Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Алтын орда – Астана!

н айтып, біріне кетесің. Сонымен баспасөзде Ақмола атауына байланысты көп пікірталас жүрді. «Мола» деген сөз сан-саққа жүгіртілді. Орынды да, орынсыз да, бәтуалы да, бәтуасыз да деректер келтірілді. Бірақ ежелгі Бозоқ қаласының үстіне салынған Ақмоланың бекет, қамал сынды мән-мағынасы бар екендігі де алға тартылды. Дегенмен, түлеген Қазақстанның асқақ рухына сай атау қажеттігін бәрі де мойындаған. Бірақ қалай атау керек? Ақыры Астана деген ауыз толтырып айтарлық сөзге тоқтадық. Тоқтадық деп отырғаным, мен ол кезде республикалық ономастикалық комиссияның мүшесі едім. Мынандай уәж айтылды: «столица – астана, ал қазақшасында Елорда – Астана». Осылай ұғым да сақталады, жаңа қаланың аты да айшықты болмақ. Мұны Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев ұсынды. Уәлі сөзге бәріміз жығылдық. Осылай ономастика комиссиясының шешіміне қол қойдық та, ертесіне, Президент жарлығы шықты. Міне, осылай мен де, Елорданы көшіруге орай Жоғарғы Кеңесте қолдап дауыс беріп, «көшті бастау керек» деген сөзді оқырманға алғашқылардың бірі болып жеткізген журналистердің қатарына қосылып, әрі Ақмоланы Астана деп өзгерту туралы ономастикалық комиссияның шешіміне қол қойғанымды ерекше мақтан етемін. Мұндай тарихи оқиғалардың ішінде болып қана қоймай, оған қатысты болудың өзі де әркімнің пешенесіне жазыла бермейтін бақыт қой.

Астананы айтқанда Президент қаласы екенін бәріміз мақтаныш сезімімен айтамыз.Заманауи сәулет өнерінің үлгісі боларлық ғажайып құрылыстарды санамай-ақ қояйын. Өйткені Астана Еуропалық та, Шығыстық та қала. Ұлттық реңкі де мол. Ал осы сүйріктей сұлу қаланың мықты болуы үшін қызмет істеген адамдар бар емес пе? Солар туралы да екі-үш ауыз сөз айтқан абзал болар.

…Ақмола – Астанананың бірінші мэрі — Әділбек Жақсыбеков. Ол Ақмола өлкесінің  тумасы. Ел жағдайын да, жер жағдайын да жетік біледі. Ең ауыр сынды  белі қайыспай көтерген осы атпал азамат. Әділбек Жақсыбековтің кезінде қала қаз тұрды. Барлық мемлекеттік органдар көшірілді. Алғашқы мекен-жайлар салынды. Қаланың болашақ даму архитектоникасы орнықты. Бұл күнде Ә.Жақсыбеков Қорғаныс министрі.

Өмірзақ Шүкеевтің тұсында Астана қазақылана бастады. Ресми тілдегі жарнамалар мемлекеттік тілге көшті. Қазақ мектептері көбейді. Асфальттың астынан сығымдалып шығып жататын саздар азайып, ұлттық реңк көбейді. Бір сөзбен айтқанда ұлттық құрам өзгеріп, бір кездері бар болғаны 27 пайыз қазақ тұратын қаланың 70 пайыздан астамы мемлекеттің атауын беріп тұрған ұлттың үлесіне ауды. Көше атаулары қазақыланып, ұлттық бизнес нышандары көбейді. Қазір Өмірзақ Шүкеев Үкімет басшысының бірінші орынбасары.

Асқар Мамин де қал-қадірінше жұмыс істеген бизнестің өкілі. Ол «Қазақстан Республикасының астанасының мәртебесі туралы» Заң жобасының қабылдануына ерекше еңбек сіңірді. Әр депутатпен кездесіп, ұсыныстарды екшеп, түсіндіріп, жанын сала еңбектенді.

Үлкен өмір мектебінен өткен Иманғали Тасмағамбетовтің үлесіне де аз салмақ тиген жоқ. Кешегі Президент әкімшілігінің басшысы, облыс әкімі, Үкімет басшысы, Алматы қаласының әкімі сынды сындарлы жолдардан өткен қала мэрі үшін жауапты да, салмақты жұмыстар жеткілікті-ді. Ең алдымен И.Тасмағамбетов өз алдындағы әріптестерінің жұмысын абыроймен алға жылжытты. Астананың ұлттық реңкі өсе түсті, тарихи атаулар көшелерге, бақтар мен бауларға беріле бастады. «Әуені» көп құрылыстар Елбасы көмегімен пайдалануға берілді. Астананың 10 жылдық мерекесі таңғаларлық шоулармен есте сақталды.

ЕҚЫҰ Астана саммиті жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті. Оған Азия ойындарының спорт кешендері мен оның ашылу және жабылу салтанатын қосыңыз. Иманы бар Иманғалидың қолтаңбасы жарқырап көрініп тұр. Ол өзінің Назарбаевтың «өнімі» екенін қалтқысыз дәлелдеп келе жатқан іскер тұлға.

… Бүгінгі Астана қандай?! Әлем картасында ең жас Елорда болса да жаһандық саяси-экономикалық мәселелерді шешетін бас қалалардың біріне айналды. Елбасы, Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүрегін жарып шыққан, түн ұйқысын төрт бөлдірген Астана – қазақтың қасиетті Алтын ордасы, Елбесігі, Жерұйығы!

Уәлихан Қалижан

«Астана ақшамы» 4 қазан, 2011

http://www.parlam.kz/3/mazhilis/news-details/id103/7/1

12
скачать работу

Алтын орда – Астана!

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ