Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ә.Нұрпейісовтың Қан мен тер романына салыстырмалы-салғастырмалы талдау

саған, «Дауылдан кейіндегі» Ғ.Мұстафин жасаған, «Оянған өлкедегі» Ғ. мүсірепов жасаған типтік характерлердің де көп нышандары дәстүр түрінде «Қан мен Терде» де бой көрсетеді. Мысалы, Жиренше, Шілік, Шәкен типтері мен Тәңірберген типінің арасында ортақ, ұқсас сипаттар өте көп. Еламан образының қалыптасу жолындағы сергелдең орыс әдебиетінде Павел Власов (М. Горькийдің «Ана» романындағы), қазақ әдебиетінде Хакімнің (Х. Есенжановтың «Ақ Жайық» трилогиясындағы) өткен жолының кейбір кезеңдерін еске салады. Айырмашылығы Еламанның оқымағандығы. Сондықтан да оның бастан кешкен ұзақ сонар азап жолы қазақ еңбекшілерінің революцияға келу жолының кейбір соқпақтарын аңғартады. Ең оңай тәсіл, өзінің азаматтық асуынан азаппен жеткенхалық жолын, күрескер жолын оның саяси, моральдық қалыптасу процесін оп – оңай етіп көрсету ғой. Бірақ, ол шын суреткерлік тәсіл боп табылмас еді, Әбдіжәміл Нұрпейісов осының оңайын емес, қиынын қалаған.
Ал романдағы Ақбала образы басында Анна Каренина секілді, бірде «Тынық Дондағы» Аксинья секілді бірден оқушы назарын аударды. Өзінің сүйкімді қасиеттерімен, сұлу, таза сезімімен сүйсіндірген ол ақыры оқушының көңілінен шықпай, кірбің түсіреді. Әрине, ол жиреніш емес, аяныш тудыратын хал – деп М±ќаметжан Ќаратаев пікір білдірген екен.4 Иє,оқушы қанша тілектес болса да, Ақбала жүрек әмірімен қоғам заңының арасындағы шытырман қайшылықтан шыға алмады, қате үстіне қате жасады, оны өзі бір мезет Еламан алдында мойындады. Бірақ оның Еламан жоқта Тәңірбергенге тайып тұруы тек «махаббат» әмірімен ақталмаса керек. Бұл тұс Ақбаланың бастан алғау-талғау сүйіспеншілігінен адамгершілігі үстем болуға тиіс тұс еді. Ақыры ол осының тауқыметін тартып күйкі күйге душар болды. Сонымен, баста жақсы образ бара-бара солғын тартты. Ақбала тағдыры аянышты болғанымен, трагедиялы қалып ала алмады. Ақбаланың Еламан алдында өз қылығына өкінуі, ұзын сары Әнуарға тиіп, оның жетім балаларын асырауы әйел бақытсыздығын аз да болса жұқартқандай.
«Қан мен Тер» трилогиясында Арал, Шалқар, Ақтөбе аудандарындағы революциялық дәуірдің өмір құбылыстары суреттелген. Сол секілді «Тар жолтайғақ кешу», «Ботакөз», «Өмір мектебі» романдарында, «Амангелді» пьесасында Солтүстік пен Орталық Қазақстан, «Ақ Жайық» трилогиясында Батыс Қазақстан, «Тоқаш Бокин» романында Жетісу өлкесінде өткен оқиғалар көрініс тапқан. Бұл романдардың бәрі бір тақырыпта жазылғанымен идеялары әр түрлі, Жалпы, «Қан мен Тер» романының тақырыбы-Қазан төңкерісі кезіндегі қазақ даласындағы қоғам өмірін, төңкерістің қазақ даласына келуін, сондағы қайшылықтар мен тартыстар. Ал, трилогияның нысаналы бағыты қазақ халқының революциялық дәуірдің бастан кешкен күрделі өткелдерінің көркем картинасын жасау.
Єбдіжєміл Нұрпейісов асқан шеберлікпен, өзіне ғана тән шеберлікпен алған нысанасына жетті, тақырыбын ашты, идеясын насихаттады.«Қан мен тер» қазіргі қазақ прозасында теңдесі жоқ оқшау туынды. «Абай жолынан» кейін әдебиет айдынын лайлап алмай, мұншалық мөлдір, таза толқындар туғызып, дәлірек айтқанда мұншалық сыншыл шынайы шығарма жазып берген 5. 434
Әбдіжәміл Нұрпейісов қаламгерлік қажыры мен қайсарлығына таңданбасқа болмайды. Демек, «Қан мен Тер» романы қазақ өмірінің тіршілігін сомдаған, қазақ әдебиетіндегі ең құнды да таусылмас қазыналы еңбек деп ауыз толтыра айта аларымыз анық.

Пайдаланылѓан єдебиеттер:
1. М±хтар Єуезов «Абай жолы» эпопеясы Алматы, 1961
2. Єбдіжєміл Н±рпейісов «Ќан мен Тер» романы “Жазушы” баспасы 1991
3. М±ќаметжан Ќаратаев «Революция рухымен» Алматы, «Жалын» баспасы 1978ж.
4. Әжейіп Ө.Қ. «Қан мен тар романың тарихы мен зертелуі» Алматы, «Әлфараби қазақ ұлттық университеті» 2004
5. Зейнолла Ќабдолов «Сµз µнері» - «Сауан» баспасы. 2002

12
скачать работу

Ә.Нұрпейісовтың Қан мен тер романына салыстырмалы-салғастырмалы талдау

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ