Алтын орда – Астана!
Другие рефераты
Алыс-жақын сапарлардан еліңе оралғанда ең әуелі ұшақ төмендей бастағанда қызыл-жасыл шамдары жарқыраған қаланы көресің. Бұл жай ғана қала емес, Қазақстанның әлемге саясатын тарататын бас қаласы – Астанасы. Бұл қаланы бейне бір жұмақтың қақпасы секілді қабылдайсың. Әр сапарда жүрегіңе орнықтырып алып кетесің. Өйткені Астана бейне – бір ертегідегі қала сипатты. Анау құс жолы биігінен қарасаң Астана ғажайып жаһұтқа ұқсайды. Өйткені мұндай қаланы көрген де арманда, көрмеген де арманда. Шындығы осы.
… Ақмола – Целиноград – Ақмоланың кешегі кейпі көз алдымда. Сарыарқаның сауырындағы аймақтық қалалардың ішінде ерекше бір статусы да жоқ болатын. Бірақ ежелгі тарихы бай қаланың алтын көмбесі бар еді. Ол өзінің ашылуын ұзақ күтіп жатты…
Тәуелсіздік, егемендік қазақ тарихын ғана емес, қазақ санасын да өзгертті. Кешегі Мәскеудің соқыр ішегіндей болған Қазақстан дүр сілкінді. Ескі жүйенің жамылғысын сыпырып тастады. Осындайда көңілге бір әфсана оралады. «Бір топ қойды бір қасқыр басқарса, қойдың бәрі қасқыр болып шыға келеді». Әлдебір оқырмандардың астарлы сөз іздеп, халықты қойға балап отыр деп ойламауын сұраймын. Бұл бейнелі сөздің астарында кешегі Абылай, Әбілқайыр, Хан Кене, бүгінгі Назарбаев тұр. Өйткені бұл тұлғалар қазақты бодандықтан босатып, өз алды мемлекет құруды мақсат етті. Найза мен қылыш, садақ пен шоқпар ұстанған халық зеңбірекке, бақайшығына дейін қаруланған патша армиясына қарсы шықты.
Ар аманатын арқалап, қалың қазағының тәуелсіз мемлекетін құрып, егемендік көк байрағын желбіретуді Алла Нұрсұлтан Назарбаевтың тағдырына жазды. Ал Назарбаевқа Алланың нұры бекерден бекер түсе ме? Өйткені ол болмыс-бітімімен, ұлттық рухымен өзіне жүктелген міндетті алып шыға алатын тарих таңдаған тұлға-ды. Сондықтан да халық Нұрсұлтанның соңына ерді, өз тағдырын сеніп тапсырды. Осылай жиырма жылдың ішінде Қазақстан барыс тұлғалы ірі мемлкетке, халқы құлдық психологиядан арылып, еңсесі көтерілген елдің тұтқасына айналды.
Н.Назарбаев Елорданы Сарыарқаның төсіне көшіру идеясын көтергенде мұны ешкім түсінген жоқ және мұны құрғақ қиялға балады. Әрі жаңа ғана егемендігін алған, экономикасы тұралап қалған мемлекет қалай құлан түзде қала салмақ? Бұлай ойлаудың өзі мүмкін емес сияқты көрінетін. Әрине, бүгінгі күннің биігінен айту да, айшықты Астананың көркін айтып мақтану да оңай. Бірақ мәселенің түп-төркініне үңілсек бұл жерде Қазақстанның тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың керемет ерік-жігерінің арқасында ғана, әуелгі идеяның шынайы шындыққа айналғанының куәсі болдық. Және сондай куәгерлердің қатарына өзімді де қосар едім. Өйткені Астананың Сарыарқа төсіне қоныс аударуының барлық өткелдерінің ішінде болдым, қолдадым, дауыс бердім. Мұны өзіме биік мәртебе санаймын.
… «Қазақ әдебиеті» газетінде бірнеше дүркін астананы әсем Алматыдан Ақмолаға ауыстыру жөнінде мақала жарияланды. Бұл қоғамдық ойды қозғаудың, қалыптастырудың бастамасы болды. Бірақ қазақ қоғамы мұны дүр етіп іліп әкетпеді. Үлкен пікірталасқа ұласпады. Бірақ дәнек ретінде көптеген адамдардың жүрегіне бұл қонды, көктей бастағаны рас-ты. «Бұл идея жүзеге асқанша кім бар, кім жоқ?» деп алаңсыз күн артынан күндер жалғасып жатты. Бірақ… Иә, бірақ бір күні аспаннан жай түскендей болды. Мен ол кезде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі ХІІІ шақырылымының депутаты болатынмын.
Жоғарғы Кеңестің Мәжілісі басталды. Төрде – Н.Назарбаев. Шілденің 6-сы. Нұрекеңнің туған күні, 1994 жыл. Дүр қол шапалақтап, туған күніне орай құрмет көрсеттік. Сөзді Н.Назарбаев алды. Президент астананы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру жөнінде Жоғарғы Кеңестің қаулысын қабылдауды сұрады. Тып-тыныш зал гу-гу-ге ұласты да кетті. 300-ден астам депутат бар-ды. Олардың арасында кімдер жоқ дейсің? Славян қозғалысының өкілдері, әсіре ұлттық топтардың мүшелері, оған әртүрлі партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдерін қосыңыз. Олар Ақмоланың сазды топырағы, алты ай қысы, инфрақұрылымдардың жоққа тән екендігі мен саныз жатаған үйлері бар аймақтық қаланың астанаға лайық еместігін және республиканың қаржылық қалтасы таяз екенін алға тартты. Қайта-қайта сөз алғандардың легі көбейді. Бірақ Президент те, сол кездегі Жоғарғы Кеңестің төрағасы Әбіш Кекілбаев та пікірталасты күштеп, регламентпен жаппады. Сондай қарсы пікір айтушылардың алдыңғы шебінде кешегі жалынды комсомол, көңілжықпас бауырым Серік Әбдірахманов та болды. Бірақ оқиғаның алдын орай айта кетейін, кейін Астанада Серік Әбдірахманов баяғы сөзін қайтып алатынын, шынында Назарбаев мырзаның бұл идеясы уақыттан озған көрегендік болған екен деп ағынан жарылды. Азамат деп осыны айт.
Хош. Сонымен пікірталас түске дейін созылды. Ақыры зал ішінен депутаттардың бірі: «Бүгін Президенттің туған күні ғой. Оған лайықты сыйымыз болсын, Президент ұсынысын қолдайық», — деп пікір тастады. Уәлі сөз еді. Ә.Кекілбай дауысқа салып жіберді. Ұсыныс көпшілік дауыспен қабылданды.
Президент Н.Назарбаев рахмет айтып, жаңа астананы салуға бюджеттен қаржы бөлінбейтінін, ол бизнес қауымдастығы мен әлем демеушілерінің көмегімен бой көтеретінін айтты.
Астананы көшіру туралы Жоғарғы Кеңес арнайы қаулы қабылдап қолдағанымен, бұл «бүгін-ертең» болады деп ешкім ойлаған жоқ. Өйткені тарихи тәжірибе көз алдымызда өтіп жатты. Боннан астананы Берлинге ауыстыру үшін немістер ондаған жылдарды жоспарлаған. Сондықтан да ешкім таяу жылдарда астана ауысады деп ойламады да.
Н.Назарбаев неге Алматыдан астананы Ақмолаға көшіруге бекем бел байлады? Алатау бар қазақтың құтқанасына айналып еді ғой. Оның мәнін де, мәнісін де бүгін ұққандаймын. Н.Назарбаев Коммунистік жүйенің сана мен болмысқа батпандап енген идеологиясының мысқылдап шығатынын білді. Оны қатерлі ісік тәрізді сылып тастау қажет-ті. Сондықтан да жаңа Астана - жаңа идеология. Ол бар қазақтың, барлық қазақстандықтардың басын қосатын, егемендік пен тәуелсіздіктің тұрлаулы саясатын бастайтын алтын шаңырақ болуға тиіс-ті. Енді бір жағынан ұланғайыр қазақ даласына көз тігушілер де, «үй ішінен үй тіккісі келетіндер» де, болмаса кертіп алып, «асап» қойғысы келетін сепаратистер де, көрші мемлекеттер де бар-ды. Мемлекетті құраушы ұлттың Орталық, Солтүстік, Шығыс аймақтарда аз қоныстануы белгілі бір жағдайда ұлттық қақтығыстарға ұласып кетуі де ғажап емес-ті. Міне, осының бәрін алдын болжайтын, мәнін ойлайтын – Н.Назарбаевтың көрегендігінің жемісі екендігін қазір «ескішілдер де», «жаңашылдар да» түсінді…
Иә, Н.Назарбаев істің адамы. Қаулы бар да, оның орындалуы бар. Қалың жұрт Алматыдан Ақмолаға ауысатын кезеңнің қай кезде басталатынын білген жоқ. Бірақ уақыт жылжып үш жылдың жүзі өте шықты. Халық тыншығандай, көшуді ұмытқандай еді. Бірақ арнайы комиссия жұмыс істеп жатты. Мемлекеттік органдарды қоныстандыру, жатақханаларды уақытша пайдалану мәселелері орайластырылып қойылды.
1996 жылы «Егемен Қазақстан» газетіне бас редактор болып бекідім. Елбасының шетелге ресми сапарларын жазатын журналистік қауымдастықтың қатарына қосылдым. Сондай сапарлардың бірі экватордың аржағындағы Тасмания аралындағы бесінші құрлық – Австралияға сапар еді. Бұл сапарды айтып отырғаным, ол астананы Ақмолаға ауыстыруға тікелей қатысы бар. Неге дейсіздер ғой?! Айтайын.
Тарихында 5 рет астанасын өзгерткен ел – Австралия. Сидней, Аделаида, Брисбен, Кернс, Канберра. 1911 жылы мемлекет Парламент шешіміне сәйкес 2,4 мың шаршы километр жер алып, жаңа қаланың құрылыс жобасына конкурс ұйымдастырады. Сөйтіп, 1913 жылы аборигендердің «жиналу орны» деген сөзінен Канберра қаласы бой көтереді. Ол 300мың адамға лайықталған гүл-қала. Әр астана ерекше экономикалық, мәдени дамуымен көз тартады. Яғни, астаналардың ауысуы сол аймақтың экономикасын нығайтып, іргелі индустрия орын тебеді. Бұл өз кезегінде халықтың әл-ауқатын күрт көтерген үрдіс болыпты.
Осы қаланы көргенде Н.Назарбаев «Міне, біздің астанамыз осындай гүл-қала, асқақ қала болады» деді. Мен сол сәтте Н.Назарбаевтан мөлтек сұхбат алып тұрғанмын. Президент сол кездегі Үкімет басшысына «Көшті бастау керек» деп тапсырма берді. Ал сол жылдың қазанында мемлекеттік қызметкерлердің алғашқы легі поезға отырып, Ақмолаға жол тартты. Ұлы көш басталды!
Президент те ата-қоныс Алматыдан Ақмолаға қарай ресми аттанды. Алматы әуе-жайы нөпір халық. Күздің қара суығын да ешкім елер емес. Сонда Н.Ә.Назарбаев «Алатауға симай бара жатқан жоқпыз, Алатауды қимай бара жатырмыз» деп ұлы тауға басын иіп, қоштасқан-ды. Біріміз күрсіндік, біріміз жыладық, біріміз қуандық. «Мәлім, беймәлім қаланың тағдыры не болар екен?», — деп ойлағанымыз рас-ты. Бірақ аз уақыттың ішінде Ақмола ажарына ажар қосып, гүлденіп те, түрленіп те шыға келді.
…Н.Ә.Назарбаевтың Малайзияға ресми сапары еді. Ресми кездесулер, екіжақты мемлекетаралық құжаттарға қол қойылып жатты. Көп жұмыстың арасында Н.Ә.Назарбаев барған елдің тарихи және мәдени орындарын міндетті түрде көріп кетуге тырысады. Бұл жолы да Н.Назарбаев Куала-Лумпурдағы Океанариумды тамашалады. Тамашалады деуім жетімсіздеу болар, Н.Назарбаев океанариумның жұмыс істеу принциптерін, мұндағы теңіз «тұрғындарының» түрлері мен түстерін, оның алып жатқан көлемін сұрап, қағазына түртіп алып жатты. Жан-жағымыздан, үстімізден ары-бері ағылып жатқан сансыз балық түрлеріне қызыға қарады, балаша қуанып, ұзақ көз ала алмай тұрды. Сыртқа шыққан соң «Қазақстанның жаңа астанасында да осындай «Океанариум» болады, газетіңе осылай жаза бер» деді жымиып…
Нұраға айтқан сол океанариум бүгін «Думан» ойын-сауық отауының ішінде жұмыс істеп тұр. Теңіз көрмеген қазақ баласы бір кездері Н.Назарбаев тамсана қараған Куала-Лумпурдағы Океанариумды енді Қазақстанда отырып-ақ тамашалай алады.
Иә, мұндайда бірі
| | скачать работу |
Другие рефераты
|