Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Акционерлік қоғам аудиттің жүргізілуі

nbsp;  негізгі  құралдарды  жарғылық  капиталдарға  салым  ретінде  беру  негізінде  олардың  бастапқы  құны,  тозуы  және  беру  кезіндегі  келісілген  құны  келтірілген  тізімі  берілуі  керек;

·   негізгі  құралдарды  алған  кезде  бастапқы  құны,  тозуы  және  стаып  алу  құны  көрсетілген сату – сатып  алу келісім- шарты толтырылуы;

·   негізгі  құралдар  объектілерін  комплект  түрінде (мысалы, кеңсе  жиһазы) алған  кезде  хаттамалы  карточкаға  комплектке  кіретін  бөлек  бөлшектірінің  тізімі  енгізілуі  тиіс;

·   Негізгі  құралдар объектілерін  шет ел  валютасы мен  алған  кезде  объектінің  бастапқы  құны  алған  кездегі  есептелген  курспен  есепке алыну  тиіс;

·   Негізгі  құралдардың  пайдасыздығын,  оларды  жөндеудің  мүмкін  еместігін  және  тиімсіздігін,  сонымен  қатар  оларды  есептен  шығаруды  құжаттау  бойынша  керекті  құжаттарды  толтыру  үшін  кәсіпорында  басшының  бұйрығы мен  арнайы  комисия  құрылуы  тиіс;

·   Қондырғыларды  өзгертуден  және  бұзудан  шыққан  барлық  бөлшектер, желілер  және  агригаттар  егер  олар  әрі  қарай  пайдалануға  жараса,  оларды  қоймаға  тапсырып, ол  операцияны  бухгалтерлік  есепте  сәйкес  жазумен  (Д10-К47)  көрсету  керек.

    Тозуды  есепке  алу аудиті.

    Аудит  барысында  негізгі  құралдардың  барлық  объектілеріне  амортизацияны  есепке  алуды  есепте  барлығын:  тозу  негізгі  құралдар  қозғалысының  есебімен  есептелінетіндігін  және  амортизация  нормаларының дұрыс  қолданылуын  анықтау  керек.

    Тозу  кәсіпорын  балансындағы  негізгі  құралдардың  барлық  түрі  бойынша  (жер  және  табиғи  ресурстар,  тұрмыстық  қор  нысандары,  кітапханалық  қор,  мұражайлық  және  сәулет  құндылықтарынан  басқа) есептелінеді.

    Негізгі  құралдар  нысаны  бойынша  амортизациялық  есептеулер  осы  нысанды  бухгалтерлік  есепке тіркеген  бойдан  кейінгі  айдың  бірінші  күнінен  басталады,  және  осы  нысанның  құның  толық  өшіргенше  немесе  оны  бухгалтерлік  есептен  жойғанша  есептелінеді. 

    Негізгі  құралдар  нысаны  бойынша  амортизациялық  есептеулер  осы  нысанды  бухгалтерлік  есептен  жойған  немесе  оның  құның  толық  өшірген  айдан  кейінгі  айдың  бірінші  күнінен  бастап  тотылады.

    Негізгі  құралдар  нысаны  бойынша  амортизациялық  есептеулер  бухгалтерлік  есептеуде  бөлек  шотта   сәйкес  соманың  жинақталу  жолымен  көрсетіледі.

    Есептік  жыл  бойына  негізгі  құралдар  нысаны  бойынша  амортизациялық  есептеулер  ай сайын  есептеу  тәсіліне  арамастан  жылдық  соманы  1/12 мөлшерінде есептеледі.

     Негізгі  құралдардың амортизациялық есептеулердің сәйкес тобына  жатқызылуының дұрыстығын анықтау өте маңызды.

    Тозудың шығындар немесе басқалай көздер шотына жатқызылуының дұрыстығын тексеру үшін негізгі  құралдардың өндірістік немесе өндірістік емес мақсатта екендігін анықтау қажет. 

 

2.4 А-ның қаржылық қорытындыларының аудиті

 

Аудиттің негізгі мақсаты шаруашылық субъектісінің бухгалтерлік есебін тексеру болғандықтан, оның мәлімет негізі – бухгалтерлік есеп және топталған мазмұндағы қорытынды есебі болады. Осы орайда мәлімет көзі ретінде есеп кестелері ерекше орын алады, себебі қандай есеп  болсада есеп көрсеткштері есеп жасау үшін есеп кестелері арқылы бір жүйеге келтіріледі. өз кезегінде есеп көрсеткіштері сол есеп кестелерінің топталған екі жақты жазу әдісін қолданып негізделген мәліметтер арқылы жасалынады..

Аудти тұрғысынан мәлімет көзінің ең негізгісі – ол қаржы есебі. Қаржы есебі арқылы шаруашылық субъектісінің барлық жағынан жетістіктері, қаржылық жағдайы, табыстылығы толығымен көрсетіледі.

Қазіргі кезде біздің елімізде қабылданған “Бухгалтерлік  есеп стандарты” заңына сәйкес кәсіпорындар үш түрлі қаржылық есебін тапсырады:

1.бухгалтерлік баланс;

2.қаржылық –шаруашылық нәтижесінің есебі;

3.ақша қаражатының есебі.

Қандай құрылымдық түрде  болса да, шаруашылық саласына қарамастан, әр түрлі меншіктегі шаруашылық субъектілері қазіргі мемлекетіміздің  заңды талабына  сәйкес, кәсіпорындар және жалпы кәсіпкерлікпен айналысатын мекемелер жылдық бухгалтерлік есебін жасайды. Оның негізгісі жылдық бухгалтерлік баланс, қаржы – шаруашылық нәтижесінің есебі.

Бухгалтерлік есебі, баланс өте күрделі бухгалтерлік есеп әдіс. Ол кәсіпорын мүлкін арнайы экономикалық топтау арқылы, оның қаржыландыру көзімен жүйелеуге келтіріп, оларды экономикалық топтаумен немесе, кәсіпорын нақты қаржыландыру көзімен байланыстырып көрсетеді. Қазіргі кездегі бухгалтерлік баланстың ерекшелігі, инвистиция жолымен келген мүлікті және қаржыны да осы баланста көрсетеді.

Бухгалтерлік баланс көрсеткішіне сәйкес, кәсіпорынның шаруашылық құрылымын, өндірістік деңгейін, қаржылық көлемін, негізгі құнмен қуаттылығын, шаруашылық тиімділігін, табыстылық денгейін тағы басқа жан-жақты мәліметтерді анықтауға болады. Қазіргі кезде бухгалтерлік баланс “Бухгалтерлік есеп стандарты” талабына сәйкес жасалынады. Онда бухгалтерлік баланс қаржы есебі тұрғысынан қаралынып, оның мақсаты, міндетті, жалпы кәсіпкерлік шаруашылық алатын орны анықталған.

Стандартта бухгалтерлік баланстың мақсаты, ол – біріншіден, қаржы есебі оның мазмұны қаржылық мәліметті толық көрсету және онда болған өзгерістерді анықтау. Екіншіден, пайдаланушыларды қажет мәліметпен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, қаржы есебінің негізгі принціптері көрсетілген.

Біздің елмізде қазіргі баланс, халықралық үлгідегі сәйкес формада іске асырылуда. Ондағы мақсат баланс мәліметі өте тұжырымды, көлемі жағынан өте тиянақты, мазмұны жағынан түсінікті болуы қажет. Оның негізгі принципі баланс-нетто немесе өлшемі тазаланған, баланс баптарының көрсеткіштері қайталанбайды деген сөз. Мысалы, баланстың активіндегі негізгі құрал бабының қасында, оның төзу сомасы көрсетіледі. Ал, қорытынды сомасы саналған кезде негізгі құрал таза табысы шығарылып тасталады. Ондағы мақсат негізгі құрал бабындағы көрсетілген негізгі құралдың қалдық бағасын анықтау. Сол сияқты өндіріс қорының өзіндік құнын анықтауда материалдық емес активтің, тауардың  өзіндік құнын анықтауда баланс баптарының нақты құнын шығару үшін екінші сатыдағы толықтыру баптары қолданылады.

Балансты тексеру, оның бухгалтерлік есеп көрсеткіштерімен анықталады. “Бас кітап” көрсеткіші баланс көрсеткішіне дәлел болуы қажет. Ал одан әрі нақты тексеру қажет болған жағдайда бухглтерлік есептің аналитикалық көрсеткіштерімен дәлелденуі қажет.

 

Республикамыздағы “Бухгалтерлік есеп” департментінің белгіленген бухгалтерлік балансының үлгісі (үлгі №1)

 Актив                                                                              Баланс 01.01.1997 ж.

 

Қаржы – шаруашылық нәтежесінің  есебін жасаудың алдында  кәсіпорын табысына түсініктеме беру қажет. Бесінші бухгалтерлік есеп стандарты шаруашылық субъектісінің табыс сомасын анықтауға арналған. Бұл заңның ерекшелігі сол, ол шаруашылық субъектісінің өнім, тауар сатудан, қызмет көрсетуден алған төлемі  кәсіпорын табысы деп анықталған. Сонымен қатар табысқа басқа шаруашылық субъектілерінің несие түрінде пайдалануы  әсерінен алынған “процент”, акцияға жұмсалған қаржыдан девиденд, құнды қағаз операциясынан түскен табыстар жатады.

 Стандарт талабына сәйкес “қаржы – шаруашылық нәтежесінің есебін” жасаған кезде шаруашылық субъектісі  өзінің  түсініктеме хатында анықтама беруге тиісті:

1.Кәсіпорын табысын анықтауға арналған есеп саясатында көрсеті

12345След.
скачать работу

Акционерлік қоғам аудиттің жүргізілуі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ