Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Акционерлік қоғам аудиттің жүргізілуі

ен қосалқы есеп көрсеткіштерін дұрыс анықтау өте күрделі жұмыс. Мысалы, бітпеген өнім табысы анықтау, өндірісте бүлінген өнім сомасын анықтау, жалпы өндірістік шығындарды бөлу, тағы басқа көрсеткіштерді анықтау.

Шаруашылық субъектілерінің “ақша – қаржысының есебі ақша операцияларының негізіне сәйкес үш түрде жасалынаы: нақты ақша қаржысының әрекеттері. Касса кіріс – шығыс әрекеттері нақты құжаттар арқылы  тексеріліп анықталады. Аудит барысында есеп кестелері, касса есептері тексеріледі. Кәсіпкершілік операциясы – касса есебінде алғашқы құжаттар арқылы жеке-жеке негізгі құралдың сату табысы, материалдық емес активті сату табысы, тағы басқа түрлі кірстер жеке-жеке көрсетіледі .

Үшіншіден, касса арқылы жүргізілген инвестиция әрекеттерінде алғашқы құжат арқылы жеке-жеке көрсетледі. Мысалы, құнды қағаз шығарудан түскен табыс несие алу нәтижесінде түскен табыс тағы сол сияқты кіріс әрекеттері. Шығыс болған табыстары несиені төлеу, құнды қағаз сатып алу, тағы басқа осы топтағы төлемдер. Аудит барысында алғашқы құжат есеп кестелері арқылы олардың заңдылығын, дұрыстығын анықтау жасалынады.

 

2.3  АҚ-ның негізгі құралдардың тексеру тәртібі

 

Негізгі  құралдардың  бар  болуы  мен  тұтастығының  аудиті. Аудиторға келесілерді  тексеру  қажет:

·   Кәсіпорында  негізгі  құралдарды  қабылдау  және  оның  нәтежелерін   толтыру  бойынша  комиссияның  құрылғандығын;

·   Негізгі құралдарды стау – сатып  алу  келісім  шарттары  толтырылғандығын;

·   Келісім  шарттың  бағалардың протоколдардың  толтырылғандығын;

·   Негізгі құралдарды қабылдау – жіберу  актілерінде  бастапқы  құнның  дұрыс  көрсетілгендігін;

·   Объектілердің  жөндеуден  және  қайта  қалпына  келтірілуінен  кейінгі бастапқы  құнының  дұрыс  көрсетілуін.

    Негізгі  құралдар  объектілерінің  есебі  мен  бақылауының  жағдайын  тексеру  мәліметтері  бойынша  аудитор  бақылау  тиімділігі  жөнінде  қортынды  жасай  алады.

    Негізгі  құралдардың  тұтастығын  қамтамасыз  етудің  маңызды  талабы – олардың  қаттауының  сапалы  түрде  өткізілді.  Сондықтан  бақылау  процессінде  оның  толықтылығын  және  өз  уақытылығын  және  бухгалтерлік  есепте  нәтежелердің  дұрыс  көрсетілуін  тексеру  қажет.  Аудиторға  бұл  аудиторлық  тәуекелділікті  азайту  үшін  кәсіпорында  жүргізілген  қаттау  нәтежелеріне  қаншалықты  сенуге  болатындығына  көз  жеткізу  үшін  қажет.

    Негізгі  құралдар  есебінің  жағдайын  тексере  отырып,  аналитикалық  есептің  ұйымдастырылуының  дұрыстығына  көз  жеткізу  керек.

    Негізгі  құралдар  есебі  мен  бақылауымен  терең  танысу  мақсатында  аудитор  кәсіпорыннан  есеп  беруді  жасаған  күнге  дейін  ие  болған  негізгі  құралдың  типтері  бойынша  сарапталған  тізімін  талап  етеді.  Бұл  тізімге  негізгі  құралдар объектілерінің  құнының  төмендетілуі  мен  қайта  бағалануы  туралы  мәліметтер  енгізілуі  тиіс.

    Негізгі  құралдар  есепте  жүйелі  емес,  операциялардың  жасалу  шегіне  байланысты  көрінеді,  бұл  амортизацияның  дұрыс  есептелуіне  және  оның  өндіріс  пен  айналым  шығындарына  жатқызылуына  әсер  етеді.

    Жинақталған  амортизациялық  шығындар  есеп  беру  күніндегі  жағдай  бойынша  есептелінеді.  Негізгі  құралдар  тізімінің  олардың  бар  болуы,  қозғалысы  туралы  ауқымды  ақпараты  болғанына  қарамастан  аудиторға  негізгі  құралдардың  түсуі,  шығуы  және  озғалысы  туралы  құжаттарды  алу  керек.  Құжаттар  мен  бухгалтерлік  жазбалар  бойынша  негізгі  құралдар  қозғалысы  бойынша  барлық  операциялар 01 “негізгі  құралдар”  шоты  бойынша  дұрыс  жүргізілгендігіне  көз  жеткізуге  болады.

    Шот – фактура,  келісім – шарт,  жалдау  туралы  келісімдер  сақтандыру  полисі,  салық  инспекциясының  жазбалары  сияқты  құжаттарды  тарту  аудиторға  тексеріс  объектісі  жөнінде  сенімді  ақпарат  алуға  мүмкіндік  береді.

    Негізгі  құралдар  бойынша  шаруашылық  операцияларының  құжаттық  бекітілуі – бұл  шот  статьяларын  таңдау  және  кері  тәртіпте  бақылау  процессі,  яғни  есеп  жазбаларының  дұрыстығын  дәлелдеуші  бастапқы  құжаттарды  іздеу.  Негізгі  құралдар  бойынша  аудиторлар  таңдау  жасай  алады.  Сонымен  қатар  кездейсоқ  таңдау  әдісін  қолдануға  болады.  Осылайша  есепте  көрсетілген  негізгі  құралдарды   сақтандыру  бойынша  салықтар  мен  шығындарды  таңдауға  болады.

    Негізгі  құралдар  аудиті  процессінде  қайта  есептеу  тәсілі  жиі  қолданылады.  Жинақталған  шығын  арифметикалық  шама  ретінде  көрінеді,  сондықтан   оның  нақтылығына  тек  қайта  есептеу  тәсілі  арқылы  көз  жеткізуге  болады.

    Негізгі  құралдар  қозғалысының  аудиті.  Негізгі  құралдардың  кәсіпорынға  түсу  жолдары:

·   Жабдықтаушылардан  төлем  арқылы  алу;

·   Қайтарымсыз  түсу;

·   Жалданған  негізгі  құралдар  құны  тәртібімен;

·   Бірге  қызмет  істеу  туралы  келісім – шарт  бойынша  негізгі  құралдардың  қайтарылуы.

    Негізгі  құралдардың  түсуі  негізгі  құралдардың  түсуі -   жіберілуі  актісімен  берілген  объектіге  деген  техникалық   құжаттармен  бірге  толтырылады.

    Кәсіпорында  негізгі  құралдардың  есептен  шығу  себептері:

·   Объектінің  тозу  нәтежесінде  және  кездейсоқ  жағдайларға  байланысты  істен  шығуы;

·   Қайта  құру,  жетілдіру  нәтежесінде  істен  шығу;

·   Негізгі құралдарды  басқа  ұйымдарға  беру.

    Негізгі  құралдардың  жарамсыздығын анықтау үшін кәсіпорында арнайы комиссия құрылады. Объектілердің істен шығуын комиссия орын басқарушымен бекітіледі, ал бухгалтер карточкада объектінің есеп шығу күні мен акт номерін қойы.

Негізгі  құралдардың қолдану орындарында(цехтар мен бөлімдерде) негізгі  құралдардың хаттамалық тізімі (Негізгі  құралдардың формасы) жүргізіледі, мұнда қолданыстағы негізгі  құралдар объектілері туралы ысққаша мәліметтер беріледі.

Кәсіпорын ішіндегі түскен, есептен шыққан және орын ауыстырылған негізгі  құралдарға хаттамалық карточкаға сәйкес жазудан кейін ай соңына дейін бөлек сақталады. Бұл ай сайын солардың негіінде негізгі  құралдар амортизациясын(тозуын) есептеу жасалатындықтан қажет.

Негізгі  құралдардың бағалануының дұрыстығын тексеру қажет, себебі дұрыс бағаламау жалпы көріністі бұзып қана оймай, сонымен қатар келесідей келеңсіз жағдайларға әкеледі:

-   амортизацияның  қате  есептелуіне;

-   есептелген  салық  сомаларының  өзгерісіне;

-   негізгі  құралдардың  шамасының  бухгалтерлік  (қаржылық) есеп  беруде  дұрыс  көрсетілмеуіне.

    Негізгі  құралдар  қозғалысы  бойынша  операцияларды  аудиторлық  тексеру  кезінде  келесідей  сәттерге  назар  аудару  керек:

·&

12345След.
скачать работу

Акционерлік қоғам аудиттің жүргізілуі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ