Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ащы ішектегі ас қорытылу үрдісі

өлінуі күшейеді. Ішек қуысындағы химустың механикалық әсері, қарын сөлі, белоктардың ыдырау өнімдері, сүт қышқылы, сүт қанты т.б. заттар ішек сөлінің бөлінуін жандандырады. Ішекті нервсіздендіріп тастағанның езінде аталған заттардың сөл бөлдіретін әсері тиылмайды. Демек, ішек сөлін бөлуде ішек қабырғасында орналасқан нерв түйіндері мен өрімдерінің қатысуымен атқарылатын шеткей рефлекстер маңызды рөл атқарады.

Ішек бездерінің қызметіне ішектің өзінде түзілетін тормондар да әсер етеді. Дуокринин гормоны бруннер бездерінің қызметін, ал энтерокринин гормоны — либеркюн бездерінің қызметін реттейді.

Қарын қуысында, эсіресе өсімдік қоректілерде, қабылданған қорек біртекгі ботқа тәрізді затқа айналып кетпейді. Сондықтан оны қарын жыны (қойыртпақ) дейді. Қарын жыны ішекке өткен соң қорытылу процесінің барысында ұнтақталып, ас қорыту сөлдерімен араласып, біртекті сұйық ботқа тәрізді қоймалжың затқа айналады. Іиіек қусындағы осы қоймалжың затты химус деп атайды. Оның құрамы на қоректің ыңырау өніадері, су, ас қорьтту сөлдері, ішектің кілегейлі қабығынан сыдырылған эпителий Жасушалары, қаннан ішек қуысына өткен заттар, ас корыту жолын мекеңдейтін түрлі микроорганизімдер енеді.

Жануарлар қабылданған азықтың 1 кг шаққанда тәулігіне шамамен 14-15 л ас қорыту сөлдерін бөледі, сондықтан химус мөлшері орасан көп болады. Ол қойда 28 — 50 л, шошқада — 75 л, жылқыда — 260 л, ірі қарада — 250-300 л жетеді. Жалпы ішек қусына тәулігіне қой мен ешкі — 15-40 л, шошқа 48-50 л, ірі қара — 180-200 л, жылқы — 190-200 л ас қорьпу бездерінің сөлдерін бөледі. Адам тәулігіне 1,5 —2,0 л ұйқы безі сөлін, 0,5—1,5 л өт, 2,5 л ішек сөлін бөледі.

Сөл құрамында ішек қуысыңа өткен заттардың көп мөлшері осы жерде организмге кері сіңіп, ас қорыту жолы мен қан айналым жүйесі арасында қарқынды зат алмасу процесі жүріп отырады. Әр түрлі сөлдермен ішек қуысына негізінен қан плазмасы құрамындағы заттар өтеді де, ішектен қайта сіңірілген заттар есебінен шіазма құрамы жаңарып отырады. Осымен байланысты ас қорыту жүйесі қан плазмасын түзуде маңызды қызмет атқарады (А.А.Алиев). Қан айналым жүйесі мен ас қорыту мүшелерінің арасында үздіксіз жүріп отыратын алмасу процесінің нәтижесінде химус құрамының тұрақтылығы сақталады. Мысалы, күйіс малы химусыңда органикалық заттар — 6, белоктар — 1,25, минералды заттар — 1%-ға жуық деңгейде болады. Кездейсоқ жарақаттанудың салдарынан химустың сыртқа ағуы организмге қатер. Химусты көбек арқылы әдейі ағызып отырса шошқа 10-12, бүқа — 15-20 сағаттан кейін әлсіреп, өледі.

Қазіргі кезде жинақталған деректерге сәйкес ащы ішекте қоректік заттар қуыстық және мембраналық ас қорыту механизмдерінің нәтижесінде қорытылады. Қуыстық ас қорьтту ұйқы безі, ішек бездері сөлдерінің, еттің құрамындағы ферменттердің әрекетімен ішек қуысында жүреді. Бұл процестің нәтижесінде ірі молекулалы қосылыстар әр түрлі олигомерлерге — жай пептидтерге, дисахаридтерге және моноглицеридтерге бөлшектеніп, одан әрі мономерлерге — қарапайым соңғы өнімдерге дейін ыдырайды.

Қоректік заттардың толық ыдырап, денеге сіңуі үшін олардың ішектің кілегей қабығының беткейімен жанасуы шарт. Ас қорытудың осы екінші кезеңін мембраналық ас қорыту деп атайды (А. М. Уголев). Мембраналық ас қорыту процесі ішектің кілегей қабығының құрылымдық ерекшелерінің нәтижесінде атқарылады. Ішектің кілегей қабығының ішкі бетіңде бүрлер мен микробүрлер болатынын баяндап өткенбіз. Осы құрылымдарды көмкеріп тұратын мембрана құрамында күрделі ферменттік жүйе болады, сонымен қатар мембрана беткейіне ішек қуысынан да ферменттер тұтылады. Алдын ала ішек қуысында өңделген қоректік заттар молекуласы ішек қабырғасымен жанасқан кезде оларға микробүрлер тұтқан, не олардың мембранасы құрамына енген ферменттер әсер етіп, толық қорыту (ыдырату) процестерін жүргізеді. Бұл процесс гликокалис (шырышты тор) қабатында, мембрана беткейінде және микробүрлер мембранасының өзінде атқарылады. Соңцықтан да ас қорытудың бұл кезеңін жанаспалы, немесе қабырға беткейіндік, ас қорыту деп те атайды. Сонымен, мембраналық ас қорыту процесін не химус құрамынан тұтылған ферменттер (α-амилаза, дисахаридаза, аминопептидаза, сілтілік фосфатаза т.б.) жүргізеді. Мембраналық ас қорыту қоректік заттарды ыдырату және сіңіру процестерін ұштастырып, әлдеқайда жылдамдатады. А.М.Уголев мәліметтеріне сәйкес қорытудың бірінші (қуыстық) сатысының үлесіне қорытылған заттардың 20-50 пайызы, ал соңғы (мембраналық) сатысының үлесіне 50 — 80 пайызы тиеді. Түйеде қуыстық ас қорьтту процесінің қарқыны мембраналық процестер қарқынынан кем түспейді (Е.Б.Бегаилов).

Мембраналық ас қорыту механизмінің биологиялық маңызы оте зор. Ас қорытудың бұл сатысы микробсыз, пәк (стерильді) жағдайда жүреді. Оның себебі кілегейлі қабықтың бокал тәрізді Жасушалары бөлген шырыш микробүрлер үстінде гликокалис деп аталатын мукополисахарид торын (шырышты тор) түзеді. Бұл тор елеуіш — сүзгі қызметін атқарып, микробүрлер ауданына қоректік заттардың ірі, полимерлік молекулаларын, микроорганизмдерді өткізбейді. Полимерлік қосылыстар гликокаликске түтылған ферменттердің әсерімен майдаланғаннан кейін микробүрлер ауданына өтіп, мембраналық ас қорыту нәтижесіңде қарапайым қосылыстарға ыңырайды. Түзілген мономерлер кеңістікке шашырамай осы мембрананың тасымалдаушы жүйесінің әрекетімен кілегейлі қабық Жасушаларынан өтіп, не қанға, не лимфаға сіңеді. Демек, асты қорьтту және сіңіру процестері бір-бірімен үпттасын, ас қорытту барысында босанған мономерлер тек организмнің өз мұқтаждығына ғана пайдаланылады. Бұл механизм ферменттерді үнемдеп, тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Мембранаға жабысқан ферменттер химусқа бөлінбейді, орта езтерістерінің әсеріне үшырамайды, сондықтан олардың белсенділігі айнымайды. Мембраналық ас қорыту механизмі әмбебап, қарапайым бір Жасушалы организмге де, жоғары сатыда дамыған организмдерге де тән құбылыс .

12
скачать работу

Ащы ішектегі ас қорытылу үрдісі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ