АЙДЫҢ ТАБИҒАТҚА ЖӘНЕ ТІРШІЛІККЕ ТИГІЗЕТІН МАҢЫЗЫ
Другие рефераты
«Ай жарығы әлемді тануда бірінші сәуле болды
Бұл сәуле ғасырлар ағымында барлық
жұлдыздарды, шексіз әлемді өз билігіне
алған ғылымның тууына және танылуына
әсер еткен арайға ұласты.
Н.К.Фламмарион.
Ғарыш техникасының күнбе-күнгі дамып келуі, адамдарды бірнеше он жылдықтан кейін айды толық игеруге мүмкіндік береді. Алдымен ғарыш кемелері мен станциялары едәуір үлкен геостационарлы орбиталарға айналады да, одан соң ай маңындағы кеңістікке алмасады. Геостационарлыорбита дегеніміз — бұл Жерден шамамен 35800 км биіктіктегі шеңберлер экваторлы орбита.
Әрине адамдарға Ай не үшін қажет, одан қандай пайда түседі деген сұрақтар тууы мүмкін.
Адамдардың соңғы жылдардағы шаруашылық әрекеттерінде басты мақсаттардың бірі болып отыр. Бұның бәрі энергия көзінің, пайдалы қазбалардың, таза және тұщы судың жетіспеушілігінен шығып отыр. Біздің планетамызда жоқ заттардың орнын алмастыру қажет. Сол себепті адамдар Айға көз жүгіртеді. Бұл біздің ғарыш кеңістігіндегі көршіміз.
Айдың жерге жақындығы және жаңа ғарыш техникасына қолайлы болуы оны жердегі проблемаларды шешуге пайдалануға әкеліп соғады.
Ай ресурстарын мақсатқа сәйкес қолдану деген кезде, тек қана пайдалы қазбаларды іздеп, оларды өңдеу емес, табиғи серігімізді қажетті потенциалды ресурстарды ғарыш саласының дамуына сай қолдану.
Қазіргі заманғы жоғары дәрежелі өнеркәсіптің өркендетілуі жылма жыл бізді дүние жүзілік экологиялық апатқа әкелуде.
Ай бізге қалай көмектеспек, егер онда ауа да, су да болмаса?
Әрине, Айдан ешкім су мен ауа әкелейін деп жатқан жоқ. Бірақ та жердегі индустрияны, әсіресе зиянды реактивті және химиялық өндіріс орындарын Айға апаруға болады. Үлкен бұл жұмысты жүзеге асыру үшін қиын да, ауыр жолдардан өту қажет, міне, осы жолдың бастамасын ХХІ ғасырдың 1 жартысында қалау керек.
Айға қоныстандырудан бұрын, алдымен тұрғындарды қалай оттегімен және сумен қамтамасыз етуді ойлау қажет. Сонымен бірге тіршілікке қажетті заттарды жергілікті орында қайдан алуға болатынын қарастыру керек. Жерден бәрін тасу мүмкін емес қой!
Айдағы негізгі жыныс құрайтын минерадарда орташа алғанда 40% оттегі бар. Бұл минералдар пироксен, плагиоклаз, ильменит болып табылады. Осыларды оттегіні өндіруде қолдану қажет. Ай топырағынан оттегі ал технологиясы жердегі зертханаларда пайдаланылған. АҚШ-та Ай бетінде оттегіні өндіру өнеркәсібіне автоматтандырылған завод жобасы жасалған. Бұл заводтың өндіргіштігі — -жылына 1000т дейін оттегіні құрайды.
Негізгі тапсырмалардың бірі – бұл суды алу және қорландыру болып табылады. Ай бетінде жоғарғы мұз жамылғылары ретінде көп су құрамының болуы мүмкін жағдай. Соңғы ашылған «Ай күмбезі» деп аталатын аймақ түгелімен мұз басқан ай бетінің шыңдары. Олардың гидролакколит деп те атайды. Айдағы мол су қорлары мүмкін осылар шығар.
Негізінде күн желінің ағына мен галактикалық ғарыштық сәулелер гелиймен араласқан таза сутегін құрайды. Есептеулер нәтижесінде 1млрд жылда 1 см² ай бетіне корпускулярлы сәулелену түрінде 10г сутегіден түсу керек екендігі анықталды. Ай реголиті губка тәрізді суды өзіне сіңіріп алады. Ай пайда болғаннан бері оның бетіндегі реголиттің 1м³-де 1 литр су жинақталған.
Ай жыныстарынан суды алудың негізгі технологиялық процесі – бұл оларды жоғарғы температураға дейін қыздырып, оны құрамында оттегі, мысалы ильменит түсіп, нәтижесінде су буы түзіледі. Суды алу үшін буды салқындатады. Жердегі тәжірибе бойынша, 45 кг ильменитті өңдегенде 450г су шығатыны анықталды.
Тағы бір мысал келтірейік: 20кг ай жынысында, дәлірек тоқталсақ реголитте адамның бір тәулікте тыныс алатын оттегісі бар.
Ай топырағынан басқа да қажетті химиялық заттарды алуға болады. Бір сөзбен айтқанда, Айда минералды шикізат қоры мл, уақыт өте келе Жерден апару қажеттілігі болмайды. Сол себепті Айды ойдағыдай игеру және адамдарды қоныстандыру сенімін сақтау керек.
Айда адамдарды қоныстандыру проблемасы – бұл алдымен жердегі жағдайлары бар үй құрылыстарын жүргізу. Адамдар ауасыз ғарыш кеңістігінен, температураның кенет өзгеруінен, меториттермен зиянды сәулелерден берік оқшаулануы керек. Бұл үшін тұрғын үй бөліктерін арнайы тереңдіктерге орналастырып, үстінен ай топырағымен қалың етіп жабу керек.
Ғарыш әлемінен қорғалған ай үйлері ауа құбырлары арқылы, оның бетіне орналасқан оранжереялармен байланысады. Оранжереялар да әлем кеңістігінен жақсы қорғалуы керек. Күн сәулесін мол қабылдайтын оранжереядағы өсімдіктер жақсы өсіп, жасанды ауа қабатын көмірқышқыл газынан тазартып, оттегімен байыта бастайды. Өсімдіктердің еркін өсуі, уақыт өте азық-түлік өндірісінің дамуына ықпал жасайды.
Ендігі мәселе – бұл ай базаларына энергия көзін табу жолдары. Айдағы энергетиканы дамытудың басты бағыты, бұл күн энергиясын электр энергиясына өзгерту. Бұндай қондырғылардың келешектегі үлгісі – ғарыш аппараттарында кеңінен қолданылатын күн батареялары.
Энергияны алудың екінші көзі – ядролық электр қондырғыларын құру. Энергияны шешу проблемасы басқарылатын термоядролық реакцияларға негізделіп отыр. Осындай реакциялардың біреуі – дейтерия ядросын (ауыр суды) гелий изотопымен (гелий – 3) біріктіру. Аталған реакция аз шығынды талап етіп, радиоактивті ластану қаупі тумайды.
Жерде гелий изотопы өте сирек кездеседі. Бірақ оның есесінде 4млрд жыл ішінде, күн желімен келіп ай топырағына сіңіп кеткен. Ай топырағын лабораториялық анализден өткізген кездегі қорытындыдан реголиттік беткі қабатыда гелий-3 1 млн тоннаға жуық қоры жинақталғанын көрсетті. Ядролық отынның бұндай мөлшердегі қоры ай тұрғындарымен бірге бүкіл адамзатқа ондаған мың жылдарға жететіні сөзсіз.
Ай топырағының механикалық құрамы басқа құралдармен зерттелді. Конус тәрізді қондырғы топыраққа нығыздалып, өз білігінен айналу нәтижесінде, оның әрбір қозғалысы тіркеліп, талданып отырды.
«Луноход -1» аппараты рентген телескопымен жабдықталған еді, ол арқылы галактика аралық рентген сәулелерінің ұзындықтары өлшенді.
Зерттеу жұмысының нәтижесі бүкіл әлем рентген сәулелерімен жарқырайтынын көрсетті. Бұл жарқырау галактика аралық газдардың мыңдаған градустарға дейін қызуынан түзілген.
1973 жылдың 16 қантарында «Ай -21» автоматты станциясы «Луноход — 2» 2-ші өздігінен қозғалатын аппаратты Лемонье қазаншұңқырына жеткізді. 5 күн ішінде бұл аппарат 37км Ай бетін жүріп өтіп, ұсақ қазаншұңқырлар мен жарылған жерлерді зерттеді. Сонымен, Ай микрорельефінің негізгі пішіні – қазаншұңқырлар.
Ғарышкерлердің жеке бақылаулары метериттердің түсуінен түзілгенін айтты, бірақ жанартау қазаншұңқырларының бар екенін де растады.
Айдың ішкі құрылысын оқып үйренуге ай сілкіністерін зерттеудің нәтижесі көмектесті. Ай сілкіністерін Ай кабиналары қонған жерлерге ғарышкерлер сейсмометр қондырғыларын орнату арқылы тіркеді.
Ендігі маңызды тапсырма, Ай топырағының үлгісін жерге жеткізу. Үлгілердің лаборатоиялық анализдері келесі зерттеулерге мүмкіндік жасады:
- ай жыныстарының химиялық-минералдық құрамын анықтауға;
- айдағы тау жыныстарының пайда болуын анықтауға;
- айды жеке аспан денесі ретінде қарауға;
- айдың дамуының негізгі кезеңдерін анықтауға.
Бұл зерттеулердің нәтижесі Айда адамдардың тіршілік етіп, жұмыс жүргізе алатынын дәлелдеді. Оның үлкен практикалық маңызын көрсетті. Адамдардың Айды игеруі – бұл жүзеге асыратын іс екенін көрсетті.
Табиғи серігіміздің тіршілікке және табиғатқа тигізетін пайдасын қорытындылай келе, болашақ «Жер-Ай» жүйесін құру мақсаты ұсынылып отыр. Бұл жүйенің келешекте практикалық маңызы зор. Өйткені «Жер-Ай» жүйесінің келесі істерді жүзеге асыруда тигізетін ықпалы мол.
1. Айды игеру:
Болашақ уақытта, барлық елдердің индустрия саласы жылдам дамуының салдарынан, жердің пайдалы қазбалары мен минералды ресурстарының азайту процесі басталады. Осы уақытқа дейінгі айды зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сүйенсек, жер серігі табиғи минералды ресурстарға бай. Осы адамзатқа керекті ресурстарды пайдалану, алдымызда тұрған үлкен мақсаттың бірі және де керекті ресурстарды айдан игеріп, жерге тасымалдау зор экономикалық пайдамен қатар, жер-анамыздың экологиялық ахуалына да жақсы ықпалын тигізеді.
2. Пайдалы ресурстардың көзін табу, іздестіру:
Осы күнге дейінгі айды зерттеу жұмыстарының нәтижелері, жер серігінің табиғи ресурстарға бай екенін көрсетіп отыр. Айдан әкелінген тас-топырақты зерттеу барысында, онда жер бетінде сирек кездесетін металдардың, пироксеннің, ильмениттің т.б. бай қоры бар екені анықталды. Осы жұмыс барысында, ай қойнауындағы байлықты игеру тақырыбы негізделіп қаралды, көрсетілген техникалық-экономикалық процесстер зерттеліп, адамзатқа келетін пайдасы дәлелденіп отыр.
3. Жердің экологиясын тазалау:
Қазіргі таңда, жер планетасында адам саны 5 миллиардтан асып отыр және де одан әрі көбейту процессі жүріп жатыр. Өнеркәсіп саласы, агрохимия, транспорт салалары осы адам санын қамтамасыз ету үшін жоғары қарқынмен дамуда. Бірақ осы даму процесі, жер бетінде қалдықтардың көлемінің, атмосфераға ластаушы зиянды заттардың шығу көлемінің ұлғаюына әкеліп соқтырып отыр. Осы тақырыпта, жер бетінде қайта өңдеуге жарамайтын аса зиянды қалдықтарды миллиондаған тонналар көлемінде жинамай, болашақта жер серігі айға апарып орналастыру жұмыстары қарастырылып отыр. Жерді аса зиянды қалдықтардан тазарту проблемасын шешу жолында, осы жұмыста көрсетілген бағыт, көңіл аударатындай ерекше болып отыр.
4. Жерді тек адамдардың көгалды мекеніне айналдыру:
Мындаған жылдар бұрын, жер бетінен алғаш рет мекендеген адамдар табиғатта өмір сүру үшін күресетін еді және табиғаттан қорқатын еді. Қазіргі дамыған заманда, керісінше, табиғат адам баласынан қорқады. Индустрия, транспорт, химия өнеркәсібі, атом энергетикасы мен транспорт – жердің экологиялық
| | скачать работу |
Другие рефераты
|