Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ӘЛЕМДIК ТҰТАСТАНУ

iнше, «ислам дiнi» мен «мұсылман мәдениетi» жеке зерттелмейiнше проблемалар шешiлмек емес. Нақты мисал ретiнде мынаны айтпақшымыз; Пайғамбарымыз Әз Мұхаммед (с.а.у.) милади 632 жылы қайтыс болған соң, сол кездегi араб әдетiне сай рубасылары және ақсақалдар алқасымен кеңесе отырып, ел басқаршуы адамдар, басшылар сайланған-ды. Оларға сол кездегi тiлмен айтқанда «әмир әл-мұминин», яғни – «мұсылмандардың әмiршiсi» делiнетiн. Әмәуи әулетiнiң билiкке келуiмен әкеден ұлға қонатын патшалыққа айналған бұл институт негiзiнде «халифалық» ұғымы пайда болған. Сөйтiп, фәни адамдар жасаған институтқа дiни сипат артылып, осы сакрализация (киелеу) патшалықтан патшалыққа артып жалғасқан. Аяғында, ислам дiнiмен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын «зиллұллаһ», яғни «патша Аллаһтың жердегi көлеңкесi» деген жаңсақ сенiм қалыптасқан. Тiкелей шіркке (ортақ қосушылыққа) апаратын бұл ұғым исламға дейiнгi көптеген халықтарда байқалатын теократиялық мемлекеттiң негiзгi ұстыны едi. Көне Қытай, Жапон, Рим, Иран т.т. билеушiлерi өздерiн «Құдайдың ұлы», «Құдайдың өкiлi», «Көктiң ұлы», «Күннiң ұлы», «Тәңiрдiң көлеңкесi» дейтiн. Ал, тұрмыстағы дiн негiзгi бұлақтардағы дiннен басым болғандықтан, мұсылмандар пендеуи институттарды киелеу арқылы деформацияланған тарихи санаға тап болған. Тарихи сананы деформациялауда жеке басқа табындыратын суфи тариқаттарының «айрықша» рөл атқарғанын атауға мәжбүрміз. Сол себептi, жоғарыда келтiрiлген нақтылы мысалға ұқсас жүздеген хұрафалар мен бидғаттар, уақытша үрдiстер мен әдет-салттар дiннен бөлек зерттелмейiнше бүгiнгi тығырықтан шығу мүмкiн болмайды.
Мұсылман әлемiнiң ендiгi бiр көкейтестi проблемасы дiни схоластика мен догматизм. Әсiресе, белгiлi ғалым, ойшыл әл-Ғазали 1111 жылы өлген соң, «ендi iжтиһад есiгi жабылды» деушi бiр топ пайда болған. «Селефиййұн» деп те аталатын бұл схоластиктердiң пiкiрiнше, бұрынғы мәзһәб имамдары мен дiн ғалымдары айтылатын нәрселердiң бәрiн айтып болған. Олардан бiздерге сөз қалмаған, олардың iлiмiне ешкiм де жете алмақ емес. Сондықтан, iжтиһад есiгi жабылған, яғни дiннiң хүкiмдерi мен ұстанымдарын жүйелей отырып, жаңа мәселелерге қатысты ұйғарымдар мен тұжырымдар келтiрудiң жолы жабылған. Әлқисса, мұсылмандар тек бұрынғылардың айтқандарын ұстанып, жазғандарын оқыса жеткiлiктi, кәмiл мұсылманның қолынан келетiнi осымен шектелмек делiнген. Мiне, Құран Кәрімнiң аяттары мен Пайғамбарымыздың (с.а.у.) үгіттеріне тiкелей қайшы келетiн осы схоластиканың салдарынан мұсылмандар жаңа табыстар мен ғылыми жетiстiктер өндiрудiң орнына, бұрынғылардың мирасын мiсе тұтатын болған. Заман өзгерiп, адамзат жаңа көкжиектерге шыққан сайын, мұсылмандар бұрынғыларды қайталаумен, жаттанды зікірлерді естен танғанша айтумен артта қалған. Ал, жаңаша ойлауды, жаңа проблемаларды жаңаша шешудi ұсынған прогрессивті ғалымдардың көпшілігі схоластиктер уә қараңғы молдалар табы тарапынан «кәпiр», «зындық», «дiннен шыққан» деп айыпталған. Бұл дiнде орны жоқ догма дәл бүгiнгi күнгi ислам әлемiнiң үстiнде үйiрiлген қара бұлттай тұр. Осы қара бұлтты сейiлту үшiн дiндi тек ритуалдар мен культтердiң жыйынтығы деп бағалайтын деформацияланған тарихи сананың өзгеруi шарт.
Ұлттық мемлекет: Әлемдiк тұтастану барысында ұлттық мемлекет ұғымының әлсiрегенi шындық. Еуропаның ұлттық мемлекеттерi ортақ мүдделерi үшiн шекара мен ұлттық ақшаларын жойып та жiбердi. Ортақ қарулы күштер, ортақ парламент, ұлттық соттардың шешiмдерiн қарайтын ортақ соттар бүгiнгi күнi жиi естiлетiн сөздерге айналды. Еуропа Одағы мүше мемлекеттердiң ұлттық егемендiктерiн шектей отырып, ортақ христиан құндылықтары негiзiнде әлемдiк экономикалық, саяси бәсекелестiкте Батыстың мүдделерiн жүзеге асыруда. Сол себептi, 1963 жылы әрiптестiк туралы шартқа қол қойған Түркияны мүшелiкке алмай, күнi кеше ғана социалистiк блокта болған Орта және Шығыс Еуропа елдерiн мүшелiкке қабылдауда. Ал, Еуропадағы әлемдiк уә аймақтық тұтастануға қарсы әрекет ретiнде әсiре ұлтшыл ағымдар жаппай күшеюде. Жуырда Францияда болған президент сайлауында әсiре шовинист Ле Пеннiң (Jean-Marie Le Pen, 1928- ) социалистiк партияның басшысынан да көбiрек дауыс алып, екiншi орынға жетуi жағдаяттың қаншалықты уайымдарлық екенiн көрсетедi. Оның екiншi айналымда 20 пайызға жуық дауысқа ие болғанына қарағанда, бұл күнде демократияның бесiгi саналатын Франциядағы әр бесiншi азаматты әсiре ұлтшыл және тұтастануға қарсы деп айтуға болады. Ле Пеннiң «президент бола қалған жағдайда Францияны Еуропа Одағынан шығарамын» деуi де сондықтан. Ал, шовинизм жағынан Германия, Ресей, Чехия, Голландия, Сербия елдерi қалысар емес. Еуропадан адамзаттың басына тағы бiр пәлекет тумаса екен деуден басқа шарамыз жоқ…
Ұлттық мемлекет дегеннен бiр ғана ұлттың меншiгiндегi мемлекеттi түсiну дұрыс емес сияқты. Кейбiр әсiре ұлтшылдар болса, басқа ұлттарды жойып жiберуге дайын яки бiр ұлттың үстемдiгiн талап етедi. Соңғы жылдары бiзде де қазақстандықтар боламыз ба, жоқ бәрiн қазақ болдырамыз ба деген пiкiр талас жүруде. Бiздiңше ұлттық мемлекет дегенiмiз барлық iс-әрекеттерiнде әлеуметтiң мүддесiн ойлайтын, азаматтарына тең құқықтар бере отырып, әлеуметтiк келiсiмдi мұрат ететiн мемлекет. Мұндай мемлекет әлеуметтiк мүдденi қорғау кезiнде мемлекет жобалары мен жоспарларының таза табыс әкелiп-әкелмейтiнiне мән бермеуi де мүмкiн. Тiптi, кей жағдайларда табыссыз яки қосымша шығын әкелетiн жобаларға көмек беруi де мүмкiн. Ұлттық мемлекеттiң екiншi маңызды сипаты оның бiртұтас, яғни унитарлық мемлекет болуында. Өйткенi, унитарлық мемлекетте ғана ел бойынша бiрдей азаматтық, әкiмшiлiк құқық орындалады.
Қазақстан жағдайында азаматтар арасындағы қатынас құралы ретiнде қазақ тiлiнiң қолданылысын күшейтуiмiз ләзiм. Бұл әлемдiк тұтастану барысындағы ұлттық мемлекеттiң келешегiне бағыт-бағдар беретiн маңызды мәселе. Қазақ тiлiнiң қолданылу аясы кеңейген сайын азаматтар арасындағы рухани, мәдени байланыстар күшеймек. Қазақ тiлi күшейген сайын қазақ халқы танылмақ. Халқымыздың дархан мiнезi мен бай руханиятын таныған азаматтар арасында келiспеушiлiктiң пайда болуы екiталай. Бұл азаматтарды Қазақстан патриотизмiне тәрбиелеудiң күштi құралы болмақ. Патриотизм демекшi, әсiресе жас ұрпақтар мен қарулы күштерiмiздегi ұландарымызды отансүйгiштiкке тәрбиелеудегi ислам дiнiнiң орасан зор мүмкiндiгiн әлi пайдаланбай келе жатырмыз.
Ислам дiнiн үйренуден уә үйретуден қорықпайық. Исламда қорқатындай зиянды еш нәрсе жоқ! Батыс елдерiнде дiн сабақтары мектеп бағдарламаларына баяғыда енгiзiлген. Бұл жетпегендей, Германия сияқты көптеген Батыс елдерiнде «шiркеу салығы» алынуда. АҚШ, Британия, Франция, Германия сияқты елдерде католик, баптист, эвангелист университеттерi мен колледждерi өзге оқу орындары сияқты бiлiм беруде. Бұл елдерде, тiптi, католик, методист ауруханалары жұмыс iстеп жатыр. Христиан-демократиялық, христиан социал-демократиялық партиялар сайлауға қатысуда. Бiз болсақ елiмiз зайырлы деп, исламдық фундаментализм пайда болады деп, дiн ғылымдарын үйрету және зерттеу жағынан самарқаулық танытып келемiз. Егер дiнiмiздi мектеп оқушыларына, студенттерге үйретпесек, оларға дiндi үйрететiн басқа топтар мен ұйымдар күдiксiз табылады. Мiне, қауiп басқада емес, осында жатыр. Бұл жағдай мұсылмандарды мәзһәбтәр мен мәшрәбтерге, тариқаттар мен саяси фракцияларға бөлетiн болады. Бұған қоса, көптеген азаматтарымыздың басқа дiндерге кетуi салдарынан елдiң берекесi шайқалып, iшкi алауыздақтар өрбуi әбден мүмкiн.
Қорыта айтқанда, әлемдiк тұтастанудан қорқудың қажетi жоқ. Жоғарыда бұл барыстың тиiмдi және зиянды жақтарын көрсетуге тырыстық. Мақаланың көлемi шектеулi болғандықтан көптеген көкейкестi мәселелерге тоқтала алмадық. «Қорқудың ауруға пайдасы жоқ» деген мақал ерiксiз еске түседi. Әлемдiк тұтастануды тоқтатуға шамамыз келмейдi. Бұл, мүмкiн, керек емес те шығар. Ал, бiз бұл тұста не iстей аламыз, елiмiздiң тәуелсiздiгi мен руханиятын қалай сақтап қаламыз дегендi ойлауымыз керек. Осы тұрғыдан алғанда, Ұлттық Ғылым академиясы, Стратегиялық зерттеулер институты сияқты маңызды ғылыми зерттеу және дамыту ұйымдарына үлкен жауапкершiлiк артылуда. Жалпы, ғылыми ортаның тез арада исламофобиядан арылуы қажет демекшiмiз. Әлемдiк тұтастану барысында 200 миллиондық мұсылман-түркi жұрты мен екi миллиардтық ислам әлемiнiң ажырамас бөлiгi екенiмiздi ұмытпаған жөн. Ислам дiнi елiмiздiң тарихымен қоса болашағында да маңызды орын алмақ. Дiнiмiз жалпы адамзатқа ортақ iзгiлiктер мен игі құндылықтарды (Құранда «мағрұф» деп аталған) қабылдауды бұйырады. Сондықтан, тұтастануды жақтаушылар айтатын адам құқықтары, сенiм бостандығы, демократия деген ұрандарға бiздiң қарсылығымыз жоқ. Мәселе, олар айтатын адам құқықтары, сенiм бостандығы және демократия тек Батыстың құқықтары болып шықпаса екен дегенде…

[1] Мұртаза БҰЛҰТАЙ, Әлемдік тұтастану, «Жас Алаш» газеті, №58, 16.05.2002ж. және БУЛУТАЙ М., Ислам в контексте демократии и глобализации. Вестник КазНУ, серия философия. №1(21), 2004 г., 130-134 беттер.

123
скачать работу

ӘЛЕМДIК ТҰТАСТАНУ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ