Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Арқаның дәстүрлі ән мектебі



 Другие рефераты
Аспаптар Педагогическая аксиология и современный учебно-воспитательный процесс Әбділкәрім Сатұқ Қарахан Педагогическая деятельность современного инженера

      Қазақтың ән өнері – сонау көне заманнан бері қалыптасқан халқымыздың қазынасы, фольклордың  музыкалық саласының бір тармағын құрайды.Фольклор деген сөз ағылшын тілінен алынған, ол «халық даналығы, халық білімі, халықтың ауызша шығарған туындылары» деген мағынаны білдіреді. Фольклор шығармалары халықтың әр дәуіріндегі тұрмыс-салтымен, наным-сенімімен, күнделікті тіршілігімен тығыз байланыста туады. Оларда өмірде болып өткеннің ғана емес, халықтың «осылай болса екен» деген арман үміттері де бейнеленіп, табиғат, өмір құбылыстарына баға беріледі. Ән – халықтың сүйіп айтатын, тыңдайтын, сан ғасырлық тарихы бар халық музыкасының ең бір бай арнасы болып табылады. Көне заманнан  келе жатқан ән-күй туралы халықтың аузында қалыптасқан көптеген мақал-мәтелдер, аңыздар, жырлар осының айғағы.

     Қазақтың ұлы ақыны Абай да ән мен күйдің құдіретін жырлап:

Құлақтан кіріп, бойды алар

                                             Әсем әнмен тәтті күй.

                                           Көңілге түрлі ой салар

                                             Әнді сүйсең, менше сүй,-деген.

    Ән мен күй шыққан күн, туған айдай дала жұртының тал бесіктен жер бесікке түскенге дейінгі жан серігі болды. Ауылдан ауылға ән айтып, күй тартып жүрген диуанилар, бақсылар, жыршылар, сал-серілер өз өнерін көрсетіп, халықтың көңілін көтерді, айт пен той-томалақ, түрлі ойын-сауық отырыстардың көркі болды. Ақын әншілердің өнері халық арасында өте жоғары бағаланып, ақынның келген ауылы оған зор сый-құрмет көрсеткен. Олардың аты аңыз әңгімеге айналып ауыздан-ауызға, ұрпақтан-ұрпаққа жетті.

   Ән сезімнің кейбір кезеңдерін сыртқа шығару да адамның табиғи құралының бірі болды. Халық әндерінің тартымды келетіні, жүрегіңе қона қалатыны, олардың баста өнер қуу мақсатында шықпай, табиғилық жағының басым болуында. Осы күнге дейін музыкалық тәжірибесі мол құлағымыздың өзі, жаңа шығарманы тыңдап отырғанда, бейтаныс әуен теңізі ішінен халық әнінің тақырыбы естіле қалса біраз уақыттан бері көрмеген, кездеспеген бір досыңның төбесі көрінгендей болады. Өйткені сол ән тақырыбы есіңе сан алуан оқиғаларды түсіреді. Өйткені ол ән көркемөнер жасаймын деген алдын ала сызылған жоспар бойынша шыққан емес, өмірдің, табиғаттың өз туындысы. Халық әндерінің үлкен қазына екендігі де сол қасиетінде, сол әндерде халық өмірінің сәулесі болуында.

    Қазақ халқы әнге бай. «Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай болып көрінеді» деп, қазақ халқының әдебиеті мен өмірін зерттеген Шоқан Уәлихановтың досы Г.Потанин айтқандай, қазақта әнсіз өмір жоқ. «Тойбастар» айтқан жігіт, кешкі ауыл сыртында алтыбақан тепкен қыз-бозбала, шілдехана күткен жас, кәрі, «Жар-жар» айтқан екі топ, елінен еріксіз ұзатылып бара жатқан қыз, өлген жұбайын жоқтаған жесір, түйеге мініп әр үйдің сыртында қақсаған жарапазаншы, ақ киім киіп, өгізге мініп ауыл аралаған дуана, «жынын» шақырып, зікір салған бақсы – бәрі де әндетеді. Бәрі де жай сөзбен айтқанда жетпейтін сезім тасқынын ән арқылы шығарады.

   Әннің осы қасиетін қазақ халқы: «Жігітке өнер де өнер, өлең де өнер», «Ақылың болса жыр тыңда» деген сөздер арқылы жақсы айтқан.

 Данышпан Абай

                                               Туғанда дүние есігін ашады өллең,

                                               Өлеңмен жер қойнына кірер денең,-

деген жолдарында әннің өмірдегі орнын нақ суреттеген. Халық аузындағы: «Бір әнді сатып алдым құнан нарға» немесе «Сұрасаң менің атым Таңжармаймын, болсам да малға жарлы әнге баймын» деген әннің аса жоғары бағалағанын, әншілердің өз өнерін сасық байлардың үйірлеген жылқысы мен қоралаған қойынан төмен санамайтын көкірегін көрсетеді.

  Қазақтың халық әндері орыс зерттеушілерінің назарына ерте ілікті .Әрине, бұл жөнде қазақ халқының Ресейге қосылуының үлкен рөлі болды. Орыстың этнографтары, саяхатшылары, тіпті жорық себебімен барып қалған көзі ашық офицерлері қазақтың халық әндері жөнінде көп нәрселер жазып қалдырды. Өткен ғасырдың басында  бірен-саран, бірлі-жарым болса да әндер нотаға түсіп, түрлі журнал, жинақтарда басылып шықты.     

    ХVII ғасырдың аяғы мен ХVIII ғасырдың басында Арқа елінде ертеден дәстүрге айналып, кейінірек әртүрлі себептермен бәсеңдеп қалған сал-серілік өнері  ХIХ ға-сырда қайта жаңғырып, дами бастады. Сал-серілер өз жанынан өлең, ән-күй шығарып, ел аралап, сауық құрып, ойын-тойлардың ұйтқысы, құрметті қонағы болған. Сал-серілік өнерді жоғары дәрежеге көтерген әнші, күйші, суырып салма ақындар серілік үрдісті қатаң сақтап, нағыз бесаспап өнер иесі бола білген. Сонымен қатар олар атақты мерген, сұңқар, лашын ұстаған құсбегі, аттың ең жүйрігін таңдап міне алатын атбегі, он саусағынан өнері тамған теңдессіз шебер, керемет зергер де бола білген.Сал-серілерді халық әрқашан ардақ тұтып, оларды қайда болса да қуанышпен қарсы алып, өнерін аңыз етіп, мақтан тұтқан.

    Қазақ ұлтының мәдениеті тарихындағы ХІХ ғасыр - ақын-әнші, сазгерлердің өзін-дік «алтын ғасырына» айналып, қазақтың кәсіби өнері - әдебиетінің, поэзиясының, музыкасының шыңына кезеңіне шыққан кезі болды. Сөйтіп, ХІХ ғасырдың екінші жартысы – қазақтың ақындық өнерінің барынша өркендеген кезеңі болды.Осы кезде ақындық өнерге тән тұрақты жанрлар да қалыптасты. Солардың ішінде әсіресе ақындардың өзін-өзі бейнелеуге арналған әндерін келтіруге болады. Оған мысал ретінде «Біржан сал», «Ақан», «Жаяу Мұса», «Мәди», «Әсет», «Майра», «Ағаш аяқ», «Нартай», «Мұхит», «Сары» әндерін атауға болады. Олар бұндай әндерінде әр ақын, бір жағынан өзін тыңдаушыларына таныстырып өтсе, екіншіден туған ел өмірі мен мәдениетінде алып отырған өз орнын жақсы түсініп соны әнге қосады. Бұл әндерде ақынның өзіне тән музыкалық мәнерлі ерекшеліктері шоғырланған.Әр әнші-ақынның өзіндік шығармашылық өнері дербес қалыптасқан. Мысалы, әрбір ақындағы шешендіктің, суырып-салма өнердің, театралдық, актерлік элементтердің болуы, тіпті киген киімі, жүріс-тұрысы, өнерге деген көзқарасы әнші, сал-серілерге ортақ нәрсе болды. Мұхтар Әуезов ақынның осындай орындаушылық өнерлерін сипаттай келіп, оны «жалғыз актердің театры» деп айтқаны кездейсоқтық емес.

    Біржан, Абай, Ақан сері, Жаяу Мұса, Кенен Әзірбаевтармен бірге сал-серілік өнерді, дәстүрді әрі қарай жалғастырып, өз үлесін қосқан басқа да әйгілі ақын-сазгерлер, солардың бірі көпке танымал «Ғалия» әнінің авторы Балуан Шолақ Шаймұрзаұлы мен Құлтума ақын. Бұлардың екеуі де Біржан салдың шәкірті болып қасына еріп тәлім алғандар; Біржан дәстүрін ХІХ ғасырдың орта кезінде халыққа кең таратқан, «Гәкку», «Қарақат көз», «Сүйгенім», «Қараторғай» әндерін шығарған Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы;  «Әсет», «Гауһар қыз», «Кіші Ардақ», «Қоғыр қаз», «Қысмет» әндерінің авторы Әсет Найманбаев; «Қорлан», «Жайқоңыр», «Еркем», «Қаракөзді»шығарған Естай Беркімбайұлы; «Мәди», «Үш қара», «Қарқаралы», «Қаракесек» сияқты әндер шығарып, ірі әнші ақындар қатарындда тұрған Мәди Бәпиұлы Арқаның ән ақындық дәстүрінің көрнекті өкілдері болып, Біржан салдың шәкірттері аталса, Қазақстанның Шығыс өңірлерінде Ноғайбай ақын мен Құдайберген Әлсеитовтың аты шықты. Батыс жақта Мұхит Мерәлиевтың «Зәуреш», «Айнамкөз», «Дүние», «Паңкөйлек», «Алуаш», «Бала-Ораз», «Иіс» сияқты әндері халықтың сүйіспеншілігі мен құрметіне бөленді, ал Жетісу өңірінің ән дәстүрі Сүйімбай, Жамбыл, Кенен тәрізді ақындардың есімімен тығыз байланысты аталады .

   Халықтың әнші сазгерлерінің тағдырындағы шиеленісті оқиғалар олардың көзқарасына, дүниені танып-білу қабілеттіне, көркемдік шеберліктеріне ықпал етпей қалмағандығын атап айтуға тұрарлық. Сондықтан да олар шығарған өлең-жырлардың көпшілігінде азаматтық әуен кеңірек сипатталады. Мәселен, Біржанның «Жанбота», «Көлбай,Жанбай», «Адасқақ»,Жаяу Мұсаның «Ақсиса», «Хаулау», «Бұзау зары», Кененнің  «Бозторғай»,Ақан серінің «Құлагер» әндерінде, басқа да авторлардың шығармаларында  әлеуметтік теңсіздік, еркіндік, өмір шындығы айқын көрініс тапқан.

1234
скачать работу


 Другие рефераты
Деректану әдісі
Дети-волки. Дети – панды
Махмұд Қашқари
Ты и твоё имя


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ