Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Әлеуметтік-экономикалық дамуды жоспарлаудың әдістері және оны жасау тәртібі



 Другие рефераты
Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудын шетелдік тәжірибесі Әлеуметтік-экомомикалық дамуды жоспарлаудың құкыктық негіздері Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудын мақсаттары мен міндеттері. Жоспарлаудың түрлері Қазіргі кездегі салық кодексіндегі өзгерістерді талдау

Қоғамның даму үрдістерін болжау деңгейі неғұрлым жоғары болса экономиканы басқару ісі де соғұрлым тиімді болады.

Болжам дегеніміз белгілі бір объектінің болашақтағы жай-күйі, даму жолдары туралы ғылыми-дәлелді пікір. Болжамдарды зерттеп дайындау процессі болжау деп аталады. Болжау — қоғам өмірінің барлық саласында даму теория мен практиканы байланыстырып тұратын өте маңызды түйін болып саналады.

Ол негізінде екі мағынадан тұрады. Біріншісі, болжап айту, яғни мәселенің болашактағы перспективасын, жәй-күнін суреттеп, бейнелеп беру. Екіншісі, болжап көрсету, ескерту, яғни мәселенің болашағы туралы барлық ақпаратты тиімді пайдалана отырып, оны шешу жолдарын көрсету, анықтау.

Қазіргі кезде, ғалымдардың бағасы бойынша экономикалык болжам жасаудың 150-ге жуық әдісі бар. Іс жүзінде соның 15-20 шақтысы ең негізгі әдістер ретінде қолданылады.

Сыртқы белгісіне сәйкес, болжау әдістерін екі топқа бөлуге болады: интуициялық әдістер (эксперттік баға әдістері) және математикалык әдістер.

Интуициялык әдістер, (эксперттік баға әдістері) екі топқа белінеді: дербес эксперттік бага беру және коллективтік эксперттік бага беру әдістері. Бірінші топқа: интервью (сұхбат) жүргізу; логикалык анализ жасау; сценарий құру әдістері жатады. Екінші топқа: комиссия кұру; коллективтік идеяны жинақтау («дөңгелек стол») және «Дельфи» әдісі кіреді.

Математикалық әдістер де екі топқа бөлінеді: экстрополяциялық әдістер және модельдер кұру әдістері. Бірінші топка ең кіші квадраттар; экспоненциялдық түзеу; тұраксыз орташа көрсеткіштер әдістері енеді. Екінші топқа кұрылымдық модельдер, матрицалық модельдер әдістері жатады.

Жоспарлаудың ғылыми негіздеріне объективті экономикалық заңдарды тану және саналы түрде қолдану, ұдайы өндіріс теориясы, жүйелік, кешенділік, жоспар жасау тәртібі, реті мен логикасының бірлігі және жоспарлау қағидалары мен әдістері жатады.

Жоспар жасау логикасы — барлық деңгейде жалпымемлекеттік жоспарларды әзірлеумен байланысты нақтылы әрекеттердің тәртіпке бағындырылған реті. Оның негізгі идеясы барлық жоспар жасау процесінің басталатын және соған бағынатын негізгі пунктін анықтау. Жоспар жасау логикасының негізгі элементтеріне төмендегілер жатады:

1. жоспарлау кезеңіндегі экономика дамуының максаттарының жүйесін калыптастыру (логиканың негізгі пункті);

2. базистік   кезеңдегі   экономика  дамуын   талдау   және   оның деңгейлерінің параметрлерін анықтау;

3. жоспарлы  кезеңдегі  қоғамның қажеттіліктерінің көлемі мен кұрылымын аныктау;

4. қоғамның   қорлары   мен   кажеттіліктерін   үйлестіру   және жоспарлы кезеңдегі экономика дамуы жоспарының жобасын әзірлеу;

5. жоспар жобасын талқылау және бекіту.

Жоспар жасау логикасы жоспарлау кағидалары деп аталатын белгілі бір заңдылықтарға сүйенеді. Олардың негізгілерінің қатарына төмендегілерді жаткызуға болады:

1. Басқарудың ғылыми нақтылы және тиімді болу қағидасы. Яғни, жоспарлауда экономика дамуының объективті  заңдарының талаптары, отандық   және   шет   елдік   тәжірибе   мен   ғылымының   жетістіктері назардан тыс қалмауы тиіс. Жоспардың ғылымң нақтылануы жиналған тәжірибені,    нақты    қалыптасқан    жағдаиларды    елемеумен    және жоспарлаудағы жагымпаздыкпен (басшы адамның кез келген идеясын дұрыс деп табумен) сиыспайды.

2. Жоспарлаудың   үздіксіз   болуы.   Ұзақ  мерзімдік  жоспарлар бірнеше орта мерзімдік, ал орта мерзімдік жоспарлар, қысқа мерзімдік жоспарлардан кұрылуы тиіс.

3. Жалпы мемлекеттік және жеке мүдделерді үйлестіру қағидасы. Жоспарды ойдағыдай орындау көбінесе жалпыхалықтық мүдделердің, ұжымдар   мен  жеке   адамдардың  мүдделерімен   қаншалықты  тиімді үйлескеніне     байланысты.     Аталған     мүдделерді     назарға     ілмеу, экономиканы басқарудың тиімділігін төмендетеді.

4. Жетекші   салаларды   белгілеу   аркылы   экономикада   тиімді үйлесімділікті     (сандық    катынастарды)    қалыптастыру    қағидасы. Жетекші салаларды, басынқыларды белгілеу — бар қорларды дамудың сол кезеңі үшін аса маңызды салалар мен аумақтарды дамытуға, ірі әлеуметтік-экономикалык мәселелерді шешуге жұмылдыруға мүмкіндік береді.

5. Жалпымемлекеттік   жоспарлардың  бірлігі   мен   кешенділігін қамтамасыз ету қағидасы. Жоспарлардың бірлігін қамтамасыз ету екі жақтан тұрады. Біріншісі — жоспардың     методологиясының, көрсеткіштер    жүйесі    мен    реттегіштерінін    бірлігі, екіншіден-материалдык бірлігі.    Жоспарлардың   кешенді    болуы   кез   келген

деңгейдің жоспарлары экономиканың барлық жақтарын, байланыстарын бір-бірінен ажыратпай қамту керек екенін білдіреді.

Жоспардың жасалу ерекшеліктеріне, қамтитын ауқымына байланысты жоспар жасау үшін бірнеше әдіс қолданылады. Олар: экономикалык анализ (талдау), нормативтік, баланстык, экономикалык-математикалық, бағдарламалық-мақсатгықт.б. әдістер.

Жоспар жасау ісі, біріншіден, экономика дамуының өткен мерзімдегі көрсеткіштерін талдауды, зерттеуді талап етеді. Бұл жұмысты орындау үшін экономикалық талдау әдісі қолданылады. Оның негізгі мақсаты экономикалык даму деңгейін, пайдалынылмаған ресурстарды тауып, оларды қолдану жолдарын, салааралық қатынастардың тиімділігін, өткен мерзімдегі жоспардын орындалуы, не орындалмау себептерін, жоспарлау ісінде жіберілген кемшіліктерді анықтау болып табылады. Ол үшін экономикалық анализ және синтез, топтастыру, теңеу, индекстер мен корреляциялық коэффициенттерді есептеу, статистикалық әдістері қолданылады.

Экономика дамуы жоспарының барлық көрстеткіштерін нақтылау үшін, әсіресе, пайдаланатын материалдар мен шикізат ресурстарының кажетті көлемін анықтау үшін жоспарлау органдары мен ғылыми-зерттеу институттары жасайтын прогрессивті жоспарлау нормалары мен нормативтерді пайдаланады.

Баланстық әдіс, жоспар көрсеткіштерін тығыз байланыстыру үшін колданылатын негізгі әдіс. Бұл әдіс экономикадағы барлык пропорцияларды құру кұралы болып саналады. Жоспарлау ісінде баланстардың калыптасқан жүйесі колданылады. Баланстар негізінде үш топқа бөлінеді. Олар: материалдык, еңбек ресурстары, кұндык баланстар. Бұлардан басқа салааралық және халық шаруашылығы баланстары қолданылады.

Еңбек баланстарының көмегімен экономика салаларында еңбек ресурстарын тиімді пайдалану жолдары, халық шаруашылығын жұмысшы. және .маман кадрларымен камтамасыз ету көрсеткіштері анықталады.

Құндық баланстар арқылы қоғамдық жиынтык өнім мен ұлттық табысты бөлудегі дұрыс экономикалык пропорциялар кұрылады. Мемлекеттің, кәсіпорындардың, халыктың қаржылық ресурстарын дұрыс пайдалану жолдары анықталады.

Жоспардың экономнкалық тнімділік тұрғысынан оптималді вариантын аныктау үшін экономикалык-математикалық әдіс қолданылады. Осы әдіске сүйене отырып, экономикалық құбылыстардың математнкалық модельдері кұрылады. Мысалы, болжамдық халық шаруашылығы балансының моделі, салааралык өнім өндіру және тұтыну балансының моделі.

Сызықтық программалау әдістерін пайдалану арқылы өндірісті жоспарлау ісінің көптеген күрделі мәселелері шешіледі.

Жоспарлаудың бағдарламалык-мақсаттык әдісі экономикадағы кұбылыстарға, ірі мәселелерді шешуге жүйелік, кешенді көзкарас керектігіне негізделген. Себебі, кез келген саланың дамуы басқа да салалардың — шикізат беретін, отын-энергия, қосалқы бөлшектер шығаратын және сол саланың өнімдерін пайдаланатын, сол салага әр түрлі қызмет көрсететін салалардың дам.у көрсеткіштерімен тығыз байланыста болады. Сондықтан, алға койған мақсатқа жету жолдарын көрсететін жоспар жасалған кезде осы байланыстардың бәрі ескерілуі керек.

Бағдарламалық-мақсаттық әдіс мемлекеттік, салааралық және аймақтық бағдарламалар жасағанда қолданылады. Бағдарламаларда алға койған мақсат анықталады және сол мақсатқа жету жолдары мен құралдары көрсетіледі.

Бағдарламалық-максаттық әдіс: біріншіден, экономика дамуындағы күрделі мәселелер ішінен ең негізі, ең көкейкесті ғылыми-техникалык, экономикалық, әлеуметтік мәселені айқындауға мүмкіндік береді; екіншіден — сол мәселені шешу үшін керекті материалдық, еңбек және каржы ресурстарын тиімді пайдалану жолдарын көрсетеді; үшіншіден, кешенді мәселелерді шешу мақсаты мен мерзімін экономика мүмкіндіктері мен ресурстарын үйлестіреді, соның арқасында жоспардың баланстық үйлестіру деңгейін көтереді; төртіншіден — кешенді бағдарлама көрсеткіштерін салалық және аумактық жоспарлардың көрсеткіштерімен байланыстырады.

Индикативтік жоспар Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігінің «Министірліктер мен ведомстволарға арналған жылдық стратегиялық жоспарларды дайындау жөнінде әдістемелік ұсыныстарына», Қазакстан 2030 ұзақ мерзімді стратегиясына, Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялык даму жоспарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының аймақтық ерекшеліктерін ескере отырып жасалынады.

Әлеуметтік-экономикалык дамуының индикативтік жоспары жыл сайын республика, облыс, сондай-ақ аудандар мен калалардың орта мерзімге дейін арналып әзірленеді және әміршілдік емес, ұсыныс сипатына ие, яғни нарык субъектілеріне бағыт беруші болып

12
скачать работу


 Другие рефераты
Құдайбердіұлы Шәкәрім (1858- 1931)
Особенности первых российских революций 1905-1907 гг.
Моделирование процессов разряда-ионизации серебра на поверхности твердого электрода
Балықтар класы


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ