Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Араб мемлекеті

лияға   жасаған саяхаты кезінде Еділдің өңірінен өтіп бара жатып, бұлғарлар туралы: “Мұнда Мұхаммедтің заңын қай “албасты” (дьявол) әкеліп тастағанына таңым бар”, - деп жазады. Жалпы алғанда, түркі тілдес тайпалардың исламдануы біркелкі болған жоқ: Еділ бойы (бұлғарлар) мен Жетісуда қарлұқтар мен түркештер Х ғ. бойында жаңа дінге өту қарқынды жүріп, Мауереннаһр, Хорасан және Таяу Шығыстың мұсылман орталықтарымен тығыз байланыстар орнатылса, ал қимақ-қыпшақ тайпалары бұл істе біраз артта қалып қойды. Бұған себеп болған отырықшы аудандар мен қалалардан территория жағынан алшақтық, көшпенді тұрмыстың басым болуы еді. Алайда бұл тұжырымды біржақты қабылдауға да болмайтын сияқты. Жалпы, Орта Азияны мекен еткен ірі тайпалардың бірі – қыпшақтардың солтүстік бөлігінің исламдануы жөнінде тарихнамада үлкен дау – талас орын алған. Сондықтан да бұл мәселеге ерекше тоқталуды жөн көріп отырмыз.

      Қазақ тарихындағы исламның рөлін барынша төмендетіп көрсетуге тырысуға байланысты, кеңес тарихнамасында қыпшақтар ХІІІ ғ. дейін ислам өркениетінене тыс болды деген пікір үстем болды. Осыған байланысты кеңес идеологтары “пантүркішіл” ғалымдарға ортағасырлық қыпшақтар тарихындағы ислам факторын аса асыра бағалағаны үшін, алакөздік танытып отырды. Тек “пантүрікшілдер” ғана емес, сондай –ақ беделді орыс-еуропа ғалымдары да көшпелі қыпшақтар арасындағы исламның жетістіктерін атап көрсеткен болатын. Атап айтқанда, ХІХ ғ. атақты орыс тарихшысы Н.И. Веселовский: “татар басқыншылығының алдында половецтердің басым бөлігі мұсылман дінін тұтынды” –деп жазады.

      Батыс тарихнамасында орта ғасырлық қыпшақтар таза көшпелі халықтар ретінде көрсетілген. Бұған А.Ю. Якубовский мен Б.Д. Греков ең алғаш рет қарсы пікір айта отырып, егіншілікпен айналысатын аудандармен шекаралас жерлерді мекен еткен қыпшақтар бірте-бірте отырықшылыққа өте бастады деп атап өткен еді. Мұндай фактілерді Жетісу мен көшпенділікпен күн кешкен түргештердің, оғыздар мен қарлұқтардың және т.б. көшпелі халықтардың ІХ-ХІ ғғ. жаппай отырықшылыққа өткені белгілі. Бұл процесс түріктермен көршілес соғдылықтар мен хорездіктердің елеулі түрде түріктенуіне алап келген болатын. Кеңес даласын археологиялық және этнографиялық жағынан зерттеген Г.В. Григорьев те осындай қорытындыға келеді. Атап айтқанда ол: “Жалпы алғанда таза көшпенділер болмайды; барлық көшпенді халықтар белгілі дәрежеде егіншілікпен де айналысады”, - деп жазса, УІ-ХІІ ғғ. Орхон-Енисей түріктерінің тарихын зерттеген А.Бернштам: Біз таза көшпенділердің болмайтындығын білеміз, көшпенділер егіншілікпен және аңшылықпен де айналысып отырған...Біз, көшпенділердің кедейленіп кеткен бөлігі жатақтарға айналып отырғанын тарихтан жақсы білеміз, - деп көрсетеді. Кедейленген көшпелілер жайлы Махмұт Қашқари: “басқа жерге көшпейтіндер мен соғысқа қатыспайтындар” қоныстанған барлық аймақтарда, ерте орта ғасырлардың өзінде-ақ ірі-ірі қалалар болғанын ескеру керек, бұл қалалардың халқы археологиялық деректерге сенсек, көшпенділер болмаған.

      Қыпшақтардың арасында ислам дінінің таралуы жөніндегі мәселеге орала отырып, біз бұл діннің тек отырықшы халықтың арасында ғана емес, сондай-ақ, көшпенділер мен жартылай көшпенділер арасында да кең таралғанын көреміз.

      Оңтүстік қазақстан мен Жетісу халқымен салыстырғанда Орталық Азияның солтүстік аудандарын мекендеген қыпшақтар өз ескі нанымдарын шыныда да ұзағырақ сақтады. Алайда ХІІІ ғ. қарай Дешті Қыпшақтың негізгі бөлігі мұсылманданып үлгерген еді. Бұл кезде батыс қыпшақтардың (половецтер) арасында да ислам дінін қабылдаған топтар болған болуы керек, өйткені оларды орыс жылнамалары “бусурмандар” (яғни мұсылмандар) деп атайды. Исламданудың қарқыны, белгілі дәрежеде жергілікті халықтың өмір салтына, олардың Сырдария бойы қалаларымен байланыстарына, Хорезммен саяси қарым-қатынастарға байланысты болды. Бірінші болып исламды шонжар өкілдері, хандар, қолбасшылар, жалпы, неғұрлым саналы, рухани жетілген адамдар қабылдады.

      Осы дәуірде Қожа Ахмет Иассауи және оның сопылық мектебі көшпелі халықтар арасында ислам дінін таратудағы миссионерлік қызметін табысты түрде жүргізіп, Иассауидің  өзі “орта Азияның көшпелі тайпаларының ұлттық әулиесі” деген атаққа ие болған еді. Иассауи исламды дәл осы көшпелі оғыз-қыпшақ тайпалары арасында жүргізді. Оғыздар мен қыпшақтардың мұсылман дініне өтпегені жөніндегі “марксистік” қағиданы қабылдау ислам дінін уағыздау қызметінің шарықтау шегі ХІ-ХІІ ғғ. сәйкес келген Қожа ахмет Иассауидің және барлық сопылық бірлестіктердің еңбегін жоққа саю болар еді.

      Қыпшақтардың ислам дініне өтуі негізінен, көршілес ислам мемлекеттерінің, атап айтқанда Қарахан, Хорезмшах, Селжүк мемлекеттерінің ықпалымен жүрген. Барлық жағынан мұсылмандармен шектесіп жатқан қыпшақтар алдыңғы қатарлы өркениеттің ықпалынан тыс бола алмады. Қарахандардың Оңтүстік Қазақстан, Баласағұн мен Жетісуда халықты жаппай мұсылмандыққа өткізгені және өздерінің осы дінге өткенін көрсетіп олардың жиырма мың қойды құрбандыққа шалғаны туралы мәліметтер осы ойымызды растайды. Қыпшақтар тағдырында ерте орта ғасырлардағы аса жоғары дамыған мұсылман мемлекеті – Хорезм ерекше маңызды рөл атқарды. Хорезмды әл – Мукаддаси (Х ғ.) бойынша суреттейді: “Алла олардың нәсібесіне арзаншылық пен құнарлы жер берді, дұрыс оқи алу (Құранды ) мен терең парасаттылық силады”, “оның тұрғындары білгір, ғұламалығы мен ерекшеленеді, фикхты жақсы біледі, дарынды және білімді”. Жалпы, этникалық жағынан Хорезм мен көшпелі қыпшақ даласын бір-біріне қарсы қоюға негіз жоқ: ХІІ-ХІІІ ғғ. Хорезмнің халқы негізінен түркілер болған еді. Хиуада (Хорезм) мемлекеттік іс-қағаздар түрік тілінде жүргізілді. Хорезмшах – ануштегіндер гулямдардың (оғыз немесе қыпшақ) ұрпақтары болғаны белгілі. ХІІІ ғ. қарай хорезмшахтардың мұсылмандық билеушілерінің сопылықтың қамқоршылары, дінсіздерге (қарақытайлыр) қарсы күрескерлер ретінде даңқы таралды. Хорезм мен Дешті-Қыпшақ тек мәдени-тұрмыстық жағынан – отырықшылықтың ошағы және оны қоршаған көшпелілер әлемі ретінде ғана бір-біріне қарсы тұрды. Объективті заңдылық бойынша қыпшақтар Хорезмнің мәдени ықпалына барған сайын артыла түсуге тиіс болды. Ал саяси жағынан әлсіреп қалған Хорезм далалықтардың әскери қолдауына зәру еді. Хорезмдіктер өз кезегінде далалықтарға өркениет игіліктерін- білім мен дінді уағыздап отырды. Сөйтіп Хорезм бірте-бірте мұсылмандық қыпшақ мемлекетіне айнала бастады.

      Сондай-ақ қыпшақтардың оңтүстік тобы, атап айтқанда, Сығанақ тобы ХІІ ғасырда – ақ өздерін мұсылманбыз деп санағаны туралы мәліметтер бар. ХІ-ХІІ ғғ. қыпшақ хандары Қыран (Икран) мен Алып Дерек мұсылман дінін қабылдап соған байланысты дәстүрге сәйкес Қадырхан және Ғайырхан деген мұсылман есімдерін қабылдаған. Алайда, қыпшақтардың арасында орныққан исламның әрине, өз спецификалық ерекшеліктері де болды, өйткені, көшпенділердің арасында бұрынғы ата-баба салт-дәстүрлеріне деген берілгендік ұзақ уақыт сақталып қалған еді.

       Сонымен түркілер ислам дінін өз еркімен қабылдаған халықтардың бірі болды. В.В. Бартольдтың айтуы бойынша “бұл жерде мұсылмандар исламды қарумен таратудан бас тарта отырып, үгіт-насихаттар арқылы үлкен табыстарға қол жеткізді”. Бұл насихаттың нақтылы түрлері туралы тарихи деректердің мәліметтері өте жұтаң. Алайда түріктерге, алғашында ислам олардың өмір салтына сәйкес келмейтіндей болып көрінгендігі жөнінде мәліметтер бар. Атап айтқанда, халиф Хишаның (724-743 жж.) елшісі түрік ханына исламды қабылдауды ұсынғанда ол былай деп жауап берген дейді: “Түріктер арасында шаштараз да, етікші де, тігінші де жоқ; егер олар исламды қабылдап мұсылмандық шарттарын орындайтын болса қалай күн көрмекші?”. Бұл жауап ханның ислам негіздерінен мүлдем хабарсыз болуынан немесе оның жаңа дінді саяси себептерге байланысты қабылдағысы келмегендігінен туындаса керек, бірақ бұл сол кездегі нақты жағдайды көрсетпейтін. Өйткені, жоғарыда айтып кеткендей түріктер бұл дәуірде тек көшпелі мал шарушалағымен ғана айналыспаған, олар қалаларда тұрып, қолөнермен де, сауда-саттықпен де айналысқан. Сондай-ақ таза көшпелі тайпалар болып саналған араб – бәдеуилердің ислам дінін белсенді түрде қабылдап, осы дінді басқа халықтар арасында таратудың ең бір белсенді күрескерлері болғанын біз жақсы білеміз.

      Орталық Азияның орта ғасырлық қалаларындағы (Х ғасырдан бастап) мұсылмандықтың үстем және мемлекеттік дін ретінде орнығуының дәлелдерінің бірі мешіттер мен мазарлардың көптеп салына бастауы еді. Түркілер жеріндегі мешіттер жөнінде Максиди (Х ғ.): Таразда мешіт базарлардың ортасында орналасқан, ал Жікилде орталық мешіт базардың ішінде орналасқан, деп көрсетеді. Орталық мешіттер Барысхан, Бехлу, Атлах, Хамуке, Шелжі сияқты қалаларда да болған. Тараз бен Меркеде Христиандық шіркеулер мешітке айналдырылды. Сондай-ақ Х ғ. жатқызылатын мешіт ортағасырлық Құйрық-төбе (Оңтүстік Қазақстан) қаласынан да табылған. Баласағұн қаласынан табылған мешіт пен мұнараның қалдығы бұдан сәл кейінірек уақытқа жатады. Мешіт пен мұнара әкімшілік билік пен өкіметтің ислам дінін қолданғанын көрсететін белгілер болып табылады.

      ІХ ғасырдан бастап Орталық Азия халықтарының арасында мұсылмандық жерлей ғұрпы тарай бастайды. Археолог Б. Нұрмұханбетов 1970 жылы арыс, Бадам, өзендерінің бойындағы Қараспан қорымын қазғанда, бұл қорымдардан алғашқы ІХ ғасырға жататын мұсылмандық жерлеу рәсімін кездестіргенін жазады. Х-ХІ ғғ. жататын мұсылмандық жолмен жерленген обалар Құйрық-төбенің маңынан табылған. ХІ-ХІІІ ғғ. басында мәйітті жерлеудің мұсы

Пред.16171819
скачать работу

Араб мемлекеті

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ