Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

АҚШ-тағы либералдық–саяси ағымдар

мақтың көлеміне қатысты мәселеде еуропалық ойшылдарға қарағанда американдық теоретиктер – А. Гамильтон, Дж. Мэдисон, Т. Джеферсон және тағы басқалары республика ірі мемлекетте де тіршілік ете алады деп ұйғарды. Джефферсон, мысалы, республика – аумағы бойынша  шағын мемлекеттерге тән басқару нысаны, ал монархия,  деспотия – керісінше – ірі елдерге тән деп санайтын Монтескьемен айтысқа түсті. «… Монтескьенің принципіне қарамастан, — деді ол АҚШ-тың мысалы туралы айтқанда, — ол неғұрлым үлкен болса, оның республикалық құрылысы, егер ол басқыншылыққа емес, шарт, келісім және теңдік принциптеріне сүйенетін болса, солғұрлым мықтырақ болатынына бәрінің көзі жететің болады». [21] Мемлекеттің келісім-шартқа құрылған табиғаты және оны іске асыру, Джефферсонның айтуы бойынша, мемлекетті жаңарта түседі, ол жайындағы немқұрайлы түсініктен бас тартуды талап етеді. Ол үкімет пен күш саясатын емес, үкімет пен парасат саясатының  тұжырымдамасын жақтап шығуға бейім еді. [22]

Бұдан басқа АҚШ-тың негізін салушы өкілдерінің ойынша  ХVІІІ және ХІХ – ғасырдағы республикалық мемлекеттің көлемі қажет болған жағдайда елдің жоғарғы заң шығару органын кезек күтірмейтін мәселелерді шешу үшін қолайлы мерзімде жинап алатындай болуы керек. АҚШ, өздерінің сенімі бойынша, өзінің көлемі бойынша бұл критерийге сай келеді. Томас Джефферсонның  призиденттік кезеңінде 1803 жылы Наполеон Франциясының  Луизиянаны сатып алғаннан кейін (бір миллионға жуық шаршы миль, 60 млн франк немесе мөлшермен 15 млн долларға түскен) АҚШ  өзінің аумағын екі еседей ұлғайтып, жер планетасында Рессейден кейінгі екінші орынды алды. Бұл мәміле, сірә, жылжымайтын мүлік мәмілесінің тарихындағы ең тиімдісі болған шығар. Джефферсон Луизиянаны сатып алуды іске асыру барысында конституцияда көрсетілген Призиденттік өкілдіктен формальды түрде ауытқыды. Алайда ол бұл жағдайда Конституцияның әрпіне емес, рухына, азаматтардың кең қолдауына сүйенеді.

Президент болып тұрғанда, ол мемлекеттік қарызды  80 млн. доллардан 27,5 млн. долларға дейін, сондай-ақ мемлекеттік  шығындарды қысқарту жөнінде батыл шаралар қабылдады. Ол армияның санын 4 мыңнан 2500 адамға дейін қысқартуға қол жеткізді.  Консулдармен және өкілдіктермен амалдай тұруға болатын жерлерде АҚШ-тың елшілерінің санын қысқартты, [23] азаматтардан алынатын салықты күрт азайтты, азаматтардың  алынатын салықты күрт азайтты, демократиялық пен өзін-өзі басқаруды дамытуға бағытталған шараларды белсенді түрде қолдады.

21 Графский В. Г. Период борьбы за независимость и вырабытки конституции // История политических и прававых учений. ХVІІ-ХVІІІ вв.М., 1989. 256-269 беттер.22/23Сонда.

Ол – билікті бөлу жағында болды. Алайда концервативті федералистер жетекшілерінен (А. Гамильтон, Дж. Адамс және басқаларынан) артықшылығы, оны орта және ірі жеке меншік иелерін биліктің тепе – теңдік пен тежемелік жүйесінің көмегі мен кедей отандастарының көпшілігінен қорғау, екі палаталы парламентті бекіту, кедейлер үшін жоғарғы палатаның жабық болуы қажет деушілерді және т.б. қорғау мәселесі емес, биліктің барлық тармақтарының  халықпен байланысы принципі мәселесі қызықтырды. Сонымен қатар ол былай деп атап көрсетті, егер көпшілікке зорлық-зомбылық жасалмай, азшылық халықтың еркі құрметтелетін,  азшылыққа жататын, соның ішінде байлардаң, басқаша ойлайтындардың және тағы басқа да тең құқылығы танынатын болсы,  көпшіліктің еркіне бағынатын республикалық табиғи принцип ақылға сыйымды болып қала берді. Ол сондай-ақ Республика үшін оның уақытында ең басты қауіп билікте орын алуы мүмкін озбырлық атқарушы биліктен емес, заң шығарушы биліктен шығады деген федералистерменде келісті. «Заң шығарушылардың зорлық-зомбылығы деп жазды ол, уақытқа және алдағы болашақ жылдарға да нағыз мықты қауіп. Өз кезегінде атқарушы билікте қауіпті жағдай тудырады, бірақ ол — әлі алда болатын іс» [24] – деді.

Баспасөз бостандығы демократияның маңызды бөлігі деп танылды, ол тіпті оған мүмкін болатын асыра пайдалануға қатысты түзету еңгізуіне, баспасөзді қудалау мен сөз бостандығын шектеудің нәтижесі ретіндегі жалған бірауыздылыққа қарамастан, Джефферсонның пікірінше, демократияның баянды болуына көбірек жәрдемдеседі. Джефферсон ант  берген соттың және осы демократиялық институттың  неғұрлым кеңінен қолданылуының табанды жақтаушысы болды. Ант берген сот – деп жазды ол, бұл  жеке құқықты, жекеменшікті және кез-келген адамның кіршіксіздігін қорғайтын ең жақсы қорғаушы. [25]

Джефферсонды бүгінгі күнге дейін, кейбіреулер, соның ішінде қайсы бір американдық судьялар  да бар, сот билігінің тәуелсіздігін шектеуге ұмтылғаны үшін  кінәлайды. Ол респуликалық басқару  нысанына тағайындап қоятын емес, судьялардың импичментке шынайы мүмкіндігі бар, халық кәсіби сот сәйкес келеді деп жорамалдады. Джефферсон американың соттарында демократизмнің жетіспейтіндігін сынға алды, ол жалпы көпшілік үшін неғұрлым ашық болу керек, соттардың қызмет ету мерзімі оларды бақылаусыз, бетімен жібермеу үшін оларды ас үлкен болмауы керек деп санады. Оның пікірі бойынша, сот билігінің жүйелі демократиялық констукциясы, жекелеген кемшіліктеріне қарамастан, тұтастай алғанда азаматтардың энергиясы мен бастамасын, халықтыцң еркі мен мүддесін барынша игере отырып, неғұрлым болып шығады. Ол Президент болып тұрған кездің өзінде, сот жүйесінің ұйымдастырылу принципіне және судьялардың тұрақты құрамына елеулі ықпал ете алмады. АҚШ-тың Жоғарғы Соты, оның төрағасы, федералистік судьялар сот тәуелсіздігін қорғайтын алын,бас қамал болып шықты.

24 Подовер С.  Джефферсон, третий президент США. Кітабынан цитата.Көрс. шығ. 275-бет. 25Сонда.

Джефферсон Президент болып тұрғанда  »әкімшіліктің атағы  мен беделі саясатқа қандай тәуелді болса, оның қызметкеріне одан бір де кемдігі жоқ тәуелді» – деп санап, лауазымды тұлғаларды іріктеуде және орнынан түсіруде өте талғампаз әрі сақ болды.  Өзінің Президентік екі мерзімінде, Президент тағайындайтын 433 шенеуніктің бар болғаны 109-ын ғана ауыстырды, оның өзінде де федералистік және республикашылдар партияларының  Конгрестегі үлес салмағын ескере отырып жасады.

Джефферсон екі рет 1801 және 1805 жылдары АҚШ Президенті лауазымына клгенде инаугурациялық сөзін сөйледі. Жаңа Президенттің сөзі демократиялық саяси-құқықтық көзқарасты білдірді және оның үкіметінің сайлау алдындағы уәделерін жүзеге асыру жөніндегі іс-әрекеттер бағдарламасы болды. Екінші инаугурациялық  кезіндегі сөзі теңдік, бостандық,  өзін-өзі басқаруды дамыту және мемлекеттік шығындарды қысқарту, сол арқылы халықтан алынатын салықты азайту идеясын жүзеге асыру туралы есебі ретінде тартымды болды. Төменде беріліп отырған  инаугурация кезіндегі сөздері іс басындағы саясаткерлерге де және саяси, құқықтық ой-пікірлер тарихын оқып, зерттеушілерге де өте қызғылықты болмақ.

Адамның бағыт-бағдары мен  көзқарасы туралы оның тарихи тұлғаларға баға беруі, тұтас алғанда жалпыға белгілі позициясы көп нәрсені аңғартады. Джефферсон Наполеонның Франция халқын азат ету жолындағы әрекеттердің бірін тұңшықтырғандығын, Европа халқына соғыс арқылы көптеген қайғы-қасірет әкелгендігін мойындап отырып, оған сын көзімен қарады.

Робеспьердің және басқа якобиншілердің  «қатігездігі мен жауыздығы» дүниежүзілік қоғамдық пікірде революцияның беделін түсірді деп санап, және Америка француз революционерлерінің қайғылы қателерін қайталамайды деп үміттене отырып, ол Ұлы француз революциясы кезеніңдегі якобиндік террорға да теріс көзқараста болды. Сөйтсе де Джефферсон үшін революция, халық көтерілістері – қоғамдық өмірдің жаңа нысандарына табиғи жолмен түбірлі ауысу, қоғамды «биліктің сұрқиялық шектен тыс пайдалануынан» тазарту. Ол «Тәуелсіздік деклорациясында» былай деп жазды, егер мемлекеттік құрылыс адамның табиғи құқына сәйкес келмесе, оны бұзса, басқарушылардың келісіміне еңгізілмеген болса, онда «халық оны өзгертуге немесе жоюға және жаңа құрылысты орнатуға құқылы. Ол негізінен халықтың қауіпсіздігі мен берекесін ең жақсы түрде қамтамасыз етіп, ұйымдастыра алатын принципке құрылады». [26]

1823 жылы экс-президент Джефферсон, Президент Джеймс Монроның сыртқы саясат доктринасының қалыптасуына шын мәніңде қатысты. Монро өзінің әріптесіне АҚШ-тың  Англияға және басқа да европа елдеріне саясаты қандай болмақ деген кеңес сұрады. Президент Монроға жазған хатында Джефферсон былай деп жазды:  «…Біздің бірінші негізгі приципіміз, ешқашанда, европалық жанжалдарға араласпауымыз керек. Біздің екінші принципіміз мынаған саяды, Европаны біздің Атлант мұхиты жағындағы қандайда іс болмасын араласуға жібермеу қажет. [27]

1823 жылғы желтоқсанда Джеймс Монроның  Конгреске жазбаша түрде жіберген жолдауында сыртқы саясаттың стратегиясы айтылды.  Монро доктринасы деп аталған бұл принциптердің мәлімдеулерінде  Америкңа мен Европа елінің бірінің ісіне бірі араласпауы, сондай-ақ АҚШ-тың Америкаға үстемдігін айқындайтын басқа да идеялар ресми түрде мәлімелді.

» Біздің  еңбегіміз текке кеткен жоқ, — деп жазды Т. Джефферсон  Дж. Адамсқа 1821 жылы.  Қоғамдық пен еркіндік ісінің  алға  қарай батыл қадам басқанына қарап мен үмітсіз өлмеймін… 1776 жылғы  4-шілдеде жағылғкан алуан планетаның  үлкен бөлігін қамтып отырғандығы сонша, оны қатал әкімшіліктің әлсіз демі сөндіре алмайды». [28]

Тағдырдың бұйрығы болар, Джефферсон «Тәуелсіздік деклорацияссясының» 50 жылдық мерекесі  күніне дейін өмір сүрді.

 

26В. О. Печатновтың Гамильтон и Джефферсон к»табы бойынша цитаталар. 330-бет.

27Сонда.28

12345След.
скачать работу

АҚШ-тағы либералдық–саяси ағымдар

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ