Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ә.Нұрпейісовтың Қан мен тер романына салыстырмалы-салғастырмалы талдау



 Другие рефераты
Әдеби шығарма, көркем мәтінді проблемалық талдай оқыту жолдары Әдеби жанрлар Дүние сөзден басталады (Мұхтар Әуезов) Жер экономиканың аграрлық секторында өндірістік негізгі құрал ретінде

«Қан мен тер» трилогиясының сюжеттік – композициялық желілері де бір бағытта өрістенгенімен, авторлық, лирикалық шегіністер роман оқығаларын жаңа сапалармен толықтырады, қаһарманның есею үрдісін ашатын белгілі әрекеттердің психологиялық дәлелдемесін дайындаушы мәнді детальдар қызметінде жүреді. Бұл орайда «Қан мен тер», «Ботакөз», «Тоқаш Бокин», «Жолдастар», «Өмір мектебі», «Ақ Жайықтағы» тәрізді алма кезектесіп отыратын, бір тартыстың орнына, екінші қақтығыстар арқауымен күрмей байлап, ілестіре дамытып отыратын күрделі композицияға құрылғаны аңғарылады.
«Қан мен терде» - ХХ ғасырдың алғашқы жиырма жылы, революциялық дәуірдің дүмпуі, сілкіне де бұлқына бастаған Арал өңірі, революция рухымен ояна бастаған, таптық күреске аттана бастаған қазақ халқы.1. 89
Міне осынау дәуірдің әдебиетте көркем суретін салмақшы болған Нұрпейісов неге иек артып, нені үлгі тұту керек еді. Осы жерде алдымен бір кездегі жас Михаил Шолохов еске түседі. Ол өзінің «Тыныќ Дон» секілді ұлы туындысына кірерде, оның көз алдына эпопеяның ең керемет үлгісі ретінде Лев Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» романы тұрғаны тәрізді, жас Нұрпейісов «Қан мен тер» трилогиясына кірісерде, көз алдына тарихи – революциялық эпопеяның оңды үлгісі ретінде Михаил Шолоховтың ұлы туындысы «Тынық Дон» тұруы және сол үлгіні Нұрпейісовтің ақылымен де, жүрегімен де қабылдап өнеге тұтуы бақыт боп табылған.
«Тынық Донның» қаһарманы –Дон казагі Григорий Мелехов, «Қан мен тердің» қаһарманы – балықшы Еламан. Оларды туыстастыратын – тағдыр. Екеуі де шырғалаңнан шындық іздеп шарқ ұрушылар, екеуі де халық ортасынан шыққандар. Бірақ бірін-бірі қайталау емес. Әрқайсысы өзді-өзі .
Еламан образын жасарда Нұрпейісов Шолоховтың Григорий Мелеховына көз тікті ме екен. Меніңше сөз жоқ, сөйткен. Шолоховтың құдіретті күші Мелехов секілді єрі айрықша дара, әрі сонымен бірге жалпы адам жаратылысына тән үздік характерлі образ жасауы Нұрпейісовті баурап алған жай тәрізді. Сөйтіп, Нұрпейісов Шолохов ықпалына түсіп, одан үйренуі даусыз деп білсек, енді ол ұлы суреткерден қалай үйренді деген сұрақ туады. Бұл сұраққа Шолохов Лев Толстойдан қалай үйренсе, Нұрпейісов Шолоховтан солай үйренді деп жауап беруге тура келеді.
Нұрпейісов өзінің шыѓармашылыќ оқу, үйрену, іздену жолында адам характерінің диалектикасын Шолоховша тануды, бала кезден туасы пайда болған характер қырларының келе-келе әлеуметтік ортамен, революция мен азамат соғысы тұсында түп-түбірімен қопарылған халық өмірімен тоғысқан күрделі күйін Шолоховша суреттеуді үйренді демекпіз. Шынында да Нұрпейісов геройының жанына Шолоховша үңіледі, оның геройы манекен емес, қатып семген қалып емес, өзгеріп отыратын, құбылып, құлпырып отыратын, көбіне қайшылығы мол динамикалы характер.
Нұрпейісовтың Еламаны Шолоховтың Григорий Мелеховына қаншама ұқсас болғанмен, ол кәдімгі байырғы қазақы образ өзі кедей, сауатсыз, батырлығы да, жауынгерлігі де жоқ айрықша ақыл таланты да жоқ, қарапайым жігіт. Басынан қаншама қайғы – қасірет, аштық, қорлық жағдай өткізсе де, ол көпке шейін айнала дүниеде не болып жатқанын, өзінің неге бақытсыз екенін, тағдырының неліктен сонша қатал екенін түсіне бермейді.
Еламан образы – типтенген жиындық образ. Еламан сықылды көңіл көзі болатын-ды. Тәңірберген, Кәлен, Ақбала образдары да шындыққа сай көркем дәлелдемемен, психологиялық тереңдікпен Шолоховша мінезделген. Мұның сыры неде? Мұның сыры Шолохов шеберлігінің құпия сырын терең түсінуде. Және дисертатсиясында былай деген Еламанды жазушы кезінде “Еламан бойындағы қасиеттердің көпшілігі өзіне ұқсас екендігі айтқан болатын”. 4. 16
Нұрпейісов ұстазынан не үйренді дегенде алдымен айтар сөзі: социалистік реализм әдісінің маңызды кілтифатыын үйренді деу. өз әл-қадарынша Нұрпейісов геройларын Шолоховша суреттеуге тырысады, бірақ Шолохов геройларының көшірмесі дерлік онда біреуі де жоқ. «Қан мен тер» геройлары – кәдігулі қазақтар, малшылар, балықшылар, Нұрпейісовтің жерлестері, ағайын – жұрты.
Бұрынғы кезде романдағы дағдылы әдетпен ескі мен жаңаның күресі деп талдаған. Бұл романдаа да Еламанды революционер, Тәңірбергенді үстем таптың өкілі деп көрсеткен. Қазақ әдебиеттерде күрделі бейнелер көп, олар: Құнанбай, шілік, Итбай, Итбай, Шәкен және Тәңірберген бейнелері. Бұлардың бәрі сәтті шыққан образдар. Мәселен, «Абай жолы» эпопеясындағы Құнанбай орбазына келсек, ол өте күрделі жасалған сом характер. Оның типтілігі, жинақтылығы, даралық қасиеттерінің қайталанбас ерекшелігі шүбә келтірмейді. Көркемдік кемелдігі жағынан Ќұнанбай образы қазақ жазушыларының шығармашылығында бұрын-соңды кездесетін ескі әлеуметтік құрылыс туғызған ұнамсыз кейіпкерлердің қатарында, әсіресе еліміздегі халыққа қарсы қара күш иелері тұлғаларының арасында теңдесі жоқ үздік образ. Бұл кесек тұлғаның бұралаң қалтарысы көп. Қаталдық пен қатыгездіктің, зұлымдық пен зымияндықтың рухын бойына жиған Құнанбай, ұрда - жық алаңғасар, күйкі мінезді, күйгелек жан емес, ол өзінің таптық тұрғысында табанды да құретті. Айласы мол залым, мейірімсіз, қаныпезер.2. 66
Ал, Ғ.Мүсіреповтың «Оянған өлкесіндегі» Игілік – пәрменді, қу, айлалы, заман жаңалығына сергек түлкі іспетті жырқыш.
Ғ.Мұстафиннің «Дауылдан кейін» романындағы Шәкен образы - өте керемет жасалған шебер кейіпкер. Оның кереметі нағыз типтілігінде. Қазақ әдебиеттерінде озбыр, зұлым, бай, болыстың жексұрын типі аз емес. Ал, мына шәкеннің «кереметі» оның белгілі бір қысқа кезеңге тез бейімделе қойған хамелеондық қылығында, үстем тап атаулының типті өкілі рөлдерінде Шәкен кешегі жоғары аталып өткен кейіпкерлердің бүгінгі жаңа жағдайдағы мұрагері. Бұл бір жағынан революция орнатқан совет үкіметі бұрынғыдай олардың үкіметі емес екенін біліп үрейі ұшқан бай, екінші жағынан жаңа экономикалық саясат оларды өткен күнге қайта апарар деп соқыр үмітке мінген бай. Осы қос қырлы ұғыммен ол дұшпандық айла – тәсілін әбден машықтандырған қу, сұм.
Ал, аталмыш романдағы Тәңірберген образы болса, басында бала жігіт кезінде әлі жамандықпен ауызданбаған, ешкімге зияны жоқ, биязы ғана жас мырза сияқты еді.3. 229 Ол бар мінезін жүре келе ашады. өз табының мақсатын көздеген тартыс, күресте қатал, мейірімсіз, арам, айлалы жігіттің ой-санасында, сезім-сезігінде ара-кідік ар-ұят, ұждан және т.б. ізгі адамгершілік қасиеттері де ұшқындап қояды сол кезде оның айнала дүниеге ақынша романтикалы көз жанарымен қарайтына бар. Ал өз табының күйрегініне көзі жеткен кезде Тәңірберген өз қатарынан бір мойын озық парасаттылық танытады. Ол заман заңы жөнінде философиялық ой түйеді. Ұзақ күрестің нәтижесінде Еламан өз табының жеңетініне сенсе, Тәңірберген өз табының жеңілетінін түсініп торығады.Тәңірберген образы бұл кейіпкерлерге ұқсайды, бірақ ерекшеліктері де бар. Себебі, әр жазушы бұл оқиғаны, кейіпкерлерін, әр түрлі етіп көрсетеді, шеберліктері де болып келеді. Тәңірберген сырт көзге бұл ауылдың мал жаны мен ісі жоқ кісі секілденіп, бойын аулақ салып жүрген мен түптеп келгенде мал қамын мына екі ағасынан артықырақ ойлайтын жігіт. 2. 66
Қазақ халқының революцияға келу жолын, ұлы өзгеріске араласуын әр жағынан бейнелеуде. Мәселе оқиғалардың көңіл - күйінің, жан дүниесінің бүтіндей тарихи өзгеріске түсуін бейнелеуде. Осы тұрғыдан Еркебұлан (Ғ.Мүсірепов, «Кездеспей кеткен бір бейне»), мен Еламан (Ә. Нұрпейісов, «Қан мен тер») образының арасында елеулі айырмашылық бар. Айталық, әуелгі шығармада орыс, украин достығымен бірге совет үкіметін орнатушылардың саналы күресіне шыққан, қалыптасқан революция күрескерін көрсек, келесі туындыда қатардағы кедей, Еламанды сондай күреске ұзақ шырғалаң жол кешу үстінде кездестіреміз. Еркебұлан нақты дерекке незізделіп, очеркті – насихатты тұрғыдан суреттелсе, Еламан сол өмір жолында шырмалып жан-дүниесінің бірте-бірте түлеу барысында бейнеленеді. Аса күрделі, іштей қарама-қайшылыққа толы кейіпкерлерді шығарманың басты қаһарманы ету Х. Есенжанов («Ақ жайық» романындағы Хакім) пен І.Есенберлин («Қатерлі өткел» Бүркіт) шығармашылығына да тән қасиеттер деп білу керек.
Қазақ даласының таулары мен өзендері, көлдері мен кендері, қалалары мен ауылдары әрқайсысы өз жерінде, өз орнында, өз қасиеттерімен құнды, қажет екені секілді «Қан мен Тер» трилогиясы да атақты романдар қатарында өзіне тән ерекше де айырықша қасиеттерімен қымбат. Ол қандай қасиеттер? Бұл сұраққа жауап беру үшін алдымен шығарманың өз қатарындағылармен ұқсастығын көрсету қажет. Ал ұқсастық белгілер әдебиетіміздің ұлттық топырағынан туындап, ондағы тамыр жайған құнарлы дәстүрлермен, одан әрі ұлы орыс әдебиеті мен әлем әдебиетінің көркем тәжірибиесімен астасады. Әбдіжәміл Нұрпейісов романының бойына осы дәстүрлердің мол дарығанын көру қиын емес. Басқаны былай қойып, Абай поэзиясында аяусыз әшкереленген әлеуметтік қайшылықтар, адам табиғатына таптық қоғам жапсырған сұмдық мінез – құлықтар Нұрпейісов романынан да кең өріс алған. Мысалы, мұндағы Судыр Ахмет пен Нығметті көргенде, Абайдағы «сабырсыз, арсыз, еріншек, көрсеқызар, жалмауыз» есіңе түседі. Қарақатын мен Балкүмісті көргенде, Абайдағы «Құдайым қанағатын алған» Қарақатынмен «өтірік пен өсекті жүндей сабаған» типтер есіңе түседі. Төлеу, Қалау деген сұмырайларды көргенде, «бойда қайрат, ойда көз жоқ», «арсыз, ұятсыз салтынан, қағып кетер артынан» оңбағандарды көресіз, Тәңірбергеннің арамза ағасы Алдабергенді көргенде, «кейбір пірге қол берген, іші залым, сырты абыз» сұмдар көз алдыңа келеді, ал енді оның пасық ағасы Қаратаз болысты көргенде Абай масқаралаған «ала жылан, аш бақа күпілдіктер» алдыңнан шыққандай болады.
Сондай – ақ, «Абай жолындағы» М. Әуезов жа

12
скачать работу


 Другие рефераты
Разработка базовой концепции изготовления рекламы
Развитие анархизма в России в XIX в.
Гражданская война в США
Восстание сырдарьинских казахов под предводительством Джанхожи Нурмухамедова


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ