Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ ТҰҢҒЫШ ЭСТЕТИКАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ БІЛІМ ОШАҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ



 Другие рефераты
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР МӘДЕНИ МҰРАНЫҢ МАМАНДЫҚ ДАЯРЛАУДАҒЫ МАҢЫЗЫ МӘДЕНИ МҰРА ҚҰНДЫЛЫҒЫ: МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫ ЖӘНЕ ҰЛТ РУХАНИЯТЫ Абай Құнанбаевтың құқықтық және саяси көзқарастары

Астана қаласындағы жаңа үлгіде салынған білім ордаларының бірі — №61 орта мектеп. Мектебімізді  2008 жылдың қыркүйек айында Білім және ғылым министрі Ж.Қ. Түймебаев және Астана қаласының әкімі И.Н.Тасмағамбетов салтанатты түрде ашқан болатын. Мектебіміз бүгінгі заман талабына сай, соңғы озық  жаңа  компьютерлермен және өнердің барлық түріне қажетті  заттармен толық жабдықталған. Оқу  мекемесінде 750 орындықты мәжіліс залы, 270  орындық асхана, 2 спортзалы, кітапхана оқу   залымен, психология кабинеті және 2 медициналық  кабинеттер және 4 арнайы оқу шеберханалары бар. Мектеп ауласында волейбол, баскетбол алаңы, географиялық алаң мен , алғашқы әскери дайындық жүргізілетін алаңдар орналасқан.   Мектептегі оқыту мен тәрбие үдерісі қазақ тілінде жүргізіледі.

Мектепті елімізге танымал суретші-ұстаз Қазақстан  суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері» атағының иегері — Арқабаева Ұмсын Нұржігітқызы басқарып келеді. Мектепте еңбек ететін ұстаздардың саны 113, барлығының білім деңгейлері жоғары.  Бұл мектептің оқыту мен тәрбие үдерісі оқушылардың жан-жақты терең білім алуымен бірге, қазіргі жастарға қажетті эстетикалық және көркем тәрбие беруге бағытталған.

Білім сапасын жақсарту, әлемдік инновациялық технологияларды елімізде кеңінен қолдану үшін, мектеп ұжымы тұңғыш болып Қазақстанда “Жаңа инновациялық арақашықтықтан басқару арқылы оқыту жүйесін” кеңінен қолданысқа енгізіп, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп келеді.

Бұл жаңа жүйенің ерекшелігі,  бейнеконференциялар, селекторлық жиындар, ақпараттарды жинақтау, оларды мұрағатта сақтау, жинақталған мәліметтерді телефон және әлемтор арқылы оқушыларға жеткізуге толық мүмкіндік бере алады.  Инновациялық арақашықтықтан басқару жүйесі мектепішілік басқаруға өте тиімді екені дәлелденді.

Мектептің негізгі шығармашылық тақырыбы; «Эстетикалық бағыттағы білім беретін оқу орындарының қоғамға қажеттілігі»

Осыған орай мектебімізде:  «Шығармашылық қызмет пен өнерді қабылдау процесіндегі тұлғаның эстетикалық дамуы» тақырыбында тәжірибе енгізілді.

Бүгінгі күні мектептің алдына қойған өзекті мәселелері: «Оқушылардың жеке тұлға ретіндегі эстетикалық мәдениетінің психологиялық — педагогикалық жағдайын қалыптастыру, қоғам талабы мен әлеуметтік сұраныстарға сәйкес тәрбие және білім беру, басқару деңгейін жаңа сатыға көтеру, мектепте педагогикалық менеджмент теориясын жүзеге асыру, эстетикалық бағыттағы жан-жақты жоспарланған жұмыстарды жүргізу, бейнелеу өнерін оқыту әдістемесін жетілдірудің ғылыми, әдістемелік жолдарын табу, мектеп ұстаздарын ғылыми-ізденіс жұмысқа бейімдеу, оқушылардың шығармашылық туындыларын жариялауға қолдау жасаудың бағыттарын жетілдіру.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында өсіп келе жатқан жеткіншек ұрпақтың мәдени өрісін көтеру, сұлулықты қабылдау қабілетін қалыптастыру арқылы төл мәдениеттің белсенді жасаушысы, иесі, жалғастырушысы болуына да зор мән беріліп жатыр. Әсіресе оқушылардың өз елінің, халқының соның ішінде өзі мекен ететін аймақтың мәдениетіне, салт дәстүрлеріне деген сезімдік-эстетикалық қарым-қатынасын бейнелеу өнерін оқыту арқылы қалыптастыру жылдағы Елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауларында ерекше мән беріліп келеді. Демек, бұл білім беру саласына қойып отырған тапсырма деп түсінуіміз қажет.                                                            

Өнерді терең оқыту  қандай қажеттіліктен туындап отыр? деген сұрақ тууы мүмкін. Соңғы кезде ақпараттық кеңістік кеңейіп, жас жеткіншектер, тіпті жас суретшілерде батыстың мәдениетіне, өнеріне көп еліктей бастады, патриоттық сезімнен арыла бастады. Көпшілігі өз елінің, өз жерінің әсемдігіне мән бермей, ұлттық мәдениетін бағалай білмеуде, ұлттық құндылықтардан алшақтай бастауда.

Сондықтан да ұлттық мектептерде эстетикалық пәндерді оқыту мазмұнына ұлттық нақыш беруді батыл енгізетін кез келді деп ойлаймын.

Ондағы негізгі мақсат:

-Оқушылардың бойында Отанына деген сүйіспеншілік сезім туғызу;

- Оқушылардың эстетикалық талғамын арттыру;

-Өз елінің қылқалам шеберлерімен таныстыру;

-Өз өлкесінің әсем табиғатына, өнер туындыларына деген оңды көзқарас қалыптастыру;

-Оқушыларды сұлулыққа, әсемдікке үйрете отырып, ұлттық өнеріне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру;

       Осыған сәйкес алдымызға мынадай міндеттер қойып отырмыз:

-  Оқушының қабілет-қарымы, бейімділігі мен дарынына сәйкес оның бойындағы білім — іскерлік дағдыларын қалыптастыру;

-  Эстетикалық, этикалық, танымдық қатынастарды, қоршаған орта мен өмір құбылыстарын шығармашылық ой арқылы жеткізе алатын жеке тұлға тәрбиелеу;

Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін мектебімізде педагогикалық- психологиялық жағынан шығармашылықпен терең ойластырылған эстетикалық дамыту бағыты қолға алынып отыр. Қазіргі таңда мектебімізде  1488 оқушы, 62 сынып комплектін құрап, біраусымда білім алады. Біраусымды жұмыс кезеңі оқушыларға сабақтан кейінгі уақытта қосымша білім алуға, үйірме, секцияларына қатысып, бос уақытын тиімді пайдалана отырып, жан-жақты — дамып жетілуіне толық мүмкіндік береді. Оқу жоспарына  композиция, мүсін, кескіндеме, сурет, ырғақ, хореография, этика  пәндері енгізілген.

Сыныптан әртүрлі бағыттарда үйірмелер жұмыс істейді: «Назерке» би үйірмесі, «Мұрагер» домбыра үйірмесі, хор, «Жас әнші» вокал, «Бейнелеу өнері», «Сөз зергері» мәнерлеп оқу. Үйірмелердің мақсаты—оқушылардың жан-дүниесін баурап, олардың нәзік түрлі өнердің сырларына деген қызығушылығын ояту, жан-жақты мәдениетке, құдіретті сөз өнеріне баулу.

Сондай-ақ мектепте әлемге танымал суретші, әнші және бишілермен кездесулер  ұйымдастырылып, шеберлік кластары өткізіліп тұрады.

Кездесудің негізгі мақсаты, оқушыларды суретшілердің шығармаларымен жақын таныстыру арқылы бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру, өз еліне, жеріне деген мақтаныш сезімін ояту. Мектептің оқу бағдарламасына сәйкес өнер мамандығы бойынша алдыңғы қатардағы жоғарғы білім беретін оқу орындарымен тығыз байланыс жасалған. 2009 жылы қараша айынан Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Бейнелеу өнері кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Білім беру ісінің үздігі, Халықаралық педагогикалық білім ғылым академиясының академигі, Сейтқали Аманжоловтың «Жас Суретші» ғылыми, оқу-әдістемелік зертханасы ашылып, жұмыс істеуде. Астана қаласының Білім басқармасымен келісілген 3 жылдық жұмыс жоспары бекітілді. Зертхананың жұмысына бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі бойынша Қазақстандық танымал ғалымдар, мектеп ұстаздары, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистранттары мен студенттері жұмылдырылған. Зертхананың міндеті, мектепте сабақ беретін ұстаздардың тек бейнелеу өнері сабағын оқыту әдістемесін жетілдіруі емес, сонымен қатар ғылыми-ізденіс жұмыстармен айналысуына жетекшілік жасап, ғылыми баяндама дайындауға көмек көрсету. Осы шығарылып отырған ғылыми жинақ, зертхананың ұйымдастыруымен өткізілген Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция және алғашқы қорытынды жұмысы деп санауға болады. Бейнелеу өнері және сызу мамандығының студенттері педагогикалық практикаларын, магистранттар ғылыми тәжірибелерін осы мектепте жүргізіп келеді. Сәндік қол өнері бойынша студенттерінің қатысуымен ұлттық киім үлгілері, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері таныстырылып, қазақтың ұлттық нақышында  киім үлгілері дайындалады. Осындай шаралар оқушылардың эстетикалық талғамының қалыптасуына, сурет өнері жайлы білімінің жетілуіне зор ықпал етеді.

Сонымен қатар, оқушылардың сурет өнері әлемін түсінуіне және қызығушылығын арттыруға сабақ өтетін оқу кабинетінің талапқа сай жабдықталуы да маңызды рөл атқарады.

Кабинет – жұмыс орны. Сондықтан  мектепте бейнелеу өнерінің  барлық салалары бойынша арнайы шеберханаларға бөлме бөлінген.

Көркем сурет, мүсін студиялары мен керамикалық цех, ұстаздарға арналған 7 шеберхана, хореография станоктарымен жабдықталған залдар,   эстетикалық талғаммен көркемделген орта қалыптастырылған.

Мектебіміздің 2008-2010 жылдарға арналған стратегиялық бағдарламасы 3 кезеңнен тұрса, соның аумақты кезеңін эстетикалық бағытқа арнап отырмыз.

Қазіргі жұмыс істеп жатырған эстетикалық бағыттағы сыныптар:

а) Композиция (1в өнер, 3ә,б,в,д, 4ә,б,в,д)

ә) Мүсін (1а,ә,г,д, 1в өнер, 2ә,в,г,д, 3ә,б,в,д, 4ә,б,в,д)

б) кескіндеме (1в)

в)  сурет (1в)

г) ырғақ (1б)

д) хореография –пәндері оқу жоспарына енгізіліп отыр.

Бейнелеу өнерін мектеп компонентіне енгізуде кездесетін қиындықтар да жоқ емес.

Біріншіден, қазіргі таңда қазақ тіліндегі теориялық материалдар, оқушы шығармашылығын дамытатын қосымша оқулықтар мен оқу құралдары жеткіліксіз.

Екіншіден, мектеп пен жоғары оқу орындарының арасындағы байланыс өз дәрежесінде емес, студенттердің мектепте өткізетін практикалық сабақтарына сағат аз беріледі, мектептің сабақ беру әдістемесі мен ЖОО студенттерге беретін  бейнелеу өнері сабағының бағдарламалары сәйкес емес, технология пәнін оқытатын мамандарды дайындауға жаңа көзқарас қажет, себебі сурет салуды

12
скачать работу


 Другие рефераты
Жеңісбек ЛҰҚПАНОВ, «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалы директоры: Табысты тасымал — Тәуелсіздіктің тартуы
Значение и функции банков в современной экономике
Астероиды
Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдары: негізгі мәселелері және шешу жолдары


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ