты. Үстінде батыр мен баласы Құспанның есімдері жазылған қарапайымдау әлгі темір қоршау қойылған. Жоғарыда айтылған көлемді ескерткіш тас «бұл елсіз жерде ешкімнің көзіне түспейді» деп кейін кеңшар орталығы – Новонадеждинка мекеніне таяу Ақтөбе-Орал көтерме жолының жиегіне апарылған. Сосын оны кеңшар директоры Халидолла Сағындықов орталық мекенге жеткізген…
Исатайдың соңғы шайқасы өткен мына Қиыл өзені де жергілікті болмаса, басқа көлемді карталарда кездесе бермейді. Бұл жерде карта түгілі, осы маңайдан сәл әріректегілер де біле бер

12
скачать работу


 Другие рефераты
О лососёвых
Искусственный отбор
МЕНЕДЖМЕНТТІҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТІ, ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МАЗМҰНЫ
Бағаны мемлекеттік реттеудің формалары


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ