Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

АҚШ-тағы либералдық–саяси ағымдар

                                   … Тарих адамдарға болашақ туралы әңгіме

                                                 қылуға мұқсат етеді; ол оларға басқа уақыт   

                                                 пен басқа халықтардың тәжірибесін пайда-

                                                 лануға мүмкіндік береді… 

                                                                                             Т. Джефферсон

 

      АҚШ тарихы ХVІІІ ғасырдың соңғы ширегі мен ХІХ – ғасырлардың  басында    әлемге көрнекті саңлақтар тобын берді. Олар әр қилы көзқарасты ұстанып әр түрлі партиялардың құрамында болғанымен, барлығы да американың жас мемлекетінің негізін қалаушы әкелері ретінде тарихта қалды. Себебі, олар өз елінің тарихи тағдырына ғұмырларын арнап, оның қалыптасуына және нығаюына құдайдай сенді. Франклин, Вашингтон, Адамс, Гамильтон, Мэдисон, Джей, Пейн және тағы басқалардың арасында америка тәуелсіздігінің және демократиясының әкелерінің бірі, көрнекті саяси ойшыл Томас Джефферсонның (1743-1826) да есімі бар.

Томастың әкесі – Питер Джефферсон Виргинияға алғашқы қоныс аударушылардың бірі болды. Оның арнайы білімі болған жоқ, бірақ өз бетімен білім алу үшін көп дайындалды. Ол графтықтағы ақылды, сауатты әрі құрметті помещик болғандықтан оны аса жауапты жұмыстарға шақырып отырды. Мысалы, Виргиния штатының шекарасын белгілеп, картасын жасауға, заң шығарушы жиналыстын жұмысына. Әкесі қайтыс болғанда  Томас 14 жаста еді. Отбасына қамқорлық жасау үлкен баланың иығына түсті.

Джефферсонның шешесі – Джейн Рандолф ақсүйектер отбасынан шыққан. Оның  шежіресі Англия мен Шотландия тарихында ежелден келе жатыр. Демократ Томас Джефферсон жазғанындай,  «Әркім өзі таңдаған сенім мен құрметке  сол деңгейде қарауға ерікті»[1]. Томас отбасындағы үшінші бала, оның екі інісі, алты қарындасы болған.

Ол бес жасынан ағылшын мектебінде, ал тоғыз жасынан бастап латын мектебіне барды. Одан кейін, 1760 жылдан бастап екі жыл бойы Вильямсбург қаласындағы Уильям және Мэри колледжерінде оқыды. Сонда жүргенде, ол өзіне үлкен ықпал еткен Шотландиядан шыққан математик әрі философ профессор Ульям Смоллмен достасты. Профессор өзінің заңгер досы Джордж Уиттың өзінің жетекшілігмен Томастың құқықты оқып — үйренуіне  рұқсат етуге жәрдемдесті, сондай-ақ жас жігітті губернатор Фрэнсистің ортасына қосты. Фокье, Джефферсонның айтуы бойынша, «осы орынға отырғандардың барлығының ішіндегі ең қабілетті адам еді»[2].

[1]

АҚШ-тың болашақ үшінші Президенті, кейіннен онымен болған кездесулерінде, өзінің алған біліміне қарыздар екендігін еске алады. Кейінірек, Уайт мырза оның адвокаттық жұмысқа тұруына да көмек берген еді. Кезінде, 1776 жылы Уайт өзінің жас досының дайындағандардың бірі еді.

Джефферсон Виргиния штатындағы Уилбям және Мэри колледжінде юриспруденцияны оқып бітірген соң, сол штаттың Жоғарғы сотының адвокаттар алқасында болды. Ол өзінің  «өмірбаянында» Революция барлық сот орындарын  жапқанынша заңгерлік тәжірибесінің жалғасқанын еске алады. [3]

Оның адвакаттық қызметі айтарлықтай табысты болды, клиенттерінің саны тез өсті. Егер, адвокаттық қызметке тұрған 1767 жылы 68 істі жүргізсе, ал төрт жылдан соң 430 істі жүргізді. [4]

Джефферсонның  26 жасында Виргиния штатының заң шығарушы  органына депутат болып сайлануы оның саясат жолындағы мансабының жарқын болашағына еңбек сіңіруіндегі атағы оның байсалдығы әрі  «үндемейтін депутаттығы» ретінде танылды. Ол үшін, сөз сөйлегеннен гөрі, хат пен мақала жазу оңайға түсетін еді. Джефферсон 1776 жылы Континентальдық конгресс комиссиясының тапсыруымен 1776 жылдың 4-ші шілдесінде Филадельфиядағы конгресте қабылданған атақты «Тәуелсіздік деклорациясын» жазу бақытына ие болды.

«Тәуелсіздік деклорациясының» жобасын Джефферсон 17 күн, яғни 1776 жылдың 11 маусым мен 28 маусым аралығында дайындады. Ол әрбір сөзді екшелеп, оның мән-мағанасына қарады. Бұл құжатта адамзаттың алдыңғы қатарлы ойшылдары мен замандастарының ақыл-ой шабыты түзілген.  Дайындалған мәтінді Джефферсон Конгресс комиссиясының мүшелері Д. Франклин мен Д. Адамсқа көрсетіп, олар біршама өзгертулер енгізгені белгілі. Олардың ескертпелерінен кейін, комиссия мақұлдаған құжаттың соңғы жобасы жазылды да,  28-маусымда «Бас Конгресске жиналған Америка Құрама Штаттары өкілдерінің деклорациясы» ретінде Конгрестің қарауына ұсынылды. 19 шілдеде Конгресс оның атын өзгертіп: «Американың біріккен 13 штатының бірауызды деклорациясы» деп аталды. [5]

Конгрестегі талқылау үш күнге созылды. Құжаттың 800 сөзінен Конгресс 460 сөзін немесе мәтіннің ширек бөлігін алып тастады [6], бірнеше сөйлемдер мен сөздер алмастырылды және екі үстеме қосылды. Деклорацияны 2-шілдеде мақұлдады, Конгресс мүшелері 1776 жылы 4-шілдеде қол қойды. Одан кейін ол перламентке көшіріліп, 1776 жылы 2-тамызда қайта қол қойды. [7]

Т. Джефферсон дайындаған бұл мәтін конгрес тарапынан аздаған өңдеуге түсіп, редакцияланды. Кейбір жеке сөздер ең ұрымтал, нақтылы, әсіресе емес сөздермен алмастырылып, саяси жағынан өткір бірнеше ұғымдар алынып тасталды. [8]

Англияда қарым-қатнасты сақтауға тұрарлық достарымыздың болуы жүрек үміттің отын әлі де сөндірмеді, — деп жазды Джефферсон өзінің «Өмірбаянында» . Сондықтан да алынып тасталынған жолдар олардың өкпе назын тудырмас үшін жасалынды.  Африкада тұратын тұрғындардың құлдарды ұстауын айыптайтын баптың сызылып тасталуы Оңтүстік Каролина мен Джорджия штаттарының пайдасы үшін шешілді. Себебі, бұл штаттағылар құлдарды әкелуді қысқартпақ түгіл, қайта құл сатуда одан әрі жалғастыруды қалады. Ал, біздің солтүстіктегі бауырларымызда, менің ойымша, өздерінде құлдар аз болғанымен осы пікірді қалаған сықылды, өйткені олар басқа штаттарды құлдармен ірі көлемде жабдықтаушы еді». [9]

Америка халқының бұл өзін-өзі азат ету манифесті, кейіннен көптеген көре алмаушылықты, күдіктерді, аңыздарды туғызды. Дж. Адамс Джефферсон «Деклорацияны» Дж. Отистің памфлетінен көшіріп алған деп мәлімдеді, басқалар оны шығарманың идеясы Дж. Локканың «Басқарудың екі трактаты» шығармасынан алынғандеп кіналады, кейбіреулер оның жасырын авторы Т. Пейн деп санады. Джефферсон өзінің қарапайым жауабында, жаңа дәлелдемелер мен принцптер ашуға тырыспағанын, тек отандастарының ақыл-түйсігін нақтылы айқындайтын және дұрыс ойлау тұрғысынан жағдайды түсіндіруді ғана мақсат тұтқанын айтады. [10]

Сонымен қатар, саяси қарсыластары Джефферсонның  «Виргиния штаты туралы мақалалар» (1785) атты кітабындағы демократиялық идеяны белсенді түрде соққыға алды. Соған қарамастан, кейіннен ол Виргиния штатының губернаторы қызметін атқарды. Артынша, Ұлы Франция  революциясының қарсаңы мен алғашқы айларында, Б. Франклиннен соң АҚШ-тың Франциядағы елшілігін басқарды. Ол 1789 – 1793 жылдары АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы, 1796 жылы вице президенті, ал 1801 жылдан екі мерзім бойы АҚШ-тың үшінші президенті болды.

Джефферсонның  1801 жылғы президент сайлауындағы жеңісін көптеген американдықтар екінші революцияның басталуы, яғни 1776 жылғы революция желінің  қайта соғуы деп қарады. Бір қызығы, 1801 жылғы Президент сайлауының 36-ы турында сайлаушылардың [11] дауыс беруімен Джефферсон Президент болып сайланды. Ал, бірнеше жылдан кейін Президент сайлауының екінші мерзіміне түскен ол ешқандай бәсекесіз Президенттікке өтті. 1797 жыл мен 1815 жылдар аралығында Джефферсон Американың  беделді философиялық қоғамының президенті болды. 1814 жылы Т. Джефферсон Конгреске өзінің жарты ғасырға жуық жинағын бай кітапханасын ұсынды. Ол дүниежүзіндегі ірі кітапхананың бірі АҚШ-тың Конгресс Кітапханасының қорына қосылды.

Джефферсон  республикалық партияның құрамында болатын, бұл партия АҚШ-тың қазіргі демократиялық партиясының ізашары. Демократтар, федералистер партиясына  оппонент болып шықты. Бірақ та, Американың осы екі негізгі  партиясының тәуелсіздік үшін күрестегі революциялық

12345След.
скачать работу

АҚШ-тағы либералдық–саяси ағымдар

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ