Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Арнайы экономикалық аймақ ретіндегі Ақтау теңіз портының бәсеке қабілеті стратегиясы мен нарық сегменттері



 Другие рефераты
Экономикалық жүйедегі жылжымайтын мүлік нарығы Арнайы экономикалық аймақтардың мамандандырылуы «Ақтау теңіз порты» АЭА-ның даму концепциясы Ақтау теңіз портымен тасымалданатын құрғақ жүктер мен мұнай өнімдеріне талдау

Еліміздің нарықтық мемлекетке айналуы, оның экспорттық-импорттық жүк тасымалының қарқыны, әлемдік сауда ұйымына кіру талпынысы көлік кешенін дамытуға, әсіресе оның ішінде теңіз көлігін дамыту маңыздылығы зерттелді және отандық теңіз көлік әлеуетінің халықаралық көлік дәліздеріндегі мүмкіндіктері анықталынды.

Қазақстанның теңіз көлік әлеуетін дамытуда «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының орны ерекше және халықаралық көлік дәліздерінде стратегиялық маңызы бар отандық кәсіпорын болып табылады.

Халықаралық көлік дәлізіндегі Ақтау портының транзиттік әлеуетін зерттеу кезінде келесі қолайлы жағдайлардың туындап отырғандығы сараланды. Олар: «Солтүстік — Оңтүстік» көлік дәлізі арқылы жүк тасымалы Солтүстік, Орталық, және Батыс Европаға өте алады; Жүк тасымалдау мерзімі ескі Суэц каналы арқылы мерзімнен 15 сөткеге қысқарады;  Үндінің, Пәкістанның, Иранның, Ресейдің Европа елдерінің ауқымды және көлемді рыногын ескеретін болсақ,  бұл көлік дәлізі ыңғайлы болады.

Ақтау порты осы ауқымды нарықтың бір бөлігін қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар. Өзінің параметрлері негізінде ТМД мемлекеттеріндегі порттармен (Астархань-Оля, Махачкала, Баку, Түркменбашы,) салыстырғанда бәсекелестік қабілеттілігі жоғары. Ақтау порты маңында Каспий қыс мезгілінде қатпайды, порт жыл бойы жұмыс істей алады, ал қызмет атқаратын мамандар мен порттың жабдығы тәулік бойы қызмет атқара алады. Бұл параметрлер бойынша Астархань және Оля порттарымен салыстырғанда біраз артықшылықтары бар. Бір ғана кемшілігі – теңіздің аптап желі мен үлкен толқындары 3 күннен 10 күнге дейін жыл мезгілінің кез келген уақытында пайда болып, келеңсіз жағдай тудыруы мүмкін.

ТРАСЕКА дәлізі екі маршрутты қарастырады – Қазақстан аумағы арқылы өтетін солтүстік және Түркіменбашы портын пайдалана отырып, Өзбекстан және Түркменстан аумақтары бойынша өтетін оңтүстік. Тиімді өтпелі жағдайды пайдалана отырып ТРАСЕКА тек темір жол магистралін ғана емес, сонымен бірге мемлекеттің су әлеуетін қолдануға мүмкіндік береді.[47]

Теңіз көлік әлеуетінің халықаралық көлік дәліздердегі позитивті және негативті факторларға тәуелді екендігі сараланды. Позитивті факторлар қатарына: өнеркәсіп өндірісінің қолайлы даму үрдісі, Қазақстандағы және ТМД мемлекеттеріндегі мұнай өндірудің, жүк тасымалының қарқынды дамуы; Иран мен Қытай нарығының Ресей, Батыс Еуропа және т.б. елдерге жүк тасымалының белсенді бағытталуы.

Негативті факторлар қатарына: мұнайды құю мен тасымалдау көлемінің порт өндірісінен тәуелсіз және шектеп жатқан өндірістік инфрақұрылыммен байланысты болуы; экспортқа бағытталған кәсіпорындармен салыстырғанда географиялық орналасуы қолайлы бәсекелес порттардың көптігі; КТК мұнай құбырын пайдалануға ендіру және осы құбырға «ТШО» өндіретін мұнайды тасымалдау көлеменің ұлғаюы; тарифтік саясатты икемді жағдайда реттеу мүмкіндігінің шектеулігі.

Сонымен отандық теңіз көлігінің халықаралық көлік дәліздерінде тиімді орны ұйымдастырушылық сипатта зерттелді.

Ақтау халықаралық теңіз сауда портының ресурстық көздері бойынша талдау жұмыстары отандық теңіз көлігінің әлеуетін анықтауға мүмкіндік берді.

Ақтау портының өндірістік әлеуетінің жағдайы 2001-2007 жылдары қарқынды даму үрдісімен ерекшеленіп отыр. Портағы жалпы тасымал 2007 жылы 10 млн. 971,0 мың тоннадан асып, 2001 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 1,9 есеге өскен. Мұнай тасымалының басқа жүк түрлерімен салыстырғанда қарқынды дамуы және көлемінің өсімі байқалады. 2007 жылы порт арқылы 9 млн. 292,0 мың тоннадан астам мұнай тасымалданған, сонымен қатар 2001 жылмен салыстырғанда 2,1 есе ұлғайған (Кесте 3.4).

 

Кесте 3.4 — «АХТСП» РМК-ң 2001-2007 жылдардағы нақты өндірістік  көрсеткіштері

  Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

жылдар

2001

2002

2003

2004

2005

2006

2007

2007ж.2001ж. шаққанда%- бен

1 Жалпы тасымал — соның ішінде:

мың тонна

5701.8

  3413.9   4905.7   6347.5

5430.3

8139.6

10971 1,9 есе

1.1.

Мұнай

мың тонна

4325.6

  2016.6   3787.3   4920.8

3950.4

6596.0

9292,9 2,1 есе

1.2.

Металл

мың тонна

988.9

   573.6     872.8   1011.5

1025.2

1028.5

1161,4 117,4

1.3.

Астық

мың тонна

84.1

   209.2         5.4       13.0

33.3

116.7

187,8 2,2 есе

1.4.

Басқалар, соның ішінде контейнерлер

мың тонна

32.8

     19.6       31.8       57.5

71.3

87.8

91,3 2,8 есе

1.5.

Паромдық тасымал

мың тонна

270.4

   594.9     245.6     344.7

350.1

310.6

237,6 0,88
123
скачать работу


 Другие рефераты
Битва за Днепр
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САЯСИ ЖҮЙЕСІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Кенесары хан
Виды разрядов и их применение


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ