Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Алтын адамға тереңірек үңілсек

айтып орала алмай, Афиныда өлді” (“Қазақ тарихынан”. Лукиан “Таңдамалы” кітабынан. Алматы, 2004. 133-бет). Лукиан одан ары былай дейді: “Жат жерге келген әрі өзі варвар Анахар¬сис, әрине, алғашқы кезде ештеңеге түсінбегендіктен,.. не істерін білме¬ді: ...өз тілін түсінетін ешкімді кез¬дестіре алмай, енді тек Афиныны бір көріп шығып, кемеге қайта мі¬ніп, Боспорға кері жүзіп кетуге, одан әрі онша алыс емес Скифия¬сына, үйіне оралуға нық шешім қабылдаған болатын. Осындай жағ¬дайда жүрген Анахарсис кенет қала¬ның “құмырашылар” бөлігінде, нақ бір қолтығынан демеуге келген құ-дайдай, осы Токсаридке тап келеді. Токсаридті ең алдымен өзінің отан¬дық пішіміндегі киім елең еткізді; содан кейін әрине, ол Анахарсистің өзін таныды, өйткені ол текті әулет¬тен шыққан және атағы жер жарған скиф болатын” (сонда, 134-бет). “Токсарид Анахарсиске скифше былай деп тіл қатты:
– Жаңылмасам, сен Даукет ұлы Анахарсис боларсың?..
– Ал сен, бейтаныс жан, мені қайдан білесің?
– Мен де сол өңірден шыққан¬мын, – деп жауап берді ол, – ме¬нің атым Токсарид. Алайда сен та¬нитындай текті тұқымнан емеспін.
– Неге білмеймін, мен Токса¬рид туралы естігенмін, – деді Ана¬хар-сис... – Ендеше, біліп қой, – деді Анахарсис, – мен сені ұстаз тұ¬тып, сенің Грекияға деген құш¬тар¬лығыңнан от алып, оны көруге құмарттым” (сонда, 135-бет).
Ал Диоген Лаэртский “Атақты философтардың өмірі, ілімдері мен нақыл сөздері туралы” кітабының “Анахарсис” деген тарауында былай депті: “Анахарсис – скиф, Гнурдың ұлы және скиф патшасы Кадуидің бауыры, анасы жағынан эллин, сон¬дықтан екі тілді біледі. Ол скиф¬тер мен эллиндердің қарапайым тұрмыстағы және соғыс кезіндегі салты туралы 800 жол өлең жазған. Жат жерді кезген Анахарсис скиф¬терге оралды, туғандарын эллинше өмір сүруге үйретпек боп,.. алайда дегеніне жете алмай, қауырсын же¬беден ажал тауып, өзі өлсе де, сөзі қалды мәңгілік” (сонда,168-бет). “Кеме табанындағы тақтай қалың¬дығы төрт-ақ елі екенін естігенде, ол: “Кемедегілер мен өлімнің арасы төрт-ақ елі”, – депті... Тірілер мен өлілердің қайсысы көп деген сұрақ¬қа ол: “Теңізде жүзіп жүргендерді қай жағына қосамыз?” – деп, қарсы сұрақпен жауап қайтарыпты” (сонда, 169-бет).
Геродот б.д.д. 484 жылы, яғни Анахарсистен кейін бір жарым ға-сырдан соң дүниеге келген, ал Лу¬киан біздің дәуіріміздің ІІ ғасы¬рында, Диоген ғылымға VІІ ғасырда ғана белгілі болған адам, сондықтан олардың да жазуында азды-көпті ауытқулар болуы заңды. Мәселен, Геродот пен Диоген Анахарсисті Гнур¬дың ұлы десе, Лукиан Даукет ұлы дейді. Алайда, гректердің Ана¬хар¬систі соншама заман бойы бірі¬нен кейін бірі жазып, айтып, үлгі етіп құрметтеп келгеніне таң қала¬сың.
Геродот айтып отырған Гел¬лес¬понт қазіргі Дарданел бұғазы, Ки¬зик сол теңіз жағасындағы қала, ал Гилея дегені қазіргі Полесие, Дне¬стр¬¬дің бойы болса, онда Геро¬дот өмір сүрген біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырда скифтер Қара теңіз бойында өмір сүріп жатқан болып шығады. Олай болса, олар бұл араға одан да ертеректе, б.д.д. V ғасырдан бұрынырақ келуі де мүмкін.Сонда сақтар б.д.д. V ғасыр¬дан бұрын Қара теңіз бойын да, Жетісуды да бірдей мекендеп кел¬ген бе? Қытай жылнамалары сақ¬тар-дың бір кезде шығыстан батысқа және оңтүстік-батысқа қарай жыл-жығанын жазады да, сол жылжудың дәл қай кезден қай кезге дейін жүзеге асқанын анықтап айтпайды. Ал мына грек оқымыстыларының жазғаны сол олқылықтың орнын толтырып тұр ғой. Ендеше, Жетісу¬дағы б.д.д. V ғасырға жататын оба¬ны сақ көсемінің обасы деу күмәнді емес пе?
Енді осы сақтар мен Анахарсис туралы өзіміздің қазақ шежіресінен де пікір қаузап көрелік. Алдымен Қазыбек бек Тауасарұлының атасы Матай жазып кеткен Ата шежіреге жүгінейік.
“Арыстың өз аты Анарыс бол¬ған деседі. Шешесі еркелетіп Арыс атап кетіпті. Ол ілімді Еуропа елде¬рінде алып, көп ғұмырын өткізіп, өз еліне келгенде, он екі-ақ жыл тұ¬рып¬ты. Ол артына пәлсафа қалдыр¬ған. Жазба Майқы заманына дейін келген екен. Сол замандағы бір жер сілкіністе ол топырақ астында қал¬ған. Арыс ақын да, ахун да адам бол¬ған. Еуропада көрген өнегесінің жақсы жақтарын өздерінің патша¬лығына кіргізуге ұмтылған. Ол өзі¬нің туған ағасымен осы жөнінде келісе алмай мерт болған... Оның көп өлеңі сақталған екен, ол да жер сілкінгенде құрыған. Арыс Еуро¬паны өз туысқаны Тоқсары диуана¬мен бірге аралаған. Патшаның қандай болуы керектігін айтамын деп, туысқанына жақпаған” ( “Түп-тұқианнан өзіме шейін”. Алматы, 1993. 36-бет).
Осы салыстырулардың өзінен де гректердің Анахарсис деп отырғаны біздің Арыс бабамыз екені аңға¬рылады. Дегенмен, анықтай түсу үшін тағы бір қосымша дерек кел¬тір¬геннің артықтығы болмас. 2004 жылы “Аруна” баспасы бір топ автор жазған “Древний Казахстан” атты кітап шығарды, оның сарап¬тамашысы – тарихшы, академик Болат Көмеков. Сонда: “Сақтар – қазақ халқының бабасы”, – деп және Анахарсистің өмір сүрген уақыты б.д.д. 620-555 жыл деп көр¬сеткен (30-31-бет). “Анахарсис (Анарыс)” деген тарауда: “Анахар¬сис, Анарыс-сакский ученый. Жил в V11-1V вв.н.э. В истории известен как “Скиф Анахарсис”, – деп көрсеткен (сонда, 46-47-бет). Осы¬дан кейін Геродот жазып кеткен Анахарсистің Қазыбек бек айтып отырған Арыс-Анарыс бабамыз еке¬ніне қайтіп күмәндануға болады? Ал бұдан кейін сақтардың қазаққа баба тайпа екенін қалай мойын¬да¬массың? Тарих дегеннің өзі осын¬дай-осындай дәлелдердің басын біріктіргеннен барып құралмай ма?
Ата шежіре бойынша Жұманнан Арыс, Арыстан Ақ, Пан, Жан, Бол, Бек, Бал деген алты ұл туып, содан алты арыс қазақ тараған. “Алғаш аталған екі ұл жылқы кезегіне ке¬тіп, Тәңір тауының түбінде мұздап дүние салыпты. Ақ алтаудың үлкені екен. Одан бала қалыпты. Пан үй¬ленбеген, одан тұяқ болмапты. Же¬тісуда қаңтардан кейінгі айды қа¬зақ¬тар ақпан немесе екі ағайынды дейді. Ағайынды Ақ пен Пан өлген ай, әйтпесе, ағайынды екі жігіт өлген ай екі ағайынды атанған”, – дейді (“Түп-тұқианнан өзіме шейін”. Алматы, 1993. 36, 37-бет). Ал қазір бүкіл қазақ “екі ағайынды” дегенді ұмытып, бұл айды ақпан деп атап жүргеміз жоқ па?
Сонда Анахарсис деп жүргеніміз өзіміздің Арыс бабамыз болса, ол біздің шамалауымызша, б.д.д. 612 жылы Тәңір таудың түбінде туып, 547 жылы Днестрдің бойында өлген болса, онда сақтар б.д.д. VІІ ғасырға дейін Жетісу жерін мекендеп, б.д.д. VІ ғасырда Қара теңіз бойына ауған болып шықпай ма?
Оның үстіне Жетісуда тек сақ обалары ғана сақталғандай сөйлей¬міз, ал бұл араны он ғасырға жуық мекен еткен Үйсін мемлекетінен де бір белгілер қалуы тиіс емес пе? Қа¬рап отырсақ, ғалым Әбдеш Төлеу¬баевтан өзге Үйсін обасын нақты зерттеген ешкім жоқ, барлық ғалым тек сақ обаларын ғана зерттеп кел¬ген болып шығады. Сөйте тұра сақ пен үйсіннің адам жерлеу әдісі ұқсас деген тұжырым жасай салады. Әрине, үйсін сақтың ұрпағы болса, екеуінің әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі неге ұқсас болмасын?! Қазір жасы 80-нен асып отырған қарт ұстаз, бірнеше кітап жазған сауатты, Ке¬ген өңіріндегі Жалаулы деген жерде туып-өскен Әділхан Зықаев деген ағамыз: “Біздің жас күнімізде осы қорған деп жүргендеріңді үлкен кісілер “Үйсін оба” немесе “Үйсін төбе” деуші еді”, – дейді. Осындай атадан балаға жалғасып келе жатқан сөзді елемей-ескермей, “үйсін оба¬лардың ішінде жатқандар – сақтар” деуіміз қалай болады?
Сөз орайы келіп тұрған соң, айта кетейік, біздің кейбіріміз: “Ғұн дегенді қазақ тарихшылары шыға¬рып алып жүр, ондай халық жоқ, оның өз аты сиуңну”, – деп, ал әр елдің тарихшылары бірі “хун”, екіншісі “ғұн” немесе “гун”, үшін¬шісі “һұн” деп әрқайсысы әртүрлі атап жүрген халық та сақтың ұрпа¬ғы, оның дұрыс аты “құн” болуы мүмкін екенін де осы арада ескерте кеткеніміз жөн сияқты. Себебі, біріншіден, алғашқы дыбысы “ғ”-дан басталатын ежелгі атау сөз қазақ тілінде жоқ десе де болады, ал “ғашық”, “ғайбат”, “ғарыш”, “ға¬лам” секілді сөздер араб тілінің ықпалымен бертінде пайда болған, сондықтан бұл тайпаның өз аты “ғұн” емес, “құн” болу керек, себе¬бі “қ” дыбысы ежелден айтылып келе жатқан ата дыбысымыз. Екін¬ші¬ден, жоғарыда айтылған Ата шежі¬ре: “Жан деген кісіден Ар, Құн деген екі бала болыпты... Қазіргі Арғын деп жүргеніміз – осы екі ұлы адамның алты баласынан тара¬ған ұрпақ. Олардың бірігіп Арғын аталуы Алтайға ауған заманнан қал¬ған”, – дейді”. (“Түп-тұқианнан өзіме шейін”,1993. 46-бет). Үшін¬шіден, “Арқұн” сөзін “Арғын” деп үндестік заңына сәйкес өзгертіп ай¬ту – ұлттық дағдымызға тән құбы¬лыс. Төртіншіден, 1253-1255 жыл аралығында Моңғолияға келіп қайтқан Г.Рубрук: “Бұл жерде аргон деп аталатын халық бар, ол екі ру¬дан тұрады: аргон тендук руынан және Мухаммедке табынатын, өзге¬лерден гөрі көрікті және ақылды¬рақ, көбіне саудамен айналысатын тендуктерден”, – дейді ( “Қазақ та¬ри¬хынан”, Алматы, 2004. “Шығыс елдеріне саяхат”, 1993. 85-бет). Рубрук ол аймақтың атын Сендук (Тендук) деп көрсетеді. Ал ол атау Мәшһүр шежіресіндегі Сүйіндік, Бегендік, Шегендік дейтін аталарды еріксіз еске түсіреді. Бесіншіден, қытай тарихында үйсінге көмек¬тескен гүн тайпасын Ата шежіре аргын деп атайды. Осыларды ескер¬
123
скачать работу

Алтын адамға тереңірек үңілсек

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ