Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ақтау теңіз портымен тасымалданатын құрғақ жүктер мен мұнай өнімдеріне талдау



 Другие рефераты
Арнайы экономикалық аймақ ретіндегі Ақтау теңіз портының бәсеке қабілеті стратегиясы мен нарық сегменттері «Ақтау теңіз порты» АЭА-ның даму концепциясы «Ақтау теңіз порты» АЭА 2004 – 2008 жж. қызметінің тиімділігін талдау «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймақ аумағындағы қызметтерді ұйымдастыру

Қазақстан Республикасы экономикалық тұрақты дамуды жүзеге асыруға байланысты экономиканың маңызды салаларының бірі – көлік саласын басымды бағыттардың бірі ретінде айқындағаны ақиқат.  Мемлекет тарапынан «Казақстан 2030 жылға дейінгі дамуының Стратегиясы», «Қазақстан Республикасы 2003-2015 жылдарға дейінгі индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы»,  «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Көлік Стратегиясы», «Қазақстан Республикасының 2006-2012 жылдарға дейінгі теңіз көлігінің даму Бағдарламасы»,  секілді бағдарламалардың шеңберінде көлік саласына басты назар аударылғандығы, сонымен қатар  Қазақстанның  халықаралық еңбек бөлінісіндегі мүмкіндіктері мен экономиканың басымды салаларын дамытуға кластерлік принциптің орын алғандығы белгілі. Еліміздің кластерлік дамуына ықпалын тигізетін негізгі салалар қатарына көлік пен логистиканы таңдағанын ескерсек көлік саласының даму болашағы маңызды мәселе болып отыр.

Көлік саласы қоғамдық ұдайы даму өндірісін дамытуға маңызды ықпалын тигізетін сала болғандықтын көлік саласы әлеуетінің деңгейі жоғары болуы тиіс. Осы ретте көлік саласының құрамдас бөлігі болып табылатын теңіз көлік саласының транзиттік, ресурстық, өндірістік, еңбек әлеуеттері дәрежесінің еселеп дамуы маңызды. ТРАСЕКА және Оңтүстік-Солтүстік халқықаралық көлік дәліздерінің даму қарқынына байланысты Каспий аумағындағы отандық теңіз көлігінің тартымдылығы мен транзиттік мүмкіндіктері артып отыр. Сондықтан теңіз көлігінің бәсекелестігін көтеру мен әлеуетін дамыту жалпы жүк тасымалын халықаралық стандарттарға сәйкес өңдеу, тасымалдау жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізу қызметімен жүзеге асырылады.

Демек, еліміздің теңіз көлік әлеуетін дамыту мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығы мен аймақтың дамуына, сонымен қатар халықаралық көлік дәліздерінде таранзитті мүмкіндігі жоғары теңіз көлігінің қалыптасуы мен дамуына әсерін тигізеді.

Кез келген мемлекеттің нарықты экономикада экономикалық тұрақты дамуының мақсаты — ішкі қажеттілікті қанағаттандыру және әлемдік шаруашылық қатынастарда тиімді байланыс жасау. Аталған мақсаттардың жиегіне жету көптеген міндеттердің шешуін талап етеді. Демек, біздің ойымызша рыноктік үдеріске қатынасушылардың мүдделерін барынша ескеру мен қамтамасыз ету қажет. Ол өз алдына белгілі бір талдау, бағалау шараларымен іске асуы тиіс, яғни мемлекеттің экономикалық қуаттылығының жинақталған ресурстарының мөлшерімен және әлеуетті мүмкіндіктерін пайдалану деңгейімен анықтау қажет. Отандық тәжірибеде мемлекеттің экономикалық қуаттылығын бағалау көрсеткіші ретінде шаруашылық жүйенің экономикалық әлеуетінің көрсеткіштері қолданылады. Сондықтан белгілі бір сала жүйесіне қатысты әлеуетті бағалау нақтылы мәліметтер арқылы оңды және теріс үрдістерін анықтау арқылы жүргізіледі.

Осыған сәйкес жалпы «әлеует» ұғымын, «экономикалық әлеуеттің» құрамдас бөлігі болып табылатын теңіз көлік әлеуетін зерттеуге сәйкес әлеует теориясына арналған шет елдің және отандық экономист-ғалымдарының пікірін ортаға салсақ, әлеует теориясы мен «экономикалық әлеует» терминінің мән мағынасына арналған еңбектер кездеседі. Экономикалық әлеуеттің мағынасын ашу бойынша бірқатар анықтамалар, сипаттамалар, амалдардың кездесетінін назарға ала отырып, келесідей жіктеуге болады:

1. Экономикалық әлеует — халық шаруашылығы салаларының жиынтық қабілеттілігі ретінде.

2. Экономикалық әлеует – өндірістік үдеріске қатысты ресурстардың жиынтығы ретінде.

3. Экономикалық әлеует – шаруашылық субъектілері арасындағы экономикалық және өндірістік қатынастардың нәтижесі ретінде.

«Экономикалық әлеует» терминіне анықтама беру кезінде, басқа категориялардан айырмашылығы бар негізгі сипатын бөліп қарастыру қажет. Олардың ішінде:

  1. Экономикалық әлеует – шама-шарқына байланысты қабілеттіліктердің жиынтығы, талданып отырған жүйенің мүмкіндіктері. Демек, экономикалық әлеует белгілі бір ресурстардың жиынтығымен сипатталады;
  2. Бұл ресурстар өндірісте қолданылуы тиіс немесе шаруашылық жүйеге пайдалануға дайын күйде болуы қажет, яғни бұл термин дамудың жеткен немесе жетілген деңгейін сипаттайды.
  3. Жүйенің қабілеттіліктері мен мүмкіндіктері, ең алдымен әлеуметтік-экономикалық қатынастардың сипаты мен ерекшеліктері бойынша өзара байланысқан және шаруашылық үдеріске қатысты адамдар, кәсіпорын, мемлекеттік мекемелер арасында өзара қарым – қатынастағы сипатымен ерекшеленеді.

Бұл қатынастардың мақсаты біздің пікірімізше, ресурстарды тиімді пайдалану, тауарлар мен қызметтерді өндіру негізінде қажеттілікттерді қалыптастыру және оны барынша қанағаттандыру деп санаймыз.

Жоғарыда келтірілген анықтамалар мен пікірлерді ескере отырып, «экономикалық әлеует» термині – бұл әлеуметтік-экономикалық қатынастар үдерісінде қолда бар ресурстарды тиімді пайдалана отырып,  қоғамдағы қажеттілікті, мұқтаждықты тауарлар мен қызметтер арқылы барынша қанағаттандыру және қалыптастыру мүмкіндіктерінің жиынтығы деп тұжырымдаймыз.

Экономикалық әлеуетті көптеген ғалымдардың зерттеулері бойынша экономикалық қатынастардың әр түрлі қырларын қарастыру арқылы жекелеген тұжырымдарының орын алып отырғандығы теориялық тұрғыда зерттелді. Дегенмен, нақтылы теңіз көлік әлеуетінің даму деңгейі жөнінде теориялық астары бар ғылыми еңбектердің көбісі, теңіз көлігіне қатысты әр сипаттағы мәселелерге арналып отырғандығы анықталынды.

Зерттеу нәтижесінде қоғамның экономикалық әлеуеті жалпылама сипат алады, ал белгілі бір саланың әлеуеті өзіне тән ерекшелігімен, сипатымен, бағалау тәсілімен сипатталады.

Демек, «теңіз көлік әлеуеті» — теңіз көлік саласындағы ресурстар мен өндірістік факторларды тиімді пайдалану арқылы сыртқы факторлармен өзара тиімді байланысын үйлестіріп, экономикалық үдерісте өндірушілер мен тұтынушыларды қажеттіліктерімен толық қанағаттандыруға бағытталған қалыптастыру, анықтау, ұсыныс жасау мүмкіндіктерінің жиынтығы болып табылады.

Теңіз көлік әлеуетінің тұжырымына сәйкес «теңіз көлік әлеуетінің» қалыптасу мен даму сызбасында көрсетілген басқару жүйесі ретінде ұйымдастырушылық-құқықтық, экономикалық шешімдерді қабылдайтын мемлекет болып табылады, оның ішінде теңіз көлік саласы дамуын қадағалайтын салалық министрліктер, ведомствалар, кәсіпорынның басқару аппараты орын алады. Теңіз көлік саласының ресурстық көздері бойынша және өндірістік факторларының әлеуетті мүмкіндіктері жиынтық күйде пайдаланылады. Ресурстық көздер мен  өндірістік факторлардың әлеуетті мүмкіндіктерін пайдаланудың нәтижесі ретінде өндірушілер мен тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруымен сипатталады. Ресурстық және өндірістік әлеутті пайдалану барысында, теңіз көлік әлеуеті қалыптасады және әлеуетті пайдаланудың нәтижесі көрінеді, олар өзара байланыста жүреді. Ал, перспективалы теңіз көлік әлеуеті қолда бар ресурстарды тиімді пайдалану мен басқару жүйесінің ұдайы даму өндіріс үдерісіне ықпалын тигізетінін ескерсек, келешекте барынша мол әлеуеттің мүмкіндігін сипаттайды (Сурет 5).

Порт инфрақұрылымы ұғымына бұдан басқа кез келген инфрақұрылым үшін өздерінің мағынасы бойынша сәйкес келетін келесі үш құрамдас бөліктерді қосуға болады. Біріншіден, порттардың материалды объектілерінен, кірме каналдарынан, гидротехникалық құрылғылардан және т.б. объектілерден құралған инфрақұрылым жүйесі. Екіншіден, инфрақұрылымдық операциялар, яғни инфрақұрылым жүйелерін пайдалану бойынша жұмыс істеу қабілеттілігін және тиімді жағдайын қамтамасыз ететін адамдардың қызметі. Үшіншіден, инфрақұрылымдық нарықтар – бұл теңіз порттарындағы өткізу қабілеттілігі нарықтағы ұсынысты  және су көлігінің қызметін тұтынушылар тарапынан сұранысты қалыптастырады.  

Теңіз көлік инфрақұрылымының, атап айтсақ: айлақтар, каналдар, басқада гидротехникалық құрылғылар және портқа тиесілі су айдыны, якорлі тұрақтар, теңіз терминалдары, сүйреткіштер, мұз жарғыштар, навигациялық жабдықтар, тиеу/түсіру құрылғылары, теміржол және автомобиль жолдары, қоймалар мен ғимараттар, түрлі құрылғылардың толыққанды, сапалы, жедел және үзіліссіз қызметі өндіруші мен тұтынушы арасындағы байланысты нығайтатындығы зерттелді.

Теңіз порттары әлеуетін тиімді пайдаланудың халықаралық тәжірибесін зерттеу нәтижесінде теңіз порттарын басқару жөнінде 4 модель: сервис-порт, тул-порт, лэндлорд-порт, толық жекешелендірілген порттардың порт басқаруындағы ерекшеліктері мен осы модельге қатысты дамып жатқан шетелдің портарының әлеуеті қарастырылды.

Теңіз порттары қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында Қытай тәжірибесінің қолайлы тұстарын қарастыруымыз қажет. Ол елде арнайы экономикалық аймақ ұғымының орнына баж салығынсыз аймақ ұғымы орын алады. Аталған аймақтың порт арасында біріккен қызметінің моделі ұсынылған. Бұл модельдегі қызметте, яғни баж салығынсыз аймаққа іргелес жатқан порт территориясынан арнайы территория бөлінеді. Бұл бөлінген территорияда логистикалық қызметтің, оның ішінде қоймалардың, буып-жинақтайтын, қайта жинақтайтын, таңбалайтын, жинақтап-тарататын қызметтердің дамуына жағдай жасалады. Бөлінген территорияға айлақтар кірмейді, бірақ баж салығынсыз жеңілдіктер қолданылады. Аймақтардағы қызметтердің басты мақсаты қосымша құны жоғары операцияларды орындау болып табылады. Демек, қоймадағы жүктің сақталуы, жүктерді өңдеу, шоғырландыру және жинақтау қызметтерін басымды етіп, сервистік қызметті жетілдіру болып табылады.

скачать работу


 Другие рефераты
Обманные приемы и уловки в общении. Возможности противостояния
Персональный компьютер
Основные направления английской политической мысли
Скоморохи на Древней Руси


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ