Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ақша теориясы

Ақша реформасы екі кезеңде жүргізілді: 1922 жылы 25 шілде жәпе 1 1 қазанда Кеңхалком декретімен Мембанкке 1,2,3,5,10,25 және 50 червонец тұрғысындағы банктік билеттерді шығару туралы құқық берілді. Бір червонец соғысқа дейінгі алтын монетадағы (7,74234 г. алтын) 10 рубльге теңесті. Мембанк червонецтерді кәсіпорындарда вексельдік және тауармен қамтамасыз етілген қарыздар беру арқылы шығарып отырды. Бұл тауар айналысының қажеттілігімен байланысты червонецтерді шығаруға мүмкіндік берді.

Червонецтерді эмиссиялаудың несиелік сипаты олардың қарызды өтеу барысында банкке қайтарылуына қызмет етті. Вексельдер мен тауарлы-материалдық бағалықтардан басқа да червонецтер эмиссия сомасынан 25 % алтынмен және шетел валютасымен қамтамасыз етілді. Банктік билеттер алтынға айырбасталмады, бірақ банк червонецтердің алтын рубльдегі бағамының сақталуын бақылап отырды. Кеңес мемлекетінің барлық тарихында червонец жалғыз ғана тұрақты валюта болып табылды.

Червонецтер ірі ақша болғандықтан да, олар көбіне көтерме шаруашылық айналымына қызмет етті. Кеңестік ақша белгілері өздерінің ұсақ құндылығына қарамай, олар үсақ бөлшек сауда және базар айналымында қызмет ете берді. Шын мәнісінде, елде екі валютаның косарлы айналысының жүйесі қалыптасты: Мембанктің несиелеу барысында шығарған червонецтері және Халықаралық қаржы комитетінің бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарған кеңес ақшасының белгілері.[3.24 б]

1.05.1924 жылы айналыстағы ақша массасы астрономиялық санға -762,3 квадрильон рубльге (квадрильон - бұл 15 нөлі бар ақша бірлігі) жетті.бұл ақша массасының нақты құны (червонецтегі) 15,2 млн. рубльді күрады.

Кеңестік ақша бірліктерінің құнсыздану қарқыны орташа және үсак купюрадағы ақшалардың жетіспеушілігіне әкеліп соқты. Сөйтіп, ұсақ ақшалар ретінде әртүрлі ақшалар, әсіресе тұрақты валюталар да бейнеленген суррогаттарды шығарды.

Кеңестік ақша бірліктерінің қүнсыздануы шаруаларға үлкен зиян әкелді. Червонецтер қаланың валютасы болды, іс жүзінде олар ауылдарда

жетпеді. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауарлығы төмендей бастады. Мұның бәрі ақша реформасын тезірек аяқтауды талап етті. Бұған деген өзіндік алғышарттары болды: бюджет тапшылығы 15%-ға дейін қысқарды, өндіріс пен тауар айналымының өсуі байқалды, алтын қоры ұлғайды (1.01.1923 ж. - 10,9 млн. рубльден 1.02.1924 ж. - 153,6 млн. рубльге дейін). Бірақ алтын қорының сомасы ресей патшалығы соғысының қарсаңындағы болған алтын қорына қатынасты алғанда 9%-ға жуығын құрады.

1924 жылдың 5 ақпанында Орталық Атқару Комитеті (OAK) және Халық Комиссарлар Кеңесі (ХКК) декретіне байланысты ақша реформасы тоқтатылды. Айналысқа 1,3 және 5 рубльдегі қазыналық билеттер шығарылды, мұндағы 10 қазыналық рубльдің құны 1 червонецке теңесті. Кеңес акша белгілерін шығару тоқтатылды. Олардың қаржы Халык Комиссарларының қорында болған қоры жойылды. 1924 жылдың 22 ақпанынан бастап 10,15,20 жэне 50 тиындық күміс монеталар және 1,2,3 және 5 тиындық күміс монеталар шығарылды. 1924 жылдан бастап айналыстағы ақшаның кеңестік белгілерін нақты бағаммен сатып алу басталды, 1 рубльдік қазыналық билет 50 мың рубльге теңесті. Қазыналык билеттердің шығарылу шамасы айналыстағы червонецтер сомасының жартысынан аспауға тиіс болды. 1888 жылы дүниеге келғен Г.Я. Сокольников(Бриллиант) 1922-1924 жылдардағы ақша реформасын үйымдастырушы және теоретигі болды. 1921 жылдың қараша айынан бастап, ол Қаржы Халық Комиссариатының басқарған болатын. Оның жетекшілігімен бөлінген қаржы-несие жүйесі қалпына келтірілді. Не бары 3 жыл ішінде, 1924 жылдың аяғында, мемлекеттік бюджет тапшылықсыз болды. Бүл кеңестік ақша белгілерінің эмиссиясын қысқартып, тұрақты червонецтерге өтуге мүмкіндік жасады. Ол 1922 жылдың басынан бастап валютаның тұрақтылығы елдің экономикалық өрлеуінің қажетті шарты деп дәлелдеді. Осы уақыттарда көптеген шаруашылық иелері, қүнсыз кеңестік ақша белгілерінің эмиссиялануы — ұлттық табысты бірінші. кезектеғі мемлекетіік қажеттілікке қайта бөлудің мүмкін болар тәсілі деп санады. Бүл көзқарасқа қарсы болған Г.Я.Сокольников, барлық тауарлык

шаруашылықта ақша тек кана айналыс жэне толем қүралы болып табылмай, сондай-ақ құн өлшемі және қорлану құралы болып табылады деп санаған. Соңғы екі қызметті құнсыз кеңестік ақша бірліктері аткара алмайды. Қорлану құралы ретіндегі ақшаға деген қажеттілік алтынның, түрақты валютаның келуін талап етеді. Ол бюджеттік эмиссиялауға негізделген гиперинфляцияның барлық ақша жүйесінің кұлдырауына әкеліп соғатынын дәлелдеген болатын. Қаншалықты сыртқы сауданың дамуы іщкі айналымдағы ақшалар мен дүниежүзілік нарықтағы ақшалар арасында тұрақты қатынастың болуын талап ететіндіктен де, алтынға байланысты ұлттық валютаның тұрақты бағамы болуы қажет. Алтынға валютаның еркін ауыстырылуын жақтаушы ретінде ғана емес, сонымен қатар Г.Я.Сокольников алтын резервтерін жинақтау қажет деп санады.

Алтын қорының үш рөлі болады:

  1. халықаралық есеп айырылысуда резервтік қор ретінде;
  2. ішкі  нарықта червонец бағамын реттеуші (Мембанк алтынды шетел
    валютасымен бірге ішкі нарықтан сатып алып отырды);
  3. көзге көрінбейтін жағдайларға арналған сақтандыру резерві;
    Червонец тарихта "алтын " деген атпен кірді, бүл жерде оның мазмұны

патшалық   10   рубльдің   алтын   мазмұнына  сәйкес   келуінің   қатысы болғандыктан емес.

Мембанк валюталық бағамды өзгеріссіз (1 червонец тең 1 фунт стерлинке) қалыпта ұстау мақсатында "еркін нарықта" алтынды және шетел валютасына сатып жэне сатып алып оіырды. Мемлекеттің нарықтағы алтын және шетел валютасына деген сұраныс пен үсыныс қатынасына араласуын валюталық интервенция деп атай отырып, ол өз кезегінде червонец позициясын нығайтуға, оның бағамын арттыруға мүмкіндік берді.

1922-1924 жылдардағы ақша реформасында көптеген адамдар құнсыз қағаз ақшалардың орнына мыс монеталардың келуі таңғажайып нәрсе деп баға берді.

Ақша айналысын реттеуді, ақша белгілерін эмиссиялауды катаң орталықтандырып ¥лы Отан соғысына тұрақты ақша жүйесімен қадам басуға мүмкіндік жасады. [2. 212 б]

 

¥лы Отан соғысы елге - 679 млрд. рубльге шығын әкелді, оның ішінде әскери шығындар 551,1 млрд. рубльді қүрады (соғысқа дейінгі бағамен есептегенде). Өндіріс пен халық тұтынатын тауарлардың сатылу көлемінің аяқ асты қысқаруы мемлекеттік бюджеттің табыстарын азайтты. Осы уақыт ішінде әскери шығыстар өсе бастады. Оларды жабу  мақсатында халықтан алынатын табыс салығына қоса әскери салық, баласыз адамдарға салық, шағын жанұяларға салық және жалғыз басты азаматтарға салынатын салықтар енгізілді. Халық арасында мемлекеттік займдарға ерікті түрде жазылу және әскери техникаларды құрауға ерікті жарналар беру жұмыстары ұйымдастырылды. Соғыс уақытында халықтың "барлығы 270 млрд. рубль немесе мемлекеттік табыстардың 25,4 % шамасында қаражаттар түсті.

Бюджет тапшылығы эмиссиялау есебінен жабылды, өндіріс көлемінің қыскаруымен айналыста ақша массасы жоғарылады. Бұл ұйымдастырылмаған нарықта бағаның көтерілуіне әкелді. Мемлекеттік

сауданың тұтыну заттарына соғысқа дейінгі бағалар сақталды. Бұған халық тұтынатын тауарларды сатуда карточкалық жүйе арқылы кол жеткізді. Рубльдің сатып алу қабілеттігі төмендей берді.

Соғыстың зардаптарын жою үшін экономика облысында рубльдің тұрақтылығын және оның сатып алу кабілеттілігін көтеру қажет болды. Өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығында өндіріс көлемінің үлғаюы, тауар айналысының, мемлекеттік кірістердің көбеюі ақша реформасын жүргізуге (КСРО Кеңес министрлігімен БКП(б) OK қаулысына сәйкес 1947 жылдың 14 желтоқсанында "Ақша реформасын жүргізу туралы және азық-түлік пен өнеркәсіп тауарларына карточкаларды алып тастау туралы") мүмкіндік берді. Айналысқа жаңа ақша бірліктері 1,3,5,10,25,50,100 номиналдық купюралар шығарылды. Қолма-қол ақшалар ескі ақшаларға 1:10 қатынаста айырбасталды. Бұндай жолмен айналыста ақша массасы 10 есеге азайды, Мемлекет жасанды ақшалардан құтылды. Мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақща қаражаты қайта бағаланбады. Колхоздардың, кооперативтік кәсіпорындардың және несиелік мекемелердің шоттарындағы ақша қаражаты жеңілдік катынаспен 5:4 есебінде айырбасталды. Ақшаның айырбасталуы қысқа мерзімде 15-20 желтоқсан аралығында жүзеге асырылды. Ол арнайы ұйымдастырылған айырбас пунктерінде жүрді. Бұрынырақ кезде шығарылған металлдық монета айырбасталуға жатпады және айналыста номиналы бойынша қала берді Желтоқсанның бірінші жартысы үшін жалақы бұрынғы мөлшерде ақшамен төленді. Реформаның басты элементтерінің бірі бүрынғы шығарылған мемлекеттік займдарды (1947 ж. займнан басқа) 1948 жылғы біртұтас 2% займға конверсиялану болды. Барлық бұрынғы займдағы облигациялар 3:1 арақатынасымен айырбасталды.

Ақша реформасын жүргізумен қатар, барлық азық-түлік және өнеркәсіп тауарларына деген карточкалық жүйе алынып тасталынды және карточкалық жүйемен салыстырғандағы нанның бағасы 10-12% төмендеді. Еркін мемлекеттік сауданың ықпалымен колхоз нарығындағы бағалар төмендеді. 1948 жылдың бірінші тоқсанында рубльдің сатып алу күші 1947 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 41%-ға өсті.

1947 жылғы ақша реформасы ақша жүйесінің түбірімен қайта құрылуын бүлдірген жоқ. Оны жүргізгеннен кейін де, реформаға дейінгі болған ақша айналысының құрылымы сақталды. Бұнын сәл айырмашылығы сол: Мемлекеттік банктің билеттері червонец емес, рубль түрінде шығарылатын бо

Пред.678
скачать работу

Ақша теориясы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ