Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Арқа ән мектебіндегі Мәди шығармашылығының сипаты

;"> ...Сақта Алла пәлеңнен,

 

Асып тұр ғой шарадан.

Шағам тілмен шағып тұр,

Шиққан шыққан жарадан.

Жараның аузы бітпей тұр.

 

Ірің саулап ағып тұр.

Бізді аңдыған дұшпанның,

Табасы әбден қанып тұр.

Дұшпан ұстап қолымнан,

Иттер тістеп тонымнан...

 

        Мәди бабамыз жайлы айтылған,  жазылған деректердің бәрі өте маңызды әрі бағалы. тағы бір маңызды оқиға,ғасырдың ғажайыбы, хас таланты Жүсіпбек Елебековтың Мәди әншімен кездесуі. «Мәдидің  «Қаракесек»,  «Үшқара»,  «Шіркін –ай »  сынды тағдырлы әндерін  1975 жылы Совет Одағының Батыры мәлік Ғабдуллиннің үйінде асқақ әнші Жүсіпбек Елебековтың өз аузынан тыңдағанмын. Сол бір мәжілісте ұлт зиялылары  Әлкей Марғұлан, Бауыржан Момышұлы,  Шапық  Шөкин,  Өмірбек Жолдасбеков,  Ісмет Кеңесбаев,  Ғайниден Мұсабаев,  Әди Шәріпов,  Шерхан Мұртаза сынды ардақтылар болғанды.  Жүсекеңнің бөрі басты таяғын,  киімін,  мүбәрәк қолын ұстағанның өзі бір ғанибет. » [7; 108 б.]

        «1912 жыл.  Қоянды тауы.  Әйгілі  Жақыпбек әнші Жүсіпбекті  Мәдиге таныстырады.  Сонда атақты  әнші –ақын Мәди Жақыпбекке:

-         Баулып жүр едім де, қыран қанаты қатпаған балапанын қиядағыға баулиды.  Жастайынан  топ ортасына салуың маған соны елестетті.  Тек  өзіңдей  биікке самғайтын болсын, -деді де, маған қарап:

-         Кішкетай інішегім,  мені  байлар,  бектер  жек  көргенімен,  қарапайым  ел қадір тұтады.  Ендеше,  менің де бойымда  бір қасиеттің  болғаны да.  Мә, мына ақшаға көйлек алып ки,  менен тәбәрік болсын деп,  менің  қолыма  бір бөлек  қағу  ұстатып,  өзі тез басып  шығып  кетті. » [8; 22 б.]

        Мәди   бабамыз   өмірдің   талан- таражына   түсіп,   тар   қапастың   ар

жағында жатып,  туған   жерін  аңсап,  халқының   арман  тілегін   әндеріне   қосып, қапаланып   жатқанда кішкене  болса  да,  көңіліне  медет  болар  алданыш  іздейді.  Мәди әні шартарапқа шалқып,кең тарайды. Есіл ердің даусын естіген жалпақ елі құрметтеп,ас-суын әкеліп,көңілін сергітіп, жігерлендіреді.Атбасар оязы адамның сырттаны Мәдиді қатаң бақылауға алды. Жолығуға сұранғандарды тәптіштеп тергейді.Осынау күндерде Баянауылдан ойшыл,дала данасы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы Атбасар түрмесіне ат басын тірейді. Әдейі іздеп келген Мәшһүр Жүсіпті Мәдимен сөйлестіруге ояз рұқсат бермейді. Себебі, Торғай  Өңірінде Әмір Әбдіғапар мен    Кейкі Батыр бастаған ұлт-азаттық көтеріліс тұтанаған еді.  Қазақтың бұтақты мүйіз құлжасы Мәди  мен  әмбебап дарын Мәшһүр Жүсіп бірігіп,тұтас Сарыарқаны дауылдатып, Жүрер деп сескенеді.

         Мәдиді көруге үмітін үзген Мәшһүр Жүсіп түрме маңына дастархан жайып,мұсылманшылығы мол бір жігітке Мәдиге жазған хатын табыстайды.

Пред.6
скачать работу

Арқа ән мектебіндегі Мәди шығармашылығының сипаты

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ