Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ақша ағымдарын жоспарлаудың негізгі мәселелері



 Другие рефераты
ХХ-ғасырдың аяғына қарай ҚР-да рыноктық экономикаға өтпелі кезеңнің басталуы. Компаниялардың ақша ағымдарының қазіргі жағдайындағы қалыптасуы мен басқаруы Ақша ағымдарының экономикадағы рөлі Ақша ағымдары туралы жалпы түсінік, мәні және мазмұны

Ақша ағымындағы шығындардың құрамы әртүрлі және өнімдердің өзіндік құнына жатқызу әдісіне өндірістік көлеміне байланысты жіктеледі.

Қаржы менеджментінде ақша ағымдағы шығындарды басқару өндіріс әрекетінің нәтижесіне қатаң байланыстылықта қаралады.

Ақша ағымдағы шығындардың құрамын құрылымын және көлемін жоспарлауға шешім қабылдау үшін төмендегі мәліметтерді қолданады:

- өнімдердің нақтылы өзіндік құны және алған пайда туралы

мәліметтер;

- болатын шығындар және табыс туралы ақпарат.

Егерде өндіріс көлемімен оны сатудың айырмашылығы жоспарланбаса, онда  шығын  көлемі туралы  шешім қабылдауға өткен кезеңдегі  мәліметтерді пайдалануғаболады. Өндіріс бағдарламасы біршама өзгерсе онда шығындарға нақтылап талдау жасалынады. Олардың өндірілген көлемі оның бағасы еңбек ақысы және басқа факторлардың олардың тиімділігіне әсерін бағалайды [8].

Осы жағдайларға қарай қаржы менеджментінде кәсіпорынның барлық ақша ағымдағы  шығындары   төмендегіше бөлінеді:

- шартты-өзгермелі;

- шартты-тұрақты;

- аралас.

Шартты-өзгермелі шығындар өндірілген өнімдердің көлеміне байланысты және өндіріс көлемінің өзгеруіне тікелей пропорционалды өзгереді. Өндіріс көлемінің өсуіне байланысты олар ұлғаяды және керісінше өндіріс көлемінің азаюына байланысты кемиді. Атап кететін жай өзгермелі шығынның өнімдердің бірлігіне қатынасы тұрақты шамада болады.

Шартты-өзгермелі шығындар өндірістік және өндірістік емес сипатта болады.Өндірістікке  қатысты өзгермелі — өзгермелі шығындарға жататындар: шикізаттар және материалдарды сатып алу, технологиялық жанармай және энергия өндірістегі жұмысшылардың негізгі еңбекақысы және т.б.

Өндіріске жатпайтын шартты — өзгермелі шығындарға жататындар: транспорт шығыны, сатуға кеткен сауда комиссиялық жинау және басқадай шығындар, әлбетте олар сатылған өнімдерден түскен түсімнің көлеміне байланысты болады.

Тұрақты шығындардың үлесінің өсуі өндірістік тұтқаның әсер ету күшін оннан аса көбейтеді. Осыған байланысты келесі қорытынды туады:

- өндірістік тұтқаның әсер ету күші кәсіпорынның активтерінің құрылымына және айналымынан тыс активтердің үлесіне байланысты. Неғұрлым негізгі қордың құны көп болса соғұрлым тұрақты шығындардың үлесі көп болады;

- тұрақты шығындардың  үлес салмағының жоғары болуы ақша ағымдағы шығындарды басқарылу шекарасын тарылтады;

- неғұрлым өндіріс тұтқасының әсер ету күші көп болса соғұрлым кәсіпкерлік тәуекел жоғары болады.

Ағымдағы шығындарды тиімді басқару рентабельділіктің шегін анықтаусыз мүмкін емес [9].

Нарықтық  экономикада  кәсіпкерлікпен  айналысу  процесінде  шаруашылықпен  айналысушы  субъектілер  өндірісті  ұйымдарға  және  өнімдерді  сатуға  әртүрлі  шығындар  шығарады.

Кәсіпорынның  барлық  шығындарын  олардың  экономикалық  мағынасына,  жұмсалған  мақсатына  қарай  үш  топқа  бөлінеді:

-         ағымдағы  шығындар;

-         ағымдағы  шығыстар;

-         күрделі  салымдар.

Ағымдағы  шығындар  өнімдерді  өндірумен  және  оларды  сатумен  байланысты.  Олар  кәсіпорынның  барлық  шығындарының  ішінде  үлесі  ең  көбі  және  ол  шығындар  негізінен  өндіріс  процесінде  ішкі  заттарды  және  материалдарды,  негізгі  өндірістік  қорларды,  жанар  және  жағар  майларды,  энергияны,  еңбек  ақы  және  т.б.  пайдаланумен  байланысты.

Жобаның  таза  ағымдық  құндылығының  көлемін  анықтайтын  негізгі  факторларының  бірі,  сөзсіз,  инвестицияның,  өндірістің  немесе  сатудың  «физикалық »  көлемдерінде  көрінетін  қызмет  ауқымы  болып  табылады.  Бұдан  осы  сипатына  орай  айрықшаланатын  жобаларды  салыстыруға  арналған  бұл  әдісті  қолдануға  шектеудің  қойылуы  шығады:  NPV  үлкен  мәні  капитал  салымының  едәуір  тиімді  вариантына  әрдайым  сәйкес  келе  бермейді.

NPV  есептеуге  қажетті  ақпараттарды  толық  түсіну  үшін  әдеттегі  ақша  ағымдарын  қарастырайық;

Әдеттегі  кіріс  ақшалай  ағымдары:

-         қосымша  сатылу  көлемі  және  тауар  бағасының  көтерілуі;

-         жалпы  шығындардың  азаюы  (тауар  құнының  түсуі);

-         инвестициялық  жобаның  соңғы  жылының  аяғындағы  құрылғылар  құнының  қалдық  мәні  ( себебі  құрылғылар  сатылуы  немесе  басқа  жоба  үшін  қолданылуы  мүмкін );

-         инвестициялық  жобаның  соңғы  жылының  аяғындағы  айналым  құралдарының  босауы  ( дебиторлар  шоттарының  жабылуы,  тауар – материалдық  қорлар  қалдықтарын  сату  басқа  кәсіпорынның  акциялары  мен  облигацияларын  сату ).

Әдеттегі  шығарылатын  ақша  ағымдары:

-         инвестициялық  жобаның  алғашқы  жылдарындағы  бастапқы  инвестициялар;

-         инвестициялық  жобаның  алғашқы  жылдарындағы  бастапқы  айналымдық  құралдарға  деген  қажеттіліктің  артуы  (жаңа  клиенттер  тарту  үшін  дебиторлар  шоттарын  көбейту,  өндірісті  бастау  үшін  шикізат  пен  бөлшек  заттарды  алу);

-         құрылғыларды  жөндеу  және  техникалық  қамтамасыз  ету;

-         өндірістік  емес  қосымша  шығындар  (әлеуметтік,  экологиялық  және  т.б. ).

Жоғарыда  айтылғандай,  нәтижелік  ақша  ағымдары  инвесторлар  үшін  инвестицияланған  ақша  сомасын  қайтаруға  және  табыс  әкелуге  бағытталған.  Әр  ақша  сомасының  осы  екі  бөлікке  қалай  бөлінетінін  қарасырайық [10].

Мысал:

Кәсіпорынның  6340  $  тұратын  және  4  жыл  пайдалану  мерзімі  бар  нөлдік  қалдық  құнымен  жаңа  құрал – жабдық  алуға  ақша  жұмсауды  хабарлап  отыр.  Жабдықты  енгізу,  есептеу  бойынша,  әр  жыл  сайын  2000 $  кіріс  ақша  ағымын  қамтамасыз  етеді.  Кәсіпорынның  жетекшілері  жыл  сайынғы  2000  $  кіріс  ақша  ағымын  қамтамасыз  етеді.  Кәсіпорынның  жетекшілері  жыл  сайынғы  10  %  қайтарым  деңгейінен  кем  болмағанда  ғана  инвестициялар  жүргізуге  рұқсат  етеді.

Шешуі:

Ең  алдымен  қазіргі  кездегі  таза  мәнді  есептейік:

NPV   дәстүрлі  есеп.

Кесте – 2        Көрсеткіштер

Көрсеткіш

 

Жылдар

 

Ақша сомасы, $

 

Дисконттау көрсеткіші

 

Нақты мәні

 

Бастапқы инвестиция

 

Ақшаның жылдық ағымы

Қазіргі              кезде

 

(1-4)

 

(6340)

 

 

2000

1,0

 

 

3,170

(6340$)

 

 

6340$

Қайнар көзі: Әлжанова Н.Ш. Инвестициялық жобалау: Оқу құралы.-Алматы: қазақ университеті, 2006.160б.

Осылайша, NPV=0, жоба қабылданды.

Бұдан кейінгі талдау 1000 $ кірістік ағымды 2 бөлікке бөледі:

-         бастапқы инвестицияның кейбір бөлігін қайтару;

12
скачать работу


 Другие рефераты
Иоганн Себастьян Бах
Внешняя политика при Екатерине Великой
Кризис в психологии в XX веке
Наследственные болезни и образ жизни человека


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ