Бас бостандығынан айыру орындарындағы режимді қамтамасыз ету тәсілдері
Другие рефераты
Бас бостандығынан айыру түріндегі жаза режимін тиімді өткеруді қамтамасыз ету дегеніміз – оның әрбір талабын уақытында және тиісті орындауды айтамыз. Түзеу мекемесінде қылмыстық – атқару құқық қатынастарына барлық қатысушылардың мінез – құлқы жазаны атқаратын режимді реттеуші құқық нормаларына сәйкес келуі тиіс. Режимнің талаптарын қатаң орындамай, бас бостандығынан айыруға сотталғандарға түзеу шаралары жүйесінің тиімді әсер етуі мүмкін емес. Бұдан басқа түзеу мекемесіндегі режим сотталғандарға бақылау жүргізіп, оларды күзету арқылы, оларға мадақтау мен жазалау шараларын қолдану арқылы, ал төтенше жағдайда қауіпсіздік шараларын қолданумен қамтамасыз етіледі.
Режимді қамтамасыз ету тәсілдері (амалдары) қылмыстық – атқару заңдарындағы белгіленген негізгі талаптарын сақтауға бағытталған, сонымен бірге түзеу мекемесінде құқық тәртібін қолдауға бағытталған. Басқаша айтқанда, олардың мақсаты – режим талаптарын бұзуды алдын ала болдырмау шараларын қолдану, қылмыстық – атқару құқық қатынастарының субъектілері жағынан жіберілген құқыққа қарсы қимылдарды тоқтату, жіберген қатесі үшін жазалау шараларын қолдану.
Жазаны өтеудің режимі мен оны қамтамасыз ететін әдістердің жалпылама және түрліше ерекшеліктері бар. Олардың бірлігі мынада:
-
қылмыс жасау оларды қолданудың бастапқы себебі болады, ал оның құқықтық негізі – ол заңды күшіне енген және орындауға жіберілген сот үкімі болады;
-
сот үкімімен белгіленген жазаны өтеу мерзімі кезінде қолданылады;
-
сотталғандарды жекелей және жалпылай ескертудің, түзеудің, яғни тәрбиелеудің жалпылама міндеттерін атқару көзделеді.
Бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны өтеу кезінде, түзеу мекемелерінің барлық лауазымды адамдары сотталғандардың мінез – құлқын белгілейтін қылмыстық – атқару заңдарын сақтаулары, қызметтерінде өз міндеттерін бұлжытпай атқарулары тиіс.
Сотталғандарға қандай да болмасын зат, тағам, ақша, әсіресе түзеу мекемелерінде ұстауға рұқсат етілмейтін заттарды беруге болмайды. Осы мақсатта өндіріс объектілерін, оған кіретін, одан шығатын адамдардың киімін, заттарын тексеру белгіленген. Мекеме және күзетші әскери бөлімше қызметкерлері жоспарға байланысты түзеу мекемесінің тұрмыстық зонасын қарайды, сотталғандар түзеу мекемесіне кіргенде, одан шыққанда және олардың жеке заттарын, жататын орындарын тінтеді.
Жазаны өткеру режимін сақтаудың төмендегідей амалы – ол сотталғандарға мадақтау мен жазалау шараларын қолдану, олардың құқыққа құлақ қоюшылық мінез – құлқына себепші болуы, жазаны өтеу тәртібін бұзбауын ескертеді.
Мадақтау мен жазалау шараларын түгелдей көлемде қолдануға түзеу мекемелері бастықтарының және де барлық жоғары тұрған бастықтардың (мысалы, Ішкі істер министрі, оның орынбасарлары, ІІМ Қылмыстық – атқару жүйесі департаментінің бастығы және т.б.) хақы бар. Түзеу мекемелері бастығының орынбасарларына карцерге, айып пен тәртіптік қапастарға, қапас тәріздес бөлмеге енгізуден басқа мадақтау мен жазалау түрлерін қолдануға қақы бар.
Сотталғандарға қолданылатын жазадан қауіпсіздік шараларын айыра білу қажет. Егер де біріншісі нақты қауіпсіздігі үшін қолданылса, ал екіншісі – түзеу мекемелерінің қызметкерлеріне, басқа сотталғандарға жасалған шабуылды қайтару, өзін — өзі жарақаттауды әлде зақымдауды ескерту, қылмысты тоқтату, аманатқа алынғандарды босату т.б. үшін қолданылады.
| | скачать работу |
Другие рефераты
|