Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ақша теориясы



 Другие рефераты
Мемлекеттік бюджеттің кірісі мен шығысы Гуманизация образования Гуманизация отношений младших школьников Экономикалық процестегі мемлекеттің рөліне толық көзқарастар

Мазмұны

 

Кіріспе

  • АҚША ТЕОРИЯСЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ 

1.1          Ақшаның пайда болуы және  мәні   

1.2          Ақшаның металдық және номиналдық теориялары

1.3          Қазіргі заманғы ақша теориялары  

 

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚША РЕФОРМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖОСПААРЛАУ КЕЗЕҢДЕРІ
  • Алғашқы ақша реформасының мазмұны
  • 1993 жылы ақша реформасының ерекшелігі

 

 

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

 

                                       Кіріспе

 Ақша реформасы - француздың "reforme" және латынның "reformo" -өзгертемін деген сөзінен шыққан. Бұл — мемлекет билігімен ақша жүйелерінің толық немесе ішінара өзгеруі және ақшаның бір жүйесінің жаңа белгіге ауыстырылуы. Капитализм жағдайында ақша реформасы буржуаздар мүддесі үшін жүргізіледі, оның ақыры қалың бұқараны қанауды күшейтуге, тұрмысын нашарлатуға әкеліп соғады. КСРО және баска   кеңес елдерде еңбекшілер мүддесі әр уақытта мемлекет қамқорлығында болды. Ол ақша реформасы кезінде еңбекшілердің әл- ауқатын жақсартуға бағытталған арнаулы экономикалық шаралар жүргізуден айқын көрінеді. КСРО-да ақша реформасы екі рет — жаңа экономикалық саясаттың (ЖЭС) алғашқы жылдары (1922-1924) және Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін (1947)жүргізілді. Азамат соғысы, одан кейін Ұлы Отан соғысы кезінде Кеңес үкіметі Отан корғау шараларына байланысты көп шығындарды өтеу мақсатымен ақшаны айналыс қажетінен артық шығара беруге мәжбүр болды. Бұған қоса көпшілік қолды тұтыну тауарларын өндіру мен сату мөлшерінің кемуі салдарьшан нақты акшаның айналыс қажеттілігі де азайды.Ақша реформасы айналысқа банк билеттері - червонецтерді шығаруды көздеген 1922 жылғы заңнан басталады. Червонец таза алтынның 7,74234 г., яғни ескі 10 сомдық аліын шақаға (монетаға) теңелді. Кеңес Үкіметінің Министрлер Кеңесі мен БК(б)І I Орталык Комитетінің 1947 жылғы "Ақша реформасын жүргізу және азық-түлік  пен өнеркәсіп тауарларына карточкаларды жою туралы " қаулысында: "Акша реформасын жүргізу еңбекшілердің әл-ауқат дәрежесін арттыруға, халық шаруашылығын қалпына келтіріп, өркендетуге және кеңес мемлекетінің күш-қуатын одан әрі нығайта беруге көмектеседі " деп көрсетілді. 1947 жылғы ақша реформасы мемлекеттің қазыналық билеттер құрылысына ешбір өзгеріс енгізген жоқ, мұнда айналыстағы басы артық ақша жойылды, жалдаптар жинаған ірі ақшаларынан айырылды және карточка жүйесі жойылғаннан кейін олардың арзандатылған бағамен тауарларды көптеп сатып алуына мүмкіндік қалдырылмады. Ақша реформасы мен карточка жүйесінің жойылуының экономикалык маңызы зор болды, шаруашылықта ақшаның мәні көтерілді, кеңес сомының кұны толығынан қалпына келді. 1961 жылы "Баға масштабын өзгерту және ақшаны жаңа ақшаға ауыстыру туралы" қаулы қабылданғаннан бастап, ескі ақша жаңа акшаға 10 сомына 1 сом есебімен айырбасталды. Төл теңгеміз дүниеге келген күні бәріміздің бөркімізді аспанға ата қуанғанымыз рас. Оған да міне, он бес жылдың жүзі болыпты. Осы орайда ұлттық валютамыздың туу тарихын еске түсіру орынды.

Курстық жұмыстың мақсаты :

  • ақша теориясының даму жолдарын жүзеге асыруға қол жеткізу;
  • ҚР-ғы ақша реформасының ерекшеліктерін түсіну

Курстық жұмыстың міндеті:

  • ақша теориясының мәнін, негізгі түрлерін және  ақша  реформасының  теориялық  аспектілері  мен  өткізу  қажеттіліктерін  қазіргі  экономика  тұрғысынан  ашып  қарастыру.
  • ҚР-ғы ақша реформасының  ерекшеліктерін  толық  қарастыру

Курстық  жұмыстың  құрылымы:

Курстық жұмыс кіріспеден, мазмұннан, екі бөлімнен , қорытындыдан,  қолданылған әдебиеттер  тізімінен тұрады.

Бірінші бөлімде ақша  теориясының  мәні, негізгі  түрлері, формалары   және  ақша  реформасын   өткізу  қажеттіліктері  қамтылған.

Екінші  бөлімде  Қазақстан Республикасындағы  ақша  реформасының  ерекшеліктері  қарастырылады.

 

                1.1 Ақшаның пайда болуы және мәні

  Қазақ ұлысы Жібек Жолымен керуен тартып келген саудагердің әр теңін бір теңгеге балап, ақша шығаруға бел байлады. Теңгенің тарихы 15 ғасырдың екінші жартысынан басталады. Қазақстанның аумағында ақша дегеніміз мыңдаған жылдар бұрын пайдаланылған. Қазақстандағы ақша саудасы ғалымдардың айғақталуынша, бұрын да жүргізілген, оған сандаған мәнет шығарылымы куә болады. VII-VIII ғасырларда өз мәнеттерін орталық Сырдария мен Отырар жазирасында түрік әміршілері, ал Жетісуда түргештер мен тухсилер шығарған. IX-X  ғасырларда осы аумақ Саманит империясының құрамына кіргендіктен, Қазақстанның оңтүстігіне саманиттік әміршілердің мыс фельстері пайдаланылған. Мәнет сарайлары Отырарда (Фарад) және Испиджабта жұмыс істеді. Ақша айналасында 3 түрлі дирхемдер – мүсейяби, мұхаммеди мен штрифи болды.

X ғасырдың ортасымен XIII ғасырдың бас шені – бұл қараханит мемлекетінің құрылуымен өмір сүру кезеңін қамтиды. Осы мезгілде тарихшылардың топшылауынша, қалалар қанат жайып, тауар өндірісімен сауда көлемі ұлғайған. Экономиканың өркендеуі ақша айналысында аса зор қаражат ағынын қажетсінген. Күмістің жетіспеушілігінен мәнет сарайлары дирхендерді, яғни "күмістелген" деп аталынатын беті күміспен жалатылған мыс мәнеттерін соға бастайды. Ұсақ бөлшек саудада мыс фельстерімен есептесілді.

Мыс мәнеттерін күміспен жалату және ақша айналысының құрылымы осы ғасырдың екінші жартысындада күміс дағдарысын жойған Масұтбек реформасына дейін сақталынып келді.

1271-1272 жылдары моңғолдардың Орта Азия  мен  Қазақстан өңіріндегі наменгері Масұтбек дүйім империя бойынша еркін айналымда жүретін күміс мәнетін енгізді. Күміс шығару бойынша бірінші орында Тараз, Отырар, Кендіж қалалары болды.

XIV ғасырдың аяғында Қазақстанда Әмір Темірдің мәнеттері айналысқа қосылды. Сонымен бірге қазақ қалаларына сауда жасау үшін Бұхарадан, Самарқаннан, Тәшкен,Ақсы,Шахрұхи Хисардан әкелінген мәнеттер, негізінен мыс динарлары кеңінен пайдаланылды. Қазақ даласындағы ақшалардың өз атауы терең тамырланған. XV ғасырдың басында Отырар мен оның айналысында 3 дәрежелі "тәнге" атты күміс мәнеттері пайдаланылды. Негізгі атауы – тәңге, оның ширегі – мір, ал он екіден бір бөлігі – тәңгеше деп аталды.

XV ғасырдың соңынан XVII ғасырдың  I  жартысына дейін мәнет сарайлары Ясыда (Түркістан), Сауранда, Сығанақта, Сайранда үздіксіз жұмыс істеді. XVI ғасырдың орта тұсында Ясыда шейбан Ескендір хан күміс мәнеттерін шекмеледі. Ташкент мен бірге Сырдария жағасындағы қалалар айналыста тек күміс қана бір экономикалық аймақ құрғандығы да тарихтан белгілі.

Тарихшылардың айтуынша XVII ғасырдың ортасынан жоңғар шапқыншылығынан туындаған саяси және экономикалық себептер салдарынан қала тіршілігі мен сауда – саттығының құлдырауы басталады. Сонан кейін XVIII ғасырдың ортасынан қазақ жерінде Қоқанның, Ташкен хандарының ақша белгілері және орыс мәнеттері пайда бола бастайды. Ал XIX ғасырда барлық сауда операциялары тек қана орыс ақша белгілермен жүргізілді.

XVI-XVII ғасырларда Қазақстанда 1655-1663 жылдары Александр патшаның тұсында аса зор мөлшерде шығарылған мыс тиындары пайда болған Нумизматикалық зерттеулер Қазақстанның Орта Азия мемлекеттерімен және Ресеймен сауда-саттық байланыстарын көрсетеді. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстанның ұлттық валютасының пайда болуы да ежелгі қаржылық дәстүрлердің жаңғыруындай, ал ақша атауын - "теңгені" де біздің ата-бабаларымыз көне Отырардың өзінде пайдаланған.[6,4 б]

Теңгенің жасырын жағдайда жасалынуы мен Қазақстанның рубль аймағында қалуға мүдделік танытуы туралы әңгіме қозғағанда, оның экономикалық, саяси жіне техникалық себептерін жіктегенді дұрыс деп есептеймін.

Бірінші- экономикалық себебіне тоқталсақ. Бұл тұрғыда кеңестік жүйе бойынша Ресейден басқа одақтас республикалардың түгелге жуығы шикізат шығаруға бағытталып,соңғы өнімді өндіретін негізгі өнеркәсіп орындары мен зауыттардың барлығы ұлы көршіміздің еншісінде болды. Біз сыртқы және ішкі сауда айналымын жүзеге асыруда Ресейсіз түк бітіре алмайтын мүшкіл халде едік. Мұны сол жылдары еліміздегі экспорт  пен  импорт операцияла

12345След.
скачать работу


 Другие рефераты
Введение и пересмотр хазарско-еврейской переписки
Межбанковский клиринг
Әлемдегі ең қауіпсіз ел Кипр аралы
Боспорское царство


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ