Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ақжан Әл-Машани

Себебі, туындыда әдеби-көркемдік мотивтерден гөрі ғылыми жорамалдар, гипотезалар жалпы шығармадағы басқа компоненттерден басым жатыр. Оның үстіне “Табуды” әдебиетімізде мүлде бой көрсетпеген “фантастикалық трактат” саласының беташары есебінде қабылдағанымыз да ажарландыра түсетін шығар.

 

Кітаптағы Маңғаз, Болат, Абжад, Шәкіл, Қисабек, Ноғайлы және басқалар – қаламгер көкейіндегі  бүкіл ғылыми-фантастикалық идеяларды оқырман зердесіне ұялатар зымыран-жеткізгіштер дер едік. Бұлар қосарласып ғарышқа саяхат шегіп, қиын-қыстау жағдайларға да тап болады. Жер астын бойлай қазып, таңбалы тастар да тауып ала береді. Сонау ықылым заманнан мына бүгінге жеткен аңыз әфсаналардан ғылыми-фантастикалық тұжырымдар қарастырады,  аналогтар  іздестіреді. Сөз иіні келгенде бірден айта кеткен абзал, автордың көне көз аңыздар мен бүгінгі ғылыми-техникалық прогресс, жаңа технологиялармен жарыстырып салыстырған тұстарындағы көптеген болжам-тұжырымдары тәнті қылмай қоймайды.

 

Планета мен галактика кеңістігі, яғни Әлемге – Жердің және Жерге Әлемнің ара қатынастары, сыбайластықтары. Қаншама миллиондаған  жылдар бойы күллі Галактиканың бізге жасаған жан-жақты ықпалы. Сол виртуальды ықпал-әрекеттің арқасында олардың өнер мен әдебиетімізде (тасқа қашалып салынған өрнек-ою бейнелер, сызбалар, ауызша жеткен әфсаналар т.б.) және ғылымымызда (аспан денелерін Жердегі символдармен атау үрдістері т.б.) көрініс табуы.

 

Шығарманың басты кейіпкерлерінің бірі – Шәкілдің пайымдауынша, “Әлемнің тірегі, дүниені құраушы бес тек бар”. Бірінші: Жер тектес заттар – текше-куб, яғни алты жақты “гексаэдр”; екінші: Жер  тектес заттар — сегіз жақты “октаэдр”; үшінші: от тектес заттар – төрт жақты “тэтраэдр”; төртінші: су тектес заттар – жиырма жақты “икосаэдр”; бесінші: бәрін құраушы жұлдыз тектес заттары – он екі жақты “дэдекаэдр”.

 

Міне, туындының өн бойындағы хикаялар мен пікірталастар, негізінде, осы ұғымдар төңірегінде қозып отырады. Осы тұста автордың тағы бір “оң жамбасына түсетін” идеясы – әлгі айтылған заттардың бірін екіншісінен, екіншісін үшінші, төртінші, бесіншісінен бөле-жара қарастырмайды. Оларды, өзара жігін жазбай, толайым, тұтастай кешенді түрде қамтиды. Бүкіл табиғаттың осылай біртұтас екендігін, олар өзара ұдайы, тынымсыз әсер жасаумен болатынын қиялгер-оқымысты дәлелдеп шығады.

 

“Табу” бірі сұрақ қойып, екіншісі жауабын беріп немесе өзара пікір таласына түсетін, соның арқасында ғылымдағы тағы бір құпияға фантастика көзімен қарап, дәйектеме айтатын мынандай тараулардан тұрады. “Маңғаз ұстаз”, “Фан тас”, “Жердегі нысаналар”, “Аспан жолында”, “Көтерімді Жердей бол”, “Өзіңді біл алдымен”, “Ғажайып сапар”, “Отырар сәулесі”.

 

Алғашқы алты тарауда басынан аяғына дейін фантастикалық идеялар көктей өтіп жатса, соңғылары бірсыпыра ерекшеленіп тұр. “Ғажайып сапар” мен “Отырар сәулесі” тарауларында осы заманның жас қаһармандарын көрмейміз. Олардың басты тұлғалары – аты аңызға айналған Қорқыт пен “екінші ұстаз” әл-Фараби. Фараби жөнінде сөз басқа. Оның ғұлама оқымысты екеніне ешкімнің таласы жоқ. Ал Қорқыт ше? “Жеңіл ұғып, желік іздегендер” Қорқытты тек Желмаяның белінде көреді. Автор, міне, өз шығармасында Қорқыт проблемасына басқа тұрғыдан келеді. Туынды жастарды ғарыштың ғажайып саяхаттарына шақырады, тыңдаушы­ларына қызықты космологиялық заңдылықтарды ашады, көне заманнан бергі астро­номиялық жыл санауларға үйретеді.

 

Әлгінде бір айтып кеткен пікірімізді тағы да қайталағымыз келеді. Бұл шығарманы таза көркем туынды есебінде қарап, мұның бойынан соған қойылатын талаптарды түгелдеп жатудың қажеті жоқ. Өйткені, бұл шын мәніндегі ғылыми-фантастикалық трактат.

 

Жалпы, “Табу” – қазақ оқырмандарына бүгінгі таңда, әсіресе “жоғары технологиялар заманы” сөз тіркесін көбірек аузымызға алып жүрген уақытымызда қажет. Ол небір қызықты ғылыми мәліметтер мен эстетикалық нәр берері сөзсіз.

 

Автордан:

 

ЮНЕСКО тарапынан ғасырлық жасы аталып жатқан “қарамат” (өзінің өте ұнататын сөзі) құбылысымыз – Ақжан әл-Машанидің, “жанрлас ағаның” дүрмек тойында оқылған “ғылыми-творчестволық құраным” – осы.

 

 

Авторы: Абдул-Хамид Ф. Мархабаев

Пред.6
скачать работу

Ақжан Әл-Машани

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ