Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Әлеуметтiк философия. Қоғам бiртұтас жүйе ретiнде

олуы- бiр тiлге негiзделген, территория,мәдениет, экономикалық қатынастар бiрлiгi байқалатың тарихи қалыптасқан адамдар бiрлестiгi. 2)Ұлттық мемлекеттердiн пайда болуы, олардың  нақты шекараларының бекiтiлуi. 3) Халықтық билiкке, демократияға, басқару органдарының көпшiлiк пен сайлануы, көп партиялардың болуы. 4) Ақпарат құралдары арқылы адам санасына әсер ету. 5) Өндiрiстiң комерциализациялануы, «Бәрi сатылада!», рыноктың ңығайтылуы, капиталға негiзделген жеке меншiк бiрiншi орында. 5) еңбек өнiмдiлiгiнде революция байқалады, 20ғ. 75-80 жыл арасында пролетариатты орташа әлеуметтiк топқа айналдырған: а) механизация негiзiнде машиналы өндiрiстiн басым болуы; в) фабрикалық негiзде өндiрiстi қайта ұйымдастыру (ғалым- лаборотория, кiтапхана). 6)аул шаруашылығымен айналысушылардын санынын азайюу, индустриялды секторда көбейюi. 7) урбанизация, мобильдiлiк процестер  аул өмiрiне қарсы процестер (адам құлап қалса, қызға бiреу тисiп жатса). 8) көпшiлiктiң сауатты болуы байқалады: а) квалификацияның көтерiлуi, в) баспа сөз өнiмдерiнiн көбейуi, г) бiлiм беру институттарының қалыптасуы. 8) ғылымның практикалық маңыздылығының көтерiлуi.

Постиндустриалды қоғам- (1962ж. Дэниел Белл «Постиндустриалды қоғамның келуi») немесе информациялық қоғам деп атауға болады, өйткенi оның ядросы информациялық технологиялардың қарқынды және шапшан дамуы болып табылады. Егер инд-ды қ. индустриалды революцияның нәтижесi болса, онда постинд-ды қ. информациялық революция нәтижесi. 1) экономикада өндiрiстiн ролi төмендеп информация өндiру және оған қызмет көрсетудiн (сервис) ролi күннен күнге жоғарлап барады. Қазырғы заманда информация негiзгi байлыққа айналып барады, оның ерекше белгiлерi: жер мен капиталға қарағанда ол шексiз, бәрiне де қолайлы және қолданған кезде азаймайды, арзан, ал оны сақтау және жонуы (переработка) қыйынға түспес, ал бұл оның өнiмдiлiгiн арттырады; 2) оның техникалық базасы компьютер технологиялары және коммуникация құралдары б.т; 3) «ұлтаралық шекаралардың» бұзылуы, батыс Еуропа елдерi Шенген келiсiмi бойынша қай болсын елге визасыз бара алады, тәнертен Германия-Бельгия-Голландия-Франция-Испанияда кешке болуы мүмкiн, немесе АҚШ және Канада; 4) халықаралық ұйымдардың ролiнiң көтерiлуi (ООН, НАТО, ОБСЕ, ПАСЕ);  5) Демократияның дамуы (Олвин Тоффлер) 6) жеке меншiктiн орнына корпаративтi және институционалды меншiк келедi (О.Тоффлер-жлпы қоғамдық байлық жасау, өндiру тәсiлi қалыптасады) инф-қ техн-ға негiзделген адамның дене күшi емес оның интелектувлды күшi пайдаланады, өндiрiс тәсiлi бiлiмге негiзделедi (ақша-информация, ақша-кредит карточкасы, электронды ақша,  өндiрiсте капиталдың- акция); 6) Завод- офис, ал Тоффлер- «электронды котедж», үй жұмысы компьютердi, мультимедия, телекомуникацияны қолдану арқылы жүзеге асады д.е.7) интелектуалды еңбекпен айналысушыларға тән субурбанизация- қала шетiнде орналасу; 8) Функционалды сауатсыздық, оқу, жазу, есептеу дағдылардың жойылуы, информациялық игiлiктердi материалды мен салыстырғанда өзiне алып алуға болмайды, оны тек түсiну, ұғұ қажет; (освоена, а не присвоена), ткстi оқығаннаң кейiн оның мазмұны бойынша жауап бере алмау, оның оқи алмайтының бiлдiредi.

 Келешекте «супериндустриалды» қоғамға келемiз деген болжам бар, ал бiз оны «информациялық қоғам» деп атаған жон көремiз.

Қоғамның даму концепциялары:

*нигилизм (Кант «бiртiндеп жақсарудан өлгел жатырмың», Ницше, Шопенгауэр, Франк, Бохенский) – қоғамдық прогресстiн болуына күмәнданып, мойындамау

*географикалық детерминизм (Монтескье, Бокль, Мальтус, Кьелен) қоғам дамуында географиялық жағдайлар: климат, қазба байлықтар мен табиғи ресурстардың болуы және халық саны шешушi б.т. деп есептеу

*әлеуметтiк- табиғи (Л.Гумилев)- қоғам дамуында пассионарийлер (кейбiр табиғи факторлар әсерiмен, күн қуатының белсендiлiгi немесе ғарыштық радиация т.б. аса ынталы әрекеттерге бейiмдi этностар) шешушi болып табылады

*формациялық тұғырнама (Маркс)- әлеуметтiк- экономикалық фактор маңызы және таптық күрес қоғам дамуында асыра бағаланады

*технократиялық (Белл, Ростоу, Тоффлер)-техниканы, технологияны және ғылымды постиндустриалды қоғамның жүиеқалыптастырушы элемент негiзiнде алады

*мәдени-тарихи (Сорокин)-мәдениет ерекшiлiктерi мен дүниеге көзқарастарды абсолюттендiру

*әлеуметтұлғалық (Мертон, Фромм)- тұлғаның еркiндiк деңгейiн және оның қоғам мен  өзара әрекеттестiгiн қарастырады

*қоғам дамуының жалпы бiр негiздерiн мойындамайтын көзқарастарда бар (М.Вебер) оның айтуынша батыстық-еуропалық капитализм генезисiне экономика мен протестанттық этика бiрдей әсерiн тигiздi

Бiздiң байқаумызша бұл тұғырнамалардың бәрi де сынаржақты болып келедi, қоғам дамуының бiр қырланып әсерлейтiн ао екiншiсiне мән бермейтiн. Бiз қоғамды бiртұтас организм ретiнде қарастырып, оның дамуында келесi компоненттердi белгiлеймiз: экономикалық-өндiрiстiк, әлеуметтiк, саяси-басқару, табиғи, рухани

Мәселе шешу: М.Вебер харизматикалық басшылық тұғырнамасын ұсынды (харизма гр.

Құдай берген қасиет), жеке құлшылық ету және сенiмдiлiк арттыру мен байланысты

Қарапайымнан тыс қасиеттiн авторитетiне негiзделгiн, ол бар блған адамда

басқарушылыққа,  билеушiлiкке беймделген дегендi бiлдiредi (батылдық, ашық, қайсар

болу), және ол адамды билiкке әкеледi, мысалы: рухани өмiрде пайғамбар немесе

политика саласында саясатшылар сияқты.

Бұл концепцияның кемшiлiгi мен дұрыс жақтары неде?

3. Сонымен, адамдардың қоғамдық қатынастарын табиғи-тарихи процесс ретiнде қарастырсақ, бұл мәселеде ьасты рольды К.Маркс тұжырымдаған «қоғамдық сана» және «қоғамдық болмыс» категориялары алады. Өйткенi қоғам тарихында адамның санасы мен еркi арқылы реттелетiн, мақсат-мүддесiмен басқарылатын белсендi iс-әрекетiнсiз ештене болмайды. Бұл мақсат-мүдделердiн объективтi негiз бар- олар қоғамдық болмыс қатегориясымен айқындалады.

Қоғамдық болмыс- қоғамның материалдық өмiрi, ең алдымен адамдардың өндiрiстiк қызметi және адамдар арасында қалыптасатын өндiрiстiк, экономикалық қатынастар жиынтығы.

Қоғамдық сана- адамдардың рухани өмiрi, яғни адамдар өздерiнiң практикалық iс-әрекетiнде басшылыққа алатын идеялар, теолриялар мен көзқарастар жиынтығы. 

Қоғамдық сана ұғымы көлем жағынан аса кең философиялық категория болып келедi. Өйткенi ол коғамның рухани өмiрiнiң барлық жақтарын, шындықтың адам ойлаунда бейнеленуiнiң барлық формаларын қамтиды: идеялар, теориялар, көзқарастар (саяси, құқықтық, адамгершiлiк, эстетикалық, ф-қ, дiни т.б.), ғылыми бiлiмдермен қатар, әлеуметтiк сезiмдер мен көңiл күйлер, әдет-ғұрыптар, мiнез-құлықтар, дәстүрлер, (таптар, ұлттар) халықтар кейiп ерекшелiктерi де кiредi.

Бiрақ бұл екi категорияның арақатынасында келесi үрдiс байқалады: қоғамдық сана материалдық өндiрiстiн, еңбек қызметiнiң негiзiнде,(қоғамдық болмыс) қажеттi түрде шығады. Адамның табиғатқа мақсатты түрде әсер етуi, табиғатты өз қажеттiлiктерiне бейiмдеу, яғни еңбек процесiнде өндiруге тиiстi заттар мен құбылыстардың қасиеттерi жайындағы бiлiм деңгейi өседi.

Маркс пен Энгельс өз философияларында бұл категориялардың арақатынасы жайында келесi тұжырым жасап- қоғамдық болмыс бiрiншi, ал қоғамдық сана оған тәуелдi, оның туындысы екенiне келесi дәлел келтiрдi: адамдар ғылыммен, өнермен, философиямен, саясатпен т.б. айналасу үшiн алдымен сусын iшуi, тамақ жеуi, киiнуii баспанасы болуы тиiс, ал бұлар болу үшiн оларды өндiру қажет. Осы қарапайым ақиқаттың астарында қандай мән жатыр? Адамның бүкiл өмiрi, тiршiлiгi сайып келгенде материалдық игiлiктер өндiру тәсiлiне тәуелдi. Олай болса, бүкiл қоғам өмiрiнiң негiзi-еңбек. Өндiрiстiк еңбексiз қоғам өмiр сүре алмайды, тiптi пайда болмаған да болар. Сонымен, не алғашқы деген сұрақтан, келесi жауап туады: көғамдық сана қоғамдық болмыстан туады, соның бейнесi болып табылады, қ/б өзгергеннен кейiн сана да өзгередi. Бiрақ, адамның санасы әрекетшiл, белсендi қоғамдық күш болып табылады және тарихи дамудың жетекшiсi; ал тарихи дамудың негiзiн қоғамдық практика құрады. Адамның еңбек қызметiнiң практикалық iс-әрекетiнiң белсендiлiгi, сананың жасампаздығын, активтiлiгiн тудырады (К.Маркс «Фейербах туралы тезистерi»).

Сондықтан, қ/с және қ/б арақатынасы бiркелкi емес, қ/б бiлеушi, шешушi болғанымен кейбiр жағдайларда қ/с өз дербестiгiн, өз даму заңдылықтары бар екенiн байқатады:

1)қоғамның көптеген мүшелерiнiң санамы болмысқа сәйкес келмеуi, яғни артта қалып қоюы мүмкiн (Қазақстанда социализмнiң құлағанына ондаған жылдар өткенiмен, көптеген адамдар ескi сана қалдықтарынан әлi арыла алға алмады, зейнеткерлер)

2)қ/с қ/б озып кетуi де ықтимал. Бұл процесс қ/с қ/болмысты өзгерту қажеттiгiн алдын ала бейнелендiрiп, оның өзгеруiне көмектесу керек болған жағдайларда болады. (көрнектi қоғам қайраткерлерi, ғалымдар, өнер қайраткерлерi т.б. қоғамдық дамудың болашақ бағытын алдын ала болжап, құбылыстардың сырт көрiнiсiнiң iшкi мәнiң ашқанда; Ж.Ж.Руссо «Қоғамдық шарт» еңбегiнде буржуазиялық қоғамды дәрiптеп, алдын ала болжады.)

3) қ/с мен қ/б сабақтастық байланыста болады: әрбiр жаңа тарихи дәуiрдiң қ-қ идеялары мен теориялары жоқтан пайда болмайды, өткен дәуiрлердiң идеяларымен сабақтастық байланыстың негiзiнде туады.

123
скачать работу

Әлеуметтiк философия. Қоғам бiртұтас жүйе ретiнде

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ