Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Арнайы экономикалық аймақ ретіндегі Ақтау теңіз портының бәсеке қабілеті стратегиясы мен нарық сегменттері

Ақпарат көзі: «АХТСП» РМК-ң 2008-2010 жылдарға арналған қаржылық-шаруашылық қызметінің жоспары

 

 

2007 жылы мұнай тасымалының жалпы тасымалдауғы үлесі 84,7% құрады, сонымен қатар металл, бидай, паромдық тасымал, басқа және контейнерлі жүк тасымалдарының үлесі айтарлықтай үлкен көлемде емес. Демек, аталған жүк тасқыны көрсеткіштерінің төмен мөлшері порт тасымалына қатысушы ұйымдардың, компаниялардың белсенділік қабілеттілігі мен мүдделеріне сәйкес факторға тәуелді екенін ескеруіміз қажет.

3.4 Кестеде көрсетілгендей 2001-2007 жылдар аралығында Ақтау порты арқылы жалпы тасымалдау көлемінен мұнай тасымалының үлесі 76%-дан 84,7%-ға ұлғайған және басқа жүк түрлерінің үлесімен салыстырғанда басым бөлігіне ие. Металлдың 2001 жылдан 2005 жылдар аралығындағы үлесі 17,3%-дан 19%-ға өскендігі байқалса, 2005-2007 жылдары 19%-дан 12,64%-ға дейін төмендегені көрінеді.

Себебі, Ақтау порты арқылы тасымалданатын «Миттал Стил Темиртау» АҚ-ның және «Кастинг» ЖШС-тің меттал өнімдерінен басқа, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның ресейдің «Уральская сталь» АҚ-ның және «ЗапСиб» АҚ-ның Никель-тау-Маңғышлақ бағытында транзитті металл өнімдерін тасымалдауға 0,8 төмендетілген коэффициентін ұсынған. Бірақ, ресейдің жүк жөнелтушілері бұл коэффициенттің мөлшерін аталған бағытқа 0,7-ге төмендетуді ұсынды. Бұл ұсыныстың  «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-мы үшін зардап әкелетіндіктен, төмендету коэффициентінің мәселесі ашық қалып отыр. Сондықтан, ресей тарапынан транзитті металл өнімдерін Қазақстан арқылы тасымалдау кейінге қалдырылып, сәйкесінше бұл жағдай Ақтау порты арқылы тасымалданатын металлдың үлесінің төмендеуіне әкеліп соғып отыр.

Астық тасымалының үлесі 2002 жылы басқа жылдармен салыстарғанда жоғары немесе 6,1%-ды құраған. Ал, 2007 жылға дейін жалпы жүк тасымалындағы астықтың үлесі 1,43%-ға дейін төмендеген. Себебі, Иран мемлекеті Қазақстанның астық экспортаушысы ретінде орын алып отырған. Бірақ, Иран мемлекеті өзінің азық-түлік бағдарламасын қабылдауы себебінен бұл көрсеткіштің төмендеуіне әсерін тигізген.

Ақтау теңіз сауда портының ресурстық әлеуетінің құрамы жоғарыда келтірілген жүк түрлерінің номенклатурасы бойынша сипатталынып отыр. Жалпы ресурстық көздері бойынша әлеует жағдайының үрдісін нақтылы талдау мақсатында негізгі жүк түрлеріне сипаттама береміз.

Металл. Ақтау портында өңделетін негізгі жүктер «Миттал Стил Теміртау» АҚ металл өнімдері болып келеді. Қазіргі кезде «Миттал Стил Теміртау» АҚ метал өнімдерін экспорттау бағытында  Жаңа-ауыл- Ақтау- әрі қарай Иран порттарына айына шамамен 80 мың тонна тасымалданады. металл тасымалдаудың басым бөлігін, яғни жалпы көлемі 1 161 мың тонна тасымалданған металлдың 97,6%-ын немесе 1 133 мың тоннасын  Иран мемлекеті құрап отыр.[28]

Астық. Қазақстанның жалпы астық экспортының көлемінің 2,1%-ы Ақтау порты арқылы тасымалданған. Бұл үлестің немесе 187,9 мың тоннаның 99,1%-ы (186,2 мың тонна) Иранға және 0,9% -ы (1,6 мың тонна) Әзірбайжанға Ақтау порты арқылы жөнелтілген.

Астық тасымалдайтын жылжымалы құрамдардың айналымын тездетуге Украина айлақтарындағы (порттарындағы) тасымалдау жұмыстарының көбеюі; Азов теңізінен ауыр салмақты кемелердің өту мүмкіндігінің шектеулігі; Россия айлақтарының қыс кезінде мұз басып қалатындығы Ақтау портының астықты тасымалдаудағы әлеуетінің жоғарылығын дәлелдейді. Осы жағдайларды ескеретін болсақ, Ақтау портының астықты тасымалдауға байланысты әлеуетінің толық пайдаланылмай жатқандығын анықтап отырмыз.

3.5 Кестелерде аталған бағыттар бойынша шығындардың мәліметі жүк тасымалының әлеуетіне ықпалын тиігізіп отырғандығын көрсетеді.

 

Кесте 3.5  Әзірбайжан, Грузия және РФ территориясы бойынша транзиттік теміржол

(Баға тоннасына АҚШ долларымен берілген)

Барлық шығындар

Грузия территориясы бойынша темір жол тарифі

Әзірбайжан территориясы бойынша темір жол тарифі

Ресей территориясы бойынша темір жол тарифі

Қазақстан территориясы бойынша темір жол тарифі

Керекті құжаттарды рәсімдеу бойынша шығындар

76,72

9,0

18,3

18,42

25,0

6

Ақпарат көзі: «Ақ Бидай Терминал» АҚ-ның мәліметтері, 2007ж.

3.5 кестеде көрсетілгендей Қазақстан-Ресей-Грузия-Әзірбайжан территориялары бойынша транзиттік теміржол шығыны 1 тоннаға — 76,72 АҚШ долларын құрап отырғандығы белгілі.

Ал, астық терминалының көмегімен Ақтау порты арқылы Баку- Поти поорттарына жеткізу шығыны  тоннасына 91,21 АҚШ долларын құрап отыр. Осы бағыттағы жеңілдіктерді ескергенде жалпы шығынның мөлшері 85 АҚШ долларына, ал ТРАСЕКА дәлізіндегі Қазақстан Республикасы тарапынан қарастырылып отырған жеңілдіктерді ескергенде аталған шығын 74,7 АҚШ долларын құрайтынын көріп отырмыз (Кесте 3).

Сонымен қатар, құжаттарды рәсімдеу, Ақтау портында жүкті тиеп/түсіру шығындарының мөлшері және Қазақстан территориясы бойынша темір жол тарифі өзгеріссіз қалып отырғандығы байқалады. Осы орайда темір жол тарифінің бәсекеге қабілетсіз тариф ұстануы транзиттік жүк тасымалының қарқынына теріс әсерін тигізуі мүмкін деген тұжырым жасап отырмыз.

3.6 кестеден көргеніміздей теңіз жолымен астық тасымалдау әдісі арзанырақ және экономикалық тиімді болып табылады, сонымен қоса Ақтау және Баку порттарындағы астық терминалдарын жүктеуге мүмкіндік береді, ол сәйкесінше берілген жобаларды қамтиды, сонымен қатар, Қазақстандық экспортерлердің Ресей Федерациясының тарифтік саясатына тәуелділігін жояды.

Контейнерлер. Қазіргі уақытта контейнерлі жүк тасымалының Ақтау порты арқылы тасымалдау көлемінің аздығы байқалып отыр. Ақтау порты арқылы 2008 жылғы контейнерлі жүк тасымалының көлемі 15 295 тонна құрады.  Демек, біздің есебіміз бойынша контейнерлі жүктің бұл көлемі барлық тасымалданған құрғақ жүк көлеміндегі (1 451,4 мың тонна) үлесі 1% ғана құрап отыр.

Порт арқылы тасымалданған жалпы контейнерлі жүк тасымалының 83,58%-ы Иран  мемлекетіне тиесілі. Ал, Ұлыбритания, Израиль, Эстония, Норвегия, Әзірбайжан және т.б. мемлекеттерінің үлесі 0,29%-дан 3,5% аралығында (8 Сурет).

Ақтау порты арқылы контейнерлі жүк тасымалының шамалы ғана үлесі объективті факторлардың әсерінен туындап отырғандығын анықтау үшін контейнерлі нарықтағы жүктің қалыптасуына бірден бір ықпалын тигізетін баға факторына назар салу керек. Баға саясаты неғұрлым бәсекеге қабілетті және тұтынушы тарапынан қолайлы таңдауға ие болған жағдайда, бұл жүк түрін тартуға, яғни Ақтау порты арқылы контейнерлі жүктің әлеуетін көтеруге маңызды саясат болып табылады.

Мұнай құю жүктерін ауыстырып тиеудің талдауы. Қазіргі кезде Қазақстанның экспорттық мұнай қорлары келесі бағыттарды пайдаланып тасымалданады:  Каспий Құбырлық  Концорциум (КҚК) жүйесі бойынша Новороссийск порты арқылы — Қазақстан мұнайын әлем нарығына тасымалдаудың негізгі пункті, Өзен-Атырау-Самара, Кеңқияқ- Орск, Құмкөл-Атасу- Алашанькоу-Душансы (ҚХР), Омск-Павлодар құбырлары бойынша және Ақтау- Махачкала – Новороссийск, Ақтау-Баку- Батуми, Ақтау –Баку- Новороссийск және Ақтау –Нека  аралас теміржол-су – құбыр  қатынасымен.

Ақтау порты арқылы мұнай тасымалының жалпы көлемі 9 292,9 мың тонна құрағаны белгілі. Соның ішінде 4 203, 3 мың тоннасы  Ресейдің,  3 379,3 мың тоннасы Иранның,  1 710,3 мың тоннасы Грузияның үлесіне тиесілі.

Қазақстанның теңіз көлік әлеуетін арттыру мақсатына жету үшін алдағы тарауларда Ақтау портының ресурстық көздері мен өндірістік факторлары бойынша талдау жүргізу нәтижесінде бірқатар шешілмей жатқан проблемалардың айқындалғандығы белгілі. Оның себебі, жүк тасымалдауға сәйкес ұйымдастыру шараларының жүзеге асырылмай жатқандығы,  географиялық жағдай, тариф мәселесі және т.б. проблемалардың орын алып отырғандығымен сипатталынады.

Дипломдық зерттеу жұмысында Қазақстанның теңіз көлік әлеуетін дамытуға тікелей әсерін тигізетін Ақтау халықаралық теңіз сауда портын солтүстік бағытқа кеңейту жұмыстарының ерекшелігі анықталынды. Бұл бағытта даму тек қана теңіз көлігінің дамуына әсерін тигізіп қана қоймай, Маңғыстау өңірінің әлеуеметтік-экономикалық жағдайының дамуына ықпалы зор. Нақтылай келетін болсақ, Ақтау портының солтүстік бағытқа кеңейтілуі төмендегі сипаты бар жағдайлардың дамуына негіз болады:

-      экспортқа бағдарланған жүк қалыптастырушы салалардың дамуын ынталандырады және Ақтау порты арқылы өтетін транзитті жүктердің бағдарлануына мүмкіндік береді. Бұл порттың тасымалдау қуатты

123
скачать работу

Арнайы экономикалық аймақ ретіндегі Ақтау теңіз портының бәсеке қабілеті стратегиясы мен нарық сегменттері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ