Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ӘЛЕМДIК ТҰТАСТАНУ

лғанын байқаймыз. Бiз бiлетiн диалог екi жақты болушы едi, ал Батыстың ұғымындағы диалогта тек Батысты тыңдау және оның үлгiлерiн, қалыптарын қабылдау бар. Дiни саладағы тұтастанудың екiншi көрiнiсi дәстүрлi емес конфесссиялар мен жаңадан шыққан секталарды қолпаштау арқылы мұсылмандық, христиандық (әсiресе, католицизм мен православие) және буддизм дiндерiн бөлшектеу. Мұны әлемдiк дiндердi бөлшектеу, әсiресе, ислам әлемiн бөлшектеу саясаты десе болады. «Демократия» және «адам құқықтары» деген сыйқырлы сөздердi қалқан етiп, бұл күндерi Ахмадия, Бахаизм сияқты маргиналды топтар мен суфизм тариқаттары ең кәмiл, ең қауiпсiз (!) мұсылманшылық ретінде көрсетiлуде. Бұны «умеренный вариант ислама» яғни «исламның әлжуаз варианты» дейді. Елiмiзде кейбiр топтардың шаманизм, анимизм уә отқақұлдық (зороастризм) сияқты баяғыда жоғалып кеткен нанымдарды жаңғыртуға тырысуы да осы сарындас. Бұларға қоса, дианетика/сайнтология, йеһова куәгерлерi, сатанизм, махариши т.т. сияқты әлемдiк тұтастанудың жылы лебiн артқа алып, желкен ашқан дәстүрлi емес нанымдарды байқауға болады. Әлемдiк ықпалды күштер мен салымшылар ылғи да дәстүрлi емес ағымдар мен конфессияларды демейтiн, қорғаштайтын талаптарды алға тартуда. Мәселен, дiни сенiм бостандығы туралы заңдарда ұлттық мемлекеттiң мүдделерiне қайшы келетiнiне қарамастан дәстүрлi емес нанымдардың миссионерлiк әрекеттерiне рұқсат берiлуi талап етiлуде.
Тiл саласындағы тұтастану жөнiнде де бiр-екi ауыз айталық. Әлемдiк тұтастану барысының қарқын алуы және Американың дүние жүзiлiк билiктi өз тiзгiнiнде ұстауының нәтижесiнде ағылшын тiлi бiрегей халықаралық тiл сипатын алды десек қата болмас. Мықты тiлдер қатарына жататын неміс, француз, орыс тiлдерiнде ағылшынша кiрме сөздер мен тiркестер көбейген. Интернет жүйесi мен электрондық байланыс құралдарының үйiмiздiң төрiне шыққанын және кабельдi теледидар уә жерсерiк антенналары арқылы алыс-жақын шетелдердiң телеарналарын көру мүмкiндiгiнiң пайда болғанын есептегенде, ағылшын тiлiнiң болашағы туралы алаңдаудың бекер екенi анық. Зерттеушiлердiң болжамынша, келешек ғасырда дүние жүзiнде бүгiнгi 2 мың тiлдiң iшiнен елушақтысы ғана сақталмақ екен. Қазақстандағы қазақ тiлiнiң мәртебесiн нығайта алмай жатқанда, көптеген азаматтарымыз орыс тiлiн былай қойып, ағылшын тiлiн меңгерiп кеткенi таңқаларлық. Шетел тiлдерiн бiлудiң, әлбетте еш зияны жоқ. Бiрақ, өзiмiздiң туған тiлiмiздi өмiр мен тұрмыстың, ғылым мен бiлiмнiң әр саласындағы қажеттiлiктерге жауап беретiн деңгейге жеткiзбей жатып, басқа тiлдердi жас ұрпақтарымызға жаппай үйретудiң соңы не болмақ? Мисалға, Оңтүстiк Кореяны алып қарайық. Қырық миллионнан астам халқы бар бұл елде христиандықты қабылдағандардың саны 15 миллион адам мөлшерiнде. Бұл көрсеткiш осыдан 20 жыл бұрын небары 1 миллиондай едi. Бұл күнде корей халқының жастары түгелдей дерлiк ағылшын тiлiнде сөйлеуде, ағылшынша тәулiк бойы хабар тарататын жергiлiктi телеарналар iске қосылған. Бес мың жылдық жазба тарихы сақталған Кореяның бар-жоғы ширек ғасырда шоқындырулы және басқа мәдениетке жеңiлуi жас мемлекет бiздi ойлантуы керек…
Ислам әлемiнiң проблемалары: Бiрiккен Ұлттар Ұйымы деректерi бойынша 1996 жылы әлемдегi мұсылмандардың саны 1,5 миллиард адамға жеткен. Ислам Конференциясына мүше мұсылман елдердiң саны 55. Алайда, мұсылман елдерi арасында ойдағыдай дамыған ықтысаттық, саяси, мәдени әрiптестiк бар деп айту қыйын. Кейбiр мұсылман елдерiнде әлемдiк деңгейдегi ғалымдар мен технологиялық табыстар байқалғанымен, ислам әлемi өндiрушiлiктен гөрi тұтынушылық жағымен көрiнуде. Батыс елдерi ғылыми зерттеу және дамыту жұмыстарына жалпы ұлттық өнiмдерiнiң 2-3 пайызын жұмсауда. Мәселен, OECD (Экономикалық әрiптестiк және даму ұйымы) ұйымының қорытындысы бойынша зерттеу және дамыту саласында жыл сайын АҚШ 193,8 миллиард доллар, Жапония – 82,8 миллиард доллар, Германия – 31,6 миллиард доллар жұмсайды. Мұсылман елдерiнен зерттеу/дамыту саласына ең көп қаржы бөлетiн мемлекет Түркия – 1,7 миллиард доллармен әлем бойынша 17 орынды иемденедi. Бұл деректер ғылыми зерттеу және дамыту жұмыстарында қаншалықты артта қалғанымызды тайға таңба басқандай көрсетедi…
Әлемдiк тұтастану кезеңiнде күн тәртiбiнен кетпеген бiр дiн бар – ислам. Әсiресе, батыстың БАҚ-ы 11 қыркүйек 2001 уақиғасынан кейiн ислам дiнiн террористердi дайындайтын сенiм жүйесi етiп көрсетуде. АҚШ пен Израилдiң БҰҰ және халықаралық конвенциялар мен адам құқықтарын қорғау ұйымдарының шешiмдерiне қарамастан өз жоспарларын жүзеге асырып жатқаны белгiлi. Мiне, осындай ахуалда исламның болашағы қандай болмақ? Мұсылмандар бүгiнгi мүшкiлаттар мен қыйыншылықтарды қалай жеңбек? Қазақстандағы мұсылмандықтың дамуы қандай бағытта болмақ, тәрiздi сұрақтар алаңдатады. Ал, сын түзелмей, мiн түзелмейдi қағидасын ұстанып, ислам әлемiнiң бүгiнгi жағдайына баға бере кетелiк;
ХХI-ғасырдың бас шенiндегi ислам әлемiнiң көпшiлiгi менталитет, ойлау, бiлiм, ғылым, мәдениет және қоғамдық құрылым жағынан орта ғасырдағы деңгейiн сақтап қалғандықтан, бүгiнгi күнi Батыстың қолқасындағы тұтастануға жауап беру яки балама өндiрудiң орнына, Батыстың шылауында кеткен. Мұсылмандардың басым көпшiлiгi Батыстың бас айналдырар жылдамдықтағы дамуын күрделi руханият және алаңдаушылық сезiмiмен ғана бақылауда. Проблемаларға шешiм өндiруге тиiстi фиқһ (ислам құқықы) iлiмi тар шеңберлi догмалар мен схоластиканың құрсауынан әлде де құтыла алмай келедi. Кейбiр мұсылмандар болса, орта ғасырлардағы аскетизм мен суфизмдi ұстану арқылы «дүниелiктi талақ етiп», бақытқа жетемiн деп жүр. ХIII-ғасырдағы зұлматты мұңғұл шапқыншылығымен дамуы бәсеңдеген, тiптi тоқтаған ислам ғылымдарын қайтадан жаңғыртудың орнына, метафизикалық өмiрдiң сырға толы қойнауына эзотерикалық тариқаттардың көмегiмен кiру арманы постмодернизм дәуiрiндегi мұсылмандарды суфизмнiң иррационалды ұстанымдарына жетелеп, заманауи жаңалықтар мен технологиялық жемiстерге немқұридылықпен қарауға апарып соқтыруда. Бұл үрдiс соңғы жылдары елiмiзде де байқалуда. Батыстың «умеренный ислам» яғни «әлжуаз ислам» (бағынған ислам) жобасында осы суфизмге артылған рөл аса зор…
Ал, мұсылмандар мойындауға тиiстi ап-анық шындық бүгiнгi модернизациялық процестерден қашып құтыла алмайтынымыз болуы керек едi. Батыстың саяси, әскери, экономикалық һәм мәдени үстемдiгi күшейген сайын көптеген мұсылмандардың консерватизмге, томаға-тұйықтыққа, кертартпашылыққа қарай ығысуы алаңдарлық жағдай. Мұның нәтижесiнде, әсiре саяси-ислами ағымдар пайда болуда яки болдырылуда. Алайда, үшбу ағымдар ислам дiнiнiң универсалдылық сипатына зақым тигiзерлiк әрекеттерге дейiн баруда. Дiндi гео-саяси һәм гео-экономикалық мақсаттары үшiн қолданатын үшбу топтар мен шынайы ислам жолын ұстанған, ислами гуманизм уә оның универсалдылық сипатын сақтай отырып, ғылым мен бiлiмде, тұрмыс пен өмiрде жаңа ислам өркениетiн жасауға атсалысушы зиялы мұсылмандарды шатастырмау керек. Бұлар мұлдем бөлек нәрселер. Ислам әлемiнiң артта қалуының себепшiсi ретiнде тек Батысты кiнәлау дұрыс емес. Негiзiнен, ислам әлемiнiң артта қалуының басты кiнәлiсi хақ дiн исламның өзегiнен алшақтап, бұйрықтарын лайығынша орындамаған мұсылмандардың өздерi. Батыстың iстегенi – ғылымнан, бiлiмнен, тәжiрибелiк ойлау салтынан қол үзiп, тiрiдей дүниеден баз кешiп, дiннiң тек ритуал жағына ден қойып, рулық-тайпалық қырқыстар мен тақ таластарға бой алдырған, суфизм сияқты ақыл мен ғылымды мансұқтайтын уә исламның өзегіне жат сенімдерге шалдыққан мұсылман елдерiн отарлау һәм қанау болған.
Ислам атын жамылушы әсiре саяси ағымдардың пайда болуының себепшiлерiнен аяусыз Батыс отарлаушылығының езгiсi мен Батысқа көр-соқыр елiктеушiлiктен туындаған исламофобияның ықпалында қалыптасқан әсiре материалист-позитивист батысшыл көзқарасты айтуға болады. Ислам әлемiнiң проблемаларын шешу үшiн ХІХ-ғасырда Батыс елдерiне оқуға жiберiлген кейбiр азаматтар Батыстың бiлiмi мен өнерiн үйренудiң орнына, қайта оның мәдениетi мен құндылықтарын қабылдап, ғылым мен бiлiмдi, еңбек пен табысты, әдiлеттiлiк пен хошкөрушiлiктi уақыздаған ислам дiнiн айыптаумен болған. ХХ-ғасырдың бас шенiндегi кейбiр қазақ зиялыларының да осындай кептi кигенi белгiлi. Хиросима мен Нагасакиде атом бомбалары жарылған соң, жеңiлiстi мойындауға мәжбүр болған жапон императоры Хиро Хито (Hiro Hito, 1901-1989) америкалықтардың қысымымен өзiнiң «Күннiң ұлы» деген атағынан бас тартса да, халқына үндеу салып, «Батыстың рухын емес, технологиясын алыңдар!» деген. Мұсылман елдерiнiң көпшiлiгiнде болса, «батысшылдар» мен «исламшылдар» болып, халық екiге бөлiнiп, iшкi соғыстар мен саяси күрестер, идеологиялық жiкшiлдiк пен кертартпашылдық салдарынан мыңдаған адамдар қаза тауып, байлықтар талан-таражға салынып, өркениет дағдарысы пайда болған. Дәл осындай жағдайда мұсылмандар Батыстың озық ғылымдары мен технологиясын меңгерiп, фиқһ, кәлам, хадис, философия, әлеуметтану ғылымдарын жаңа методологиялық сарапқа салып, пайғамбарымыз Әз Мұхаммедтен (с.а.у.) кейiнгi ғасырларда дiнге енгiзiлген хұрафалар мен бидғаттардан (бидғат – Құранда орны жоқ, дiнге кейiн қосылған нәрселер), жаңсақ сенiмдер мен ырымдардан тазалағанда уә басқа нанымдардың әсерiнен қарсы ұғымдарға айналған ахирет пен дүниенi, материал мен руханиятты Құрандағыдай өзара байланысы реттелген, үйлесiмдi һәм қанағаттандырушы түсiнiктерге айналдырғанда дұрыс болар едi.
Ислам әлемiнiң бүгiнгi өзектi проблемасының бiрi тұрмыстағы дiннiң Құрандағы дiндi басып кетуi. Мұсылмандар қолдан жасалған дiн көсемдерiнiң қажырлы еңбегiнiң нәтижесiнде бұйрықтары аса түсiнiктi һәм қолдануға қолайлы ислам дiнiн ең бiр қыйын ритуалдер мен жорамалдар жыйынтығына айналдырған. Осының салдарынан деформацияланған тарихи сана дiн ретiндегi ислам мен мұсылман қоғамдардың тарихын және осы тарихтан туындаған синкреттi мәдениеттi ажырата зерттеу қабiлетiнен айырылған. Көбiнесе әфсаналар мен хиял-ғажайып мифологиялар араластырылған үшбу тарихи сана жөнделмей
123
скачать работу

ӘЛЕМДIК ТҰТАСТАНУ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ