Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Араб мемлекеті

лмандық рәсімі Қазақстанның Оңтүстігі мен Жетісуда үстемдік алады. Бұл ауданда исламның айтарлықтай дәрежеде таралғанын археологиялық қазбалардан табылған тұрмыс заттары да дәлелдейді. Мысалы, ХІ ғ. жататын әйел обасынан табылған (Тараздың батыс шегі – Үңгірлісай мекені) қола айнада: “Аллаға сенгендерге еш қауіп жоқ” деген жазу бар. Сондай-ақ Тараз маңындағы тас суаттың қабырғасына араб тілінде діни сипаттағы жазу жазылған. Бұл жазу бойынша суат 1006-1010 жж. Бір ақ сүйек әйелдің жарлығымен соғылған. “Бұл суатты әбделмәлік Құтұлықтың қызы Фатима хатун Аллаға жықындаудың жолымен жүру үшін және оның шапағатына бөлену үшін салғызды. Алла өзімнің, ата-анамның және барлық мұсылмандардың күнәсін кешсін”.

      Исламның тарауына байланысты архитектурады ақсүйек өкілдерінің есімін мәңгі есте қалдыру мақсатымен оба үстінен мазарлар тұрғызу ерекше маңызға ие болды. Талас жазығының мазарларын ең алғаш зерттегендер қатарына Б.П. Денике, А.Н. Бернштам, М.Е. Массон, М. Меңдіқұлов, Л.Б. Розиналар жатады. Кейін, 70-жылдары бұл мазарды зерттеуші қазақстандық  ғалым тарихшы Т.М. Сенигова жалғастырды. Осы аталған зерттеушілердің еңбектерінде Тараз өлкесінің қарахандар дәуірінен қалған атақты ескерткіштері – Қарахан, Бабаджи Хатун және Айша бибі мазарлары жан-жақты зерттеле отырып, олардың халифат елдеріндегі мазарлардың архитектуралық ерекшеліктерін қайталайтындығы жөнінде айтылады. Сонымен, монғол шапқыншылығына дейінгі дәуірде Орта Азия мемлекеттерінде ислам ықпалды күш болды. Мұның тағы бір дәлелі – Қарахан мемлекетінде мұсылман дінбасылары вакуфтық (жеке жер меншігі) жерлермен қамтамасыз етілді, бұл олардың жоғары материалдық жағдайын анықтады. Дәстүрлі ислам символдары бар теңгелер шығарылды, мұсылмандық оқу орындары – медреселер ашылды.

      Х ғ. басында Хорасан мен Мауереннаһрда пайда болған медреселер исламды таратудағы күшті бір құрал болған еді. Бартольдтің зерттеулері бойынша медреселер алғаш рет, яғни Х ғ. мұсылман әлемінің Шығыс бөлігінде пайда болған, тек ХІ ғ. ғана бұндай оқу орындары Батыс Иранда және халифаттың астанасы – Бағдатта ашылады. ХІ-ХІІ ғғ. Сайрамда (Испиджаб) рухани оқу орындары – медреселер және сондай –ақ кітапханалар болғаны жөнінде жазба деректерден мәлім. “Халифаттан тыс жерлерде, атап айтқанда, Орта Азияда басқа ислам аймақтарымен салыстырғанда мұсылмандық насихаттың қарқынды жүруі мүмкін осымен түсіндірілетін болар”, - дейді В.В. Бартольдт [48].

      Сонымен, Орталық Азия халықтары арасында УІІІ-ХІІІ ғғ. арасында ислам діні таралып, орнықты. Түріктер арасында ислам көбіне бейбіт жолмен (сауда жолдары,т бейбіт қоныстанушылар және дін уағыздаушылар арқылы) тарайды. Сондай-ақ исламның жергілікті халықтың діни дүниетанымы ретінде қалыптасып, орныққан біз осы дәуірдегі түрік қалаларындағы мешіттердің көптеп салынуынан, қаза болған кісіні мұсылманша жерлеу салтының орнығуынан, түрік ақсүйектерінің мәйіті қойылған жерлерге мазарлар тұрғызу дәстүрінің орын алуынан, және бұл мазарларға мұсылмандық діни мазмұндағы мәтіндер жазылуынан, мұсылмандық мектептер мен медреселердің ашылуынан т.б. көреміз.

      Түркі халықтары арасында ислам дінінің таралуын үш кезеңге бөліп қарастыруға болады:

1.      751 ж. Талас шайқасынан кейінгі дәуірдегі исламның тарала бастауы. Бұл кезеңде ислам, негізінен, қарлұқтар арасында, ішінара таралған еді.

2.      Орта Азиядағы саманилер билігі дәуіріндегі исламның таралуы. Бұл кезеңде ислам Орталық Азияға, біріншіден саманилер әулетінің ғазауаты арқылы, екіншіден, Мауереннаһр халқының бейбіт қоныстануы арқылы және үшіншіден, сауда жолдары арқылы таралды.

3.      Қарахандар дәуіріндегі исламның мемлекеттік дінге айналып, барлық түркі халықтары арасында жаппай таралуы. Бұл кезеңнің аяғында Орталық Азияның  солтүстік-батыс бөлігінде, яғни қыпшақтардың арасында мұсылман дінін таратуда Қожа Ахмет Иассауи бастаған сопылардың миссионерлік қызметі ерекше орын алды.

 


                                        ҚОРЫТЫНДЫ

 

      Сонымен  бітіру  жұмысын  аяқтай  отырып  мынадай  қорытындылар   жасауға  болады. Осыдан он төрт   ғасыр бұрын, яғни  ҮІІ ғ. басында  Мұхаммед  пайғамбар  жариялаған  жаңа дін  исламмен  біріктірілген арабтар  Аравия  түбегінен  кең тарихи сахнаға шықты.  Пайғамбардың ізбасарлары, яғни халифтер  тұсында  олар Пиреней  тауларынан Инд өзеніне  дейін созылып жатқан орасан зор территорияда, көне  мәдениеттердің жұртында жаңа  этникалық өркениет және ұлы империя құрды. Бұл  мемлекет Ұлы Македондық  Александр заманынан  кейін  алғаш рет Шығыс  пен Батыс, эллинистік  Жерорта  теңізі елдері, үнді – Иран және әлемі бірікті.  Қасиетті  құран  мен рухтанған орта ғасырлық арабтар  ҮІІ-ҮІІІ ғғ. көптеген елдерді еш  қиындықсыз-ақ бағындырды, басқа “варвар” халықтардың  жаулаушылықтарын  өзгеше, арабтардың жаулап  алушылықтыры жаппай қырып-жою, қиратушылықтарымен жүрмеген. Араб жаулап алушыларын күні азған ескі өркениеттерді қиратып орнына жаңа, прогресшіл өркениет орнатқан халықтардың ұлы қоныс аударуының құрамдас бір бөлігі ретінде қарастыру. Халифатқа кірудің оған кірген барлық халықтар үшін айтарлықтай ақ салдары болды.

      Арабтар түркілер жеріне жаулап алу жорықтарын жасаған жоқ, бұл жерлерді басып алу арабтардың жоспарында болмаған. Бұған себеп – халифат билеушілері, көреген саясаткерлер ретінде ежелден-ақ жауынгер халық ретінде аты шыққан түркілерді күшпен өзіне бағындыра алмайтынына көзі жеткен еді. Орталық азия жерінде жүздеген арабтардың жалғыз шайқасы Талас түбіндегі шайқас түркілерге қарсы емес, керісінше түркілер мен бірлесе отырып Қытайға қарсы бағытталды.Негізінен арабтар мен Орталық Азияны мекендеген түркілердің өзара қарым-қатынастары бейбіт жақындасу бағытында дамыған. Араб ғалымдары Орталық Азия мен тарихы мен географиясын зерттеуге үлес қосты. Араб миссионерлерінің ұрпақтары (қожалар) түркі халықтарының құрамына сіңісе отырып, түркілердің этникалық жағынан қалыптасуында маңызды роль атқарды. Арабтардың енгізген ислам діні ортағасырлық түркілер қоғамының біртұтастығын одан әрі нығайтуын қамтамасыз еткен идеологиялық қызметін атқарды. Түрік тайпалары исламды өз еркімен қабылдады. Олардың ортасындағы діни, рухани үгіт-насихат бейбіт сипатта болды. Бұл аймақта ислам көне түрік наным-сенімдерін синтезге түсіріп, ондағы бірқатар әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді өз бойына сіңіріп алды. Орталық Азия көшпелілердің исламға жаппай өтуі Х-ХІІІ ғ. аралығында жүрді.

      Біз қарастырып отырған дәуірде орталық Азия халықтарын саудаға деген қатынасы өзгереді. Бұл жағдай бір жағынан исламның саудаға қатынасы мен түсіндірілсе, екінші жағынан әр түрлі елдер арасындағы шекараларды жойып, мұсылмандар үшін баж салығын төмендеткен халифаттың ұлы жібек жолы бойы мен сауда керуендерінің еш қауіп-қатерсіз, еркін түрде жүруіне ықпал етуіне деп түсінеміз. Халифаттың басқа да аймақтары сияқты Орталық Азия халықтарына да араб тілі мен жазуы енді.

     Сөйтіп  арабтар  мемлекетін   ислам  дінінің  негізін  қалаушы  Мұхаммед  пайғамбардың  атымен  байланысты. 661 – 750 жж.  Аралығында  ол  мемлекетті  Омейядтар  әулеті,  751 жылдан – Аббастар  әулеті  басқарды.   Мемлекет “халифат”  яғни  “орынбасар” “пайғамбардың”  болды.  Араб  халифаты  сегізінші   ғасырдың  ортасына  қарай  Шығыста  Қытайдан – Батыстан  Франктер  мемлекетіне  дейінгі  ұлаңғайыр  жерді  алып  жатты.

     Халифаттағы  барлық  жер  әуелде  халифтың  меншігі  болып   есептелді.  Ол  енді   наместниктер  арқылы   басқарды. Наместник   өзі  қызмет  атқаратын   мерзіміне  қарай  пайдалануға  жер  үлесін  алып  отырды.  Халықтан  жиналған  салықтардың   есебінен  ол  шенеуніктер  мен  әскер  ұстады.   Бертін   келе  халиф  жердің  бір  бөлігін  шонжарлардың  тұрақты  иемденуіне  берді.

     Халифатта  құлдар  еңбегі  де  кеңінен  пайдаланылды.  Бірақ  еңбекші  халық  бұқарасының  басым  көпшілігі  құлдар  емес,  тәуелді  шаруалар  болды.  Халиф  өз  басшыларымен  ерекше  еңбек  сіңірген  қызметкерлеріне  жер  үлестіріп  беріп  отырды.  Ол  үлес  “ихта”  деп  атады.  Ихта  үшін  оның  иесі  салық  төлейтін  болды.  Омар  халиф  /634 – 644 жж./ ол  иелікті  меңгеруге  міндетті.  Егер  бос  жатса,  өкімет  қайта  алып  қоятын  болды.

     Ұшыр – жан  ба

Пред.16171819
скачать работу

Араб мемлекеті

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ