Асқорыту түрлері
Другие рефераты
Асқорыту түрлері тіршілік ортасының жағдайына, қоректік заттардың қасиеттері мен табиғатына байланысіы ас қорытудың бірнеше түрлері (механизмдерді) қалыптасқан. Олар мыналар
1. Жасушалық ас қорыту түрлі тығыз немесе сұйық заттарды Жасуша ішіне сіңіріп, оларды цитоплазма ферменттерінің әсерімен ыдырату процестерімен бейнеленеді. Фагоцитоз (тығыз заттарды сіңіру) және линоцитоз (сұйық тамшыларды қарбу) құбылыс тары осы Жасушалық ас қорытудың белгісі. Жасушалық ас қорыту бір Жасушалы қарапайым жануарларға тән .
2. Жасушадан тыс ас Адам мен жануарлар ас қорыту ағзалары күрделі эволюциялық даму жолынан өткен, сол себепіі қорыту. Көптеген қоректік заттар молекула-сының мөлшері Жасушалар мөлшерінен әлдеқайда үлкен, Сондықтан оларды ыдырату процестері арнаулы маманданған Жасушалардан тыс, олардың сыртында жүреді. Ас қорытудың бұл түрі куыстық және мембраналық болып екіге бөлінеді.
Куыстық ас қорыту карын мен ішектің куысына бөлінген сөлдердің құрамы ндағы фермештердің әрекетімен атқарылады.
Мембраналық ас қорыту Жасуша мембранасының сыртқы беткейіне жабысқан немесе сол мембрана құрамы на енетін ферменттердің әсерімен жүреді. Бұл ферменттер тек Жасуша беткейімен жанасқан қоректік заттарға ғана әсер етеді, сондықтан ас қорытудың бұл түрін жанаспалы немесе қабырғалық ас қорьтту деп те атайды.
3. Сыртта ас қорыту қоректік заттардың организмнен тыс ыдырауымен сипатталады. Ае қорытудың бұл түрі кейбір буынаяқтылар класында кездеседі. Мысалы, өрмекшілер өз торына түскен жәңдікгерге өздершің ас қорыту сөлдерін арнаулы аппараттары арқылы егеді де, құрбандық денесінде қоректік заттардың ыдырау өнімдері бөлінген соң, оларды дайын күйінде сорып алу арқылы қорекгенеді.
4. Ұжымдық (коллективтік) асқорыту аралар, термиттер, құмырсқалар сияқты жәндіктерге тән. Оларда ас қорыту процесі бірнеше өкілдің (индивидтің) қатысуымен жүреді, сондықтан да илеуінен бөлініп алынған жеке өкілдер ұзақ тіршілік ете алмайды.
Ас қорыту мүшелерінің негізгі қызметі — қабылданған қорек құра-мындағы заттарды организмге жеңіл сіңетін қарапайым қосылыстар-ға айналдырып, оларды шіектің қабырғасы арқылы қанға не лимфаға өткізу. Мысалы, қорек құрамы ндағы белоктар — амин қышқылдары-на, майлар — глицерин мен май қышқылдарына, ал көмірсулар — жүзім қанты не басқа моносахаридтерге айналғанда ғана денеге қан не лимфа арқылы тарап, сіңе алады.
Ас қорыту жолына түскен қоректік заттар механикалық, химия-лық және биологаялық өндеуге үшырайды. Механикалық өңдеу шайнау аппараты (тіс, жақ) арқылы ауыз қуысынан басталады. Ауыз қуысында шайналып, ұнтақталған қорек ас қорыту жолының кейінгі бөлімдерінде ондағы ет қабығының жиырылуының әсерінен шайқа-лын, араласып, копсын, жылжып отырады.
Химиялық өңдеу ас қорыту жолы сөлдерінің әсерімен атқарылады. Ішек-қарын жолы сөлдерінің құрамы ндағы сілтілер мен қышқылдар қоректі қорыту процесіне дайындайды, ал ферменттер олардың химиялық өзгерістерін тездетеді.
Белоктар, майлар, көмірсулар молекулаларының құрамы ндағы ком-поненттер көбінесе ангидридтік байланыстар арқылы полимерлер түзеді. Бұл байланыстар ферменттердің әрекетімен су қосу арқылы (гидролиз) үзіледі. Соидықтан бұл процесті гидролиздік ыдырау, ал оны қамтамасыз ететін ферменттерді — гидролазалар деп атаңды.
Ас қорыту жолында қоректік заттар түрлі микроорганизмдер ферменттерінің әсерімен биологиялык, өндеуден де өтеді. Ас қорыту жүйесінің айтарлықтай көлемді алдынғы бөлімдерінде (қарывда) және ішектің кеңіген соңғы бөлімдерінде (әсіресе бүйенде) алуан түрлі микроорганизмдер өздеріне қолайлы жағдай тауып (түрақты жылы-лық, кажетті ылғалдьгқ, сілтілік не байтарап орта, мол және үздіксіз келіп тұратын қоректік заттар), тез көбейіп өседі де, қоректі тездетіп ыдыратуға көмектеседі. Өсімдік тектес азық құрамында организмде қиын қорытылатын және ас қорыту сөлдерінде ерімейтін заттарға бай клетчатка көп мөлшерде болады. Ал ас қорытатын сөлдер құра-мында оны ыдырататын ферменттер болмайды. Сондықтан клетчат-ка тек микроорганизмдер ферменттерінің әсерімен қорытылады. Тоқ ішекте микроорганизмдер әрекетімен белоктар шіріп, майлар тотығып, көмірсулар ашиды, организмге қажет көптеген заттар (амин қышқылдары, дәрмендәрілер т.б.) түзіледі.
| | скачать работу |
Другие рефераты
|