Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ата мен ана – бала тәрбиесiнiң қамқоршысы, өнегесi



 Другие рефераты
Жасөспірім шақтағы интернет-тәуелділіктің белгілері мен механизмдері Интернет тәуелділіктің психологиялық-педагогикалық негіздері СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІМЕН ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ЖАСАЙТЫН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУЫНЫҢ ЕР. Логика дегеніміз не

Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27-бап, 2-тармағында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата — ананың табиғи құқығы, әрi парызы» делiнсе, «Қазақстан –2030″ бағдарламасында » Әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердiң өз балалары мен немерелерi алдындағы жауапкершiлiгiн күнделiктi есте ұстауға тиiспiз.Бiз өз балаларымыз бен немерелерiмiздi сонау алыс болашақта, олар бiздiң жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргiмiз келедi…» делiнiп, ұрпақ тағдыры айтылады.

Бала тәрбиесiнде отбасының орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзi баланы өмiрге келтiру ғана емес, оған мәдени — әлеуметтiк ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжiрибесiн бойына сiңiру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етiп тәрбиелеу. Үлкен ұрпақтың тәжiрибесi, өмiрдегi беделi, ақыл-кеңестерi, ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы, бiр-бiрiн құрметтеуi – үлкен тәрбие мектебi. Бала дүниеге келген күннен бастап ата-ананың ықпалында болып, өмiрге бағыт берушi тәрбие мектебiнен нәр алады.

«Қатты тәртiп көрсе бала күнiнде,

Өнерiмен қуантады түбiнде.

Бала ненi бiлсе жастан, ұядан–

Өле-өлгенше соны таныр қиядан.

Өнер — бiлiм берем десең басынан,

Бер оқуға балаларды жасынан,

Ата — анадан өсiп ұрпақ тараған,

Жақсы-жаман болса, бала – соларда»,1 деп, ХI ғасырда Жүсiп Баласағұн айтқандай, ата-аналар балаларының жеке ерекшелiктерiн жас күннен танып, соған қарай бағыт — бағдар, тәрбие берудiң маңызы ерекше. Ата-ана балаларына жақсы тәрбие беруде қоғам алдында жауапты. Сыйластық, түсiнiстiк, үлкен жауапкершiлiк сезiмдерi бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың балаларының өзара қатынасы мазмұнды, берiлген тәрбие сiңiмдi және негiздi.

Ата-ана бала тәрбиесiне ерекше мән беруi қажет. Ана– бала тәрбиесiндегi ерекше тұлға. Тәрбиенiң негiзi «ананың әлдиiнен» басталады емес пе?!

Абай қазақ әйелiнiң, ананың отбасындағы орнын ерекше жырлайды. Жалпы, » адам бойындағы барлық қасиеттер ананың ақ сүтiнен жаралған» деген ғұламалық ойды тарата келе, ол қасиеттердiң мiндеттi түрде тәрбиеленуi қажеттiгi туралы айтады. Абай жетiншi қара сөзiнде былай дейдi: «Жас бала анадан туғанда екi түрлi мiнезбен туады. Бiреуi iшсем, жесем, ұйықтасам деп туса, бiреуi–бiлсем екен демектiк. Не көрсе соған талпынып, жалтұр-жұлтыр еткен болса, соған қызығып, аузына салып, дәмiн татып, тамағына, бетiне басып қарап, сырнай, керней болса дауысына ұмтылып, онан ер жетiңкiрегенде ит үрсе, мал шуласа да, бiреу күлсе де, бiреу жыласа да тұра жүгiрiп, «ол немене», «ол неге үйтедi», » бұл неге бүйтедi» деп, көзi көрген, құлағы естiгеннiң бәрiн сұрап, тыныштық көрмейдi. Мұның бәрi өмiрге жаңа келген нәрестенiң жан құрамы, «бiлсем екен, көрсем екен, үйренсем екен» дегенi».

Қатыгез, зұлым адамдар да ақ сүт берген Ана алдында бас иген. Осы орайда Домалақ Ананың (Нұриланың) «Диһнат мама» атану тарихы да қызық. Бұлақ басында қара лашықта қалған қарапайым әйел тапқырлық танытып, қарақшылардың терiс қылығына тосқауыл қояды. Бұл эпизодтар бүгiнгi ұрпақты ұлы әжемiздiң адамгершiлiк өнегесiн қастерлеуге, тәлiм алып, оны көкiрегiне орнықтыруға үндейдi. 2 Әсiресе, Домалақ Ананың мейiрiмдiлiкке шақыруы Ана алдында бас игiзедi. Ұлы Жамбыл Домалақ ененiң қадiр-қасиетiн, әулиелiгiн терең түсiнiп, үлкен жүрекпен жырлайды. Өзi де ұлы анасына тағзым ете тiл қатады. Шерхан Мұртазаның сөзiмен айтқанда: «Ұлы анамыздың артында, батыстан шығысқа, шығыстан батысқа созылып жатқан қыруар ұрпақ бар. Олардың iшiнде ержүрек мықтысы да, осалы да жетiп жатыр».3

» ХҮIII ғасырдың аяғында дүниеге келген бала Пушкин де, ХIХ ғасырдың орта шенiнде қазақтың кең сахарасында дүниеге келген Абай да шешесi мен әжесi берген тәрбие уызын емiп өседi. Амал жоқ, 1630 жылдары жазылған словак педагогы Ян Амос Коменскийдiң » Аналар мектебi» еңбегi есiңе түседi де, ана құдыретiне амалсыз бас иесiң»4 деп толғанады » Ерте жастан тәрбиелеу тағылымдары» мақаласының авторы.

Ата-ана тәрбие беруде, ата-бабамыздың салт-санасы, әдет-ғұрпында жүргiзiлген үлгi-өнегесiнiң мәнi зор. Сөз қадiрiн бiлетiн заманда бiр ауыз сөздiң iшкi мағынасын жете түсiнiп, содан өзiне тәлiм алған бабаларымыздың қасиетiне не жетсiн. Сондай -ақ, атамыз Жүсiп Баласағұн өзiнiң «Құтты бiлiк» еңбегiнде:

Ақ сүтпен бiрге сiңген жақсылық

Айнымайды еш, алғанша ажал қапсырып.

Ет сүйекпен бiрге бiткен қылығың,

өзгермейдi салғанша ажал құрығын.

Мiне, Жүсiп Баласағұн атамыздың «Құтты бiлiк» еңбегiндегi ойлар ана сүтiмен дарыған қасиеттi дәстүрлер халықтың салт-санасынан берiк орын алатындығы айтылған.

Балаға, әсiресе, ана өте жақын келедi. Ал отбасы тәрбиесiнде әкенiң де, ананың да орны бөлек. Әке мен ана баланың алғашқы ұстазы. Әсiресе, әкенiң рөлi ер баланы тәрбиелеуде басым. Әке ұлына өзiнiң бар өнерiн, естiп-бiлген бiлiмiн түгел үйретуге тырысады. Ал ұл бала өз тарапынан ағаға, әкеге елiктеп, одан үйренген. «Ата көрген оқ жонар» деген осыдан шыққан.

Қазақ халқының » Ата – балаға сыншы» деген мақалы бар. Әр әке өз балаларының ерекшелiктерiн, қандай iске бейiмдiлiгiн дамытуға тырысып, ерте аңғарып, ән мен күй өнерiнен бейiмi болса, өнер қуған сал-серiлерге, үй шаруасына бейiм болса, үй шаруасының тiзгiнiн берiп, сөз ұғарлық ойы болса, жақсыларға жанастыратын.

Ал қыз абыройы – отбасының, елдiң болашағы, босағаның берiктiгi. Қазақ қыздың жолы жiңiшке» деп бекер айтпаған. Осындай ұл мен қыздың тәрбиесiне қазақ халқының тек жеке отбасы ғана емес, бүкiл ауыл аймағы, әулетi жауапкершiлiкпен қараған. «Қызға қырық үйден тыйым», » Ұлға отыз үйден тыйым» демекшi, ұлға да, қызға да айтар сын аз емес.

Әр отбасы ұлы мен қызына салт-дәстүрдi, жетi атасын бiлудi үйреткен. Ата-ананың қанша баласы болса, әр бала ата-анаға өзiнше қымбат.

«Алуан-алуан жүйрiктiң әлiне қарай шабатынын» ең алдымен, атасы мен анасы бiледi. Тарихқа көз салсақ, халқына қорған, елiне басшы болар азамат өсiрiп, төңiрегiне аналық мейiрiмiн төгiп, ел анасы атанған аналар аз ба? Домалақ ана, Қараша ана, Мұрын ана, Дәулет бике, Қарқабат ана, Қызай ана… секiлдi көптеген аналарымыз елiне тұтқа боларлық ұл-қыз өсiрiп, бiр ру-тайпаның атын иеленiп, өнегелi iстерi аңызға айналып, бүгiнге жетiп отыр. Сондай-ақ, кешегi Түркi қағанаты заманында түрiк әлемiне Күлтегiндей батырды, Бiлге Қағандай дананы сыйлаған ананы халқы хан көтергендей ақ киiзге отырғызған, ардақтаған.5

«Ана мен әке өздерiнiң үлгi-өнегелерi, гуманистiк белгiлерi арқылы әдептiлiгiмен, өнерпаздығымен, бiр-бiрiне деген өзара достық қарым-қатынасымен, ерен еңбегiмен балаларына үлгi-өнеге көрсете алады. Егер оқушы маманданған ұстаз десек, ата-ана – өздерiнiң өмiрлiк iс-тәжiрибесi арқылы тәрбиелiк iс-әрекеттерiн қалыптастырған ұстаз. Ал, ұстаз өз iсiнiң шеберi, бiлгiр адам болуы қажет»6 деп толғанады ақын.

Бала тәрбиесi – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi. «Шебер ұстаздан – тәрбиелi шәкiрттер» деп айту өте орынды. «Бала үшiн жай нәрсенiң өзi де жаңалық. Бұлар – құмарпаз, әуесқой, тынымсыз зерттеушi».7

Ата-аналары балаларын өнегелi сөзiмен, жеке басының тәрбиесiмен тәрбиелейдi. Бала әр нәрсеге сенгiш, тез қабылдағыш, елiктегiш келедi. Әр бала сипағанды, жылы сөйлегендi, аялағанды, еркелеткендi, ертегi әңгiме тыңдағанды, ойын ойнағанды ұнатады. Бұл– баланың бойындағы үлкендерден ерекшеленiп тұратын негiзгi қасиетi. Бұл қасиеттер тек балаға ғана тән. Өйткенi бала сезiмi– пәк. Баланы перiштеге теңеу осыдан шыққан ба деген ой келедi. «Бала тiлi– бал», «Балалы үй– базар» деген мақалды халқымыз өте орынды айтқан. Баланы сипау, аялау, жылы сөйлеу– баланың ақылды, ұстамды, мейiрiмдi азамат болып өсуiне көп ықпал етедi. Ал балаға ұрсу және оны балағаттау баланың бойында кек алу, өшпендiлiк қасиеттердi оятады. Ата-бабаларымыз бала тәрбиесiне құрғақ ақылдан гөрi үлгi-өнеге арқылы ықпал етудiң жұғымды екенiн және балаға жора-жолдастарының, құрбы-құрдастарының әсерi мол екенiн айтқан. «Ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол, қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол» деп, тәрбиелiк мәнi зор мақал-мәтелдер айтқан. Ата-бабаларымыз бала тәрбиесiне ерекше назар аударып, «Баланы жетiге келгенше тыйма, жетiден он төртке келгенше құлыңша қина, он төрттен кейiн құрдасыңдай сыйла» деп, баланың ой-өрiсi даму кезеңiн ерекше бағалаған.

Ата-бабаларымыз жазу-сызуды бiлмеген кездiң өзiнде де бала тәрбиесiне ерекше көңiл бөлiп, адам құқығын қорғауды назарда берiк ұстаған. Мысалы, «Қасымның қасқа жолы» (1511-1518), «Есiмнiң ескi жолы» (1598-1628), Әз Тәукенiң «Жетi Жарғысы» (1680-1718) сияқты көрнектi заңдардың өзi қағазға түспеген. Бұл – заңдық құжаттар.

Ата-заңды аттаған азғындарды «етегiн кесiп, елден қу» деген қағидамен аяусыз жазалаған8. Халқымыз ұл мен қыз тәрбиесiне ерекше мән берген. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны iлерсiң» деген мақал арқылы бала тәрбиесiндегi отбасының рөлi ерекше екендiгiн атап көрсетедi. Бала тәрбиелей отырып артына iз, өшпес мұра қалдырған.

«Жерге себiлген дақылдың өсуi жердiң құнарлығына, ылғалдылық пен күн шұғылысына байланысты. Осы тұрғыдан алып қарағанда, адамның белгiлi бiр мамандықты игеру қабiлетi де сыртқы орта жағдайына ( тәлiм-тәрбиесiне) қатысты.»9

«Бала тәр

12
скачать работу


 Другие рефераты
Особенности архитектуры PA-RISK компании Hewlett-Packard
Информация и коммуникации в менеджменте
Жұлын-ми сұйықтығын зерттеу тарихы
HTML – құжатта кестелерді қолдану


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ