Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ақшаның қажетілігі


2. тиісті болжауларды жасау негізінде ақша айналымын жоспарлау принципі
3. ақша айналымының тұрақтылығы және икемділік принциптері,ақша айналымы экономиканы ақшалай қаражатпен қамтамасыз ету керек,алайда инфляцияның дамауына жол бермеуі қажет.
4. ақша эмиссиясының несиелік сипатының принципі.Бұл ақша эмиссиясының несие операциялары негізінде жүзеге асырылатынынн білдіреді.
5. эмиссияланған ақшаның қамтамасыз етілуі принципі
6. Орталық банк тәуелсіздігінің принципі
Ақша бірліктерінің атауы.Ақша бірлігі-барлық тауар бағаларын өлшеуге және тұлғалауға қызмет ететін ,заңмен бекітілген ақша белгісі.Сонымен қатар,ақша бірлігі – бұл ұлттық валюта атауын білдіретін және мемлекетпен белгіленген ақша белгісі болып саналады.
Ақша бірлігінің атауы – теңге,доллар,рубль,,марка,фунт стерлинг,сом және тағы басқалары тарихи қалыптасқан.Мысалы, «рубль» сөзі «рубить» деген сөзден шыққан ,себебі ол күміс слитоктан кесіліп алынған және өзінің белгіленген салмағы «гривна» деп аталатын бөлікті білдіреді.Ал «доллар» — «талер» деп аталатын неміс тиынының атауынан шыққан,ал ол «иоахимсталер» деп аталатын Габсбургтер кезеңіндегі австро-венгриялық тиынның атауынан пайда болған,ал ол өз кезегінде Чехия еліндегі күміс өндіретін жердің атауынан алынған.
Монополиялық тұрғыдан эмиссиялайтын барлық ақша белгілері заңда төлем құралы болып табылады, яғни бұл Қазақстан аумағында борыштарды өтеуге заң бойынша міндетті түрде қабылданатын ақша белгілері.:Ақша бірлігі (ұлттық валюта) Қазақстан Республикасында 100 тиыннан тұратын қазақстандық теңге болып табылады.Теңге алтын немесе басқа құнды металдар арасында ресми ара қатынас белгілейді
Ақша белгілірінің түрлері,оларды шығарудың тәртібі және қамтамасыз ету сипаты.Ақша белгілерінің түрлері – ақша массасының құрылысы және ақша белгілерінің номиналы.Негізінен ақша бірлігінің екі түрі шығарылады:
1.қағаз ақша — әр елдерде әрқалай аталатын купюралар. Мысалы,Ұлы Француз қозғалысы кезеңіндегі ақшалар ассигнаттар деп аталған.Қағаз ақшалар екі түрде болуы мүмкін:а)ақшалай тауарға айырбастау кепілдігімен,яғни эмитент өзіне банкноттарды алтынға немесе күміске айырбастау міндетін алады;б)жай,яғни бағалы металдарға немесе басқа ақшалай тауарларға айырбасталмайтын ақша белгілері.
2.темір тиындар – әр түрлі құймалар түрінде.Тиынның беткі жағы-аверс деп аталады,онда негізінен мемлекеттің туы суреттеледі.Тиынның артқы жағы-реверс деп аталады,онда мемлекет басшысының немесе басқа тарихи тұлғалардың бейнесі суреттелуі мүмкін.Ал тиыннның шеті-гурт деп аталады.
Барлық төлем түрлеріне олардың көрсетілуі құны бойынша міндетті түрде қабылданатын,банкнот пен тиыннан тұратын айналымдағы мемлекеттің ақша белгілері.Ақша белгілерін шағаруды олардың айналымнан ұйымдастыруды және айналымнан алуды Орталық банк қолма-қол ақшасыз балама алу арқылы банкнот пен монетаны сату түрінде тек бір өзі ғана жүзеге асырады.*Бұл жөнінде «Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы» Заңында былай делінген : «Қазақстан Республикасы аумағында нақты ақша қаражаттарын шығару,оның айналасын ұйымдастыру және айналыстан алынып тасталуын, … Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жүзеге асырады ». * [ 2.5-бап]
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкноттары мен тиындары Ұлттық банктің сөзсіз міндеттемелері болып табылады әрі оның барлық активтерімен қамтамасыз етіледі.Ұлттық банк алтын-валюталық активтердің мөлшерлері туралы хабарламаларды бұқаралық ақпарат құралдарында ұдайы жариялап отырады.
Ақшаның түрлеріне:қағаз және несие ақшалар жатады.
Ақша-несие айналымының тетігі.Ақша несиелік реттеу құралдарының, ақша-несие тұрғысынан реттеуші органдардың құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын білдіреді.Ақша-несие саясатының негізгі құралдарына мыналар жатады:
1.ҚР-ның Ұлттық банктің банктерге несиесі бойынша
сыйақы мөлшерлемелерінің деңгейлері;
2.Ұлттық банкте депозиттелген ең аз шамадағы міндетті
резервтердің нормативі;
3.Мемлекеттік құнды қағаздарды сату және сатып алу
бойынша ашық нарықтағы операциялары;
4.Банктерге несиелер;
5.Валюта нарығындағы интервенция;
6.Айрықша жағдайларға жекелеген түрлерінің несиелік
операциялардың деңгейі мен мөлшеріне тікелей сандық
шектеулерді қою;
7.Ресми есептік мөлшерлеме
Ұлттық валюта бағамы.Оны шетелдік валютаға айырбастаудың тәртібі.Валюта бағамы-бұл басқа елдің ақша бірлігінде бейнеленген елдің ақша бірілігінің бағасы.Валюталарды шетелдік валютаға айырбастаудың тәртібі Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» Заңында белгіленген. Валюта бағамы баға белгілеудің негізінде анықталады.Валютаның ресми және еркін баға белгілеулері бқліп көрсетіледі.Қазақстанда көбінесе «қоржынға» кіретін басқа шетелдік валюта «қоржыны» негізінде баға белгілеу тәсілі пайдаланылады.*[ 10.145-152-беттер]
Сонымен,ақша жүйесі мемлекеттің ақша айналымының құрылысын білдіреді.және ол әрқашанда ұдайы даму үстінде болатындықтан ақша жүйесінің түрлері өзгеріп отырады.Ақша жүйесін құру формаларындағы принципттік айырмашылықтары металдық айналым жүйесінде және несие мен қағаз ақшаларының айналым жүйесінде жатыр.Тарихи даму кезеңінде металдық айналымда ақша жүйесінің монометаллизм (алтын немесе күміс) және биметаллизм (алтын мен күміс) деп аталатын екі түрлері қалыптасқан.
Монометаллизм-ақша жүйесі,яғни бір металл жалпыға бірдей балама ретінде әрі бағасы қымбат металдарға айырбасталған монеталар мен белгілерді функциялайтын ақша айналымының негізі ретінде қызмет етеді.Күміс монометаллизмі Ресейде — 1843-1852 жж., Үндістанда — 1852-1893ж.ж., Қытайда — 1935 жылға дейін қолданылды.Ал алтын монометаллизмі алғаш рет Ұлыбританияда 1816 жылы, Германияда — 1871-1873жж., Жапонияда — 1897 ж., АҚШ-та – 1990ж. белгілейді.
Алтынның құн белгілеріне айырбасталуы сипатына қарай алтын монометаллизмнің үш түрі бөліп көрсетіледі:алтын монета стандартты,алтын құйма стандартты,алтын-девиз стандартты.
Алтын монеталы стандартты-еркін бәсекелестік кезеңінің талаптарына көп сәйкесіп,өндірістің,несие жүйенің,әлемдік сауды-саттықтың дамуына және капиталдың шетке шығарылуына ықпал етті.оның негізгі белгілеріне мыналар жатады:толық бағалы алтын монета ел ішінде барлық ақша қызметін орындап,айналымда болады.
Алтын құйма стандарт-оның алтын монеталы стандарттан айырмашылығы бұнда алтын монета айналыста болмайды және оны еркін соғу жойылды.Алтын құймалы стандартта банкнотаның белгілі бір сомасы алтын құймасының белгілі бір салмағына айырбасталады. Мысалы,Ұлыбританияда салмағы 12,4 кг. стандартты құма 1700 фунт стерлингке,ал Францияда 12,7 кг.-21,5 мың франгке теңестіріледі.
Алтын-девиз стандарт –ол банкноттың девиздерге,яғни белгілі бір шетел валютасына айырбасталатын ақша жүйесі.
Әлемдік дағдарыстың нәтижесінде 1929-1933 жылдары алтын монометалллизмінің барлық жүйесі жойылып, ұсақталмайтын банкноттық айналым дәуірі басталды. Барлық елде банкноттың алтынға айырбасталуы тоқтатылды. Баламаның жалпыға бірдей рөлі-несиелік қағаз ақша белгілері-бірден-бір төлем құралына айналды.
Биметаллизм-баламаның жалпыға бірдей құнының рөлі айналымда болатын екі металл-алтын мен күміске заңмен бекітілген ақша жүйесі.Биметалллизм XVI-XVII ғасырларда кеңінен тараған,ал Батыс Еуропа елдерінде XIX ғасырда пайда болған.Бұл жүйеде алтын мен күміс тең құқықтағы ақша-қос металды валюта,онда екі металдан да кең көлемде монеталар соғылып,айналыста шектеусіз қатар жүрген.Биметаллизмнің үш негізгі түрі болған: қосарлы,екі жақты және «ақсақ» валюта жүйесі.
Қосарлы валюталар жүйесі –мұнда алтын мен күміс монеталардың арасындағы ара-қатынасы металдың нарықтық құнына сәйкес нарықта берекесіздік түрде белгіленеді.
Екі жақты валюта жүйесі-металдардың сандық ара-қатынасын мемелкет бекітіп,алтын мен күміс монеталар сол қатынаспен соғылады.
«Ақсақ» валюта жүйесі-онда алтын мен күміс бірдей негізде заңды төлем құралдары болып табылады.
*Сонымен,нарығы дамыған мемлекеттердің ақша жүйесінің мынандай негізгі ерекшеліктері бар:
 Алтынның демонитизациясы,яғни алтынның ақша бірлігі ретіндегі құрамын алып тастау;
 Алтынға айырбасталмайтын несие ақшаларына көшу;
 Ақша айналымында кейбір қағаз ақшалардың сақталуы;
 Мемлекетті,шаруашылықты несиелеудің тәртібіне байланысты банкноталар шығару;
 Инфляциялық процестерге әкеп соғаты,нақша жүйесінің қағидаларының бұзылуына байланысты туындайтын ақша айналымын мемлекеттік реттеу.
Ал ақша жүйесінің қызмет етуінің экономикалық,яғни тауар-ақша қатынастарының пайда болуы келесі белгілермен ерекшелінеді:
o Олар айырбас сатысында пайда болады;
o Бұл қатынастардың материалды объектісі болып тауар және ақша танылады;
o Бұл қатынастарда ақша қозғалысы сатып алу-сатуға байланысты туындайды;
o Олар қоғамдық өндірістің қажеттілігіне бағытталған;
o Бұл қатынастар құқықтық емес түрде қалыптасуы мүмкін;
o Олар мемлекеттің қаржы қатынастарының материалдық негізін құрайды;
o Бұл қатынастардың субъектілерінің ара қатынасы тараптардың заңи теңдігіне негізделеді.
Сөйтіп,қазіргі таңда белгілі бір мемлекеттің ақша жүйесі өз кезігінде мемлекеттің Ұлттық (Орталық ) банкімін реттеліп отыратын қағаз-ақша жүйесін айтамыз және да ол белгілі заңдармен реттеліп отыратын ,мемлекеттегі ақша айналымын білдіреді.* [6.43-45-беттер]

1.3 Қазақстан Республикасының ақша жүйесінің құқықтық негіздері

Негізінен ақша өте көне заманда,тіптен мемлекеттер құрылғанға дейін пайда болғанын білеміз.Ең бірінші төлем құралы ретінде біздің дәуірімізге дейінгі 2000 жылдары Крит аралында (Грекия) жүрген мыстан жасалған «талантты» ат

1234
скачать работу

Ақшаның қажетілігі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ