Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ар жақта дүмбірлеген Арынғазы

нен қайтарылған жауап хаттан оның Арынғазыны “қазақтардан шыққан қарақшы және бүлікші” деп сипаттап, “ол керуендерді тонады” және “мұсылман дініне адал адамдарды жазалады” деген кінә тағылғаны белгілі болды. Хиуа енді Арынғазының үстінен орыс әкімшілігіне арыз айтып, қайткенде де оны өзіне бас идіруді көздеді. Мұндай саясатпен Ресей саясаткерлері де әбден уланған-ды. Сөйтіп, Арынғазы үшін солтүстіктегі аю мен оңтүстіктегі ілбістің таласы басталды.
Хиуа ханына қарсы Арынғазының саясатын пайдалануды көздеген П.К.Эссен 1818 жылы кіші жүз ханы Шерғазыны Хан кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындады. Арынғазының қоғамдық-саяси өмірінде үлкен тарихи оқиғалар басталды. Бірін­шіден, патша үкіметі сонау Әбілқайыр заманынан бері Батыр хан ұрпақтарын мұндай үлкен қызметке тағайындап көрген емес еді. Екіншіден, Арынғазы кіші жүздің толықтай хандығына қолын созып, оған Орта жүздің беделді басшыларын өз саясатына жақындатуға мүмкіндік алды. Үшіншіден, үнемі Хиуа басқыншылығына ұшырап отырған Сыр бойы қазақтарын қайтадан кіші жүз хандығына қосып, күш біріктіру әрекеттері жанданды. Төртіншіден, соңғы жылдары әбден шайқала бастаған хандық басқаруды күшейтуге, өзге рубасыларын бір ортақ басшылыққа жинау ойы жүзеге аса бастады.
1819 жылы шілде айында Арынғазының ел арасындағы беделі мен басқарушылық қабілетінің қаншалықты екендігі айқындалды. Кіші жүз қазақтары, соның ішінде Әлім ұлдарынан – шекті, төртқара, шөмекей, қаракесек рулары, 12 ата Байұлынан – шеркеш, адай, беріш, байбақты, таз, тана, алаша, масқар, қызылқұрт, ысық, жап­пас рулары, Жетіру бірлестігінен – табын, тама, кете, кердері рулары, Орта жүзден — қыпшақ, арғын, Ұлы жүзден – үйсін руларының өкілдері – барлығы 380 ел игілері орыс әкімшілігіне Арынғазыны кіші жүз хандығына ұсынды. П.К.Эссен сұлтанның ата-тегін түгел тарқатып, патша үкіметіне, оның атасы Қайыптың Бұхара мен Үргенішті басқарғандығын, Қытаймен одақтасқанын, сұлтанның қазіргі бауыры Уәли ханның Орта жүзді, билейтіндігін алға тартып, қолдау қажет деп тапты.
Арынғазының мұндай күш алуына, әрине, алдымен Хиуа ханы қарсы болды. Ол Шерғазы ханды сұлтанға қарсы айдап салды. 1819 жылы қыркүйек айында Хиуа ханының Сыр бойына шабуылға дайындалып жатқандығы анықталды. Оның алдын-алу үшін Арынғазы 14 қыркүйекте Орынбор губернаторына хабарлап, әскери көмек сұрады. Губернатор “Сырдариядан әрі өтуге болмайды, оған өз келісі­мімді бере алмаймын” деп орыс әскерінің көмекке келмейтіндігін, тіпті қару-жарақ бермейтіндігін де сездірді. Мұны білген Арынғазы Бұхара ханымен келісіп, орта жүз сұлтаны Жұма Құдаймеңдіұлына, Мұса батырға, старшын Есмұрат Балтаұлына хабар салды. Нәтижесінде 1819 жылы 9 қыркүйекте кіші, орта жүз қазақтарының кеңесі өтіп, Үргенішке қарсы аттануға шешім қабылданды. Бірақ Бұхарадан келетін әскерден хабар болмады. Оның себебін зерттеуші А.Ф.Рязанов қарақалпақтардың Жаңадария өзеніндегі бөгетті ашып жіберуінен іздеді. Қазақ қолдары жауға қарсы жалғыз қалды. Осыны пайдаланған Мұхаммед Рахим 12 мың жасақпен 1820 жылы 25 ақпанда Сыр бойына тағы да соққы берді. Хиуаға 802 қыз-келіншек, 410 түйе, 7085 жылқы, 1138 ірі қара, 45675 қой әкетілді. Шайқаста Арынғазы ханның анасы, бауыры Нұрым сұлтан, оның әйелі, ұлы, 33 туған-туысқаны тұтқынға түскен. Қанды оқиғаның ең қасіретті жері – Хиуа әскеріне Арынғазының немере ағасы Шерғазы Қайыпұлының баласы Жақаш сұлтанның жол бастауы еді.
Орынбордың өзіне көмек беру мәселесін шеше алмайтындығын түсінген Арынғазы патшамен арнайы кездесуге бел буып, оның жолдарын іздестіре бастады. Орыс тыңшыларының 1820 жылғы ақпарына сенсек, кіші жүздегі 100 мың ауыл Арынғазыға, 4 мың ауыл Шерғазы ханға бағынған екен. Ел ішіндегі ең беделді деген адамдар тізімі Арынғазы сұлтан, Темір Ерәліұлы, Қаратай Нұралыұлы делініп, Арынғазының тұрақты мекені ретінде 1820 жылдың күзінде Елек өзені көрсетілген.
Сонымен, 1820 жылы шілде айында 1819 жылдың аяғында Ресейге кеткен кіші жүз ханы Шерғазы Айшуақұлы елге оралды. Оның Уфада, Санкт-Петербургте орыс саясаткерлерімен кездесулері Хиуа бағытындағы Арынғазының іс-әрекеттерін жоққа шығарды. Арынғазы ендігі жағдайда Ресей мен Хиуа арасындағы қарым-қатынасқа кесірін тигізуші болып шыға келді. Міне, сондықтан да Ресей Сыртқы істер министрлігі өздерінің отарлау саясатының бірқалыпты жүріп, оны қазақ даласында іс-жүзіне асырушы Шерғазы ханның жоспарын қолдап, Арынғазы Санкт-Петербургке жедел түрде кездесуге шақырылды. Бұл шешім 1821 жылғы 6 мамырдағы Азия департаментіндегі мәжіліс қорытындысымен заңдастырылды. Оңтүстіктегі елінің аманатын, қазақ бірлігін арқалаған Арынғазы Ресей астанасына бару тәуекеліне бел буды. Сөйтіп, ол жанына беделді, өзіне сенімді адамдар: Мұрат Жәдігерұлын, Елжан Әбілғазыұлын, Исмайыл Даниярұлын, қожа Шүкірәлі Әлмұхамедұлын, Қаражігіт молда Бектауұлын, атақты Сырым батырдың ұлы Жүсіпті, Қазым Сарышоқайұлын, Санамас Сатұлы мен Санамас Сердәліұлын, Бармақ Бопашұлын ертіп, алдымен Орынборға келіп, сол жылғы 9 шілдеде Санкт-Петербургке аттанды. Ғалым Н.А.Халфин осы сәттегі орыс үкіметінің алдын-ала шешіп қойғанындай, “Мұхаммед Рахимнің орыс саудасының дамуына келтіріп отырған зиянына және қазақтарға деген шапқыншылық саясатына көз жұма қарап, орыс саудасының табыс көзінің кілт төмендеу себебіне кінәлі жан ізделді. Ол Арынғазы Әбілғазыұлы деп табылды” деген жолдармен анықтады.
Ресей патшасы І Александрға Арынғазы жөніндегі толық ақпаратты жеткізген Сыртқы істер министрі К.В.Нессельроде еді. Ол билеушіге 1820 жылғы Бұхара бағытындағы орыс елшілігінің басшысы А.Ф.Негри мен оның қарауындағы әскери бас штаб капитаны Е.К.Мейендорфтың кіші жүздің оңтүстігіндегі Хиуа саясатына Арынғазыны кінәлаған хаттарды берді. Азия комитеті К.Нессельроде әкімшілігі шығарған қорытынды бойынша 1822 жылы 24 ақпанда В.П.Кочубей, Г.С.Волконский, М.М.Сперанскийдің қатысуымен Арынғазыны Калуга қаласына жер аударуға шешім шығарып, алдымен оны Санкт-Петербургте ұстай тұру қажет деп шешті. Көп кешікпей ханға еріп келген елшілерден М.Жәдігерұлы, И.Даниярұлы, С.Сатұлы, Қ.Мұсылманбиұлы елге қайтарылды. Жағдайдың ауырлағанын сезген Арынғазы достарының бәрінің де отбасы ошақ қасына аман жетуіне бейіл еді. Сондықтан да ол Санкт-Петербургте қалған қандастарынан Шүкір­әліні, Қаражігітті және Бармақты қырға қайтару мәселесін көтерді.
Қаражігіт Бектауұлы бастаған бұл екінші топ елге 1922 жылғы қазан айында жетті. Көп ұзамай бүкіл қырда Арынғазыны орыс тұтқынынан босату үшін әрекеттер басталды. Елек жағалауын қазақтарға қайтару үшін күрескен табын Жоламан Тіленшіұлы да “Ресей Арынғазыны елге қайтармаса, орыс шекарасына соққы беретіндігін жеткізді”. Қазақтар Бұхара, Хиуа бағытындағы орыс керуендерін тоқтатуға көшті. Оңтүстік қазақтары мәселені реттеуге келген Шерғазы ханның елшілігін Хиуа бағытына өткізбей қойды. 1822 жылы желтоқсан айында жағалбайлы руының қазақтары Бармақ Бопашұлының бастауымен екі сөйлеген Шерғазы ханнан кек алу мақсатында оның ұлы Есқазыны өлтірді. Ал Табын, кете рулары болса Арынғазы мен Жүсіп Сырымұлын елге қайтаруды талап еткен хаттарын П.К.Эссенге жеткізді. 1822 жылы 29 желтоқсанда Бұхара көпестері К.В.Нес­сельродеге “1820-1822 жылдарда Бұхараға 4 мың түйелік тауар жібергенімізбен жетпеді, оның негізгі себебі, елде тәртіп орнататын Арынғазының жоқтығы” деп хабарлады. Өзбек саудагерлері 1823 жылғы наурыз айында осы мәселені екінші рет қайта көтерді. Ресей тарихшысы В.Г.Семенов: “орыс үкіметінің дұрыс ойланбастан жасаған қимылының салдарынан Арынғазының ұсталуы туралы хабар қазақ даласына жеткен кезде, елде тыныштық бұзылды”,– деп ашық жазды.
Асыл азаматы елге қайтаруға кіші жүздің де, орта жүздің де белді адамдары өте қатты араласты. Соған қарамастан Арынғазы, бауыры Елжан сұлтан, Жүсіп Сырым­ұлы 1823 жылғы 14 мамырда Калугаға жер аударылды. Оның өзі қатаң құпия жағдайда жүзеге асты. Өйткені 1823 жылғы 3 қыркүйектегі Жоламан Тіленшіұлының, Асау Барақұлының, Жаналы Икбайұлының, Көтібас Төлебайұлының П.К.Эссенге жазған хатында Арынғазының қазір қай жерде екендігі сұралған. Кепіл иелерін ұрлап әкетуден қорыққан П.К.Эссен ханды Санкт-Петербургте деп алдаусыратып жауап берген.
1826 жылы 8 қыркүйекте Азия департаменті Арынғазыны қырға қайтару мәселесін талқылап, сол кездегі парсы-түрік еліндегі жағдай қалыпқа келгенше, кейінге қалдыру қажет деп шешті. Бірақ оны Калугадан Мәскеуге көшіруге келіскендей болды. Өкінішке қарай, Москвада Хиуа мен Бұхара көпестерінен басқа қазақтардың да жүретіндігін ескерген Азия департаменті 1828 жылы 20 ақпанда ханды онда көшіру қауіпті деген қорытындыға келді. Департамент журналында: “Кіші жүзді басқару жөніндегі қазіргі енгізіліп жатқан шаралар (хандықты жою – Ә.М., Ұ.Т.) толық жүзеге аспайынша, Арынғазыны Калугада ұстаған тиімді. Себебі, ол мұнда келсе, жергілікті татарлар арқылы Кіші жүздегі өз жақтастарымен байланысқа шығады”,– деп жазылған. 1829 жылы 19 ақпанда Арынғазының сенімді серігі Жүсіп Сырымұлы елге қайтуға рұқсат алды. Содан бастап ханның жанында тек қана Елжан Әбілғазыұлы ғана қалды. Сол жылдары қырдағы (Нұралы ханның немересі Жақсы ханым қайтадан Арынғазы жанына баруға рұқсат сұраған-ды. Алайда, оған да нақты жауап берілмей, есіл ер елден шеттетіле берді. 1830 жылы ақпанда Орынбор губернаторы болып тағайындалған П.П.Сухтелен өлке жайымен танысқан соң-ақ: “Арынғазы сұлтанның елге жіберілуі әзірше біздің ыңғайға құрылып болмаған Ордаға кеселін тигізеді”, деген шешім шығарды. Бұл сөз сұлтанның елге қайту арманына біржолата балта шапты. Арынғазының 1831 жылы қараша айында орыс патшасы І Николайға, желтоқсан айында К.К.Родофиникинге жазған хаттарында: “Еліме қайтарыңыз, ең болмағанда, Мәскеуге көшіріңіз”, деген өтініштері тіпті назарға алынбады. Соңғы жылдарда ханның жанында Елжанмен бірге онымен 1829 жылы қосылған татар қызы Мәдина Хасанова ғана қалды. Мәдина 1833 жылғы мамыр айындағы Азия департаментіне жазған хатында Арынғазының е
123
скачать работу

Ар жақта дүмбірлеген Арынғазы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ