Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Арқаның дәстүрлі ән мектебі

   Қазақ өнерпаздарының шығармашылығында өмірбаяндық және тәңірге шағыну, жалғыздық тақырптары кеңінен көрініс тапты. Мысалы «Ақан сері» әнінде романтикалық көтеріңкі сезім азаматтық әуенмен тамаша үндестік  табатынын атап көрсеткен дұрыс. Бұл шығарманың негізгі поэтикалық мән мағынасы ақынның өнердің өміршеңдігінде жатыр. ХІХ ғасырдағы қазақ ақындарына тән ерекшелік-ішкі терең күйзеліс осы әнде аңғарылады. Әнші, сазгер Ақан өз шығармасын оның әнін еститін адам бар ма, өнер иесіне  бостандық алар күн туа ма деген сұрақ желісінде құрады.

   Қазақтың дәстүрлі кәсіби  ән-ақындық өнер өкілдерінің ішінде ұлы ақын-компази-тор Абай Құнанбаевтың  орны бөлек. Ол ауызекі өнер мен жазбаша мәдениеттің дәс-түрлерін біріктірген суреткер. Абай өзі жасынан өлең және сол өлеңнің  мақамын шығарса да, басқа сал-серілер тәрізді ауылды аралап, халықты өз өнерімен таныстырған ақын емес. Сонымен қатар, ол өлеңдерін ауызша шығармай, хатқа салып жазатын. Ал Абайдың әндерін халық арасына жайған өзінің шәкірттері  Шәкәрім, Көкбай ақын, Уайыс,  ұлдары Ақылбай, Мағауиялар да ұстазы тәріздес, әндерінің сөзін хатқа қалдырып  жазған. Ақынның өнеріндегі  шешендік өнермен  байланысты ерекшеліктің бірі – үндеушілікті, тура айтушылықты кеңінен пайдалануы. Бұл ерекшелікті негізінен Абай да атап көрсеткен. Ол ән мен әуен оятады, адамның жан сезімін толқытады әсерлендіреді деп бағалаған.    Суырып салып айту – ақындық өнердің ажырамас ерекшелігі. Ал, суырып салмалық қабілет шығармашылық тәжірибе барысында қалыптасады.  Ақындардың көбі: Біржан сал, Ақан сері, Әсет және басқалары айтыстарға қатысу арқылы өз шеберліктерін жетілдірді. Ақындар өлең сөз бен әуенді  тасыған өзендей түйдек-түйдегімен төгеді. Нағыз ақындар суырып салма болып келеді. Ол әрқашанда өз заманының ең көкейкесті мәселелерін қозғайды. Суырып салушылық өнер халық арасында кеңінен дамығанын атап көрсету керек. Қазақтың аса көрнекті этнограф-ғалымы Ш.Уалиханов мұндай ерекшелікті халықтың ақын жандылығынан, ән құмарлылығы, жандүниесінің сезімталдығынан, бұл барлық көшпелілер тұқымына тән құбылыс деп есептейді. Күнделікті қарапайым тіршіліктің өзінде ауылдағылардың бәрі дерлік  суырып салушылық өнерге қатысып жататыны Г.Потанин, В.Даль, В.Радлов, А. Затаевич және басқа да орыс этнографтары мен шығыстанушы ғалымдарын таң қалдыруы тегін емес.

 Ақындық суырып салма өнерді зерттеп қарағанда, суырып салушының  жеке басының ерекшелігін, оған ықпал етуші ортаның жағдайын ескерген дұрыс. Бұл ақынның орындаушылық мәнеріне де әсер етеді. Мәселен, Біржан салдың «Жанбота» және «Айтбай» әндері орындалуы, құрылымы жағынан екі түрлі. Құйқылжыта төгіліп, баяулап, шарықтап, адамның жан сеземіне әсер ететін Айтбай әнін атақты компазитор М.Төлебаев «Біржан сара» операсында басты кейіпкерге айтқызуы да бекер емес.

     Қазақтың ұлы ақын-композиторларының барлығы да дауыс реңіне аса бай, диа-пазоны кең дауыстың иесі болған, өз әуендерінде осы ерекшеліктерді ескеріп, өзіндік копозиторлық, вокалдық мүмкіндіктер тудырған. Ақынның күшті дауысы мен сұлу тембрі, жүйеленген ән айту үрдісі мен мәнерлі орындаушылығы, кең тынысты вокалдық каденцияларды айтудағы жоғары техникалық шеберлігі – қазақ даласында қалыптасқан жоғарғы кәсіби әншілік мектептің болғанын дәлелдей түседі. ХІХ ғасырда барынша гүлденген бұл үрдіс Біржан, Ақан, Әсет, Балуан Шолақ, Естай, Майра, Мәди, Мұхит сияқты әнші-ақындардың шығармашылығында көрініс тапқан.

Атап айтқанда ХІХ ғасырдағы қазақтың бір туар сал серілері Біржан, Ақан, Естай, Мәди, Мұхит, Балуан Шолақ, Майралардың өнерінде орын алған қаздай дауысының  күші мен реңінің сұлулығы, жылдар бойы қалыптасқан орындаушылық жеке мәнері жүйеленген ән айту үрдісі мен мәнерлі орындаушылығы, өзінің құрылымдық сапа-сына, әншілік параметрлеріне сай алатын орны мен мағыналылығына, тарихи құндылығына эмоция мен драматизмге толы дамыған терме мен желдірмелер, ұзақ кан-тиленалар, нәзік фиоритуралар, каденциялар және жалпы орындаушылықтың өте жоғары деңгейі – осының бәрі қазақ даласындағы жоғарғы кәсіби ән мектебінің қа-лыптасуының айғағы.

        Қазақ ақындарының шығармаларында, әсіресе, ән шығару тәжірибесінде бір әннің бірнеше нұсқасының болуы жиі кездеседі. Мәселен Ақанның лирикалық әні «Мақпалдың» алты нұсқасы бар, «Құлагердің» төрт нұсқасы бары кеңінен мәлім. Жаяу Мұсаның махаббат тақырыбындағы «Шолпан», «Гауһар-қыз», «Көгершін» әндерінің барлық нұсқаулары жиі айтылады. Жаңа шығармалар ауыздан ауызға тараған кезде  кейбір өзгерістерге ұшырайтыны былай тұрсын, орындаушылардың тарапынан  оған өзіндік қосуларын енгізетіні  де болады. ХІХ ғасырдағы ақындық өнердің даму тарихы, оның қалыптасу тарихы, ұлттық аудитория тарихы бір-бірімен өте тығыз байланысты. Ақынның әрбір жаңа шығармасы халық арасындағы орындаушыларға  автордың өз аузынан тарайды, мұның бәрі тәжірибелі тыңдарман қауымның қатысуымен, солар арқылы жүзеге асады, есте сақталады, ауыздан-ауызға жалғасады.

    Ақын компазиторлардың шығармашылығы қазақ халқының жүздеген жылдар бойы дамыған ән ақындық дәстүрдің саласында жалғасын тапты. Осы дәстүрдің шеңберінде ұлттық ой сана мен ұлттық мінезді келтіретін бейнелеу жүйесі, тақырыптары, тіл ерекшеліктері қалыптасты. Мысалы Жетісу, Арқа, Батыстың әншілік  дәстүрлері; ал Абайдың тұлғасы жеке ән мектебі болып дараланды.  

       Қазақтың ұлттық музыка қорының ішінде ән жанры ерекше орын алады. «Ән - өмір шежіресі, өмірдің сәулесі, музыка мектебінің негізі, керегетасы, халықтың  игілігімен ақыл парасаты» болды. (А.Толстой)

   Халықтың дәстүрлі әндерінің таралып, біздің дәуірімізге жетуінің өзі халық әнші-лерінің өнерімен тығыз байлынысты. Өйткені сол әнші арқылы әнді естіп, ұғынамыз, сырына қанамыз. Әншілердің шығармашылық жолы ұлттық дәстүрді сақтаушы ғана емес, бұрынғы мен бүгінгінің арасын жалғастырушы ретінде көрінеді. Осы күні халық игілігіне айналып, қазақ музыка мәдениетіне кесек кірпіш болып қаланған атышулы әнші компазиторларымыздың классикалық шығармалары осының айғағы. Бұдан жүздеген жылдар бұрын дүниеге келіп, сол уақыттың, сол заманның көрінісі мен тіршілігін  суреттеген бұл туындылар бүгінгі күнде өз қасиеттерін сақтаумен бірге бұрынғыдан да түрлене түсуде. Мұның құпиясы, біздіңше, халық таланттарының озық дарындылығында болса керек. Олардың әндері – адам сезімін оятып, ойын қозғап толғандыратын мәнді мазмұнды шығармалар. Ондай үлгілер тарихтың сан қилы

талқысына түсіп, неше буын елдің қолынан өтсе де, өз маңыздылығын жоймастан, адамның өнегелі мақсаттарын жырлап келеді.

    Халқымыздың тарихында небір бұлбұл әншілер өмір сүріп, белгілі музыка аспаптарының сүйемелімен туған елінің өткендегісі мен бүгіні тұрмысын жырлайтын, оның арман қиялын көрсететін тамаша эпопеялар, көрнекті туындылар жасады. Олар қашанда  халықтың мақсат-мүддесінен жырлап онымен бірге жүріп,біте қайнасып өтті. Қазақ халқының музыка мұрасы да сондай озық ойлы, өнерпаз өкілдерінің  қалдырған үлгі өнегесінің  арқасында сақталып келді.

     Көзі хат танымайтын, қолы жазу-сызуды білмейтін кездің өзінде қазақ халқы  әні мен күйін рухани азық етті. Бір орыннан екінші орынға, жайлаудан қыстауға көшіп –қонып жүріп те олар ердің басына іліп алған домбырасын  кез келген уақытта ат үстінде шертіп  ән шырқай беретінді. Шілдехана, қыз ұзату, келін түсіру, басқа да түрлі жиын-тойларда ән айтып күй тарту – қазақ халқының ежелден келе жатқан ата  дәстүрі. Алайда музыка тек ойын-сауық, көңіл көттеру үшін ғана керек десек, өнердің бір түрінің маңызын әлсіретіп, мәнін кемітіп жіберген болар едік.

    Ұлттық әншілік салт-дәстүр бірден туа қалмаған. Ол- сонау замандардан қазақ халқымен бірге жасасып келе жатқан  көремдік қасиет . Музыка зерттеушілеріміз әншілік дәстүрдің бастамасын, негізінен  Ақан сері, Біржан сал Мұхиттан бастап сөз етіп жүр. Сонда оларға дейін әншілер болмады деп кім айтады? Әрине болды. Бірақ уақыт озған сайын  есімдері ұмытылып, шығармалары халықтық атанып кетті. Әншілердің шығармашылық жолы ұлттық дәстүрді сақтаушы, дамытушы, бұрынғы мен қазіргі  өнердің  арасын жалғастырушы ретінде көрінеді.

    Ұрпақтан ұрпаққа жетіп, дамып келе жатқан халық әні – адам баласының айрыл-майтын жан серігі. Басқа халықтар тәрізді, қазақ халқының да әнсіз, өлеңсіз өмір сүрмейтінін, ән, өлеңнің адам баласының дүниеге келгеннен бастап өлгенге дейін ажырымас досы екенін данышпан Абай айтып кетті. Ол әннің ерекше күшін, ролін поэзиясын да шеберлікпен суреттеді. Адамның нәзік қиял шегіне тиіп, қозғау, түрткі салатын құралдың ән екенін:

Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар

Оның тәтті орлған мәні оятар,-

деген жолдар арқылы суреттеді.

   Біздіңше, әнші-ақын, ақын-компазиторлардың алғаш жеке дара  өнерпаз ретінде жіктеліп, таралуы жыршы, жыраулардың қызметіне байлынысты болса керек. Сондықтан да сол жыршы жыраулардың өзі қазақ ән өнерінің  тұңғыш өкілдері болуға тиіс. Ендеше  сол атышулы Ақан сері, Біржан сал, Жаяу Мұса, Естай, Әсет, Шашубай, Қали, Кенен, Манарбек, Жүсіпбек, Ғарифолла, Құтбай, Дәнештердің әншілік өнерін ата дәстүрден сабақталып, ана сүтімен қалыптасқан арна деп  қарауымыз керек. Сол сияқты қоғамда өмір сүрген әр түрлі топтардың көзқарастарымен ой мүддесі де ән арқылы көрініс тауып, бізге жетті. Бір сөзбен айтқанда, ән өнері - өмірдегі қоғамдық қөұрылыстың  жай-жапсарын суреттей алатын идеялық құралдың

1234
скачать работу

Арқаның дәстүрлі ән мектебі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ