Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ащы ішектегі ас қорытылу үрдісі



 Другие рефераты
Бас миы Балалар мен жасөспірімдердің жалпы өсу мен даму заңдылықтары. Жас кезеңдері Ауыз қуысында астың қорытылуы Атмосфералық ауа мен организм арасындағы газ алмасу

Қарында өнделген қорек жеке-жеке үлеспен ащы ішекке өтеді. Ащы ішек үш бөлімге — ұлтабар ұшына (жіңішке ішекке), аш ішекке, мықын ішекке бөлінеді. Ащы ішекте қоректік заттар ең соңғы өнімдерге дейін ыдырап, денеге сіңеді. Мұндай күрделі процестердің атқарылуына ішек қуысына ферметтерге бай ас қорыту сөлдерінің бөлінуі және ішектің кілегей қабығының құрылымдық ерекшеліктері әсер етеді.

Кілегейлі қабықтың 1 см2-де 2500-ге дейін ішек бұрлері орын тебеді. Сондықтан ішектің ішкі беткейі барқыт түгіне ұқсас. Осыдан ішектің сору (сіңіру) беткейі 20 еседен артық ұлғаяды, адамда ол шамамен 200 м2.

Соңғы жылдары электрондық микроскоп көмегімен ішектің кілегейлі қабығын түзетін энтероциттердің беткейінде субмикроскопиялық өсінділердің болатыны анықталған. Оларды микробурлер деп атайды. Әрбір Жасушаның бетінде 3 мыңға дейін микробүр болады. Олардың әрқайсысының ұзындығы 0,55-1,1 мкм, жуандығы — 0,05 -0,08 мкм шамасында. Ішек кілегей қабығының 1 мм2 50-200 миллионға дейін миіфобүрлер болады. Энтероцит беткейіндегі микробүрлер жиынтығын кірпікті көмкерме деп те атайды. Түйеде микробүрлер ұлтабар ұшынан бастап кездеседі. Осы микробүрлер ішектің сіңіру беткейін тағы да 30 есе ұлғайтады.

Сонымен, ащы ішекте қоректік заттар ақырғы өнімдерге дейін ыдырап, суда оңай еритін қосылыстар, — соңғы өнімдер түзіледі де, олар орасан үлкен сіңіру беткейі арқылы қан немесе лимфаға сіңеді.

Бауыр — ас қорыту жүйесінің ең ірі безі, паренхималы мүше. Оның негізін бауыр бөлікшелерін түзетін гепатоциттер (бауыр Жасушалары) құрайды. Әрбір бөлікшелер ішінде қан капиллярларының торы орналасады. Бауыр Жасушаларынан өт капиллярлары бастау алып, онда осы Жасушаларда түзілген өт бөлінеді. Капиллярлар тоғыса келіп өт өзекшелерін, олар өз кезегінде бауыр өзектерін құрайды. Бұл өзектер бірігіп, жалпы бауыр өзегін, ал ол өт қабы өзегімен бірігіп, өт өзегін түзеді. Өт өзегі ұлтабар ұшына ашылады.

Бауырда өт толассыз түзіледі, себебі өт бауыр Жасушаларының түзіндісі ғана емес, бөліндісі де болып табылады. Өттің құрамында ас корыту процесіне қатыспайтын холестерин, лецитин, холин, дезоксихолин, литохолин, өт ішгмештері (билирубин,биливердин) сияқты зат алмасу өнімдері де болады. Ал, ішек қуысына өт тек ас қорыту үстінде қорек қабылдаумен байланысты бөлінеді. Қоректену аралығында өт өт қапшығында жиналады. Жылқыда, түйеде, бүғыңа, кептерде, егеуқүйрықта өт қабы болмайды, оның рөлін бауыр өзегінің кеңіген жері — өт цистернасы атқарады. Сондықтан организмде өттің екі түрі болады бауыр өті және қапшық өті. Олар бір-бірінен негізінен физикалық қасиеттерімен ерекшеленеді. Қапнтың өті қоюлау, қоңыр-қай келеді де, оның тұтқырлығы мен тығыздығы бауыр өтімен салыстырғанда жоғары болады. Оның себебі өт қабынан судың едәуір мөлшері кері сорылады. Қапшық өтінің құрамында 85% су болса, бауыр өтінде бұл көрсеткіш 97,5% құрайды.

Ащы ішек ас қорыту жолының ең ұзын бөлігі. Оның ұзындығы ірі қарада 40-49 м, түйеде 20-25 м, қойда 24-26, жылқы мен шошқада 20 м шамасында, сыйымдылығы ас қорыту жолы сыйымдылығының 20-30 пайызын құрайды. Ащы ішек қуысына өт, ұйқы, безінің сөлі және ішек сөлі құйылады. Осы сөлдер құрамындағы ферменттер әсерімен ішек қуысыңда белоктар -амин қышқылдарына, көмірсулар -моносахаридтерге, майлар — глицерин мен май қышқылдарына ыдырайды, демек соңғы ыдырау өнімдері пайда болады. Аталған өнімдер ас қорыту жолының осы бөлімінде денеге үлкен қарқынмен сіңеді. Оған ішектің кілегей қабығының құрылымдық ерекшеліктері мүмкіндік береді. Кілегейлі қабықтың ішек қуысына қараған бетінде орасан көп микроскопиялық өсінділер -бүрлер болады. Бұл бүрлер бір қабат призма тәрізді Жасушалармен көмкерілген. Олардың дәнекер ұлпадан құралған нәзік тұлға сүйеніші болады да, оның ішінде қан тамырларының капиллярлары, лимфа тамырлары, көрсеткіші 5,5-6,5, тығыздығы 1,035-1,045, ал бауыр өтінде бұл көрсеткіш тиісінше — 7,4 — 8,0 және 1,010 — 1,015.

Ас қорыту процесінде өт маңызды рөл атқарады. Өт ұйқы безі сөлі мен ішек сөлі құрамы ндағы ферменттердің әрекетін жандандырады, оның құрамы ндағы өт қышқылдарының тұздар ы майларды эмульсиялап, олардың қорытылуын жеңілдетеді, майлардың ыдырау өнімдерінің сінуін қамтамасыз етеді. Өт ішек қимылын күшейтіп, қарыннан өткен қышқыл жынды бейтараптайды, ішек қуысында ферменттер ерекетіне қолайлы жағдайлар туғызады, майда еритін А, Д, Е, К дәрмендәрілерінің сіңуін жеңілдетеді.

Төулігіне адам 7001200 мл, ит — 200- 300 мл, қой — 800- 100 мл, шошқа — 2,5 — 3 л, жылқы — 5-6 л, ірі қара — 7-9 л өт бөледі.

Бауыр зат алмасу процесінде де маңызды орын алады, тосқауыл-дық (барьерлік) қызмет атқарады. Бауырда гликоген жинақталады, амин қышқылдары күрделі биохимиялық өзтерістерге үшырап, жылу түзіледі, зат алмасу процесінің барысында түзілген уытты заттар (ам~ миак, индол, фенол, скатол, крезол т.б.) залалсызданады.

Ұйқы безі — аралас без, оған әрі ішкі секрециялық, әрі сыртқы секрециялық қызмет тән. Сыртқы секрециялық қызмет нәтижесінде бұл без сөл бөліп, ас қорыту процесінде маңызды рөл атқарады.

Ұйқы безінің сөлі түссіз, мөлдір, сілтілік реакцияси бар (рН -7,2- 8,5) сұйық зат. Оның құрамында 98 — 99% су және 1-2% органикалық және бейорганикалық заттардан құралған құрғақ зат болады. Ұйқы безі сөлінің ферменттік құрамы өте күрделі. Әрекеттеріне қарай ферменттерді үш топқа жіктеуге болады. Трипсиноген, химотрипсиноген, карбоксиполипептидаза, пептидаза ферменттері — белоктарды; амилаза, мальтаза, лактаза ферменттері — көмірсуларды; липаза, фосфолипаза ферменттері — майларды ыдыратады.

Трипсиноген — бұйығы фермент. Ол ішектің кілегейлі қабығынан бөлінетін энтерокиназа ферментінің әсерімен белсенді күйге — трипситнге айналады. Трипсин басқа бұйығы фермент — химотрипсиногеңді химотрипсинге айналдырады. Трипсин мен химотрипсин пептидтік тізбектерді пепсин әсер етепейтін тұстарынан бөлшектейді, белоктардың полипептидтік тізбектерін қысқартады. Одан әрі бұл полипептидтер пептидаза ферменттерінің әсеріне ұшырап, амин қышқылдарына ыдырайды. Карбоксипептидаза пептидтік тізбектің карбоксил тобы бар тұсынан жеке амин қышқылдарын бөлшектесе, аминопептидаза — тізбектің еркін амин тобы бар жеріне әсер етеді.

Ұйқы безі сөлінің құрамындағы амилаза крахмалды, гликогенді және амилопектинді декстрин мен мальтозаға ыдыратады. Одан әрі мальтаза ферменті мальтозаны глюкозаның екі молекуласына, сахараза (инвертаза) ферменті — сахарозаны глюкоза мен фруктозаға айналдырады. Демек, көмірсулардың ыдырауы нәтижесінде моносахаридтер түзіледі.

Липаза ферменті майларды моноглицеридтерге, глицерин мен май қышқылдарына айналдырады. Ал, фосфолилаза фосфолипидтерге әсер етіп, оларды май қышқылдарына, глицеринге, фосфор қышқылы мен холинге ыдыратады.

Ұйқы безінің сөлі ет қоректілерде мезгіл-мезгіл, тамақ қабылдаумен байланысты, ал өсімдік қоректілерде (малда) толассыз бөлінеді де, азықтандыру үстінде оның бөліну қарқыны күшейеді. Тәулігіне адам — 500-800 мл, ит 200-300 мл, қой — 500-600 мл, сиыр 7-7,5 л, жылқы 7,5 — 8,5 л сөл бөледі.

Ұйқы безінің сөлі рефлекс түріңде ауыз қуысының рецепторлары тітіркенгенде бөлінеді. Секрециялық нерв рөлін кезеген және симпатикалық нерв атқарады. Кезеген нерв құрамында сөл бөлу процесін жандандыратын және тежейтін талшықтар болады. Ұйқы безі сөлінің түзілуін ұлтабар ұшынан бөлінетін секретин гормоны жандандырады, ал панкреозимин гормоны сөл құрамында ферменттер мөлшерін арттырады.

Ішек сөлі ішек қабырғасында орналасқан бездерде түзіледі. Ащы ішектің алдыңғы бөлімінің кілегей асты қабығында бруннер бездері, ал оның ұзына бойының кілегей қабығында либеркюн бездері орналасады. Бруннер бездері бөлетін сөл құрамы мен қасиеттері жағынан қарынның пилорус аймағының сөліне ұқсас . Ол түссіз, қою, сілтілік қасиеті бар сұйық . Оның құрамында бокал тәрізді Жасушалар бөлген шырыш, қышқылдық ортада әрекет ете алатын пепсинге ұқсас фермент және майлар мен крахмалды ыдырататын ферменттер болады. Адамда қарын жыны ішекке өткенге дейін ұлтабар ұшында әлсіз сілтілік орта (рН — 7,2—8,0) сақталады. Ішекке қарын жыны өтісімен мұндағы орта кышқылдық жаққа ығысады да, соңынан ішекке қүйылған сөлдердің әсерімен қышқылдар бейтараптанады. Соңдықтан ұлтабар ұшында рН — 4,0—8,5 аралығында ауытқып отырады.

Жалпы алғанда ішек сөлі ірімтіктелген түйіршіктері бар, щырышқа бай, лайлы сұйық . Ол тығыз бөліктен және сұйық заттан тұрады. Ішек сөлінің құрғақ затының құрамында натрий, калий, кальций элементтері, карбонаттар, хлоридтер сияқты бейорганикалық қосылыстар мен әр түрлі органикалық заттар — шырыш пен ас қорыту ферменттері (энтерокиназа, пептидазалар жиынтығы, амилаза, мальтаза, лактаза, сахараза, липаза) — болады.

Ішек сөлі құрамындағы ірімтік түйіртпектер ішек кілегей қабығынан сыдырылып түскен эпителий Жасушаларынан, шырыштан және холестериннен тұрады. Түйіртпектер құрамында көп мөлшерде тұтылған (адсорбцияланған) ферменттер болады.

Ішек сөлінщ екінші бөлігін (фазасын) сілтілік реакциялы сарғыш сұйық құрайды. Ішек сөлінің рН-ы — 8,16—8,68, түтқырлығы — 11,6— 17,06, тығыздығы — 1,004-1,014.

Ішек сөлі жалпы секрециялык, процеске тән зандылықпен бөлінеді. Сонымен қатар ішекте сөл бөлудің голокриндік (морфонекроздық) түрі кең орын алады. Ішек эпителийі өте қарқынды жаңарып отырады. Кілегей қабық Жасушалары ішек қуысына үздіксіз сыдырылып түседі де, ферменттерге бай шырышты түйіртпектер түзеді. Мұндай жағдайда ферменттер Жасушалардың бұзылуы барысында бөлініп отырады. Тәулігіне адам 1 л дейін, ит — 0,4—0,6 л, қой — 2—4 л, шошқа — 4-6 л, жылқы — 10- 15 л, ірі қара — 25—30 л ішек сөлін бөледі.

Ішек сөлі толассыз бөлінеді. Кезеген нервті тітіркендіргенде ішек сөлінің б

12
скачать работу


 Другие рефераты
Математические методы и языки программирования: симплекс метод
Автоматизация инвестиционной компании
Введение и пересмотр хазарско-еврейской переписки
Қазіргі саяси картаға тарихи-географиялық шолу


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ