Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Алтын адамға тереңірек үңілсек

;сек, арғындар құн тайпасының тікелей ұрпағы екеніне күмән қал¬майды. Алтыншыдан, Ата шежіре¬нің таратуы бойынша, Құн да, Арғын (Арқұн) да Арыс бабамыз¬дың Жан деген баласынан тараған, яғни Жан Арыс тұқымы болып табылады. “Ежелгі Үйсін елі” кіта¬бында Шадыман Ахметұлының: “Ат үстінде садақ тартуды ғұндар сақтардан үйреніпті”, – деп дәлел¬дейді бірсыпыра ғалымдар”, – де¬ген пікірі де бұл ойымызды дәлел¬дей түседі (4-бет). Соғыс өнерін ағайын ағайыннан үйренбегенде, кімнен үйренеді? Жетіншіден, б.д.д. 530 жылы Кир патшаны жеңген сақ-массагет Томирис парсылармен Аракс өзенінің бойында соғысады. Өзеннің аты Арыстан тараған Ар мен Ақтың үрпағы мекендеген соң солай аталған болар деп ойлауға да қақымыз бар емес пе? Сегізіншіден, Геродот: “...скифы называют ама¬зонок “эоропата”, что по-эллински означает мужеубийцы; “эор” ведь значит муж, а “пата” убивать”, – дейді (“История”. Ленинград, 1972.219-бет). “Эор” дегеніміз екі жарым мың жылдан кейін де әлі “ер” аталып, күйеу дегенді білдіре¬ді, ал “пата” сөзі “опат” дегенді еске түсіреді. Ал оны арабтан енген сөз деп жүрміз. 2,5 мың жыл бұрын арабтар сақ тіліне қалай әсер етеді? Әлде Мұрат Аджи айтып жүрген¬дей, о баста түріктерден араб тіліне, одан өзімізге қайта енген сөз бе? Әлде “қарасы батты”, “күні батты” дегендегі “батты” сөзінің арғы төр¬кіні “пата” дегенге ұқсас айтылды ма екен? Қалай болғанда да, б.д.д. V ғасырда сақтар әйелдің күйеуін “ер” десе, қазақтар бүгін де “ер” дей¬ді. Өстіп о заманда да, бұ заманда да бір тілде сөйлеген елді бір-бірінен бөлек ел деуге қайтіп тарихшылардың аузы барады?
Осыншама сәйкесіп тұрған деректерді көзге ілмеу тарихқа мән бермеумен бірдей емес пе? Ал егер көзге ілсек, Арыс-Анахарсистің сақ екеніне, ал біздің тікелей сақтың ұрпағы екенімізге қандай күмән қалады?
Сонымен, сақ, құн, үйсін – үшеуі де бір тұқымнан тараған ұр¬пақ болса, әрине, олардың әдет-ғұр¬пы да, салт-дәстүрі де, оның ішін¬де өлікті жерлеу рәсімі де бірдей болуы заңды. Ендеше, Есік обасынан табылған Алтын адамды сақ деп кесіп айта алмаймыз. Бұл күмәнімізді күрделендіре түсетін тағы мынандай жағдайлар бар.
Алдымен, Есік маңындағы Алтын адам арнайы ғылыми жұмыс нәтижесінде емес, кездейсоқ табыл¬ды. Сондықтан ол үстірт зерттеліп, Бесшатырдағыдай ең құрымаса обаның ішкі құрылысын елестетуге көмектесетін қарапайым фотосурет¬тер де түсірілген жоқ. Бесшатыр обаларына, ішкі-сыртқы кейбір ұқсастықтарына бола сақ дәуіріне жатқыза салынды. Ешкім ол арадан табылған заттарды Тарбағатайдың теріскейіндегі ескерткіштерді зерт¬те¬ген ғалым Әбдеш Төлеубаев құсап екі бірдей шет елдің ғылыми лабораториясына жіберіп, қай ғасыр, қай заманның ескерткіші екенін арнайы анықтап жатпады.
Екіншіден, Есік обасынан екі адамның мәйіті шыққан. К.Ақышев ол жайында: “Бізге Есік қорға¬нын¬дағы екі бейіт бір мезгілде пайда болған деген ой келді, себебі, екі бейіттің де үстіне үйілген топырақ бір, оған көмілген адамдар сүйегі де топырақтың астында жатыр, олай болса, олар не бір семьяның адам¬дары, не жақын қандастық қаты¬настары бар адамдар... Біздіңше, орталық бейіттегі жерленген адам¬ның қырынан жерленген адамға қарағанда қоғамдық орны жағынан маңыздырақ екендігі даусыз”, – дейді (“Ертедегі ескерткіштер еле¬сі”. Алматы. 1976. 13-бет). Ал мұны қазақтың қарапайым тілімен айт¬сақ, бірі хан да, екіншісі – ханзада.
Үшіншіден, Қытай елінде шық¬қан “Ежелгі Үйсін елі” кітабы: “Күнбидің он неше ұлы бар. Басқа ұлдарына қарағанда ортаншы ұлы Датлұқ ... Датлұқтың ағасы мұрагер ханзада болып тағайындалған еді... Оның Семзеу деген ұлы болған, дүниеден ерте қайтқан мұрагер ханзада көзі жұмыларда Күнбиге: “Үйсін тағының мұрагері Семзеу болсын”, – деп тілек қойған еді... Күнби дүниеден көшкен соң, оның тағына Семзеу отырды. Сем¬зеу деген – лауазымы. Өз аты – Күнсүй би. Күнби – ханның атағы, өз аты Лапкөк еді”, – дейді (Үрімжі. 2005. 249, 250, 251-бет). Дәл осы кітаптағы “Үйсін туралы жалпы шолу” деген мақаласында Нығмет Мыңжанұлы: “Үйсін Елжау бидің он ұлы болған... Күнбидің тақ мұрагері ерте қайтыс болып кетіп, оның Жөнші (Күнсүй) би деген баласы жетім қалады... Жөнші би¬ді... Елжау би тақ мұрагері етіп бекі¬теді”, – деп жазады (17-бет). Ал жоғарыда айтқан Ата шежіре: “Жалпы, Елсау атамыз бес әйе-лінен 23 бала көріп, соның оны тіреп тұра қалыпты... Нулы ата¬мыз әкесі Елсаудан бұрын жастай жиырма екі жасында кетіп¬ті... Нулыны қатты ардақтап, Үш Қарашқа қойыпты. Осыдан кейін-ақ Ел¬саудың да денсаулығы бол¬мапты... Елсау би дүние са¬лып, осыдан 1980 жыл бұрын (б.д.д. 104 жыл – Б.Н.) қайтқан соң, оның көзінің тірісінде-ақ таққа отырған Санжар – Жөнше нар қытай қыздарына құмарлау болып”, – дейді (Қ.Тауасарұлы, “Түп-тұқианнан...”.1993. 43-бет). Бұл үш пікір де бір жерден тоғы¬сады. Тек Н.Мыңжанұлы Семзеу таққа Күнби өлген соң, Қазыбек бек Күнбидің көзі тірісінде-ақ отырды дейді және 22 жастағы Нулыны Үш Қарашқа жерлеге¬нін, әкесінің де ұзамай дүние салғанын айтады. Ал Үш Қара¬шымыз сол Есік қаласының үсті. Бас Қараш Асы жайлауының батыс бетінде, Орта Қараш пен Кіші Қараш Түрген өзенінің бойындағы сайда. Осының бәрін біріктіре қарасақ, Алтын адамы¬мыз Нулы ханзада, ал “орталық бейіттегі” “қоғамдық орны ма¬ңыз¬дырақ” адам Елсау Күнбидің өзі болып шықпай ма?
Төртіншіден, 2005 жылы 14 желтоқсанда сол кездегі Тарих және этнология инс¬титутының дирек¬торы, тарих ғылымдарының докторы Мәмбет Қойгелдиев: “Біз енді тарихи қателікті түзетуі¬міз керек. Есік қорғанынан та¬был¬ған Алтын адамды біз осыған дейін сақ, оның ішінде сақ-тиграхауд деп келдік қой. Қытай¬дың жылнамалық деректері мен ондағы ғалымдардың тарихи мә¬лі¬меті бұл Алтын адамның үйсін, үйсін қоғамының адамы екенін бұлтартпай дәлелдейді... Алтын адам – ...үйсін бекза¬дасы!” – деген мәлімдеме жаса¬ған болатын (“Жас Алаш”, 15.12.05.)
Бесіншіден, Алтын адамның үйсін ханзадасы екенін алғаш жорамалдаған жазушы Тұрсын Жұртбаев болатын. “Осы арада Кемел Ақышев қазған Есік қор¬ғанындағы “Алтын киімді хан¬зада” сол Ұлы Күнбидің ұлы емес пе екен деген ой ұшығы қылт ете қалады. Оның жас мөлшері жиыр¬маның ар жақ, бер жағы деп айтылып жүр”, – дейді ол өзінің “Дулыға” атты екі томдық тарихи зерттеулерінде (Алматы, 1994.1-том. 292-бет).
Ғылымдағы бір қателік, дер кезінде түзелмесе, кейін дәлел¬денуі өте қиын көп қателікті ту¬дырары даусыз. Алтын адамның үйсін емес, сақ болып және сақ¬тың қазаққа қатысы жоқ халық боп қалуын қалайтын, ол табыл¬ған жерді қазақ жері дегісі кел¬мейтін ішкі-сыртқы күштердің бар екеніне біз көз жұмып қара¬мау¬ға тиіспіз. Тарих ғылымдары¬ның докторы, қытай тілін жетік білетін ғалым Нәбижан Мұқамет¬ханұлы “Үйсін мемлекеті жөнін¬де” атты мақаласында: “Демек, қазір қытай тарихшыларында өзінің және өз елінде қалып¬тасқан ұстанымды негізсіз өзгерту байқалады”, – деуі бізді қатты сақ¬тандыруы тиіс (“Жас Алаш”, 04.03.04). Бұған ежелден аталып келе жатқан “ғұнды” бір кезде “сиуңну” деп, “йүзіні” “жу-жы” деп, қазір “нүкіс” деп, Елжау деп оқылып келген Күнбиді Лапкөк, Мөде-Мүдені Бақтұғ деп, тағы басқа толып жатқан атауды жап¬пай өзгертіп жаза бастағаны да дәлел. Соның бәрін көре-біле тұрып біздің жайбарақат жүріп жатқанымыз ғылымға мән бер¬меу¬шілік екені сөзсіз.
Сонымен, Есік қорық-мұра¬жайының ғылыми негізін дұрыс¬тап жасау үшін, алдымен сол Алтын адаммен бірге табылған бір-екі затты басқа екі мемле¬кетте бір-біріне қатыссыз жағдай¬да ғылыми-техникалық әдіспен қай заманның дүниесі екенін анық¬тайтын зерттеу жасату қажет.
Сонан соң Есік қорық-мұра¬жайының құрамына бірінші кезекте көне Талғар қаласының орнын емес, Есік қорғанының қа¬сындағы Рахат ауылының теп¬се¬ңінде жатқан қала орнын қо¬сып, алдымен соны ашқан жөн. Себебі, оны ертедегі Үйсін мем¬лекетінің астанасы Шығу қаласы¬ның орны деген ғылыми болжау¬лар бар. Егер ол қаланың Шығу екені дәлелденсе, онда Алтын адамның үйсін екені де өз-өзінен дәлелденеді. Алтын адамды тапқан Бекен Нұрмұхаметов Есік маңындағы “Патшалар қорға¬нын¬да” бұрын 600-700 оба бар еді, қазір 60-70-і ғана қалды дей¬ді. Ал 600-700 обаға ел билеу¬шілері құрығанда 6-7 ғасыр бойы жерленуі тиіс. Соншама уақыт бір жерге басшыларын жерлеген ел соншама уақыт сол араны тұрақ¬ты мекен етуге де тиіс. Біз әңгіме етіп отырған обадан табылған хан мен ханзада да, сөз жоқ, сол көне қалада өмір сүрген адамдар. Ал оны археологиялық жолмен дә¬лел¬деу – өте мәдениетті елдің үле¬сі. Біз сол үлесті үнемі бола¬шаққа сырғыта бермеуіміз керек.
Ата шежіредегі: “Ел астанасы Үш Қараш астындағы Шығу қа¬ласы еді”, – деген сөз де (“Түп-тұқианнан өзіме шейін”. 45-бет) шындық пен болжамның арасын біржола анықтап, осындай ғы¬лыми-археологиялық зерттеуді жедел түрде жүргізуге шақырады.

Авторы: Бексұлтан НҰРЖЕКЕҰЛЫ, жазушы.

123
скачать работу

Алтын адамға тереңірек үңілсек

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ