Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

АҚША АНАТОМИЯСЫ

ла қояр ма екен? 1931-32 жылдардағы еліміздегі ашаршылық туралы «Қызылдар қырғыны» естеліктер жинағынан үзінді келтірейік: «Константин Бугаев, Семей облысы: «Нағыз аштық 1932 жылы басталды… Ауыл-селоларға қайыр сұраған босқындар толып кеткен. Ал аштықтан өлгендердің мәйіттері бір қабірге көмілген. Өлгендердің қалталары ақшаға толып тұрса да, оған сатып алатын ештеңе болмаған» (94-бет)» және де «Зейтін Ақышев: «Жаз шықты. Азық таусылды. Ендігі күніміз қараң. Ертеңіміз тіпті үрейлі. Бұл – 32 жылдың шілдесі. Менің алатын 24 сомым төрт адамның жұтқыншағына жұқ болмайды және оған табылып жатқан тамақ жоқ» (14-бет)». Демек, ақша табу тамақ табудың жолы емес. Қаржы айналымы тауар мол кезде ғана жұмыс істейді. Ақша тек қолда бар рызықты бөлісу мен меншіктеуге қызмет етеді. Қаржы тапшылығы – қайыршылық, азық тапшылығы – ашаршылық. Тәуелсіздіктің алғашқы қиын жылдарында алақан жайып, сырттан инвестиция сұрағанымыз рас. Қысылтаяң шақтан тым бүлінбей өттік. Өйткені Қазақстан шикізатқа бай ел еді. Соның арқасында қазір бай-қуатты елдердің қатарындамыз. Халықтың аштыққа ұрынбауына кепіл – оның табиғи ресурстары. Ресурсың мол болса ғана қолыңда қаражат болады. 1-кестеден көріп отырғанымыздай, қайыршылық көлемі елдің табиғи байлығына тәуелді. Ал Ауғанстан мен Моңғолия сияқты ресурс көздеріне кедейлігі салдарынан кезінде Кеңес Өкіметінің құрамына 16-17-ші республика болып кіре алмай қалған елдер әлі күнге дейін ауыр күйзеліс кешуде. Жер байлығы тым жұтаң Африкадағы Сахара тұрғындарын құрғақшылық пен аптап ыстық қоса қысып, сіңірі шыққан елдердің саны көбейді.
Ақшасыз-ақ азақ-түлік мәселесін шешіп жатқан елдер бар. Мәселен, Ливияның импорт көлемінің 90%-ын астық құрайды. Қорек дағдарысының алдын алу мақсатында Триполи Киевпен келісім орнатып, Украинадан 250 мың акр астық алқабын жалға алу арқылы, айырбасқа мұнай кеніштерінің белгілі бір бөлігін беріп отыр. Египет те Ливияның тәжірибесін пайдалануға ұмтылып, Украинаға табиғи газын ұсынуда. Ал жерінің қойны-қонышы қазынаға бос елдер аштықты бастан өткізуде. БҰҰ қарамағындағы Азық-түлік және ауылшаруашылығы ұйымының мәліметі бойынша әлемде 850 млн. адам аштықта өмір сүріп жатыр. Халықтың жан басына шағып есептегенде тойып тамақ ішпейтіндердің көпшілігі технологиясы мүлде дамымаған, табиғи байлығы тым аз тақыр кедейлерге тиесілі. Олар: Замбия, Камерун, Мозамбик, Гаити, Чад және т.б. Бұлардың нарыққа шығарар ресурсы жоқ болғандықтан, ақша да тапшы. Ел тұрғындары басқа елдерден келген азын-аулақ гуманитарлық көмекті таласа-тармаса бөліп жеп өзек жалғап жүр. Дүниежүзілік банктің санағына сенсек, жер бетінде 982 млн. адам күніне 1 долларға жетер-жетпес тиын-тебенмен күнелтеді екен. 2008 жылдың қаржы дағдарысының қарсаңында ақша тасқыны селдей тасып, құйындай көтеріліп, азық-түлік бағасын шарықтатты. Нарықты қымбатшылық кернеді. Халықақаралық валюта қорының есебінше 2001 жыл мен 2008 жылдың арасында азық-түлік бағасы екі еседен артық өскен. Бұл да азғантай жалақысын түгел тамақ асырауға жұмсайтын кедей елдерді одан сайын күйзелтті.
Мақаламыздың басында ақшаның талғамға тәуелділігін атап өттік. Сондықтан, ақша иесі бірінші талғамына қызмет етеді. Содан кейін барып басқаларға қол ұшын береді. Нарықтың заңы қатал. Ортақ қазанға ас пісіріп, бір табақтан ет жеу экономиканың мұндай құрылымына жат. Біреуі өзегіне талғажау таба алмай әуре-сарсаңда, екіншісі үлде мен бүлденің ортасында отырып мазасыздықта. Мазасыз болатын себебі, әлі де бірдеңе жетіспейтін сияқты. Қанағатсыздыққа бой алдырған күйі біреудің аузынан нанын жырып алғанын сезбейді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша планетамызда күн сайын аштықтан 24 мың адам өледі. Тамақ жетіспегендіктен емес, оны басқа мақсатқа қолданғандықтан. Соңғы жылдары АҚШ биоотын өндіруге пайдаланылатын астық көлемін 19 млн-нан 36 млн. тоннаға өсірді. Этанол өндірісінің 95%-ы АҚШ пен Бразилияның еншісінде. Өнімді энергияның балама көзі ретінде қарастырып, әлемдік энергетикалық баланстың 8%-ына жеткізуді көздеп отыр. Бұл қосымша сұраныс туғызып, бағаны екі есе қымбаттатты және әлемдегі астық көлемінің 30%-ын (Халықаралық азық-түлік саясатын зерттеу институтының мәліметі) жалмады. Миннесотта университетінің экономистері «биоотын дүмпуі» салдарынан 2025 жылы аш халықтың саны 1,2 млрд-қа дейін өседі деп отыр. Мұндай жағдай тарихта да болған. Тарихшы Майк Дэвис «Холокост Викторианской Эпохи» кітабында XIX-ғасырда орын алған Үндістандағы трагедия туралы айтып өтеді. Оның баяндауынша, сол жылдары үнді халқы миллиондап қырылып жатқанда ел үкіметі Европаға бұрын-соңды орындалмаған көлемде бидай экспорттаған. Билік пен ірі саудагерлер өз әрекеттерін еркін сауда заңымен және европалықтардың нанды үнділерге қарағанда қымбатқа сатып алатындығымен түсіндірген.
Нарықтық экономиканы жікшілдік туғызған. Ақша үстемдік еткен қоғамда қаржы алпауыттарының сөзі жүреді. Бүкіл ресурс көздері солардың арасында бөліске түседі. Қалған халықтың аш-жалаңаш қалмауы ресурс иелерінің түпсіз тұңғиық тұтынымына байланысты. Нарық әділетсіз болғанмен, Құдай низамы әділ. Қазақ оны «Қой егіз тапса, жусан басы айыр шығады» дейді. Ф.Лапэ, Дж. Коллинз, П.Россет атты ғалымдар «Әлемдегі ашаршылықтың 12 мифі» деген кітабында былай дейді: «Қазіргі ашаршылықтың себебі тапшылық емес, молшылық. Планетамызда азық-түлік жеткілікті. Ет, көкөніс, жеміс, балық және тағы басқа өнімдерді есептемегеннің өзінде, әр адамға тәулігіне 3500 калория рационнан келеді. Әлемнің әрбір тұрғынына 1,7 кг тамақ (оның 800 грамы астық өнімінен, 500 грамы көкөніс-жеміс өнімдерінен, 400 грамы ет-сүт және т.б. өнімдерден құралған) тиесілі. Бірақ бұлар қымбатшылық салдарынан (қолдан жасалған Б.А.) көп адамның алақанына түспейді».
1998 жылғы Нобель сыйлығының иегері, экономист Амартья Сен 1981 жылы жарық көрген «Кедейшілік пен ашаршылық» еңбегінде ашаршылықтың азық жетіспеушілігінен емес, дұрыс үлестірілмегендігінен болатындығын дәлелдеді. Осы кітаптың жалғасы 1989 жылы «Ашаршылықтың саяси экономикасы» деген атпен жарық көрді. Онда былай делінген: «Ашаршылықтың болуы қорек жоқ деген сөз емес. Оның алдын алуға болады. Аштықтың орасан құрбандары – қоғамның ірі масштабтағы қателігінің нәтижесі».

АҚША МЕН ПАЙДА

Пайда – бөгде ұғым емес, бірақ біз үшін мағынасы бұлыңғыр. Бөгде болмайтын себебі: сауда жасап пайда табу – ежелден келе жатқан кәсіп. Онымен пайғамбарлар да, әулиелер де, патшалар да айналысқан. Рухани әңгімелерге, діни хикаяларға, аңыз-әпсаналарға сенсек, солай дейді. Тұтасымен сауда жүргізген халықтар да бар: еврей, ұйғыр, сарт және т.б. Ал пайда ненің құдіретімен уысқа түседі деген сауалға келгенде мүдіреміз. Өйткені пайда дегеніміз – адамның жұмсаған күшінің құны. Еңбектің нәтижесі. Ал ұзақ эволюциялық дамумен жиналған қазба байлықтарды сатудан түскен қаржы пайдаға жатпайды. Оны жер астынан шығарып өңдеп, вагондарға тиеп, нарыққа өткізуге жұмсалған еңбек жүз мың жылдап жер астында қордаланып, байытылып, шикізат қалпына келтіруге арналған табиғаттың тылсым еңбегінің миллионнан бірін де құрамайды. Мәселен, адамдар ұзақ уақыт бойы мұнайдың түзілуіне себепші болған жыныстарды анықтап білгенмен, сол жыныстарды белгілі бір зауытқа жинақтап жасанды түрде мұнай жасай алмайды. Бұл – тағдырдың сыйы. Сондықтан оны пайда емес, олжа деп атайды. Олжаның иесі – халық. Пайданың иесі – кәсіпкер. Бірақ бүгінгі замандастар екеуін жиі шатастыратындықтан, елдің игілігін жеке басына жаратушылар көп. Елдік сананың «мендік санамен» тұншыққаны сондай, пенде баласының ойын көк тиын тескен. Дайын асқа тік қасық болу – пайдакүнемдік.
Пайда табу – қоғамның өзге мүшелерінің мүддесі мен тұтынымын бағалау арқылы адал еңбекпен қызмет ету. Сол қызметтің ақысы – пайда. Кәсіпкер – олжаны үлестіруші, адамдар арсындағы экономикалық этиканы орнатушы тұлға. Адал кәсіпкерлер біріксе, Ұлттық буржуазия қалыптасады. Ұлттық буржуазия – қоғамның байлығын ұқыптап ұстаушы, тиянақтап жұмсаушы. Есте ұстар жайт, кәсіпкердің іскерлігі экономикалық есеп-қисапты жетік меңгергендігінен емес, обал, сауап, ысырап категорияларын алға қойғаннан. Қам-қарекетіңе сол кезде барып берекет дариды.
Уақытысында қазақ даласында мыңғыртып мал, шұбыртып жылқы айдағандардың несібесі жарлыны жарылқағаннан, мүсәпірді мүсіркегеннен түгенделген. «Елде болса ерніңе, ауылда болса аузыңа тиеді» демекші, дастархандарынан дәм үзілмеген. Дәулетім шашылды деп бай да қам жемеген, біреуге жалшы болдым деп жарлы да қайғырмаған. Қайта қолы ашық жандарға қызметші болғанын мақтан тұтып, шүкір деген. Қызыл империя қазақ жерінде аштық ұйымдастырар алдында алдымен жекелеген елді мекендердің асыраушысы болып келген байларға қырғидай тиді. Кәмпескеледі. Талады. Атты. Қуды. Ақыры дала экономикасының тамырын қиып тынды. Содан кейін капитализмнен өтіп социализмге тап болып, дәулетті болудың механизмдері өзгеріп кетті. Шынын айтқанда, шырмауықтай шатастырып жіберді. Бай болуға баулитын нарықтың қағидалары жемқорлық пен пайдакүнемдіктен басқа ештеңе берген жоқ. Өйткені капитализм бай бола алмауды сорлылық деп түсіндіреді. Сенің еті тірі адам екеніңе күмән келтіреді. Сондықтан жаманатты болудан қашып, адамдар қалта қалыңдатудың соңына түседі. Маңдайына жазбаған дәрежеге жете алмай, алайда соған қайтсем де жетемін деп парақорлық пен жымқыру-қымқыруды кәсіп етеді.
Бір күні Қожанасырдан немересі сұрапты: «Ата, феодализм жақсы ма, социализм жақсы ма, әлде капитализм жақсы ма?» — деп. Сонда Қожекең: «Бай болсаң, феодализм жақсы, кедей болсаң, социализм жақсы, ұры болсаң, капитализм жақсы», – деп жауап берген екен.
Бай болу, ақын болу, жазушы болу, ғалым болу деген сияқты жекелеген адамдарға тән қасиет. Егер бойында таланты жоқ адам шимай-шатпақ өлең шығарып, үлкендермен жолға таласса, дарыны жоқ жазушы бос сөзд

1234
скачать работу

АҚША АНАТОМИЯСЫ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ