Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Алаштың алдаспаны

, Ханкелді, Бердіқожа, Баян, Жантай Баймұрат, Байғозы, Атан, Райымбек” деп ұлылар қатарына қосады.

И. Андреевтің жазуына қарағанда, Бердіқожа бастаған Шанышқылы ауылы малға бай, жылқысы көп, ұзын саны үш жүз шаңырақ болыпты. Әрине, Бердіқожа батыр Арқаға наймандарға өкпелеп келді ме, әлде, басқа да жағдай болды ма, ол жағын анық біле алмаймыз. Ақиқаты – ақиреттегі денесі Арқаның алып төсінде жатқандығы.

Бердіқожа батырдың өлімі туралы да әртүрлі дерек бар. Орыс офицері И. Андреевтің жазбасына сенетін болсақ, Бердіқожа батыр аз ғана қолмен қырғызға қарсы шайқасқа аттанады. Іле өзеніне келіп, қырғыздарға таяу аялдайды. Қазақ қолы артта қалған жасақты күтіп аттарын отқа жібереді. Осы кезде қырғыздың жасағы, шамамен 80 адам, олар да аттанысқа шыққан екен, қос тігіп бейқам жатқан қазақтың үстінен түседі. Бердіқожаның басын шауып, далаға тастап кетеді. Мұндай сұмдықты көрген қазақтың артынан келген жасағы қырғыздарды қуа жө­неліп, ұрыста жеңіп, Есенгелді манаптың ұлын тұтқынға түсіріпті. Батырдың сүйегін алып еліне қайтады.

2007 жылы Бішкек қаласында жарық көрген “Алымбектин санжырасы” (“Қырғыз шежіресінде”) деген кітапта Бердіқожа батырдың Есенқұл бастаған көп қолмен аямай шайқасып, ақыры, қырғыздың қылышынан қаза тапқаны жазылған. Демек, батырдың  қырғыздардың қолынан мерт болғаны ақиқат.

Бердіқожа батыр – 1786 жылы қаңтарда, мәйіт бұзылмайтын қыс кезінде қаза тапқан. Ауылға жетіп, қаралы хабарды естірткен соң, Бердіқожаның әйелдері тұтқынға түскен Есенгелді манаптың ұлын пышақтап өлтірген. Батырдың артында інісі Секлоян (Секержан) мен төрт ұлы қалады. Үлкені – Лепес, енді бірі – Шоқ, қалғанының есімдері белгісіз ...

Арманы жоқ батыр жау қолынан өледі деген сөз бар –  Ер мұраты сол болса керек.Бердіқожаның соңынан ерген шанышқылылардың бір бөлігі бас батырынан айырылған соң Шығыс Түркістанға өтіп, абақ-керей арасына барып, керей ішіндегі шанышқылы атаны құрайды. Сол шанышқылылардың бүгінгі ұрпағы өздерін керейміз, аруақты Бердіқожаның әулетіміз десіп жүр. Бірақ олардың кейін өз жері Ташкент маңына қайта оралғаны туралы да тарихи дерек бар ...

Бірқатар тарихи жазбаларда Бердіқожаның аруақты, әулие, өте қасиетті кісі болғаны айтылады. Дегенмен, қаншалықты әулие – батыр болғанын дөп басып айту қиын екенін біле тұра, біз куә болған бірнеше жайт Бердіқожаның тегінің тегін емес екендігін айғақтайды.

“Батырдың бейіті табылды. Тез жетіңіздер!” деген хабарды естіген күннің ертеңіне Қарқаралыға барғанымызды жоғарыда айттық. Сол жолы аудан әкімі Ниқанбай Омарханов бізді жылы жүзбен қарсы алғанымен, өңінде бір абыржушылық бар екенін байқағанбыз. Оған біз онша көңіл аудармадық. Қабылдауында отырып Бердіқожа батыр туралы ой бөлісе бастағанда ұялы телефоны шыр ете қалды. Сөйлесіп жатып көзіне қуаныштан жас алғандай болды. Сұрастыра келсек, Ниханбайдың тұрмысқа шыққан қызы бірер апта перзентханада толғағы қысып, босана алмай, қиналып жүр екен. Құдайдың құдіретінде шек жоқ ғой, Бердіқожа батырдың басына жиналып жатқанда мынадай қуанышты хабарды естіп, төбеміз көкке жеткендей болды. Өзі де қайта-қайта: “Батыр бабамыздың шапағаты шексіз екен. Әруақты кісі ғой” дей берді ...

Тағы бір көрініс. Батыр бейітінің басына барғанда күмбезге лашын келіп қонып, адамнан да, киноға түсіріп жүрген оператордан да үрікпей, міз бақпай отыра берді. Біз мұны батырдың зиратын қызғыштай қорғап жүрген киелі құс деп түсіндік.

Қарқаралыдағы Құнанбай мешітінің имамы Нұрбек қажы бейітке жүрелей отырып батырдың аруағына дұға бағыштаған сәтте ойламаған жерден  төбемізге дала бүркіті келіп, айналып жүргені де таңқаларлық жайт еді. Не алыстап кетпей, не жақындап келмей, қыран көкте самғады да жүрді. Біз көлікке отырып Қарқаралыға қарай бет алғанда, төбемізде қалықтай ұшып, едәуір жерге дейін шығарып салды. Мүмкін, бұл қыран Бердіқожа батырдың киесі болар...

Мұхтар Мағауин өзінің кітабында Бердіқожа батырдың аруағы туралы бірқатар сыр шерткен екен. Көкшетау мен Дуана тауларының арасы “Шоқан” кеңшарының жайлауы болып саналады. Жазушыны батыр бейітіне бастап келген Кенже Қашымашымовтың айтуынша, 1965 жылдың 22 маусымында кенеттен қара бұлт қаптап бұршақ жауып, кеңшардың тоғыз мың қойы үсіп өліпті. Ал Бердіқожа тамының түбінде отырған Балтабек Жұмабековтың бір тоқтысы да шығынға ұшырамапты. Тіпті, екі-үш шақырым қашықтықта жауған бұршақ бұл жерге тамбаған. Көпшілік мұны батыр аруағының қасиетіне балайды. Маңайдағы ауылдардан батыр бейітінің басына арнайы келіп, осында түнеп, бір перзент  сұрап, бас амандығын тілеп жүргендер әлі күнге бар екен.

 

Батыр жерленген жердің тағы бір ерекшелігі, бұл жай ғана жер емес. Тарихи мекен! “Тауарих хамсада” жазылғанындай, Абылай хан шүршітке қарсы қол жинап, соғысқа аттанарда дәл осы Дағанделі өзенінің бойына ордасын тігіпті. Бұл – баяғы Құнанбай қажы әкесі Өскенбайға үш жүзге сауын айтып, ұлан-асыр ас берген жер. Ас берілген Көкшетау тауы ежелгі “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” жырындағы Жорға тауының аралығында, Ащы мен Көкше суларының құйылысы Дағанделі өзенінің бастауы оң қабақ, биік жерде тұр. Сарыарқаның осындай шұрайлы, кең алқап төсін алаштың хас батыры, қазақтың қайсар ұлы Бердіқожа  да тегіннен тегін таңдамаса керек.

Бердіқожа батырдың кіндік қаны тамған ата қонысы Сыр мен Келес өзендерінің аралығы екендігінде ешкімнің шүбәсі болмауы тиіс. Батырдың атадан балаға жалғасқан шанышқылы руынан тарайтын ұрпақтары өсіп-өркендеген, бүгінде Шымкент, Сарыағаш, Ташкент, Тараз, Алматы, Түркістан, Кентау және тағы басқа қалаларда түрады.

 

Біздің ең алдымен осы Бердіқожа батыр туралы деректерді іздеуге түрткі болған, қазақтың шежіресін, аймақтың тарихын жетік білетін, көпті көрген, көзі ашық Нұрмұхамед Әжіметов ақсақал еді. Осы ретте батырдың мұрасын зерттеп, оны тиянақтап, көпшіліктің назарын аударған баба  ұрпағы Үміткен Сүйіншіқызының еңбегін де айта кеткен жөн.

Сондай-ақ, кезінде Ташкентті билеген датқа Молдақошық, Баба түкті шашты Әзиз атамыз, батыр Қасымбек пен Қараман, атақты күйші-сазгер Қазанғап Тілепбергенұлы, мемлекет және қоғам қайраткері Қаратай Тұрысов, жазушылар Немат Келімбетов және Тұтқабай Иманбеков, әйгілі әнші Жамал Омарова, ел құрметіне бөленген Мейрамбек Жексембиев, Ошақбай Көлбаев пен Аралбай Байсапаров ағаларымыз, генерал  Шахнұрат Әлімов, Кеңес Одағының батырлары Ілесбек Жолдасов пен Ілияс Оразов, “Даңқ” орденінің толық иегерлері Тұрдымұрат Әзімбаев, Тайыр Тастандиев, Алқар Оңғаров, халық әртісі  Алмагүл Сүгірбаева, көрнекті ғалымдар Усмадияр Маханов, Досым Сүлеев пен Өрісбай Чоманов, Еуропа, әлем біріншіліктерінің жүлдегері, боксшы Нұржан Сманов, тағы басқа қазаққа белгілі азаматтар мен осы жолдардың авторы да Бердіқожа батырдың ұрпақтары екенін мерей-мәртебе тұтады.

Осы ретте батырдың тұстасы, қазақтың қайсар да рухты ақыны Ақтамберді жыраудың:

 

“Білімді туған жақсылар,

Аз да болса көппен тең!

Жақсысы кеткен ауылдың,

Артынан жақсы шықпаса,

Өртеніп кеткен жермен тең!” – деген аталы сөзінің ақиқаттығына тағы  бір көз жеткізгендей боласың. Ұрпағы бардың – ұланы бар, ал ұланы бардың – ұлылығы ұмытылмайды...

Бір әттеген-айы, батырмен жорықтас, үзеңгілес болған Бөгенбай, Қабанбай, Қарасай, Райымбек, Жәнібек сынды батырлардың есімдері Қазақ елінің көп қалаларындағы көшелерге, білім мен мұражайларға беріліп жатқанда Бердіқожа атының ешбір жерде аталмауы көңілге қаяу түсіреді. Демек, шанышқылы Бердіқожаның тарих сахнасына қайта шығып, кейінгі өскелең ұрпаққа ұран болатын кезі жетті. Тек бұл іске мұрындық, жетекші болатын, қажымай-талмай еңбек ететін нар тұлғалы азаматтар қажет-ақ.

Осы жерде қисыны келетін бір ой, әлі күнге дейін тарихшыларымыз Бердіқожа батырдың туған жылы мен өлген жылын дәл анықтай алмай келеді. Ұлттық энциклопедияда 1690 жылы өмірге келіп, 1770 жылы өмірден өтті десе, орыс зерттеушісі И. Андреев 1685 жылы туып, 1786 жылдың қантарында қайтыс болды деп жазады. Мұндай әрқилы пікірдің басқа еңбектерде де ара-кідік ұшырасып жүргені жасырын емес. Осыны бір ізге түсіру біздің міндетімізге жататыны анық.

Батырдың атын асқақтату – рудың атын әйгілеу үшін емес, қазақтың өткенін бүгінгі күнге жалғастыру, елін сүюдің үлгісін ұрпақтың санасына орнықтыру үшін керек. Қазақ мемлекетін қалыптастыруда қабырғалы іс тындырған хас батырларды құрметтеу – өткенді жаңғырту, болашаққа бағдар, келешекке кемел қадам жасау.

Бердіқожа батырды енді шындап қолға алмасақ, жазушы М.Мағауин айтқандай, тарих бетінен, ұрпақ санасынан ұмытылып, өшіп қалуы да кәдік. Қазақ елін, Алаш мұратын алға қойған, соған адалдық танытқан хас батыр Бердіқожаның есімін қайта жаңғыртып, оның ерлік ісін “Мәдени мұра” бағдарламасына енгізу арқылы мемлекет тарапынан атқарылатын ресми іс-шаралар тізбесіне қосса, батыр туралы тарихи деректер мен мағлұматтарды жинастырып кітаптар шығарса, деректі фильм түсіріп, туған елінде есте қалдыру шараларын қолға алса – нұр үстіне нұр болар еді.

 Автор туралы анықтама

Бақтыбай Қасымбеков 1958 жылы өмірге келген. Лениинградтағы  Технология  институтын  үздік бітіріп, Мәскеудегі Н.С.Курнаков атындағы жалпы және неорганикалық химия институтының аспирантурасын аяқтап, техника ғылымдарының кандидаты, одан кейін ғылым докторы атанған. 70-тен астам ғылыми еңбектер мен патенттердің иегері. Отанымыздағы нанотехнологияны қолдану арқылы  асыл  заттарды  кристалды түрде өндіру процесі мектебінің негізін қалаушы. Ол сонымен қатар, ұлтымыздың арғы-бергі тарихын зерттеп, зерделеумен де айналысып жүр. Қазір Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің ақпарат басшысы болып қызмет атқарады.

Авторы: Бақтыбай ҚАСЫМБЕКО

1234
скачать работу

Алаштың алдаспаны

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ