Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

АҚША АНАТОМИЯСЫ

ен тізбек құраса, тың жаңалығы жоқ адам ғалым болуға ұмтылса, көзге оғаш көрінетіні рас. Берекет туа біткен «байлық шақыратын» қасиеті барларға тиесілі. Атқа міне алмайтын адамның ерге секіріп мінсе, екінші жағына ауып түсетініндей, мол байлыққа жеткен күнде де, оны ұстап отыру ердің қолынан ғана келеді.
Атымтай жомарт өлген соң інісі де Атымтайдай боламын деп, малын шаша бастапты. Шешесі неше қабат айтады екен: «Шырағым, малды орынсыз шаша берме», – деп. Бір күні бұл сөздер баланың көңіліне келіп, шешесінен сұрайды: «Сіз маған мал шашпа дейсіз, марқұм Атымтай ағама бір сөз де айтпайтын едіңіз. Атымтай туған ата-анадан мен де туғаным жоқ па? Атымтайға біткен мал маған да біткен жоқ па? Сіз қалайша менің жомарт болғанымды жаратпайсыз», – деп.
Шешесі жауап береді: «Атымтай туған соң үш күнге дейін жылап, емшек ембеді. Емшегім сыздап, сүт аққан соң, көршіміздегі бір жетім баланы емізіп едім, құшағымда отырған Атымтай жылағанын қойып, екінші емшекті еме бастады. Осылайша, әрқашан бір емшекті әлгі жетім балаға емізбесем, Атымтай да ембеуші еді. Ал сен бір емшегімді еміп жатқаныңда, екіншісін екі қолыңмен мықтап ұстап жатушы едің, міне, соның үшін сен Атымтайдай жомарт бола алмайсың. Малыңды орынсыз шашпа дейтінім сол», – депті.
Егер Атымтай жомарт бүгінгі нарық заманына тіріліп келіп, қандай да бір коммерциялық банкке барып: «Маған 1 млн. доллар несие беріңіз. Ол ақшаға он үйір жылқы сатып алып, қымызын елге тегін таратып, бір бөлігін қыста сойып, халыққа ақысыз үлестіремін, одан түскен пайдамен сендердің қарыздарыңды өтеймін» деп несие сұраса, банк оған қаржы бере ме? Бұл сұраққа «жоқ» деп оп-оңай жауап беруге болады. Өйткені дала өркениетінің ырыс, байлық туралы түсінігі басқа.
Ғалымдар мен инноватор бизнесмендердің тыраштанып жете алмай келе жатқан нәрсесі – мәңгілік генератор. Мәңгілік генератор дегеніміз – белгілі бір энергияны қабылдап, «жұтқан» энергиясынан артық энергия өндіріп шығарушы құрылғы. Мысалы, 1 кВт токты қабылдап 1,000000001 кВт қуат өндірсе, бұл ғылым үшін үлкен прогресс еді. Дегенмен ондай жетістікке әлі ешкім жете алған жоқ. Сондықтан, қағаз бен жиһаз шығаруға арналған орман ағаштары, прибор құрастыруға тиесілі көмір, синтетика мен шипалы дәрі-дәрмектер жасауға жұмсалуы тиісті мұнай, азық-түлік ретінде адамзатты қоректендіруші астық және тағы басқа дақылдар отын ретінде пайдаланылуда. Жоқтан бар жасамай, тек барды түрлендіріп тұтынушыларға таратқан адамды кәсіби майталман ретінде мойындай алмаймыз.
Кәсіпкердің кәсіби қасиеттері – тұтынушының талғамын аңду, керек-жарағын түгендеуге көмектесу, қажетін дер кезінде жеткізіп үлгеру. Бизнес иелері нарықта осы қырларымен сайысқа түседі. Тауар өндірушінің өнімі (оның сапасы, бағасы, ассортименті, тұрмысқа қолайлылығы және сату орнының сатып алушыларға жақындығы) мен тұтынушының талғам мұқтаждығы (тұрмысқа лайықтылығы, қалта көтеретіндігі, қажеттілікті қанағаттандыру деңгейі, уақытында жеткізілуі және т.б.) кілт пен құлыптың тетіктеріндей сәйкес түйіссе, пайданың есігі ашылады. Бизнестің табыстылығы осы түйісу нүктелеріне тәуелді. Экономистер кәсібің алға өрлеу үшін кемінде 10 рет талпыныс жасауың керек дейді. Егер талпынысың 10 реттен асса да жолың болмаса, онда өмір сүріп отырған нарықтың әділетті екеніне күмән туғызуға болады. Аталған себептер бойынша әлемде күніне 800 мың миллионер банкротқа ұшырайды екен.
Ұсыныс пен сұраныстың тетіктерінің сәйкестенуі карта ойыны сияқты. Алтылықтың көзірге айналып «бағы жануы» да, тұздың түкке алғысыз болып қолда қалуы да мүмкін. Нарықта сынға түсетіндер – өндірушінің тауары мен тұтынушының ақшасы. Тауар – ер жынысты, ақша – әйел жынысты зат. Екеуінің «тылсым махаббатынан» пайда дүниеге келеді. Өмірге ер баланың келуін – әкенің жеңісі, қыз баланың келуін – шешенің жеңісі деп есептейтіні сияқты, тауарды тиімді бағаға өткізіп, пайдаға кенелу – кәсіпкердің ұтысы, базардан іздегенін табу – сатып алушының ұтысы. Тауардың өз құнын өтемей, иесіне табыс әкелмеуі, ақшаның лайықты тауарға жұмсалмай, шығын туғызуы әбден ықтимал. Екі жақ та ырықсыздыққа ұрынып отырады. Бұл жерде үшінші фактор – нарықтың «құпия заңы» жұмыс істейді.
Бірде Бауыржан Момышұлы жиында әлдекіммен сөзге келіп қалыпты. Қарсыласы да Баукеңе ырық бергісі келмей: «Сен кімсің?» — депті. Бауыржан атамыз: «Мен Мәскеуді қорғағанмын, дивизияны басқарған полковникпін», -дей келе, «Өзің кімсің?» — деп қарсы сұрақ қойыпты. Әлгі кісі: «Мен социалистік Еңбек ерімін», — деп кеудесіндегі орденін көрсете сөзін жалғап, «100 қойдан 180 қозы тудырғаным үшін берілген», — дегенде, Баукең: «Қошқар шапты, қой тапты, оған сенің қатысың қанша?!» — деген екен.
Сол секілді біздің де ырысқа кенелуіміздің әрекетімізге қатыстылығы шамалы.

«АЛТЫН БАЛЫҚ» ЕЛЕСІ

А.С.Пушкиннің «Алтын балық» ертегісі есімізде. Қысқаша баяндар болсақ: «Шал алтын балық ұстап алады. Балық босат деп жалынады. Босатса, үш тілегін орындайтынын айтады. Суына қайтадан жібереді. Үйіне барып, кемпіріне болған жайды баяндайды. Кемпірі жекіріп ұрсады. Бүтін астау сұра дейді. Астау береді. Мені патша қылғыз дейді. Бұл тілегін де орындайды. Оны қанағат тұтпай, теңіз патшалығын сұрап, балықтың шамына тиеді. Соңында бұған дейін сұрап алған барлық нәрсесінен айырылып, құр қалады».
Біз ақшаға алтын балыққа сенгендей сендік. Шығыс ертегілеріндегі қалаған тілегіңді сол мезетте орындайтын сиқырлы жүзіктің немесе неше мың жыл бөтелкеде тығылып, бір сәтте аяғыңа жығылып, құлдық ұрған алып диюдың елесі де қоғамды кезіп жүр. Алтын балық пен диюға айтқан тілегімізді енді ақшаға айтуға көштік. Өйткені ақша болса, бәрі де болады екен. Күлімдеген көздер, салтанатты сөздер, мәз-мейрам жүздер қалпына келмек. Тән қалауы да, жан қалауы да уысыңда. Барлық адам сені құрметтейді. Ешкімнен қорықпай жүресің. Ең бастысы, бала-шағаң сенің атыңмен мақтанады. Қорыта айтқанда, Сырдың суы сирағымнан келмейді.
Неге екені белгісіз, адам кітап оқыса да, газетке шолу жасаса да, мәшине көрсе де, оларға сыни көзбен қарайды. «Мына жері жақсы екен, ал мына жері нашар», — деп баға береді. Ақшаға келгенде бұл сыни көзқарас жойылып кетеді. Ақшақұмарлықтың салдарынан болып жатқан зобалаңдардың бірі ойымызға кіріп шықпайды. Қайта ақшаның иісін сезген сайын шабытымыз қоза түседі. Соқыр, ақсақ, керең, мүгедек, сақау, мылқау, шолақ, ауру, дімкәс жандар миллионерлердің де арасынан табылады. «Пәленше деген бай бопты, төрт түлігі сай бопты, бір перзентке зар бопты» деп келетін ертегі, жырлар да бар.
Тоқшылықтың азабы да ашаршылықтан кем болмайды. Медицина мамандары адамның асқазаны жұдырығының көлеміндей-ақ дейді. Бірақ үстемелеп тамақты тыға берсең, резеңке тәрізді 6 есе үлкейеді екен. Ағза тағамды қабылдаған соң қажетсізін нәжіс түрінде сыртқа шығарып,бойда қалғанын энергия ғып жұмсайды. Сонда да артық майлар ағзаға жиналып қалады. Оны «отын» ретінде пайдаланбасақ, кері әсерін туғызады. Тоңмойындық пен бойкүйездікке ұрындырады. Еліміздегі адам өлтіру (ҚР Әділет министрлігінің мәліметі бойынша соңғы 5 жылда 13%-дан 48%-ға өскен), ауыр қылмыс (еліміздегі бүкіл қылмыстың 80%-ын құрайды екен), алкоголизм (профилактикалық есепте тұрғаны 300 мың адам), нашақорлық (ҚР Бас прокуратурасының дерегі бойынша 36 мыңға жетіп, тәуелсіздік алғалы бері 15 есе өскен), суицид (жан басына шаққанда Қазақстан әлем бойынша 4-орында), жезөкшелік (бір Алматы қаласында 10 мыңнан асады) және оларды пайдаланып жүрген 100 мыңдаған «әтеш» еркектер тоқшылықтың зардабынан туып отыр. Қылмыстардың қай-қайсысының себебін сұрастырсаң, қайғы, реніштен орын алған дейді. Ендеше сол қайғы, реніштің түбі – тоқшылық. Қара бастың қайғысы қылмысқа итермелейді, халықтың қайғысы ерлікке сүйрелейді.
Десек те, «Форбс» журналының кейіпкерлері бүгінгі заманның қаһармандары атанып, түкіріктері жерге түспей тұр. Себебі аурудың халі термометрмен өлшенсе, капитализмнің ахуалы валютамен өлшенеді. Содан ба екен, өнер, ғылым, спорт қайраткерлері де қосымша бизнеспен шұғылданып жүреді. Олар сияқты қабілеті жетпегендер қылмысты қару етеді. Ақшақұмарлықтың қылмыспен астасатынын бірінші болып орыс ақын-жазушылары сезіне бастады. Пушкиннің «Пиковая дама» шығармасында тегі неміс ақсүйек офицер ақша үшін тапаншамен кемпірді өлтіреді. Ал Достоевскийдің «Қылмыс пен жаза» романындағы Раскольников ақша үшін қолына балта алып, шабуылға шығады. Революцияға дейінгі қазақ жеріндегі салт-дәстүрдің мықтылығы, Кеңес өкіметі кезіндегі жекеменшік сектордың әлсіздігі қылмыстың мұндай түрін уақытша тоқтатты. Сол себептен бұндай мәселе қазақ әдебиетінде қозғалмайды. Нарықтық экономикаға көшкелі бері сорақы көріністерге өзіміз-ақ куә болып жүрміз.
Енді миллиардер болу қай кезден бастап сәнге айналды дегенге келейік. Тарихына көз жүгіртіп, бүгінгісінен бастап алғашқысына дейінгі біразының тізімін тізіп шығайық: Гейтс, Рокфеллер, Морган, Ротшильд, Каулла, Зелигман, Барух, Леман, Беренс, Итциг, Либман, Вертгеймер, Оппенгеймер, Фуггер. Арғы жағынан ешкімді есіңізге түсіре алмайсыз. Өйткені капиталистердің шығуы сол заманғы протестантизмнің тарих сахнасына енуімен байланысты. Одан бұрынғыға зер салсаңыз, ғылым, өнер, әдебиет майталмандары алғы сапта тұрған. Әл-Фараби мен Иассауидің дәуіріндегі жібек шапанды шонжарлардың есімін айтып бере аласыз ба? Демек, заманға руханият ықпалын жүргізсе, басты қаһармандар – рухани көсемдер, қалған халық соларға қарап бой түзейді. Ақша үстемдік еткен кезеңде, әрине, қара халық миллиардерлерге қарап ғұмыр кешуге мәжбүр болады.
Алайда рухани әлемнің шекарасы кең. Ақша билік еткен уақыттың аясы тар, ауасы қапырық, жарығы түнек. Теледидардан көріп жү

1234
скачать работу

АҚША АНАТОМИЯСЫ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ