Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Әлеуметтік-экомомикалық дамуды жоспарлаудың құкыктық негіздері



 Другие рефераты
Қазақстан Республикасының 2002-2003 жылдарға әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудын шетелдік тәжірибесі Әлеуметтік-экономикалық дамуды жоспарлаудың әдістері және оны жасау тәртібі Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудын мақсаттары мен міндеттері. Жоспарлаудың түрлері

Халык шаруашылығы салаларының даму барысын стратегиялык жағынан болжау-жоспарлау керек екендігін өмір айқындап берді, және осы дипломдық жұмыстың жоғарыдағы бөлімдерінде олардың экономиканы баскаруда алатын рөлі, маңызы дәлелденді. Экономика дамуын болжау және жалпы мемлекеттік жоспарларды жасау үшін, 1997 жылдың наурыз айында Қазақстан Республика Президентіне тікелей бағынатын Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігі құрылды. Агенттікке экономиканың дамуын болжау негізінде оның басынқы багыттарын аныктау және стратегиялык жоспарлар жасау аркылы оған қол жеткізу жолдарын белгілеу тапсырылған.

Ал индикативті жоспарды әзірлеу алғашында Экономика министрлігіне, кейін ол таратылған соң жаңа кұрылған Экономикалық жоспарлау агенттігіне тапсырылған болатын. Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылдың 13 казанында кол койылған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік огандарының жүйесін жетілдіру және қызметтерін анықтау туралы» Жарлығына сәйкес жоғарыда аталған функцияны қайтадан кұрылған Экономика және сауда министрлігі аткаратын, бұл министрлік Экономика және бюджеттік жоспарлау болып қайта аталып, индикативтік жоспарды жасау аталған органға жүктелді.

Әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспары Қазақстан Республикасыыың Конституциясына, Қазақстан Республика Үкіметінің жыл сайын шығатын «Әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспары туралы» Қаулысына және «Қазақстан Республикасында мемлекеттік жергілікті басқару туралы» Заңына сәйкес негізделеді.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспары туралы Қазақстан Республика Үкіметінің Қаулысы әр жыл сайын шығады және онда Қазақстан, облыстар және ұлттық компаниялар, мекемелердің жоспарланған мерзімге мақсаты, міндеттері және әлеуметтік-экономикалық          саясатынын басымдылықтары бойынша Үкіметтің көрінісі беріледі.

Аумақтың индикативтік жоспары Қазақстан Республикасының жоспарланған мерзімге арналған даму индикаторларына (1 кесте) және Үкіметінің әлеуметтік-экономикалық саясатыньщ басымдылыктарына негізделеді және Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігінің «Министірліктер мен ведомстволарға арналған жылдық стратегиялық жоспарларды дайындау жөнінде әдістемелік ұсыныстарына» сәйкес жасалады.

Қазақстан Республикасы Үкіметі 2003-2006 жылдарға жоспарлаған республика дамуының негізгі макроэкономикалық индикаторлары 1 кестеде көрсетілген және аумақтардың даму болжамы осы индикаторлардың өсу қаркынынан төмен болмауын жергілікті жоспарлау органдары камтамасыз етуі.

2003-2006 жылдарға Қазақстан Республикасының      макроэкономикалық көрсеткіштерін болжамы

Көрсеткіштер 2001 ж. есеп 2002 ж. есеп 2003 ж.

есеп

Болжам
2004 ж. 2005 ж. 2006 ж.
ЖІӨ (жапы ішкі өнім), млрд. теңге 3251 3751 4210 4706 5312 6134,7
ЖІӨ, млрд. АҚШ долл. 22,2 24,4 26,7 29,1 32,1 36,3
АҚШ долл. теңгеге шаққанда курсы 146,7 153,5 147 150 155 159,5
Экономиканың монетизация деңгейі, % 17,7 20,4 22,2 23,6 24,3 24,6
Ұлттық Банктің алтын-валюталық қоры, млн. АҚШ долл. 2508,0 3139,0 4000,0 4231,0 4527,0 5008,0
Тауарлардың экспорты, млн. АҚШ долл. 9101,0 9677,0 10166,6 10606,0 11235,0 13244,0
Тауарлардың экспорты, млн. АҚШ долл. 7849,9 7530,0 8240,0 8715,0 9185,0 10093,0
Тауарлық баланс, млн. АҚШ долл. 1251,1 2147,0 1926,6 1891,0 2050,0 3161,0
Негізгі капиталға инвестиция, млрд. теңге 775,7 1193,1 1372,0 1177,3 1295,1 1498,5
Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы мөлшері, млрд. теңге 534,8 555,5 535,5 563,0 609,3 650,7
Өнеркәсіп өнімінің жалпы мөлшері, млрд. теңге 1999,5 2292,0 2477,6 274,5 3140,1 3762,7
Экспортқа шыққан шикі мұнай бағасы, млн. АҚШ долл. 3891,0 5154,0 4686,5 4642,3 5382,1 7707,7
Мұнай бағасы, барелльге АҚШ долларымен 24,4 25,1 21,2 21,0 22,0 22,5
Мұнайдың экспорт бағасы, барельге АҚШ долларымен 18,2 18,3 15,9 15,8 16,5 16,9

 

скачать работу


 Другие рефераты
Новейшие разработки вооружения и техники для сухопутных войск и войск РХБ защиты
Бизнес-план предприятия по производству автомобильных литых дисков
Аромотерапия
Образование единого российского государства


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ