Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Алаштың алдаспаны

ң бойында 1968 – 1970 жылдары жылқы бақтым. Онда өзеннің суы мол, ағысы қатты еді. Мына жақтан Шұбартау ауданының, мына жақтан Қарқаралының малшылары осынау көкорай шалғынды, майса алқапқа келіп бас қосатын. Бірін-бірі қонаққа шақырып, әңгіме-дүкен құратын. Сондай әңгіменің бірінде баршатастық керей Таңсықбайдың Қасені бұл зиратта Бердіқожа батырдың денесі жатыр дегенді айтып еді. Мен бұл бейітті 1962 жылы көргенімде қабырғалары бүтін, кесектері түгел болған. Содан бері қаншама жылдар өтті. Күтім болмағасын бейіт құлап, топыраққа айналады емес пе?..

 

Аудан әкімінің айтуынша, осы аумақта Қазақ елінің қазығы ретінде сақталған 300-ден аса тарихи-мәдени ескерткіш бар көрінеді. Жалпы Қарқаралының үш мың жылдан астам тарихы бары белгілі. Ғалымдар бұл аймақтың 10-15 пайызы ғана зерттелгенін алға тартады. Десе де, соңғы жылдары Елбасының “Мәдени мұра” бағдарламасы аясында бірқатар игілікті іс-шаралар қолға алыныпты.

 

Кезінде қазақ өнерінің ордасы атанған Қоянды жәрмеңкесінен бастап Қарқаралының тарихын зерттеуде, тарихи ғимараттарға жөндеу (реставрация) жүргізуде едәуір жұмыстар атқарылыпты. Әкімнің айтуынша, іргесі қаланғанына 156 жыл болған Қарқаралыдағы Құнанбай мешіті қалпына келтіріліп, Абай тоқтаған үй мен дәулескер күйші Тәттімбеттің мазары жөндеуден өтеді екен. Сонымен қатар дауылпаз ақын Қасымның (Аманжолов) туған ауылын абаттандыру, атақты сазгер-әнші Мәди Бапиұлының мұраларын жарыққа шығару үшін де қомақты қаржы бөлініпті. Бір атап айтарлығы осынау игілікті шаралардың арасында Бердіқожа батырдың бейітін жаңарту ісі де жоспарда бар екен.

 

Сонымен, өзіміз басына тәу етіп, Құран бағыштаған, кіндік қаны тамған жерден алыс жатқан Бердіқожа батыр туралы жоғарыда айтқаннан басқа  не білеміз? Енді қолда бар деректерге бір сәт назар аударып көрелік. Қазақстан ұлттық энциклопедиясының 2-ші томының (Алматы, 1999 жыл) 286-бетінде Бердіқожаға да орын берілген. Онда: “Бердіқожа батыр (шамамен 1690-1770 ж.ж) – жоңғарларға  қарсы шайқаста қол бастаған аға батыр. Мағлұматтарға қарағанда қазақ қолбасылары Бердіқожа батырсыз хан кеңесін өткізбеген, жорыққа да шықпаған. Оны Ұлы жүзде Төле биден кейінгі үлкен саяси қайраткер, ұлы қолбасшы мәртебесінде құрметтеген. Бердіқожа батыр Аягөз, Бұланты-Білеуті және Сарысу өзені бойындағы, Іле басындағы Талқы, Ебі, Алакөл, Алтайдағы Ұланасу, Қандысу, Айдынсу, Шар, Шорға ұрыстарында, Қозымаңырақ, Қоймаңырақ, Ақшәулі, Итішпес көлдері маңындағы, Аңырақайдағы шайқастарда Ұлы жүз жасақтарына басшылық еткен” деп жазылған. Басқа-басқа, ғылыми-тарихи жағы жіті зерттелген, күмәнді ойдан ада энциклопедиялық еңбек бұлтартпас айғаққа құрылады. Демек, Бердіқожа батыр Абылай ханның дәуірінде әрі қолбасшы, әрі ірі саяси қайраткер болғаны тарихтан мәлім болып отыр. Хан кеңесі, анау-мынау емес, үш жүздің игі жақсысы бас қосқан хан отырысы Бердіқожа батырсыз өтпеуі – оның  ақылы асқан кемеңгер адам екенін дәйектейді.

 

Тарихи тақырыпқа тың түрен салған, қазақ әдебиетінде қабырғалы орны бар Қабдеш Жұмаділовтің “Дарабоз” романында да Бердіқожа батырдың достыққа берік, адамгершілігі мол, қиындықта әрдайым жолдас-жораның жанынан табыла білетін қасиетті адам екені айтылған. Жазушы шанышқылы Бердіқожаның 1729 жылы Итішпес – Алакөл бойында қалмақтармен болған ірі шайқаста кертөбелінен айырылған қаракерей Қабанбайға өзінің ақбоз атын беріп, қаптаған қалмақ қолынан батырды аман алып қалғанын баяндайды. Жазушының пікірінше, Қабанбайдың “Дарабоз”  атануына себепші болған да сол Бердіқожаның ақбоз аты екен. Содан кейін Бердіқожа мен Қабанбай екеуі жан аямас дос болады. Көп жыл бойы Қабанбаймен тізе қосып, Орта жүз жағында бірге соғысады.

 

Шежіреші Мәшһүр–Жүсіптің: “Шанышқылы Бердіқожа – Абылай заманындағы ең атақты, ең сенімді батырлардың бірі”, деген сөзі  Бердіқожаның Абылайдың адал да хас батыры болғанын дәлелдесе керек.

 

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың “Жалаңаш баба” деген шығармасында Абылай туы астында біріккен қаракерей Қабанбай, қанжығалы Бөгенбай, шанышқылы Бердіқожа, көкжарлы көкжал Барақ батырларды атайды. Зерделі ақынның сөзіне сенсек, көкжал Барақ пен тама Шынқожа найман жігіттерінен құралған 2000 жауынгерлерді бастап, Алатаудағы қырғыз ауылдарын шауып, көп олжамен қайтыпты. Осы жағдай, кейінде болған жер мен керуен жолдары үшін даулар азаттық жолында бірге күрескен екі ел арасына сызат түсіріпті. Осы кезде “Қордай, Шу бойы мен Талас аймағын қорғап, тыныштықты орнататын Бердіқожа бар ғой”, – деп, оған үлкен сенім артып, Абылай хан дау мен келіссөздерге араласпаған екен. Бұл тарихи мәліметтерге сүйенсек, Бердіқожа көзсіз батыр ғана емес, екі ел арасын бітімгершілікке шақырып, жер, ел, ер дауларын шешуге қатысқан, қабілетті елші де болғанын аңғарамыз.

 

Ғалым, қаламгер Ақселеу Сейдімбек жоғарыдағы айтқан мақаласында ғасырдан астам уақытқа созылған (XVІІ – XVІІІ ғ.ғ.) бұл соғыс қазақ хандығы үшін, бір жағынан шығын мен құрбандық әкелсе, екінші жағынан – мемлекеттің орнығуына, елдік ұғымының бекемденуіне, ұлттық сезімнің нығаюына, туған жердің халық санасында киелі сипат алуына, ең мәндісі ұлттық асқақ рухқа идеал болатын әйгілі тұлғалардың халық жадына орнығуына айрықша ықпал еткенін айтады.

 

Шоқан Уәлиханов жазғандай, сол заман қазақ халқы үшін шын мәнінде ерлік пен серіліктің заманы болды. Қазақ халқының жоңғар (ойрат, қалмақ) шапқыншылығына қарсы жүргізген “Ұлы Отан соғысында” (А. Сейдімбек) қазақтың көп батырының арасында Ұлы жүздің шанышқылы руынан шыққан Бердіқожа батырдың атының ерекше аталуының қисыны бар. Бұны тарихи жазбалар да, сол кездегі деректер де толық растайды.

 

Қаламы қарымды жазушы, тарихи тақырыптардың білгірі Мұхтар Мағауиннің 13 томдық шығармалар жинағында (Алматы, “Қағанат” баспасы, 2002 жыл) шанышқылы Бердіқожа туралы қызықты әрі тың деректер молынан бар екен.

 

Мұхаң өзінің кітабында былай деп сөз өрнектейді:

 

“... Хан Абылай аттанды дегенді естіп,

Келіпті шанышқылыдан Бердіқожа ...

Мәнісі мол, жүгі ауыр осы бір өлең жолдарын алғаш рет аспирант кезімде, ежелгі жыраулар мұрасын айғақтап, қадым кітап, көне жазбаларды қопарыстаған сәтті күндердің бірінде, қазақтың барлық ескілікті сөзін көкірегіне түйген Мәшһүр – Жүсіптің “Мес” жинағынан ұшыратқан екем. Екі жүз жылдық ойрат – қазақ соғысының ақырғы, шешуші кезеңі, Абылай хан үш алашқа сауын айтып, қалмақтың бетін теріске бұрған әуелгі ұлы жорықтарының біріне дайындалып жатқан шағы болса керек. “Келіпті      шанышқылыдан Бердіқожа”. Әрине жалғыз емес. Соңында аз ба, көп пе, тастүйін жасағы бар ...

Көз алдыма ақбайпақ қара тұлпарға мінген, мұздай құрсанған жаужүрек жас батыр елестеген. Сол күннен бастап Бердіқожа есіміне назар аударып едім. Ғылым академиясының  қолжазба қорында “Бердіқожа батыр” атты жыр бар екен. Арнайы алдырып көрдім. Шақпақ жол оқушы дәптеріне араб әрпімен жазылған. Көлемі әжептәуір, бірақ әлдебір ұмытылған эпостың екі бөлек үзігі сияқты, аяғы және жоқ – жақсылығын көре тұра көңілім толмайды, іздегенім табылмаған. Әйтсе де, Бердіқожаның Абылай заманындағы атақты ер екені, қаракерей Қабанбай, қанжығалы Бөгенбай, керей ер Жәнібек, көкжарлы Барақ батырлармен үзеңгілес серік, қарулас батыр болғаны аңдалған”.

 

Жазушы Мағауин осылай ой өрбітіп, Бердіқожаның көптеген ерлік істерін, батырлық мінезін алға тартады.

Тағы бір жерінде қаламгер: “Ауыл арасындағы тентек – ұлт батыры дәрежесіне жетіп, қамшы ұстаған байшыкеш – көсем дәрежесіне көтеріліп, балпақ – болат таңылып, ұлтан – ұлт тұлғасы деп жарияланған, Алаштың туын көтеріп, елін сақтаған аруақты батырлар қатардағы көптің біріне айналған, асқаралы алыптар атаусыз қалып жатқан бүгінгі күні, әрине, тікелей ұрпақтары, байлыққа жетпеген, аталас ағайыны билікке жетпеген басқа да арыстар сияқты, бір кезде қазақтың қайқы қара қылышы болған Бердіқожа батырдың есімі де ұмытылуға жақындаған еді. Әйтеуір мүлде ескерусіз қалмасын деп “Қазақ тарихының әліппесі” атты кітабымда Абылай заманының  бас  батырларының қатарында атадым”, – деп жазыпты. Аталасы үшін ғана емес, дүйім елдің, алты Алаштың мұраты үшін атқа қонып, елінің тәуелсіздігі жолында жан берген қазақтың қайқы қара қылышы – Бердіқожа батырды атаусыз қалдырмай, есімін ілтипатпен еске алған жазушы ағамызға мың алғыс.

Мұхтар Мағауиннің сөзінен көп нәрсені ойға түюге болады. Бірақ бір нәрсе мені мазалап, қояр емес. Неліктен Бердіқожа өзінің туып-өскен атамекенін тастап Арқа жеріне келіп, мәңгі тыныс тапты? Не себеп? Бұл жайында ғалым-зерттеушілер не дейді?

Орыс әскерінің офицері, тарихшы әрі этнограф ғалым Иван Григорьевич Андреевтің  “Қырғыз – қайсақтың Орта жүзінің сипаттамасы” деген еңбегінде бұл жөнінде аздаған мағлұмат ұшырасады. Оның жазуынша, 1781 жылы  Абылай хан қайтыс болғасын Алатаудан асырылған қырғыз қайтадан қазақ жеріне еміне бастайды. Міне, осы кезде Аягөз маңына қоныс тепкен Бердіқожа батыр қырғыздарға қарсы соғысқа аттанады. 1785 жылы Аягөздің тұсында батыр бастаған қазақ қолы қырғыздарға күйрете соққы береді.  Бердіқожа батыр 18 жыл бойы қырғыз ауылдарымен аралас отырған жерін тастап келгенде, қырғызға қарсы шыққан жорықтарында көмек бермеген аягөздік наймандарға ренжіп, Сарыарқаға ойысады. Сөйтіп, 1783 жылы мамырда Шыңғыстау аймағына біржолата көшіп келеді. “Егемен Қазақстан” газетінде (27.06.07.) басылған “Сардар” поэмасында ақын Несіпбек Айтұлы “Олжабай Наурызбай, Шөңкей, Шөрек, Жақсыбай, көкжал Барақ, ер Жәнібек

1234
скачать работу

Алаштың алдаспаны

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ