Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Әлемдік даму аренасына қадам басқан мемлекеттер



 Другие рефераты
Экономика лекция Салық (дипломдық жұмыс) Бүгінгі таңда Қазақстанның экономикалық өсуі Өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтері

Әлемдік даму аренасына қадам басқан кез келген мемлекет өз қоғамының мүшелерінің барлық қажеттіліктерін қанағаттандырып,   жаңа биік белестерге қадам басуға әрекет жасайды. Бүгінгі таңда әлеуметтік мемлекет болып табылатын көптеген әлем мемлекеттері үшін әлеуметтік саясаттың айқын басым бағыттарын анықтап, салиқалы әлеуметтік саясат жүргізу, халықты әлеуметтік қорғаудың  өзіндік моделін қалыптастыру стратегиялық маңызы бар мәселе болып отыр. Әлеуметтік саясаттың басым бағыттарын анықтау арқылы мемлекет ең алдымен негізгі халықтың қажеттіліктерін анықтап, саясатты сол арнаға бағыттайды.  Демек, тиімді тетіктерін табу арқылы қоғамның әр түрлі топтарына, таптарына, әсіресе әлжуаз әлеуметтік қорғауды қажет ететін топтарын әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз етеді. «Әлеуметтік саясат» ұғымын теориялық-методологиялық талдау бұл саланың ғылыми негіздемесін орнықтырады. Ал әлеуметтік саясаттың негізі әлеуметтік қорғаудан бастау алса, әлемнің көптеген мемлекеттерінде  халықты әлеуметтік қорғаудың модельдері (Скандинавия елдері моделі,  Жерорта теңізі елдері моделі, Чилли моделі және т.б.) қалыптасып үлгерді. Осы тұста Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау жүйесінің әлем елдерінің озық тәжірбиесі негізінде өзіндік моделін жасап келеді. Десек те, қоғам түрленіп, нарық құбылып өзгерген сайын Қазақстанның да басқа мемлекеттер сияқты әлеуметтік саясатын жетілдіріп отыруы заңды құбылыс болып табылады.  Бұл ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты -  әлеуметтік саясаттың теориялық аспектілерін ескере отырып, әлемдік тәжірбиеге үңіліп, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау жүйесіндегі бағытын анықтау. Әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы азаматтық қоғам, демократия, гумманизм, құқықтық мелекет, еркіндік пен теңдік мәселелерімен тығыз байланысты. Әлемдік тәжірбиеде әлеуметтік мемлекеттердің қалыптасқан классикалық үлгілері мен мынадай белгілері бар:

  1. Мемлекеттік билік жүйесінің демократиялық ұстанымдарға сай ұйымдастырылуы;
  2. Мемлекеттік биліктегі адамдардың жоғары адамгершілік, ізгілік қасиеттерінің болуы;
  3. Экономикалық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану;
  4. Табиғи байлықтан түскен кіріс пен қаржыны халыққа теңдей бөлу;
  5. Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы;

Әлеуметтік бағыттағы мемлекеттік бағдарламалар мен оларды жүзеге асыратын тетіктердің болуы. [1]

Бұл қамқорлық адамзат қоғамында емес, тіпті зерттеулер бойынша жан-жануарлар тіршілігінде де кездеседі. Мәселен, пілдер тобыр болып жүргенде  ең әлсіз, әлжуаз мүшесінің жылдамдығымен бірдей жүрсе, ал дельфиндер жаралы дельфинді су бетіне шығарып ауа жұтуына мүмкіндік жасайды екен. Тарихқа үңілер болсақ, әлеуметтік, әлеуметтік қорғау  ұғымы ең алғаш біздің әдебиетімізде ХІХ ғасырдың ортасында пайда болды. Бұл ұғымды алғаш айтқан неміс философы Гегель еді. 1948 жылғы Адам құқығы туралы дүниежүзілік конвенцияның»  22-бабында «Әр адам қоғамның мүшесі ретінде әлеуметтік қамсыздандырылу құқығына ие» делінген. Ең алғаш тарихта өзін әлеуметтік мемлекет деп жариялаған Германия болатын.

Әлеуметтік саясат туралы теориялық талдаулар

«Әлеуметтік саясат» ұғымы ежелден бастау алады. Адамзат дамуының тарихында бұл ұғым түрлі қоғам мүшелерінің қажеттіліктеріне байланысты өзінің негізгі функциясын орындап отырды. Оның астарныда  қоғам мәдениеті мен дініне негізделген әлеуметтік әділеттілік жатады.

Саяси  тарихты талдау барысында көптеген ойшылдардың зерттеу  пәні мемлекет пен қоғамның қарым-қатынасы және мемлекеттің атқаратын қызметі екенің көреміз. Бірқатар ғылыми мектеп өкілдері мемлекеттің құрылудағы басты мақсаты – ол өз тұрғындарының жағдайын жасау деген тұжырымға келді. Платонның айтуы бойынша «кез келген билік, ол билік болғандықтан, өзінің қамқорлығын басқа біреуге емес, тек өзінің бағыныштыларына жасайды»,  ал  «берілген билеуші өзіне тиімдіні емес, бағынушыларына тиімдіні көздейді». [2]   Платон еңбек бөлінісіне негізделген, әлеуметтік бөліну мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Демек, ежелден-ақ қоғамның әлеуметтік және экономикалық ерекшеліктері көрінген.

Аристотель еңбектерінде «мемлекет өмір сүру үшін ғана емес, бақытты өмір сүру үшін жаратылады», «мемлекет – …көмек көрсету мақсатындағы одақ», ал ең жақсы мемлекеттік құрылым деп,  ұлы ғұлама әр адамның ізгілікте және бақытта өмір сүруіне мүмкіндік берген құрылымды мойындауды ұсынған [3]. Дәл сол Аристотель айтқан «орта табысы бар орта адамдардан тұрат мемлекет» теориясы  қоғам тұрақтылығының негізгі факторларының бірі болып отыр.

Т.Гоббс, И.Кант, Ф.Гегель және т.б. мемлекеттің өзінің азаматтары алдындағы міндеттерін талссыз әлеуметтік және ұнамды құндылықтардың негізі ретінде қарастырады.  В.фон Гумбольдт «Идеи к опы­ту, определяющему границы деятельности государства» [4] мемлекеттің бейбітшілік, қоғамдағы қауіпсіздік, индивидтердің еркіндігі мен құқықтарын қорғау секілді заңды функциялары мен қатар әркімнің әл-ауқаты мен бақытын қамтамасыз ету деген әлеуметтік міндеттерін де көрсетті. Яғни, мемлекет қоғам тұрақтылығын, азаматтардың еркіндігін ғана басты міндетке алмай, сонымен бірге әрбір қоғам мүшесінің қажеттіліктерін қанағатандырып, олардың бақытының баянды болуын да назардан еш  тастамағаны дұрыс болып табылады.

И.Фихте мемлекеттің азаматтардың өмір жағдайының кезеңдерінде әлеуметтік  қамсыздандыруға максималды қатысуы керек туралы «Замкнутое торговое государство» еңбегінде кеңінен талдап өтеді  [5].

О.Хеффе бойынша, «егер адамзат тұрмысы легитимди сипатта болса, онда ол біріншіден, құқықтық сипатта, екіншіден, құқық әділеттілік сапасында болуы керек, ал үшіншіден, әділетті құқық әділетті мемлекет сипатындағы қоғамдық тәртіппен қоғалуы тиіс» [6].

Т.И. Заславская «әлеуметтік саясат» ұғымын тар және кең мағынада қарастырады. Оның түсіндіруінше әлеуметтік саясат барлық халықты емес, оның ішінде мемлекет тарапынан қолдауларды қажет ететін белгілі бір  әлеуметтік топтар жатады. «Әлеуметтік саясат» тар мағынада -  бұл түрлі себептермен  өмірдің қиын жағдайларында күн кешіп, жағдайларын түзеуге шамалары келмейтін қоғамдық топтар мен тұрғындарды қолдауға арналған мемлекеттік іс-шаралар кешені. Ал кең мағынада Т.И. Заславская негіздеуінше,  әлеуметтік саясат аса күрделі және ауқымды мақсатты, яғни қоғамдық құрылым мен институттарды  социалистік қатынастар орнатуға бағытталады. Әрине, бұл тұжырымның сол уаұыт талабына сәйкес идеологиялық астары бар [7].

«Әлеуметтік саясат» ұғымына Р.Барнер мынадай анықтама береді: «Әлеуметтік саясат – индивидтер, топтар, қауымдастықтар, әлеуметтік мекемелер арасындағы қатынастарға араласатын, реттейтін  және қалыптастыратын әдістер мен қоғамның қызметі мен принципі» [8].

Әлеуметтік статус теориясы – әлеуметтік стратификация концепциясының құрамды бөлігі. Бұл теорияны жасаған Г.Д.Мейн және адан кейін жалғастырғанда Р.Линтон, Ф.Мерилл. Әлеуметтік статус тұлғаның қоғамдағы жасы, жынысы, шығу тегі бойынша алатын орнын білдіреді. Статус туылғаннан (әлеуметтік шығу тегі, ұлты) және қол жеткізілген (білімі және біліктілігі) болып екіге бөлінеді. Осы тұста әлеуметтік саясат қоғамда адамдардың түрлі статустарға ие болуы мен өсіп дамуына, ең бастысы әлеуметтену үрдісінің белсенді жүруіне ат салысып, қамтамасыз етуі керек.

Негізінен әлеуметтік саясат қоғамның  түрлі әлеуметтік топтар мен таптарына бағытталады. Ал қоғамның түрлі әлеуметтік топтары мен таптарының өздерінің өмір қызметіндегі байланыстары мен қызметтерін  ашып, талдайтын осы тұста әлеуметтік стратификация концепциясын қарастырмай кетуге болмайды.  Себебі қоғамның өзі – әлеуметтік құбылыс. Қоғамның әлеуметтік жағы, адамдар қатынасы, қоғамның әлеуметтік өмірін зерттейтін ғылым әлеуметтану ғылымында не маңызды десек, әлеуметтік құрылымды ерекше атауға болады.  Әлеуметтік стратификация теориясының негізін салушылар – М.Вебер, Т.Парсонс, П.Сорокин. М.Вебер әлеуметтік құрылымды көпөлшемді жүйе ретінде қарастырып, оның ішінде статус пен билікті ерекше қарастырды.

«Әлеуметтік ұғымы» бізідің әдебиетімізде ХІХ ғасырдың ортасында пайда болды. Бұл ұғымды зерттеумен айналысқан неміс ғалымдары еді.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты

ХХ ғасыр кез келген мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттарының бірі әлеуметтік саясат болуы керек екенін дәлелдеді. Әлеуметтік саясаттың басым міндеттері қоғамдық өмірде белгілі бір деңгейде теңдікті қамтамасыз етуді көздейді.

Халықты әлеуметтік қорғау – мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең негізгі басым бағыты. Экономикалық нарықтық қатынастар кезеңіне өткенде мемлекеттің әлеуметтік саясатын жетілдіру қажеттілігі туындады. Әлеуметтік саясат аясында халықты, оның ішінде көмекке аса мұқтаж адамдар, асыраушысынан айрылған, мүгедек жандар, жетім балалар әлеуметтік қорғалады.

Қазақстан Республикасы  Ата Заңында «өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы адам және адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп көрсеткен [10].  Әрине, әлеуметтік мемлекеттің негізгі принципі де әлеуметтік саясатты жүргізіп, негізгі функцисы әлеуметтік қорғау болып табылады. «Әлеуметтік қорғау –  бұл мұндай қатынастар, яғни оның қамқорлығында индивидтер қоғамдағы өз позицияларын сақтауға мүмкіндіктері болады. Әлеуметтік қорғау – саяси немесе әлеуметтік одақты сақтау функциясы» [11].

Әлеуметтік саясатты жүргізудің негізгі мынадай принциптері бар: баға көтерілгенде компенса

12
скачать работу


 Другие рефераты
Государственный аппарат России в 1900-1917
Анализ товарного ассортимента на предприятии
Самооценка
Опричнина


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ