Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Америка



 Другие рефераты
Ахмет Байтұрсынов - қазақ тілтану ғылымының атасы Саралап, деңгейлеп оқыту технологиясы Дүние жүзінің саяси картасы БҚО табиғат ресурстары

            Америка

      Америка-батыс жарты шардағы екі құрлықтан тұратын дүние бөлігі. Атлант және Тынық мұхиттары аралығында. Оның құрамына Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка құрлықтары, дүние жүзіндегі ең үлкен арал-Гренландия және тағыда басқа жағалауға жақын аралдар кіреді.Солтүстік Америка мен Оңтүстік Американың бір-бірінен бөлек және дүниенің басқа бөліктерінен алыс жатуы, ірілігі, табиғат жағдайында зор айырмашылық болуы оларды жеке, дербес құрлықтар деп санауға негіз болады. Олар бір-бірінен Панама мойнағы арқылы бөлінеді. Екі материк аралығындағы Теуантепек пен Панама мойнақтарының аралығы және Вест-Индия аралдары Орталық Америкаға жатады.

Тарихи анықтама: Солтүстік Американың солтүстік шығыс жағалауы мен Гренландия аралын алғаш рет 900 жылдар шамасында нормандар ашты. Антиль аралын және Оңтүстік Американың солтүстік жағалауының бір бөлігін, Солтүстік Американың Кариб теңізі жағалауының оңтүстік бөлігін 1492-1503 жылдары Христофор Колумб ашты. Бұл дүниенің жаңа бөлігі Италия теңізшісі Америго Веспучидің есімімен аталды. Ол батыс жарты шардағы Христофор Колумбтың ашқан жерлері бұрын белгісіз болып келген дүниенің жаңа бөлігі екендігі туралы алғаш пікір айтты. Христофор Колумб ашқанға дейін Американың байырғы халқы көптеген үндіс тайпалары мен эскимостардан ғана тұратын. Европалықтар келіп үстемдік жүргізгенде, жергілікті халықты адам төзгісіз қуғындау, қанау тәртібін орнатты. Отаршылармен бірге неше түрлі аурулар да келді, одан үндістер көп қырғынға ұшырап, күрт азайды, кейбір тайпалар мүлдем құрып кетті. Олардың орнына Африкадан құлдар әкелінді. Американың қазіргі халқы бұрынғы европалықтардың ұрпақтарынан және құл ретінде       әкелінген Африкалықтар мен жергілікті үндістердің араласуынан пайда болған. Американың халқы антропологиялық жағынан әр түрлі. Онда адамзаттың белгілі үш нәсілінің өкілдері ( европеоид, монголоид, экваторлық негр-австралоид )араласып кеткен. Американың әр бөлігінде бұлардың араласу сипаты әр түрлі. Саны жағынан ең көбі-европеоид, оның өкілдері Солтүстік Америка халқының 90 %-і, Оңтүстік Американың 1/3бөлігі. Екінші орында-будандар. Олар-бірқатар елдердің ( Мексика, Орталық Америкадағы елдер, Венесуэла, Парагвай т.б)негізгі халықтары.Үшінші орында-мулаттар. Венесуэланың, Бразилияның, АҚШ-тың, Кубаның Орталық Америкадағы бірқатар елдердің халықтары-солар. Монголоид нәсілінің ерекше тармағына жататын байырғы халық-үндістер. Орталық және Оңтүстік Американың бірқатар аудандарында ( Боливия, Венесуэла, Колумбия, Экуадор, Перу, Бразилия, Мексика, т.б) сақталған. АҚШ-та, Канадада және т.б елдерде үндістер арнаулы резервацияларға қуылған. Америка халқының басым көпшілігі индоевропа отбасы тілдерінде сөйлейді. Америкада ағылшын тілі, Оңтүстік Америка мен Орталық Американың бірқатар елдерінде испан тілі, Бразилияда португал тілі басым. Канада мемлекетінде екі тілдің бірі -француз тілі, Гайти мен Вест-Индияның ұсақ аралдарында да солай. Үндістер-кечуа, аймара, ацтек және т.б өз тілдерін белгілі бір шамада сақтап қалған, ал Африка халықтарының тілдері олардың этникалық топтарының біреуінде де сақталмаған. Америкадағы ұлттардың сан жағынан көбі:американдар, ағылшын-канадалықтар, мексикандар, бразилиялықтар, колумбиялықтар, аргентиндер, кубалықтар және т.б. Америкада-50 ел бар, 26-сы тәуелсіздік алған мемлекеттер, 24-і отарлар.2-ші дүние жүзілік соғыстан кейін Американың саяси картасында біраз өзгерістер пайда болды. Халықтық революцияның жеңуі нәтижесінде Америкада тұңғыш Социялистық мемлекет-Куба пайда болды. Америкада саяси суверенді жаңа мемлекеттер:Гаяна, Ямайка, Тринидад, Тобаго, Барбадосқұрылды.

скачать работу


 Другие рефераты
Организация адресации в ip сетях
Диенкөмірсутектерінің қосылу реакциялары
Оқу-тәрбие процесінің гигиенасы
Химия кадмия


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ