Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Астана қаласының тарихы



 Другие рефераты
Жер планетасы Жер асты суларының физикалық — химиялық қасиеттері АСТАНА — ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ЕРІК-ЖІГЕРІНІҢ НЫШАНЫ АЙДЫҢ ТАБИҒАТҚА ЖӘНЕ ТІРШІЛІККЕ ТИГІЗЕТІН МАҢЫЗЫ

Қазақстан – ежелгі ел, бірақ әлемнің қазіргі картасынан ол таяуда ғана, яғни 1991 жылы орын алды. Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз Қазақ мемлекеті. Жүз жиырмадан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған Алатаулы өлкеде, кеңшілігі керемет, дархан дастарқандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады!

Еліміз Егемендік алған жылдардан кейін көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Өз тарихымыз, салт-дәстүріміз зерделеніп, жинақталған, кең мағыналы кітаптар, әдеби зерттеулер жарық көре бастады. Қазақстан Республикасы экономикасы, әлеуметтік тұрмысы тұрақты дамып келе жатқан Орта азиядағы беделді мемлекеттер қатарына қосылды.
Бұл жерді мекен еткен көшпелілер мен отырықшылардың бір – бірімен шендескен әлемі ғасырлар қойнауында талай- талай ұлыстар мен ұлағаттарды дүниеге әкеліп, мәдениеті мен діні жаңғыра түлеп, әйгілі күре жолдардың үстінде саудасы қызып, Шығыс пен Батыс арасы тұтастанып жататын болған. Біздің еліміздің жерінен Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны көктей өтіп жатқан «Ұлы Жібек жолының» керуендері тоғысқан кіндік Азияны басып өтетін Қазақстандық телімі болған.
Қазақстанның табиғаты таңғажайып: мұнда аспанмен тілдескен мұзарт шыңдарды, тұңғиығы тұнжыраған жұмбақ көлдерді, ақ жал толқындары асау арғымақтардай көкке шапшыған шалқар теңізді, күні от шашқан шөлейтті, арналы өзен, ну орманды көруге болады.
Қазақстан картасы – қазына картасы қазір. Даласы дархан, топырағы қасиетті, қойнауы қазыналы. Қазынаның барлығы да қазақ жерінің топырағында тұнып жатқанын екінің бірі айтпай- ақ біледі.
Дегенмен, жер бедерінде, негізінен, жазық далалы, шөлді және шөлейт аймақтар басым. Олардың арасында Сарыарқа мен Үстірт, Тұран ойпаты мен Батыс Сібір ойпаты, Мойынқұм мен Бетпақдала ұлы өңірлері бар. Таулы аймақтар республиканың оннан бір бөлігін алып жатыр. Оларға Алтай, Жоңғар Алатауы және Тянь-Шань тау жоталары кіреді. Ірі өзендер: Ертіс, Есіл, Жайық, Іле, Сырдария, Тобыл.
Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығының түкпірінде орналасқан. Қазақстан батыста, солтүстік –батыста және солтүстікте Ресеймен, оңтүстікте, оңтүстік-батыста Орта Азия республикалары Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстанмен, оңтүстік-шығыста және шығыста Қытай Халық Республикасымен шектеседі. Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы –13034км. Қазақстан аумағының көлемі –2 млн. 714,9 мың шаршы км. Оған Батыс Еуропаның Франция, Португалия, Испания, Италия, Греция, Норвегия және Финляндия мемлекеттері түгел сыйып кетер еді. Міне, қазақ даласы – кең байтақ! Қазақстан жер көлемі жөнінен Ресей, Қытай, АҚШ, Австралия мен Үндістаннан кейін алтыншы орын алады. Сондығынан ғой, күмбір – күмбір көне күй мен толғауы тоқсан жырларымызда – «Ұшса құстың қанаты талады, шапқан аттың тұяғы тозады, Атырауы – айшылық, Қаратауы – күншілік,» — деп толғаған.
Дала төсінде жаңа өмір шуағын төгеді. Оның бауырындағы буырқанған жасампоз өмір тіршіліктің тоқтаусыз соғып жатқан жүрегіндей.
Бүгінде Қазақстанның негізгі ұлтын қазақ халқы құрайды. Одан кейін славян халықтарының өкілдері орыс және украин халықтары. Сонымен қатар ең елеулі этносты құрайтындар өзбек. немістер және татар халықтары. Осы біздің елдегі халықтар басын біріктіріп, олардың ұлттық тегіне қарамастан, теңдігін бекітетін құжат бар. Ол еліміздің Ата Заңы, Конституциямыз.
Бүгінгі Қазақстан — өзі орналасқан аймақтың ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел.
Қазақстанның ең бірінші астанасы 1920 жылы Орынбор болған. 1925 жылы астана Қызылордаға көшті.
Түрксібтің салынғанына байланысты астана Алматыға көшті. Заң түрінде бұл оқиға 1927 жылдың 3 – ші сәуірінде болды, шындығында көшу 1929 жылы болған.
Алматыдан астананы көшіру экономикалық, экологиялық, географиялық мақсатпен болды.
Бүкіл Қазақстан бойынша әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, ауа райы, жер бітімі, сейсмикалық жағдай, қоршаған ортасы, инженерлік және көлік инфрақұрылымы, құрылыс кешені, еңбек ресурстары және т.б. көрсеткіштер бойынша Ақмола қаласы ең лайықты болып шықты.Ақмоланың тарихы 1830 жылдан бастап, яғни Қарауыткөл алқабында Ақмола бекінісі салына бастаған кезден басталады.
Ақмола – Есіл өзені жағасындағы Ақмола округінің Сібір қазақтарының негізгі қаласы болған. XIX ғасырда да Ақмола сол кездегі сауда – экономикалық орталығы болды. 1863 жылдың 16-шілдесінде Ақмола ашық түрде округтік қала болып саналды. 1868 жылдың қазанында “Орынбор және Батыс Сібір генерал губернаторлығының уақытша басқару жағдайына” байланысты Омбы орталығымен Ақмола облысын тудырды. Ол кездерде Омбы Батыс Сібір генерал – губернаторлығының орталығы болған. Ақмола облысының солай аталуы орталықты Ақмолаға көшіру туралы болжамдар бар. Бұл болжам 1879 жылы генерал – майор Дубельт МПС Ресейде Түмен –Ақмола темір жолының салынуы туралы проект қорғауына байланысты расталған. Ең ірі өзендері – Есіл, Нұра, көлдері – Теңіз, Қарасор, Қорғалжын, Балықтыкөл, Қыпшақ т.б.
Жануарлар әлемі: 55 сүтқоректілер түрі, 180 құстар түрі, 30 балықтар түрі. Сирек кездесетін түрлері – арқарлар, бүркіттер, дрофтар, тырналар, жазық қырандары, пеликандар, қоқиказдар – Қызыл кітапқа енген. Оларды қорғау үшін Қорғалжын мемлекеттік қорығы құрылды.
Облыста өсімдіктің 66 түрі өседі. Жасыл әлемінің аумағы 4391,6 га. Оның жер қойнауында алтын, уран, сүрме, боксит, мыс, қоңыр көмір, кварц құмдары және т.б пайдалы қазбалары бар.
Астананың көптеген көрікті жерлері бар. Ол бірінші — “Астана — Бәйтерек” кешені болып табылады. Есілдің сол жағында бой көтерген алғашқы сәулет туындысы. «Бәйтеректі» «өмір ағашы» деп те атайды. Бұл сәулет туындысы халық ертегісі «Ер Төстіктің» оқиғасы желісімен өрілген. Естеріңде болса, өз бақытын іздеп шыққан Ер Төстік қиын-қыстау заманда зәулім бәйтерекке тап болады. Ұшар басына көз жетпейтін мәңгілік өмір ағашына таң-тамаша қалады. Нақ төбесіне де ұя салған самұрақ құстың алтын жұмыртқасына ие болады. Сөйтіп, бақытты –баянды ғұмыр кешеді. Мәңгілік өмірді жер жаһанға жария етіп тұрған «Бәйтерек»- Бас қаламыздың символы. «Астана-Бәйтерек» үш бөліктен –тамыры, діңі және ұшар басынан тұрады. Үш бұрышты күміс тұмар даму үрдісіндегі өміршеңдікті білдіреді. Керемет құрылыс. Астананың қасиетті белгісі болып табылады. 97 метр биіктікте көрініс алаңы орналасқан, сол құс ұшатын ұядай жерден бой көтеріп келе жатқан Астананың көрінісін көруге болады.
Келесі көрікті жерлері “Думан” ойын-сауық кешені – күмбезді кеңістік, океанарум, кинозалдар.
Күмбезді залда Қожа Ахмет Яссауи кесенесін, Ұлы Қытай қабырғасы, Галикарнас кесенесі, Бостандық ескерткішін және т.б көруге болады.
Керемет акватеатрда қызықты көл шоуын және қастарындағы жыртқыш балықтарды бақылауға болады. Кинозалда мықты дыбыс пен арнайы дайындалған көз әйнектер арқылы экранда болып жатқан оқиғаның ортасында тұрғандай сезінесіз.
Келесі көрікті жері ол Елбасының мәдени орталық мұражайы болып табылады.
Мұражайда көне замандағы хандықтардың құрылуынан бастап Қазақстанның Егемендігін алғанға шейінгі уақытты қамтиды.
Содан кейін “Қазақстан картасы — “Атамекен” этно-мемориалдық кешені. Ашық аспан астындағы бұл мұражайда Қазақстанның барлық 14 облыстары, Астана және Алматы қаласының обьектері кішкентай макет ретінде жасалған. Карта мамыр айынан бастап қазан айына дейін ашық.
Содан кейін әуенді фантандар бағы болып табылады. Кең бақ сол жағалауды екіге бөледі. Бұл саябақ үш деңгейлі көрме құрылысынан және 2 павильоннан құрылған. Әйнектелген өтулер, ашық көрмелер, жасыл газондар, түрлі түсті жолдар, әуенді фантанды қоршаған үлкенді кеселер.
1994 жылдың алтыншы шілдесінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы Қаулы шығарды. Бұған қаланың геосаяси жағдайы, көлік және телекоммуникация құрылымы, астана өркендеуі үшін жеткілікті бос жердің болуы себеп болды. Қазақстанның 319 мың тұрғыны бар қаласы елдің елордасына айналды. 1997 жылы қаланың ауданы 258 шаршы шақырым болса, бүгінде Астана 710,2 шаршы шақырым жерді алып жатыр.
1998 жылдың алтыншы мамырында Қазақстан Республикасының Президентінің Қаулысы бойынша Ақмола атауы Астана болып өзгерді. 1998 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Қазақстанға медаль және «Әлем қаласы» жоғары атағы берілді. Бүгінде Астана – саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени мәселелер бойынша түрлі кездесулер өтетін еуразия кеңістігінің орталығы болып саналады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қазақстан Республикасы: Ақпараттық төлқұжат.-Алматы, Жеті ЖАРҒЫ, 1998.-110 Б.
Назарбаев Н. Еуразия жүрегінде.-Алматы: Атамұра, 2005.- 192 б.
Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл.- Алматы: Атамұра,2003.-240б.
Назарбаев Н.Ә. Туған елім – тірегім / Н. Назарбаев : Құрас.: М. Қасымбеков. – Алматы : Рауан , 2001. – 127 б.
Дәуренбеков Ж. Менің Қазақстаным = My Kazakhstan / Ж.Дәуренбеков. – Алматы: Ана тілі, 2001. – 39 б.
Ежелгі Қазақстан : Қазақстан балалар энциклопедиясы.- Алматы: Аруна, 2002.- 224 б.,илл.
Жанайдаров О. Менің елім – Қазақстан : балаларға арналған энциклопедия / О. Жанайдаров. – Алматы. Балауса, 2003.- 160 б.
Жұмаханов Т. Алтын Орда: Қазақ хандығы (Iбөлім):Қазақстан балалар энциклопедиясы.- Алматы: Аруна, 2004.- 224б.

скачать работу


 Другие рефераты
Өндірілген өнімнің өндірістік және толық өзіндік құнын есептеу
ОШИБОЧНОСТЬ ТЕОРИИ А.Т. ФОМЕНКО
Бір жасушалы балдырлар
Пәкістан


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ