Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ақшаның қажетілігі

ауға ие болады.Оның формасы жайып қойған өгіз терісіне ұқсас ,ал салмағы 52 кг. болған.Көне Грекияда талант (талантон) деп өте ірі салмақ бірлігі мен ақша өлшемін айтқан.1 талант – 6000 драхманға тең болған,ал салмағы 26,2 кг.-ға жеткен.*[13.45-48-беттер]
Ал жалпы,негізгі қарастыратын тақырыбымыз ақша жүйесінің құқықтық негіздері дегеніміз-еліміздің ақша бірлігін «теңге» және оның құрамын ,ақшалар түрлері мен формаларын ,оларды айналымға шығару және қамтамасыз ету тәртібін,ақша жүйесін және ұлттықвалютаны қорғау шараларынғсондай-ақ еліміздің ақша айналымын ұйымдастырудың негіздерін белгілейтін қаржылық құқықтың жалпы бөлімінің институты.
Ақша жүйесінің құқықтық негіздері институтын қарастырған кезде мемлекеттің (оның мүддесін көздейтін өкілетті органдардың) валюталар жөніндегі ерекше құқықтарымен –валюталық монополиясымен танысамыз.Мұнда айтатын жай,бұрынғы қалыптасқан көзқарастар бойынша «мемлекеттің валюталық монополиясы» немесе «валюталық заң шығарушылық негіздері» қаржылық құқықтың ерекше бөліміне кіретін институт ретінде болатын.Бірақ,біз мұндай институттардың қаржылық құқықтың ерекше бөлімінің құрамында жоқ екенін білеміз. Өйткені,біріншіден,мемлекеттің қаржы жүйесі белгілі бір қаржылық-экономикалық институт арқылы көрсетіледі және жаңағыдай ақша қаражаттары қорларын білмейді.Ал ондай экономикалық институт жоқ болса,ерекше бөлімде де ондай құқықтық институтың болмайтыны анық.
Екіншіден,валюталық монополия барлық ақша қорларының,яғни барлық қаржылық-экономикалық институттардың жұмыс істеулеріне ықпал ететін белгілі бір ережелерді белгілейді.Ал ондай құқықтық нормалар қаржылық құқықтың жалпы бөлімінің институты ретінде көрсетіледі,ендеше бұл нормалар қаржылық құқықтың жалпы бөлімінің төрінен орын алуы керек.
Үшіншіден,мемлекеттің валюталық монопллиясының басты мақсаты-ұлттық ақша жүйесін қорғау және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету.Демек,валюталық монополияны ақша жүйесінің элементі реніде қарастыруға болады.
Мемлекеттің,мемлекет мүддесін көздейтін өкілетті органдардың валюта жүйесіндегі құқықтарын қарастырмастан бұрын,осы валютаға байланысты негізгі түсініктерді оқып,білуіміз қерек.
Валюта дегеніміз-заңды төлем қаражаты ретінде мемелкет қабылдаған әр түрлі ақша біріліктері немесе құнды банкноттар мен тиындар,оның ішінде қымбат металдардан жасалған стандарттар (оларға қоса айналымнан алынған немесе алынып жатқан,бірақ айналымдағы ақша біріліктеріне айырбастауға жататындары),сондай-ақ есеп шоттардағы халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражаттар;
«Қазақстан Республикасының валютасы» – Қазақстан Республикасы аумағында заңды төлем қаражатыретінде қабалдауға міндетті ақша бірлігі.Қазақстан республикасының Ұлттық валютасы теңге болып есептеледі.Теңге өз еліміздің аумағында еркін жүреді;
«Шетелдік валюталар» деп,заңды төлем қаражаттары болып табылатын шет мемлекеттердің ақша бірліктері.Шетелдік валюталардың біздік елімізде жүріп ,тұруыннолармен жасалатын операцияларды,шетел валютасымен есеп айырысу,оларды сатып алу және сату және басқа да шетелдік валютаға қатысты қатынастарды реттейтін және жүзеге асыратын мемлекеттік орган – Қазақстан республикасының Ұлттық банкі.*[4.1-бабы]
Негізінен «валюталар» ,яғни қандай-да болмасын мемлекеттердің ақша бірліктері үш түрге бөлінеді:
1. Айналымда,қандай да болмасын мемлекеттерде еркін жүретін валюталар.Бұл валюталарға халықаралық валюта қоры тарапынан валюталық щектеулер қойылмаған,тұрақты немесе үнемі көтеріліп отыратын нарықты курсы бар және сатып алушылық қабілеті өте жоғары.Бұндай валюталарға мысалға,АҚШ доллары,Кнада доллары,Жапон йенасы, еуропалық евроны жатқызуға болады.
2. Жартылай еркін жүретін валюталар.Бұл валюталарға ,яғни олардың ағымдағы қаржылық операцияларына кейбір шектеулер қойылған .Ал осы операцияларға шектеулер қойылмаса импорт пен экспортқа,валюталарды нарықтан немесе мемлекеттен сатып алу және сату мүмкіндігі еркін болар еді.
3. Тұйықталған,яғни бір елдің ішінде ғана жүретін валюталар.Біздің ұлттық валютамыз – теңге осы тұйықталған валюта түріне жатады.Сол сияқты көршілес мемлекеттердің де валюталары қырғыз сомы,азербайжан манаты,балтық мемлекеттердің латтары мен литтері,өзбектің сум-купоны да тұйықталған валюталар болып есептеледі.
Енді Қазақстан Республикасының ақша жүйесіне келетін болсақ,Қазақстан Республикасының ақшы жүйесі деп-құқықтық нормалармен ретке келтірілген,еліміздің ақша айналымын жоспарлы түрде ұйымдастыратын нормалар мен тәсілдердің жиынтығын айтамыз.Нарықтық экономикаға көшуде ақша экономикалық қатынастардың және оның бағыттарының қалыптасуның негізгі реттеушісі ретінде,сонымен қатар ақша экономиканың терең қалпын,яғни ең біріншіден рыноктың тауарлармен толықтылығы мен экономикалық және экономикалық емес қызметтердің субъектілерінің қаржылық қамсыздандырылуының дәрежесін білдіреді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі әрқашан мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізігі бағыттарын,соның ішінде еліміздің ақша-несие саясатын қалыптастыру және еліміздің ақша жүйесінің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз ету мақсатында белгілі бір шараларды әзірлеужәне жүзеге асыру болып табылады.
Мемлекетіміздің ұлттық ақша жүйесі өз қызметін 1993 жылдың 12 қарашасындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасын енгізу туралы» Елбасының Жарлығына сәйкес ұлттық валютаны 1993 жылдың 15 қарашасынан бастап қолданысқа енгізуді көздеді.Сол сәттен бастап Қазақстан Республикасының ақша өлшемі –теңге еліміздің ұлттық валютасы болып табылады.Теңге 100 тиыннан тұрады.
«Теңге» атауының өзі көне түріктің жалпы ақша түсінігінен алынған,сонымен қатар көне Орта Азия мемлекеттеріндегі күміс тиынның «тенга» деген атауынан алынған,мысалы, «бухар тенгасы».Орыс тілімен ол «деньга», «деньги»,арабтың «данек», персиялық «дангх», санкрискиялық «танке», көне түріктің «данака» деген атауларымен байланысты.* [12.46-бет]
Банкноттар мен тиындар номиналының құрылымын Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілейді.
Қазақстан Республикасы ақша айналысы-тауар айналысына қызмет көрсету және төлемдер жасау процесіндегі нақты төленетін (қолда бар) және нақты төленбейтін ақша қозғалысын қамтиды.Ал бұл ақша айналысын тәртіпке келтіру мақсатында мелекет тарапынан қолданылытын әртүрлі әдістер бар.Олар мыналар:
 Девальвация – айналымдағы ақша бірлігінің алтын құрамын немесе қағаз ақшаларының бағалығын шет елдік валюталарға байланысты етіп төмендету (азайту).Девальвация арқылы жаңа валюта мөлшері белгіленеді.
 Деноминация – айналымдағы ескі ақшаларды белгілі бір арақатынастықтарды қолдана отырып жаңадан шығарылған ірі ақшаларға айырбастау арқылы ,ақшаның бағалығын (құнын) өзгерту.Осыған байланысты заттардың бағалары,тарифтер,еңбек ақылар және т.б. есептеледі.
 Дефляция – айналымнан басы артық ақшаларды алып тастау арқылы ақшаның санын азайту.
 Нуллификация – айналымнан бағалығы жойылған қағаз ақшаларды алып тастау және аз мөлшерде ғана жаңа қағаз ақшаларды щығару.
 Ревальвация – ұлттық ақша бірлігінің бағалығын ресми түрде жоғалту.* [7.66-68-беттер]
Осы аталған банкноттар мен тиындар Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің сөзсіз міндеттемесі болып табылады және оның барлық активтерімен қамтамасыз етіледі.Сонымен қатар,Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі Қазақстан Республикасының аумағында нақты ақша қаражатын шығару,оның айналысын ұйымдастыру қозғалыстарын қамтиды.
«Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы» Заңы –ресми ақша өлшемін қамтитын ақша айналымын ұйымдастарудың құқықтық негіздері мен түрлерін,тиын соғу мен ақша бірліктері эмиссиясы тәртібін,ақша айналысын ұйымдастыру мен реттеуді белгілейді.
Ал Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 1993 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңға сәйкес:
 ақша айналысын басқаруды;
 айналыстағы ақша массасының көлемі мен құрылымын реттеуді;
 банкноттар мен теңгелер шығаруды;
 еліміздің валютасының курсын шет мемлекеттердің валютасына айырбастау курсын белгілеуді;
 айналыстағы теңгелерді айырбастаудың тәртібін анықтауды
 шетелдік валютаны сатып алуды және сатуды;
 теңгелердің қанша мөлшерде тұтынылатынын анықтап,оларды дайындауды;
 нақты есеп айырысу және нақты төлемей есеп айырысу ережелерін белгілеуді және тағы да басқа ақшы жүйесіне байланысты қызметтерді жүзеге асырады.*[3.29-бабы]
Сонымен,Қазақстанның Ұлттық банкі ақша жүйесі шеңберіндегі қаржылық-құқықтық реттеудің негізгі субъектісі.
*Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің негізгі саяси-құқықтық функциясы болып ақша эмиссиясы мен ақша айналымын ұйымдастыру болып табылады.Сол себепті,Ұлттық банкті өзінің саяси маңызына байланысты Республика Үкіметінің құрамына кірмейтін, тек Президентке ғана есеп беретін тәуелсіз, орталықтандырылған арнайы мемлекеттік қаржылық-несиелік орган деп есептеуге болады.* [1.66-бап]
*Қазіргі кезде,Қазақстан Республикасында төмендегідей Ұлттық банктің банкноталары қолданыста:
1. 1998 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкнота;
2. 1999 жылғы үлгідегі 200 теңгелік банкнота;
3. 1999 жылғы үлгідегі 500 таңгелік банкнота;
4. 2000 жылғы үлгідегі 1000 теңгелік банкнота;
5. 2000 жылғы үлгідегі 2000 теңгелік банкнота;
6. 2003 жылғы үлгідегі 10000 теңгелік банкнота..
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің бұл банкноталардың барлығы Қазақстан Республикасы территориясында еркін ауысады.
Сонымен қатар Қазақстан Ұлттық банкінің банкноталарымен бірге Қазақстан Республикасы территориясында келесідей тиын ақшалар қолданылады:
1. 1997 жылғы үлгідегі сары түст
1234
скачать работу

Ақшаның қажетілігі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ