Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Амортизация

лану мерзімінде есептейтін тозу ставкасы;
- қабылдап алынғаннан кейін негізгі құралдардың өзгеріп отырған құндары шоттарда қалай көрсетілетінділігі;
- негізгі құралдардың шығарылынуындағы тіркелуі.
Жылжымайтын мүлік, ғимараттар және жабдықтар бухгалтерлік есепте жеке инвентарлық объект ретінде көрсетіледі , мысалы ғимарат бұл объектіге әрбір жеке тұрған ұй кіреді, сол сияқты жабдықтарда , сондықтан есепке аларда кіріс құжатында (паспорт) объектіге жататын құрылғылар (қосалқы бөлшектер)жазылу керек.
Жылжымайтын мүлік, ғимараттар және жабдықтар (негізгі құралдар) ХҚЕС №16 «Жылжымайтын мүлік, ғимараттар және жабдықтар» сәйкес жіктеледі:
салалар бойынша;
бағыты бойынша; (өндірістік,өн.емес)
пайдалану бағыты бойынша түрлер мен түр топтарына; (жер,жабдықтар,ғимараттар..) 9 түр.
иелігі бойынша;(меншікті, жалға алынған,уақытша пайдалануда)
пайдалану маңызы бойынша;(әрекетті, запастағы,әрекетсіз)
мүліктік құрамы бойынша;(инвентарлық, инвентарсыз)
салықтық нысандар бойынша (топталған, әр топқа өз шектелген норма белгіленеді).
Шаруашылықтың әр саласында, натуральдық-заттық белгі бойынша,негізгі құралдар мынадай түрлерге бөлінеді:ғимараттар; құрылыстар; беріліс құрылғылары;саймандар;өндірістік мүліктермен иеліктер;шаруашылық мүліктері;үлкен жұмыс малы мен өсім малы; кітапхана қоры;жерді жақсартуға күрделі шығындар(ғимараттардан басқа);мұражай құндылықтарымен басқа объектілер;басқа да негізгі құралдар.
Жылжымайтын мүлік, ғимараттар және жабдықтар (негізгі құралдар) қозғалысы №16 ХҚЕС –на сәйкес бағаланады: өзіндік құн (нақты) бойынша немесе бастапқы құн — бұл негізгі құралдарды салу немесе сатып алу бойынша нақты жұмсалған шығынның құны,бұған төленген, өтелмеген салықтар мен алымдар,сондай-ақ активтерді мақсатқа сай пайдалану үшін жұмыстын күйіне келтіруге байланысты жеткізу,монтаждау,қондыру,іске қосу шығындары және кез келген өзге шығындар енгізіледі. Күрделі қаржы есебінен салынған (тұрғызылған) немесе сатып алынған негізгі құралдар үшін бастапқы құны мүлік құны болып табылады. Ол мыналардан тұрады: ғимараттар мен құрылыстар үшін объектілер салу(тұрғызу)жөніндегі құрылыс және монтаж жұмыстарының шығындары, жобалау-іздестіру жұмыстары, сондай-ақ объектілердің мүліктік құнына бекітілген тәртіпке енгізуге жататын басқа шығындар.
Негізгі құралдар пайдалану процесінде бірте-бірте тозады.Тозу – негізгі құралдардың физикалық және моральдық сапасының жоюлуы және осымен қоса құныныңда жоюлуы.
Физикалық тозу- ол сырт түрі өзгергені, ал моральдық –ол қазіргі талаптарға сай еместігі (ғылыми және техникалық). Бухгалтерлік есеп принциптеріне сәйкес негізгі құралдардың бастапқы құны пайдалану мерзімінде шектеулі норма есептелер бойынша амортизацияланады.Амортизация кәсіпорынның шығындарында есептеледі (есептелмейді өнім беретін малдарға, кітапхана қорларына, консервацияға салынған негізгі құралдарға).
Амортизация кәсіпорында ай басында бар негізгі құралдарға есептеледі.Кіріске алынған негізгі құралдар келесі айдың бірінен басталып есептеледі, ал шығысқа шығарылған негізгі құралдар келесі айдан бастап есептеуі тоқтатылады.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Астана, 1 наурыз 2006 ж.
2. «Бухгалтерлік есеп және Қаржылық есеп беру» туралы заң күші бар ҚР Президентінің Жарлығына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы Қазақстан Республикасының заңы. Астана, 2002 ж.
3.Бухгалтерлік есеп стандарттары. Алматы, 2004 ж.
4. Кәсіпорындағы қаржылық есепті жүргізу. Кезмемтаев К.К, Алматы. Экономика, 2003 ж.
5. Бухгалтерлік есеп, 2-ші басылым қаржы және статистика. Радостовец В, Капайлов Г.З, 1994 ж.
6. В.Л. Назарова. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп. Оқулық:Алматы-«Экономика» баспасы. 2005ж.
7. Л.А. Попова, М.Қ. Жұматов, Д.М. Нұрғалиев, А.Б. Омалиева. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Оқу құралы. – Карағанды: ҚарМУ баспасы, 1998 ж.
8. Қ.К. Кеулімжаев, З.Н. Әжібаева, Н.А. Құдайбергенов. Бухгалтерлік есеп принциптері: Оқу құралы-Алматы: Экономик С, 2003 ж.
9. Бухгалтер бюллетені. №3 қаңтар, 2006
10. В.К. Радостовец, Т.Ғ. Ғабдуллин. В.В. Радостовец, О.И. Шмидт. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы: Қазақстан-аудит орталығы, 2002 ж.
11. О.М. Жакупова. Бухгалтерлік есеп принциптері 2. Оқу-тәжірибелік құралы.-Қарағанды, 2003. 153-183бет.
12. Ә. Әбдіманапов. Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері (халықаралық стандарт) Алматы 2006 ж.

1234
скачать работу

Амортизация

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ