Ақша ағымдарын жоспарлаудың негізгі мәселелері
>
- инвестицияны қолданудан қайтарым (инвестор табысы).
Кесте — 3 Ақша ағымдарын тарату есебі,$
Жыл
|
Осы жылға қатысты инвестиция
|
Ақша ағымы
|
Инвестициядан қайтарым
(2 графадан 10%)
|
Инсестицияны
қайтару (3гр.-4 гр.)
|
Жылдың
аяғын-ғы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1
2
3
4
|
6340
4974
3471,4
1818,54
Барлығы
|
2000
2000
2000
2000
|
634
497,4
347,14
181,854
|
1366
1502,6
1652,86
1818,146
3170
|
4974
3471,4
1818,54
0
|
Қайнар көзі:Әлжанова Н.Ш. Инвестициялық жобалау:Оқу құралы.-Алматы:қазақ университеті,2006.160б. |
Инвестициялық жобаның бұл бөлімінің көлемді және еңбек сыйымдылығы жоғары. Бұл мәселені түпкілікті қарастыруға жекелеген тауарлар арналады. Қаржылық талдаудың өзара байланысты мәселелер кешенін қарастырайық. Инвестициялық жобалаудың қаржылық бөлімінің жалпы нұсқасы қарапайым тізбекке негізделген;
1.Кәсіпорынның қызметінің соңғы 3 жыл ішіндегі қаржылық жағдайына талдау жасау;
2.Инвестициялық жобаны дайындау кезеңіндегі кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жасау;
3.Негізгі өнім өндірісінің залалсыздығына талдау жасау;
4.Инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысындағы пайда мен ақша ағымдарын болжамдау;
5.Инвестициялық жобаның тиімділік бағасы;
Кәсіпорынның бұдан бұрынғы қызметі мен ағымдағы жағдайына қаржылық талдау жасау әдетте кәсіпорынның пайдалылығы мен оның басқару тиімділігін, несие қабілеттілігін, өтемпаздығын көрсететін негізгі қаржылық коэффициенттерінің интерпретациясы мен есептеулеріне келтіріледі. Әдетте бұл қиындық туғызбайды. Қаржылық бөлімде кәсіпорынның өткен жылдарындағы негізгі қаржылық есебін беру және негізгі көрсеткіштерді салыстыру аса қажет. Егер инвестициялық жоба батыстық стратегиялық инвесторды тарту үшін дайындалса, онда қаржылық есепті беруін инвесторды тартқан батыс мемлекеттің форматтарына келтіру керек [11].
Шығынсыздықты талдау негізгі өнімдерді шығару мен өткізудің өзіндік құн құрылымын талдау бойынша жүйелік жұмыстарды және барлық шығынның айнымалылар ( өндіріс көлемі мен сату көлемінің өзгеруіне орай өзгереді ) мен түрақтыға өндіріс көлемі өзгеруіне байланысты өзгермейтін бөлінуін қамтиды. Шығынсыздықты талдаудың негізгі мақсаты – шығынсыздық нүктесін анықтау, яғни пайданың нольдік мәніне сәйкес келетін тауар көлемін сату. Шығынсыздықты талдаудың маңыздылығы нақты немесе жоспарланған пайданы инвестициялық жоба процесінде шығынсыздық нүктесі мен кәсіпорынның пайданы алып келетін іскерлігі сенімінің кейінгі бағасымен салыстыруына негізделген.
Жобаның қаржы бөлімінің неғұрлым жауапкершілігі мол бөлігі оның инвестициялық бөлігі болып табылады, ол мыналарды қамтиды:
- жоба бойынша кәсіпорынның инвестициялық қажеттілігін анықтау;
- инвестициялық қажеттілігінің қайнар көздерін белгілеу ( және ары қарайғы ізденіс );
- инвестициялық жобаны іске асыру үшін тартылған капиталдың құнын бағалау;
- жобаның іске асуы есебінен түсетін пайда мен ақша ағымдарын болжау;
- жоба көрсеткішінің тиімділігінің бағасы.
Жобаның іске асуы мерзімінде оның өтімділігін бағалау мәселесі әдістемелік тұрғыдан өте қиын. Жобаны іске асыру нәтижесінде пайда болатын ақша ағымының көлемі, « ақшаның құны уақыт өтуіне қарай » деген қағиданы есепке ала отырып, сомалық инвестиция шамасын жабуы керек.
Бұл принцип бойынша: « Доллардың қазіргі құны бір жылдан
кейінгі алынған доллардың құнынан үлкен », яғни бір жыл кейін алынған әрбір жаңа ақша ағымы бір жыл ерте алынған оған көлемі тең ақша ағымынан төмен мәнге ие. Ақша ағымының уақыттық мәнділігін өлшейтін сипаттамасы ретінде инвестициялық жобаны іске асыру нәтижесінде алынған ақша ағымын инвестициялаудан түскен түсімнің нормасы көрінеді.
Сонымен, инвестициядан туындайтын жалпы ақшалай ағым
жоғарыда көрсетілген қаржылық феноменді есепке ала отырып, оның ( инвестицияның ) шамасын жабатын болса, жоба қаржылық критерийлер тұрғысынан қабылданады.
Жобаның өтімділігін бағалау кезіндегі инфляцияны есепке алу мәселесі қарама – қайшылықты болып келеді. Әрине, уақытта өріс алған ақша ағымдарын ақшаның сатып алушылық қабілетінің өзгеруіне байланысты қайта санау керек. Сонымен қатар инвестициялық жобаның тиімділігі туралы соңғы қорытынды инфляциялық әсерді ескерусіз жасалуы мүмкін. Бұл ақша ағымы базасында инфляциялық жоба тиімділігінің негізгі көрсеткіші анықталады [12].
| | скачать работу |
Ақша ағымдарын жоспарлаудың негізгі мәселелері |