Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Алаш идеясы - Қазақ идеясы

лғанда оны талқылауға қатысқан отставкадағы полковник  Мұқаш Омаров ақсақалмен сөйлескенде ол мынаны хабарлады. Рапортқа нарком Реденс бір ауыз сөзбен «бить!» деген бұрыштама қойыпты. Яғни НКВД – нің ойдан шығарылған дүниесін қашан растағанша Атаниязовты «ұра бер» деп жазбаша пәрмен берген (!).

Ал Катковтың жеке ісіндегі ішкі қызметтік тергеудің  материалдарын оқығанда біз мынандай сорақылықтарды көрдік.

- Ол түрмеге түскендерді ұрып-соғуға қатысқанын мойындамайды. Дегенмен, Чернов пен Зернов үшеуі Атанизовты бір рет соққыға жыққанын мойындамайды;

- бұрын оның қарамағында істеген Р.Садықовтың пайымдауынша, бақтыға түскендерден тәулік бойы «конвеер жүйесімен» үздіксіз жауап алынған. Тергеушілер ауысып отырады, ал айыпкер түрегеп тұрады. Отыруға рұқсат жоқ, ұйықтауға болмайды. Сезікті жанды кемсіту, қорлау, мазақтау, тіл тигізу, адамгершілік қадыр-қасиетін аяққа басу үйреншікті жайға айналған. Мұндай әрекетке бармағандарды басшылар жауға ымырашылдық көрсетті, либералдық байқатты деп сөге жамандаған;

- Өтенов, Жүнісов және басқа жазықтылар арыз-өтініштерінде тергеушілердің тәулік бойы жауап алғанын, қорқытып үркіткенін, жәбірлегенін, ұрып-соққанын ашына жазады;

- Атаниязов өзінің арызында: «1939 жылғы сәуірдің 8-ші және 10-шы жұлдызындағы түнде тергеушілер Чирков, Оспанов, Катков, Зернов «қылмысыңды мойында» деп бірнеше сағат бойы жұдырықтап, сабады», - деп хабарлайды.

 

Жүсіпбек Арыстанов

 

Балалар үйінде тәрбиеленген. Мәскеудегі Шығыс

Еңбекшілерінің коммунистік университетін бітірген.

Шымкент қаласындағы губерниялық «Ақ жол»

газеті редакторының орынбасары. Ташкенттегі

Орта Азия университетінде дәріс берді. Баспагерлік

қызметпен айналысты. Қазақстан Компартиясы

ОК-нің мүшесі, оның бюро мүшелігіне кандидат,

«Социалистік Қазақстан» газетінің редакторы.

 

         Архивтегі қылмыстық істен:

«Арыстанов Жүсіпбек 1904 жылы Қызылорда облысының Тереңөзек ауданында туған, қазақ, қызметші, ҚК (б)П-ның мүшесі, Қазақ мемлекеттік баспасының директоры, Алматы қаласындағы Лагерьная көшесіндегі № 44 үйде тұрады.

Тройцкийшілермен, оңшылдармен байланысты. Ұлтшыл-фашистік ұйым мүшесі. Кеңеске қарсы белсенді жұмыс жүргізеді.

Арыстановты тұтқындап, РСФСР Қылмыстық кодексінің 58 бабының 2, 8, 11 тармағы бойынша қылмыстық жауапқа тарту қажет (1938 жылдың 11 тамызы) ».

Ал Жүкеңнің өзі болса 1955 жылдың 10 маусымында Л.Брежневке жазған хатында былай деген:

- Мен, Арыстанов Жүсіпбек отан жауларының арандатушылығының құрбанымын. Ішкі түрмеде екі жыл отырып, зорлық-зомбылық пен азаптың неше атасын көрдім.

         Менің «ісім» ұрып-соғумен басталды. 1938 жылдың 11 тамызында тұтқындалысымен тұп-тура аға тергеушінің кабинетіне әкелді, ол болса маған ешқандай айып таппай бірден ұрысып, боқтай бастады, айғайлады: «Арыстанов, сен фашиссің, сатқынсың, соны мойындап түсінік жаз, әйтпесе –атыласың!» деді.

         Тепкі-теперіш пен машақатқа шыдап бақтым, болмаған нәрсені қалай мойындайын! Сосын тергеу басқа әдіске көшті:  тамыздың 11 мен 16-сы аралығында дәм-су татырмады, демалыс бермеді, ұйықтатпады, қолымды төмен түсіріп, тік отырғызып қойды. Сұрақшылар кезек-кезек күзетіп, ұрысып: «сен фашиссің, ұлтшылсың, соны мойында» деумен болды.

         Қол аяғым, денем ісіп кетті, ұйқылы ояу жағдайда орындықтан қисая бастасам, бүйірімнен не ішімнен ұра бастайды. Ес-түссіз құлап едім, үстіме суық су құйды, дәм татуға зауқым соқпады, солай болса да артқы тесіктен (через анальное ртверстие) күштеп тамақ берді, сосын дем алсын дегендей камераға әкелді. Қалай келгенімді білмеймін. Бес тәуліктей ұйықтамағаныма қарамастан шамасы бір-екі сағаттан кейін күзетшілердің айғай-шумен тепкілеп оятқаны есімде. «Күндіз ұйықтауға болмайды» дейді. Жан жағыма қарасам, жанымда бұрынырақ ұсталған ЦК-нің бөлім меңгерушісінің орынбасары, әріптесім Д.Сидоров отыр. Ол әділдік іздеп, жалған жаланы мойындамағандықтан бұрынғы  совхоз наркомы Дүйсеновтың ешқандай сотсыз Катков пен Оспановтың  тепкісіне мерт болғанын айтып, жылап жіберді.

Содан соң 17 ай бойы жеке камерада, оның ішінде біраз үзіліспен екі айдай карцерде отырдым. Катков үш рет армансыз ұрды, оның біріншісі Павловқа жауапқа барғаннан кейін. «Сен, Арыстанов, егер алдағы уақытта осылай қасарыса берсең, теріңді бірнеше мәрте сыпыртамын», - деді Павлов. Оспановтан да көп таяқ жедім. Тәулігіне үш, төрт сағаттан артық ұйықтауға рұқсат бермейтін. Ұрып-соғудан, моральдық қорлықтан, ашу-ызадан жүйкем жұқарып, есімнен жаңылған кезім болды.  Үстіме мұздай суық су құйғандықтан ауырып, тұмауға шалдықтым, басыма, желкеме шиқан қаптап кетті. Менің осындай жай-күйімді пайдаланып, Катков пен Оспанов ақыры айтқанын істетті: олардың ойдан шығарған қылмысы қағазға түсіп, қол қойылды. Сөйтіп, қолдан жасалған құжат негізінде, тоғыз адамға, оның ішінде маған, іс қозғалып, бәріміз сотталып кете бардық...

 

Мұхамеджан Қаратаев

 

КАЗПИ-дің филология факультетін, Ленинградтың

тарих, философия және әдебиет Институтының

 аспирантурасын бітірген. Жазушылар одағының

төрағасы, КАЗПИдің кафедра меңгерушісі.

КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалы

презиумының мүшесі, қазақ әдебиеті секторы-

ның меңгерушісі.

 

Архив құжаттарына сенсек, тергеу барысында М.Қаратаев 1933 жылдан бері кеңеске қарсы ұлтшыл ұйымға қатыстым деп хабарлаған, бірақ кейін оны өзі теріске шығарған. Ленинградта оқып жүргенде терроршылдармен байланысқан. Жазушылар одағын басқарғанда зиянкестік жұмыспен айналысып, кері төңкерісшірл кадр даярлаумен айналысқан. Кеңес өкіметіне қарсы  басқа да көптеген зиянкестік іс-әрекетке мұрындық болған.

        Ал академик жазушының өзі не дейді? Мұхамеджан Қаратаевтың 1955 жылдың 26 мамырында өз қолымен жоғары жаққа жазған өтінішін оқып көрейік.

-          1938 жылдың 11 тамызында тұтқындалдым.

       Одан бірнеше ай бұрын НКВД-ға шақырған. Сөйтсем, бөлімше бастығы лейтенант Катковтың пайымдауынша, менің керітөңкерісшіл ұйымға мүше екендігім әшкереленіпті. Әйтсе де, ағынан жарылып, «қылмысымды» мойындасам, бас бостандығымды сақтап қалуға болады-мыс. Бұған үзілді-кесілді қарсылық білдірдім, өйткені бұл ақымақтық, есалаңдық болар еді.

       Бұл пікір өтпеген соң басқаша ұсыныс жасалды. Астыртын ұйымды әшкерелеу үшін белгіленген тізіммен біраз адамды қонақ қылуым керек екен. Шығынды кеңес төлемек. Содан соң өкіметке қарсы іс-әрекет жасалып жатыр деп хабарлауым керек. Келіспедім.

       Сәуір айында, кейін шілдеде тағы жүздестік. Баяғы гөй-гөй. Кездесу тағы да сәтсіз аяқталды. Бір күн өткен соң абақтыға қамау туралы ордері бар жай киінген бір адам, соңынан Катков пен Омаров түнгі 1-ден 15  минут кеткенде үйге келді.

       Бір квартал төменірек жердегі қараңғы түпкірде машинаға отырғызды. Түнгі екілер шамасында межелі жерге жеттік. Кеңсе табалдырығын аттасымен Катков: «Жақсылықпен, жақсы жағдаймен түсініскің келмеді – отыр. Енді біз не айтсақ соны істейсің. Кіруге есік ашық, шығарға – жабық. Халық жауысың, ұлтшылсың, соған жазбаша түсінік бер» - деді. Сосын мені көмекшісіне тапсырып кетіп қалды. Ал Марков қанша үгіттесе де көндіре алмады. Ашуланып желке тұсымнан екі рет періп жіберді. Таңертең Катковтың өзі келді. Оның айтқаны: «талапты орындағанша бөлмеден шықпайсың».

       Таңертеңнен аяғымнан тік тұрғызып қойды. Тәуліктің қақ жартысында түрегеп тұрсам, қалған уақытта бұрыштағы орындықта қолымды төмен салбыратып отырғызып қойды. Үш күннен кейін денем күп болып ісіп кетті. Тамақ бермеді. Сұраған да жоқпын, зауқым соқпады. Су ішкім келе берді, бірақ оның өзін шектеді.

      Бұдан басқа көрген бейнет те жетерлік. Қылмысыңды мойындап жазып бер деп табандылықпен талап еткен сұраныс атып тастаймыз, әйеліңді тұтқындаймыз деген жәбірлеумен, тіл тигізумен, ең ақырында ұрып-соғуға ұласты. Менің тағдырым қолында екенін сездіріп, әрдайым батыл сөйлейтін Катковтың кекетіп-мұқатып, мысқылдап, әжуа-мазаққа айналдырған мехнаты жанға батты, жүрекке жазылмас жара салды. Маған көрсетілген қиямет-қайымның ішіндегі ең қиыны, қорқыныштысы ұйқыдан айыру еді. Ұрып-соғу,  таяқ жеу, дегенің бұған қарағанда түк емес, қайта сергітіп, өзіңді ширата түседі екен.

       Бір уақытта құлап түссем керек, көтеріп әжетханадағы кранның астына әкелді. Суық су есімді жиғызғаны рас, бірақ ұзаққа созылған жоқ – көп болса 20-30 минутке. Міне, осы кезден бастап басым айналып, тұңғиық иірімде, галлюцинация шырмауында, бұлдыр-белең елес құшағына ендім. Ақыры тергеушілердің айтуымен нарком Реденстің атына мәжбүрлеп арыз жаздырды. Содан кейін   18 тамыздың 5-6 шамасында камераға жіберді.

 

 

Өтебай Тұрманжанов

 

Мәскеудегі Шығыс жастарыны

123
скачать работу

Алаш идеясы - Қазақ идеясы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ