Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Асқорыту үрдісіндегі тоқ ішектің ролі



 Другие рефераты
Ассимиляция және диссимиляция үрдістері Асқорыту ферменттері Асқорыту түрлері Асқорыту жолында қоректік заттардың сіңірілуі

Ащы ішекте еңделген химус біртіндел жеке-жеке үлеспен тоқ ішекке өтеді. Тоқ ішек үщ бөлімнен тұрады. Олар буйен, жиек ішек және тік ішек. Жылқыңа жиек ішекті қарта, сиыр мен түйеде — қима деп атайды. Тоқ ішек ащы ішекке қарағаңца әлдеқайда кеңірек келеді. Оның жалпы ұзындығы  сиырда 6-13 м, қоңда — 3,5-10 м, жъщқыда -

9 м, түйеде — 18-22 м, ал сиымдылығы күйіс малында ас қорыту жолының жалпы сыйымдылығының 11-15 пайызы, жынқыңа — 40-60 пайызы шамасыңда.

Тоқ ішектің кілегейлі қабьиында бүрлер болмайды, бокал тәрізді Жасушалар көп болады. Сөл аз ғана мөлшерде бөлінеді, сондықтан тоқ ішектің өзінде бөлінген сөлдің ас қорытуда рөлі онша зор болмайды. Сөлдің сутектік көрсеткіші — 7,6—9,0 шамасында сақталады.

Тоқ ішекте ас қорыту жолының алдыңғы бөлімдерінде корытылып үлтерілмеген қоректік заттар ыдырайды. Бұл процесте ащы ішекген өткен ферменттер мен ас қорыту жолының осы бөлімін мекендейтін алуан түрлі микроорганизмдер ферментері зор рөл атқарады (1 г химуста 15 млрд бактериялар болады). Ішектің бұл бөлімінде микроорганизмдер әрекетінен белоктар шіріп, көмірсулар ашиды. Белоктардың шіруінің, амин қышқылдарының ыңырауының нәтижесінде индол, крезол, скатол, фенол сияқты уытты заттар түзіледі. Аталған өнімдер қанға сіңіп, бауырда күкірт қышқылымен, глюкурон қышқылымен қосылады, залалсызданады. Тоқ ішектен су мен минералды заттар қарқынды сіңіріледі де, химус коюланып, нәжіс пайда болады.

Малдың тоқ ішегі азық қорыту және қоректік заттарды сіңіру процесінде маңызды қызмет атқарады. Мес қарынмен салыстырғанда бүйен микроорганизмдері саны мен популяциялық түрі жағынан әлдеқайда бай келеді (Мюллер, Шмидт). Бүйенде белоктар ыдырап, амин қышқылдары түрленеді, аммиак, бактерия белоктары синтезделеді. Жылқыда рацион құрамындағы белоктың 39 пайызы, сиырда — 31 пайызы, шошқада — 30 пайызы тоқ ішекге қорытылады. Рацион құрамындағы энергиялық заттардың 23—87 % мес қарыңда, ал 17-51 % бүйенде қорытылады (Томас, Рук). Бүйен мен қан айналым жүйесінің арасында зат адмасу процесі қарқынды жүреді. Бүйен қандағы көмірсулардың ыдырау өнімдерінің (ҮМҚ), амин қышқылдарының құрамдық сипатын сақтауда, белокқа жатпайтын азотты заттарды сіңіруде маңызды рөл атқарады (Т. Несіпбаев).

Бүйенде жүретін микробиологиялық және биохимиялық процестердің күйіс қайырмайтын мал, әсіресе жылқы, үшін маңызы өте зор. Жылқы бүйенінің сыйымдылығы қарынның сыйымдылығынан 2—2,5 есе көп, 32—37 л дейін жетеді. Бүйенде ащы ішекте басталған процестер одан әрі жалғасады. Ащы ішектен өткен амилаза, сахараза, лактаза ферменттерінің әсерімен көмірсулар моносахаридтерге айналады. Пептидаза, полипептидаза ферменттері белоктарды амин қышқылдарына ыдыратады. Бұл процестердің жүруіне бүйен қуысындағы әлсіз сілтілік орта да (рН — 7,3—7,5) қолайлы жағдай туғызады.

Жылқы бүйенінде азықтың қорытылуына онда өніп-өсетін мик-роорганизмдер (инфузориялар, бактериялар, ашытқылар) ферменттері де көп ықпал етеді. Осы микроорганизмдердің әрекетімен бүйенде сүт қышқылды ашу процесі жанданады, клетчатка ыдырайды. Рацион құрамындағы клетчатканың сиырда 30 %-ы, жылқыда — 40-50 %-ы тоқ ішекге қорытылады. Бүйенде көмірсулардың ашуы нәтижесінде сүт, сірке, майлы қышқылдар, ҮМҚ, көмір қыш-кыл газы, метан, сутегі түзіледі, Бүйен микроорганизмдері әрекетімен қиын қорытылатын өсімдік белоктары, амин қышқылдары, төменгі қатардағы май қышқылдары, аммиак сияқты қосылыстар ыдырап, олардың өнімдерінен микроорганизмдер өз денесінің белоктарын түзеді. Бүйен микроорганизмдері әрекетімен қиын қорытылатын өсімдік белоктарын амин қышқылдары, төменгі қатардағы май кышқылдары, аммиак сияқты қосылыстар ыңырап, олардың өнімдерінен микроорганизмдер өз денесінің белоктарын түзеді. Бүйен химусындағы белоктың жалпы мөлшерінің 13% бактериялар, ал 25% -инфузориялар үлесіне тиеді. Бұл микроорганизмдер жиек ішекге (қар-тада) қорытылып, организм үшін қосымша қорек көзіне айналады.

Жылқы қартасының ұзындығы  6-9 м, сыйымдылығы 100 л жетеді. Қартаның (қима) кілегейлі қабығында бүрлер болмайды, өте көп мөлшерде бокал тәрізді Жасушалар кездеседі. Кілегейлі қабық көпте-ген қатпарлар түзеді, онда без түтіктері ашылады. Қарта қабырғасындағы бездердің саны 100-150 млн жетеді. Қарта сөлінің құрамында органикалық, бейорганикалық заттар, көп мөлшерде лейкоциттер кездеседі. Сөл құрамындағы сілтілік қосылыстар көмірсулардың аиіуы барысыңда түзілген ҮМҚ бейтараптап, ішек қуысындағы рН деңгейін 6,9—7,1 арасында үстап түруға мүмкіндік береді.

Карта мен қимада липаза ферментер мен микроорганизмдердің қаты-суымен майлар да қорытылады. Тоқ ішекте микроорганизмдер әрекетімен холестерин мен өт пигмештері ыдырайды, К және В тобы дәрмендәрілері түзіледі.

Жалпы тоқ ішекке өткен белок азотының 18 %, белокқа жатпайтын азотты заттардың 51 % қанға сорылады. Ас қорыту жолынан сіңірілген азоттың жалпы мөлшерін 100 % деп есептесек, соның ішінде белок азотының 13 %, белокқа жатпайтын заттар азотының 36% осы тоқ ішекте сорылады (А. А. Алиев).

Тоқ ішекте химустың жылжу жылдамдығы 9-10 есе баяулайды. Оның соңғы бөлімінде орта қышқылданын (рН-6,2), ас қорьтту процесі тоқтайды. Судың сорылуының нәтижесінде қоюланған химус бөлшектері көп мөлшерде бөлінген шырыш көмегімен жабысын, нәжіс түйіршіктері құралады. Нәжіс құрамы на организм қорытып, сіңіріп үлгермеген органикалық заттар, микроорганизмдер денесі (30-40 %), шырыш, ішек эпителийінен сыдырылған өлі Жасушалар, холестерин, өт пигменттерінің алмасу өнімдері, ерімейтін тұздар  енеді.

скачать работу


 Другие рефераты
Развитие продуктивного мышления на уроках математики
Историческая демография
Еще раз об Антихристе Ф.Ницше
Энтропия. Теория информации


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ