Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ар жақта дүмбірлеген Арынғазы

лге деген сағыныштан ауру болғандығын хабарлады. Осы әйелдің қажырлы талпынысымен орыс әкімшілігі 1833 жылы 21 тамызда кепіл иелерін Мәскеуге көшуге бұйрық шығарды. Бірақ арада 2 күн өткеннен кейін Арынғазы дүние салды. Оны жерлеу үшін Мәскеуден арнайы молда шақырылып, 28 тамызда денесі Калуга жеріне берілді. Сөйтіп, қазақтың біртуар азаматының сүйегі империялық пиғылмен уланған саясаттың құрбаны болып, Отанынан тысқары жерде мәңгілікке қалды. 1835 жылы 25 наурызда Орынборға тағайындалған жаңа губернатор В.А.Перовскийге Жақсы ханым: “Мен 14 жыл бойына Арынғазымен кездесе алмадым. Енді егер заңға қайшы болмаса, оның сүйегін елге әкеліп жерлеп, парызымызды орындап, өзімізді ақтасақ” деп хат жолдады. Губернатор орыс заңдарында бір жерленген адамның аруағын мазаламайды деген сылтаумен оған рұқсат бермеді. Кезінде Әбілқайыр ұрпақтары да Уфада қалған Нұралы ханды қайта қазақ жеріне жерлеу мәселесін көтерген-ді. Мұның артында қай уақытта да орыс үкіметінің болашақ ұрпақты өзіне мәжбүрлеу саясаты жатқандығы бүгінде анық.
Арынғазы шет жерде қалса да, оның отбасын ұстап қалған Жақсы ханым Ұлтуған, Топық, Мәдина атты әйелдері мен ұлдары Мұхаммедқазы, Айтмұхаммед, қызы Фатимаға қорған бола білді. Орынбор шекаралық комиссиясы 1847 жылы 22 қаңтарда Калугада Арынғазыдан қалған дүние-мүлікті бөлуді ұйымдастырды. Оған өз отбасы атынан Жақсы ханым Айтмұхаммед пен Фатиманы жіберді.
“Орнында бар – оңалар” деген. Қандай заман, қандай жағдай болмасын, есіл ерден қалған тұяқтар бабасының атына кір келтірмеді. Бір ұрпағы кешегі кеңестік заманда адал еңбек етіп, оқу-ағарту саласында көзге түсті. Бүгінде сұлтанның шөпшектері ұрпақтары Ақтөбе облысында тұрады.
Қорыта келгенде, Арынғазы хан тағдыры тәуелсіздікке қол жеткізуімізбен қайтадан ортамызға оралды. Ендігі мақсат – оның тарихы арқылы ұлы бабаларымыздың даңқты жолдарын ұрпаққа үлгі ету.

Әбілсейіт МҰХТАР, тарих ғылымдарының докторы,
Ұлжан АХМЕТОВА, тарих ғылымдарының кандидаты.

123
скачать работу

Ар жақта дүмбірлеген Арынғазы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ